Әож 622. 755 Байзақ ауданының суғармалы жерлерінде қант қызылшасы зиянкестерінің таралуы



жүктеу 53.23 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі53.23 Kb.

ӘОЖ 622.755
БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ СУҒАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ҚАНТ

ҚЫЗЫЛШАСЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Дайранбекова М.Б., Мұсабеков Қ.Қ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қант қызылшасы – ауыл шаруашылығында маңызды дақылдардың бірі болып табылады. Халқымыздың әл-аухаты жақсарып, саны көбейген сайын қантқа деген сұранысы жылдан-жылға көбеюде. Статистикаға сүйенсек Жамбыл облысында қант қызылшасы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ая­ғында 42 мың гектар алқапқа отырғы­зылып, тәтті түбірдің түсімі әр гек­тардан орта есеппен 297 цент­нерді құрап келген, ал 1992-2001 жылдары елі­міздегі экономикалық қатынастарды на­рыққа бейімдеп, қайта құруға және бұ­рын­ғы ірі шаруашылықтардың жекеше­леніп кетуіне байланысты қант қызыл­шасы алқаптарының көлемі 5 есеге қыс­қарып кетіпті. Мысалы, 2003 жылы – 5 мың, 2004 жылы – 4,3 мың, 2005 жылы – 1,4 мың, ал 2006 жылы- 209 гектарға ғана қант қызыл­шасы егілген. Ал 2007 жылы қант қызыл­шасы мүлде өсірілмеген.

Қазіргі таңда Үкімет те қызылша өсірумен ай­на­лысуға тілек білдірген шаруа­ларды қолдау шараларын қарас­тырып жатыр. Ал Жамбыл облы­сында қант қызылшасы шаруашы­лығы мен қант өндіруді дамыту­дың арнайы 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген. Яғни, қант қызылшасын өсіріп, өндіруге жағдай жасалғандықтан, жылдан- жылға қант қызылшасының егіс көлемі ұлғаюда. Байзақ ауданы да қант қызылшасынан ре­корд­тық көл-көсір өнім алып, облыс бойынша балтамырды өсіруден алдыңғы орынды алып келеді. Жалпы 2011 жылы аудан бойынша 1799,8 мың га жерге қант қызылшасы дақылы егілген.

Қант қызылшасынан мол өнім алу үшін элиталы тұқым сеуіп, суғарып, қатараралықтарды өңдеп қана қоймай, сонымен қатар арнайы және көпқоректі зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қант қызылшасы өсімдігі – бүкіл вегетация кезеңінде қатты зақымдалатын өсімдіктер қатарына жатады. Әсіресе, жаңадан өсіп келе жатқан өскіндері қатты зақымдалады. Қант қызылшасы өскіні көктеп шыққаннан бастап қант қызылшасы өсімдіктеріне кәдімгі және сұр бізтұмсықтар, қызылша бүргесі, кейін қызылша сабақ жемірі, шпанка қоңыздары, қызылша биттері зияндылық келтіреді.

Байзақ ауданы бойынша бізтұмсықтардан қант қызылшасының кәдімгі бізтұмсығы (Bothynoderes punctiventris Germ.), сұр бізтұмсығы (Tanymecus palliates F.) зияндылық келтіреді. Бізтұмсықтар қыстық орындарынан сәуір айының 2-ші онкүндігінде шығып, алдымен арамшөптерде, кейін қант қызылшасы егісіне ауысады [1]. Көктемде қант қызылшасының жаңадан өсіп келе жатқан өскіндеріне жүргізілген бақылау жұмыстары нәтижесінде, аудан бойынша, Түймекент, Дихан, Жаңатұрмыс, Ынтымақ, Жалғызтөбе ауылдық округтерінде 0,19 мың гектарда бізтұмысқтардың қоныстанып, зияндылық келтіруі анықталды. 1 шаршы метрге орташа тығыздығы 0,3 данадан келді. Өсімдіктің зақымдалуы - 1 баллды құрады (жапырақ бетінің 25%-ы әлсіз зақымдалған). Жаңадан туылған бізтұмсық дернәсілдері ерте суғарылған қант қызылшасы егістігіне айтарлықтай зиян келтірген жоқ.

Қыстап шыққан қант қызылшасының бүргесі (Сhaetocnema concinna Mardch) жаңадан өсіп келе жатқан қант қызылшасының өскіндеріне үлкен зиян келтіретін зиянкестің бірі. Олар жапырақтардың жұмсақ бөліктерін, тұқымжарнағын жеп, жапырақтарда жартылай мөлдір дақтар қалдырады. Жапырақтың өсуіне байланысты дақтар үлкейіп үлкен тесіктер пайда болады. Өсімдіктер сарғайып, қурап қалады [2].

Тексеру жұмыстары барысында қант қызылшасы бүргелерінің алғаш қыстық орындарынан шығып, қоректенуі арамшөптерде сәуір айының алғашқы күндері анықталды. Көктемгі-жазғы жұмыстары кезінде қант қызылшасы бүргелерінің қант қызылшасы егістігінде қоректенуіп, қоныстануы Ынтымақ, Дихан, Жаңатұрмыс, Түймекент, Жалғызтөбе ауылдық округтерінде 0,1 мың гектарда анықталды. Өсімдіктің зақымдалуы - 1 балл құрады ( жапырақ бетінің 25%-ы әлсіз зақымдалған).

Ал дернәсілдердің туылып, қоректенуі мамыр айының 1-ші онкүндігінде тіркелді. Ал жаңа ұрпақ қоңыздарының шығып, егістікте қоныстануы шілде айының басында анықталды. Жаңа ұрпақ қоңыздарының қоныстанып, зияндылық келтіруі Жаңатұрмыс, Мырзатай, Жалғызтөбе, Ынтымақ, Дихан, Көптерек ауылдық округтерінде 0,05 мың гектарда анықталды. 1 өсімдікке 1-2 данадан келді, өсімдіктің зақымдалуы – 1 балл (әлсіз, жапырақ бетінің 15%-ы). Жалпы қант қызылшасы бізтұмсықтарының, бүргелерінің қоныстанып, зияндылық келтіруі төмен дәрежеде болды.

Қант қызылшасы өсімдігі 6-10 жапырақ болып өсе бастағанда, қант қызылшасының сабақ жемірі қызылшаның сабағын тесіп, сонда жол жасап, дамып, зияндылық келтіретін зиянкес. Қант қызылшасы сабақ жемірінің қант қызылшасы егістігінде дернәсілдерінің алғаш шығып, қоректенуіне бақылау жұмыстары 1,0 мың гектарға жүргізіліп, Көптерек, Сазтерек, Мырзатай, Жаңатұрмыс, Ынтымақ ауылдық округтерінде сабақ жемірінің дернәсілдерінің қоныстануы және зақымдалған өсімдіктер анықталды. Қоныстануы 0,235 мың гектарды құрады. Танаптың 10 жерінен 10 өсімдіктен 100 өсімдік алынып, зақымдалуы қаралғанда 5 сынамада 20 сабақтың зақымдалғаны анықталды. 1 ғана дернәсіл анықталды. Сабақ жемірімен қант қызылшасы төмен дәрежеде зақымдалған [3].

Сонымен қатар жалпы маусым кезінде қант қызылшасында шпанка қоңыздары, жоңышқа мұртты қоңыздары, қант қызылша жапырақ биттерінің қоныстануы және зияндылық келтіруі анықталды.

Дихан ауылдық округінде қант қызылшасы 2-4 жапырақ кезінде, алқапта жоңышқа мұртты қоңызының зияндылық келтіруі тіркелді. Мұртты қоңызының 1 өсімдікке қоныстануы 0,2 данадан келді. Жапырақ зақымдалуы – 5% құрады. Жоңышқа мұртты қоңызының қант қызылшасы егісінде алдыңғы дақылы жоңышқа алқабы болуынан және жоңышқа алқаптарына жақын жатқандықтан пайда болды.

Ал кейінірек қант қызылшасы алқабына шпанка қоңыздарының 1 өсімдікте қоныстануының төмен саны 3 данадан, жоғары саны 10-15 данадан қоныстануы тіркелді. Жапырақ зақымдалуы – 15-50% құрады. Биылғы жылы шпанка қоңыздары үздік–үздік қант қызылшасы егісінде шоғырланып, пайда болып, айтарлықтай зияндылық келтірді. Қант қызылшасы биттері 1 өсімдікте 2-3 данадан кездесті.

Сонымен қатар егістіктерде өте ұсақ көпқоректі зиянкестер, ерекше қауіпті зиянды организмдердің бірі болып табылатын – өрмекші кенелер (Tetranychus turkestani Ug. Et Nik) кездесті. Сәуір айының 2-ші онкүндігінде өрмекші кенелердің қыстық орындарынан шығып, алдымен арамшөптерде (дала шырмауығы) қоныстанып, қоректеніп, кейін егістікке ауысы байқалды [2].

Өрмекші кенелердің аудандағы Бурыл, Жалғызтөбе, Сазтерек, Дихан, Түймекент, Мырзатай, Ботамойнақ, Жаңатұрмыс ауылдық округтеріндегі қант қызылшасы егісінде 0,16 мың гектарда қоныстануы анықталды. Негізінен бұл уақытта қант қызылшасы егістігіне өрмекші кенелердің төртінші, бесінші ұрпақтары зияндылық келтірді. Өсімдіктің зақымдалу пайызы 2-3% болды, тығыздығы 1 жапырақта 2-3 данадан келді.

Жалпы, биылғы жылы қант қызылшасы зиянкестерінің қоныстануы былтырғы жылмен салыстырғанда төменірек болды. Қант қызылшасының алқабы былтырғы жылмен салыстырғанда 600 гектарға көбейген, осыған орай бақылау көлеміде жоғарылаған. Былтырғы, 2010 жылы, зиянкестердің қоныстануы жалпы тексерілген көлемнің 47,5% құраса, биылғы жылы жалпы тексерудің 20-27% құраған. Шаруа қожалықтарының дер кезінде өз күштерімен зиянкеске қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізіп тұруы, қант қызылшасы алқабында трипстер, қанқыз қоңызы сияқты энтомофагтардың болуы қант қызылшасы алқабында зиянкестер санының жаппай көбеюін бәсеңдетіп тұрды.

Жылдан жылға аудан көлемінде қант қызылшасы егістігінің көлемі ұлғаюда. Егер қант қызылшасы айналасындағы және егістігіндегі арамшөптер жойылмаса, ауыспалы егіс жүйесі сақталмаса, өсімдік қалдықтарынан тазартылмаса қант қызылшасы дақылының зиянкестерінің саны ұлғайып, келесі 2012 жылы үлкен зияндылық келтіруі мүмкін. Сонымен қатар көктем құрғақ және ұзақ болса, тәуліктік температура ауыспалы болып тұрса да зиянкестердің саны басым болуы мүмкін.


Әдебиет


      1. Методические указания по учету и выявлению вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных угодий. Казахский НИИ защиты и карантина растений АО «КазАгроИнновация» / Под. ред. З.Ш. Сулейменова. – Астана, 2009. – 89 б.

      2. Прогноз появления и учет вредителей и болезней сельскохозяйственных культур. Издательство Министерства сельского хозяйства СССР / Под. ред. В.В. Косова, И.Я.Полякова. – Москва, 1958. – 368 б.

      3. Осмоловский Г.Е., Бондаренко Н.В. Энтомология. Оқу құралы. – Ленинград: Колос, 1973.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
II-tom 2012 -> Арыс өзені мен Арал-Сырдария алабының су ресурстарын қазіргі уақытта пайдалану деңгейін бағалау Бақтыбаева А. С
II-tom 2012 -> К вопросу обеспечения безопасности функционирования гидротехнических сооружений рк
II-tom 2012 -> Жамбыл облысында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының экотиптері және олардың конституциялық, өнімділік ерекшеліктері
II-tom 2012 -> Гидроэлеваторлардағы кавитация туралы қасабеков М. И., Зұлқаршын П
II-tom 2012 -> Әож 51. 482. Бьефтерді жалғастыратын құрылымдардың жаңа конструкциялары
II-tom 2012 -> Әож 004. 588 Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығЫ
II-tom 2012 -> V Әож 73+371. Бiлiмдi бақылау жүйесiн қҰрудың заманауи жолдары
II-tom 2012 -> Әож 334. 764 Жағалық толқыннан қорғау және жағаны бекіту құрылымдары
II-tom 2012 -> Әож 681. 3: 378 ОҚу тухнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Суалу қҰрылымдары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет