Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары



жүктеу 57.56 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі57.56 Kb.

ӘОЖ 627.886
ЖАЛҒАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
Жолдасов С.Қ., Инкарбекова Д., Абдирова П.М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Бұл өнертабыстар гидротехникалық құрылымдарға, соның ішінде бір деңгейден екінші бір деңгейге суды қауіпсіз ең қысқа жолмен түсіруге арналған құрылымға жатады, тезағарлар еңістік айырмасы үлкен көршілес екі құрылымды жалғастырушы ретінде де пайдаланылады. Бұрыннан қолданылып келе жатқан жалғастыру құрылымдары [1-4], өздерінің құрылым ретінде қызметін дұрыс атқарғанымен, кейбір кемшіліктері бар еді. Солардың ішінде маңыздылары: жылдамдық қатты жоғарылағанда сумен ауа қарпылып, науадағы тереңдік гидравликалық есептегіге қарағанда әлдеқайда өсіп, науа соңындағы ағын тереңдігі едеуір өсіп кетеді. Тезағар науасында өтім ұлғайып, жылдамдық пен арыны өскен кезінде, өзінің негізгі мақсаты арын күшін бәсеңдетуге шамасы жетпейді.

Жалғастыру құрылымдарының, оның ішінде тезағарлардың конструкцияларын жетілдіру үшін, зертханалық тәжірибелер жүргізіліп, солардың нәтижесінде бірнеше өнертабысқа өтініш беріліп, инновациялық патенттер алынды [5-10]. Олар атап айтқанда: галереялы тезағар, құбырлы тезағар, құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағар, тезағар – арын бәсеңдеткіш және тезағар.

Галереялы тезағар [6]– кіру бөлігінен, еңісті транзитті науадан, шығу бөлігінен, тезағардың шығу бөлігінің табанына суұрма құдық орнына шығу бөлігінен басталатын, беті ашық, еңістігі құбыр түбіне дейін өсіп отыратын екі қатарлы бойлық галереялы, диаметрі алмағайып тереңдікке тең, ағын бағытына қарсы жағында құбыр түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 450 шығатын тік қималы құбырша жалғанған көлденең құбырдан тұрады.

Тезағар былай жұмыс істейді. Су - тезағардың кіру бөлігі арқылы еңісті транзитті науадан өтіп, шығу бөлігіне енеді де, судың шамалы мөлшері тезағардың шығу бөлігінің табанында орналасқан, шығу бөлігінен басталатын, беті ашық, еңістігі құбыр түбіне дейін өсіп отыратын екі қатарлы бойлық галереяға түседі де, диаметрі алмағайып тереңдікке тең көлденең құбырға үлкен жылдамдықпен кіріп, бұрандалы қозғалыс жасай отырып, құбырдың ағын бағытына қарсы жағындағы, құбыр түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 450-пен үш тармақ болып шығатын тік қималы құбыршадан сығылу күштері әсерінен үлкен жылдамдықпен сыртқа шығып, бастапқыда бойлық галереяға енбеген су өтімімен ұрынып, ағынның кинетикалық энергиясын, өз энергиясын сөндіруге жұмсайды.

Құбырлы тезағар[7]– тасынды-қоқысты тұтатын тордан, торда жиналған жүзбе заттарды алып тастауға арналған көпірден, кіру бөлігінен, транзитті бөлігі еңісті науадан, тезағар ұзындығының 2/3 бөлігіндей арақашықтықта орнатылған ұшы қиғаш кесілген бойлық құбырдан және науа енінен канал түбі еніне дейін кеңейген шығу бөлігі телімінен тұрады.

Кіру бөлігі алдында тасынды-қоқыс тұту торы бойлық құбырдың жақсы жұмыс істеуі үшін ірі қоқыс-тасындыларды тұтып отырады, тұтылған жүзбе қоқыстар көпір көмегімен алынып сыртқа шығарылады, науа ұзындығының 2/3 бөлігіндей аралығында арын энергиясын бәсеңдетуге арналған биіктігі алмағайып тереңдікке тең ұшы қиғаш кесілген бойлық құбырдың ағынға қарсы екі қатар орнатылуы өтім мөлшерінің басым бөлігін құбыр ішімен жүргізіп, шығу бөлігіне суды шығаруы кезінде кері ағын пайда болып, энергияны сөндірсе, қиғаш құбырға енбеген су бөлігі науа қабырғаларының және құбыраралық бүйірлік сығылудан ағын ақпалары бір-бірімен соқтығысып, энергияның кемуіне себін тигізеді. Тезағар соңындағы кері ағын мен құбырға енбеген ағынның бір-біріне соқтығысуы энергияның бәсеңдеуіне тағы да әсер етеді. Бұл науаның гидравликалық режимін жақсартады және суұрма құдықты соғу қажеттігін жояды.

Құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағар [8]– су жеткізу каналымен қосылатын телімнен, кіру бөлігінен, транзитті бөліктен, құбырлы энергия бәсеңдеткіштен, құбырда үш қатар шахматтық тәртіпте бойлық кесілген тесіктерден және ақырындап кеңейген шығу бөлігінен тұрады.

Каналдағы су мөлшері тезағардың кіру бөлігі арқылы үлкен еңісті транзитті бөлікте ағып, кіру жері тігінен кесілген энергия бәсеңдеткіш құбырға үлкен жылдамдықпен кіріп, құбыр бойымен бойлық кесілген тесіктерден сыртқа қайта қатты жылдамдықпен шығып, науадағы ағыс жылдамдығын өз арынымен сөндіреді де, тезағар енінен канал түбі еніне дейін кеңейген шығу бөлігінен суды алып кетуші каналға түседі. Бұл жерде ағынның энергиясын бәсеңдету, науадағы кинетикалық энергияны құбыр арқылы кері жүргізіп, бойлық тесіктермен шыққан өз энергиясын пайдаланумен іске асырылады.

Тезағар-арын бәсеңдеткіш [9]– кіру бөлігінен, еңісті транзитті науадан, шығу бөлігінен, тезағардың транзитті науадан шығу бөлігіне өту жерінде көлденең орнатылған, биіктігі алмағайып (критикалық) тереңдікке тең бітік құбырдан және көтерілген су ағынын сөндіру үшін науа қабырғасы биіктігіне тең жабын ретінде орнатылған, ұзындығы науа биіктігіне тең энергия бәсеңдеткіш плитадан тұрады.

Су - каналмен тезағардың кіру бөлігі арқылы еңісті транзитті науадан өтіп, шығу бөлігіне енеді, транзитті бөліктен шығу теліміне өту жерінде көлденең орнатылған биіктігі алмағайып (критикалық) тереңдікке тең бітік құбырға үлкен жылдамдықпен соқтығысып, жоғары қарай атқылап көтерілген су ағынын сөндіру, науа қабырғасы биіктігіне тең жабын ретінде орнатылған, ұзындығы науа биіктігіне тең энергия бәсеңдеткіш плитамен іске асады. Судың кинетикалық энергиясының бәсеңдеуі науа қабырғасы биіктігі шамасына тең, жабын ретінде орнатылған энергия бәсеңдеткіш науа есебінен жүреді. Шығу бөлігінде арнайы, судың күші энергиясын шамалы түсіріп, жоғары қарай атқылауына ықпал ететін бітік құбырдың болуы, су ағынының жоғары қарай ытқып, жабын-плитаға ұрынуына әсерін тигізеді, осылайша жабын-плитаға ұзындығы бойымен екі-үш рет ұрынған толқынды кинетикалық энергияның, тезағардың шығу бөлігінен шыққанша бар энергиясы сарқылады. Жабын-плитаның пайдалану мерзімін ұзарту және арын күшін жақсы бәсеңдету үшін, плитаның төмен жағынан қосымша жасанды бұжырлық жасалады.

Тезағар[10] – кіру бөлігінен, еңісті транзитті науадан, шығу бөлігінен, шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген биіктігі алмағайып тереңдікке тең көлденең бітік құбырларға, бұрын пайдалануда болған су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарынан тұрады.

Су - каналмен тезағардың кіру бөлігі арқылы еңісті транзитті науадан өтіп, шығу бөлігіне түсіп, шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген биіктігі алмағайып тереңдікке тең көлденең бітік құбырларға, бұрын пайдалануда болған су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарына соқтығып, суды алып кетуші каналға түседі. Судың кинетикалық энергиясының бәсеңдеуі шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген көлденең бітік құбырларға бұрын пайдалануда болған, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарына соғылуымен жүзеге асады. Машина доңғалақтары шахматты тәртіпте орналасқандықтан, су күші машина доңғалақтарының бірінші жолағына соқтығысып майда ағысқа таралып, қайта жиналып, машина доңғалақтарының келесі жолағына қайтадан соғылып, солай бірнеше рет соқтығысқаннан кейін, кинетикалық энергиясы төмендейді. Сондай-ақ, бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған подшипниктерде бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарының ағысқа бойлық бағытта айналуының салдарынан да ағыстың жылдамдығы азаяды.



Қолданыстағы техникалық құрылғыларды және білімді пайдалана отырып, ұсынылып отырған құрылымдардың жүзеге асырылуы мүмкіндігі зор. Өйткені, бұлардың конструкциялары қарапайым, жеке бөліктерін табу қиын шаруа емес және қаражат жағынан да тиімді, әрі тезағарда пайдаланылып отырған элементтерді ауыстыру еш кедергілер келтірмейді.
Әдебиеттер


  1. Замарин Е.А., Фандеев В.В. Гидротехнические сооружения. М.: Изд. с/х литературы. 1954, С.137-141, С. 142-147.

  2. В.C.Лапшенков. Курсовое и дипломное проектирование по гидротехническим сооружениям. – М.: Агропромиздат. 1989, С. 92-93.

  3. C.М.Слисский. Гидравлические расчеты высоконапорных гидротехнических сооружений. – М.: Энергия. 1979, С. 248.

  4. Абдураманов А.А., Утегалиев Т.Т., KZ (В) 5316. 15.10.1997, бюл.4

  5. Койбаков С.М., Утегалиев Т.Т., Джолдасов С.К., Быстроток с искусственной шероховатостью. KZ (A) 12215. 15.11.2002, бюл.11.

  6. Джолдасов С.К., Джумабеков А.А., Галереялы тезағар // Инновациялық патент №27757, 26.04.2012.

  7. Джолдасов С.К., Қойбақов С.М., Шилібек К.Қ., Құбырлы тезағар // Инновациялық патент №27759, 26.04.12.

  8. Қойбақов С.М., Джолдасов С.К., Арын бәсеңдеткіш тезағар // Инновациялық патент №27760, 26.04.12.

  9. Джолдасов С.К., Джумабеков А.А., Турдыгулов С.Д., Тезағар // Инновациялық патент №27758, 26.04.12.

  10. Джолдасов С.К., Турдыгулов С.Д., Шилібек К.Қ., Құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағар // Инновациялық патент №27756, 26.04.12.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 II
konf 2014 II -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 II -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А
konf 2014 II -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки
konf 2014 II -> С., Бақбергенова Н. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз,қ
konf 2014 II -> ӘОЖ: 627 03: 628. 06 Көкөніс консерві зауыттарыныҢ ақаба суларындағы қалқымалы заттарды торлармен тазалаудың тиімділігі
konf 2014 II -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б
konf 2014 II -> Әож 631. 862 Биогаз қондырғысына механикалық араластырғыш қҰру мәселесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет