Әoж 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының конструкцияларын жетілдіру



жүктеу 78.2 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі78.2 Kb.

ӘOЖ 627.886
ЖАЛҒАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Киргизбеков А.С., Инкарбекова Д.Н., Есенгельдиева П.Н.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ
Соңғы кездері жаңа гидротехникалық құрылымдар салу кезінде, оның экономикалық тиімділігімен қатар, қоршаған ортаға әсері, яғни экологиялық ұтымды жақтарына да ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда, Қазақстан Респубикасындағы бұрыннан су мамандарын даярлайтын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің де ғалым-мамандары өз салаларында инновациялық жаңалықтар енгізуде. Төменде соңғы уақыттары алынған бес өнертабыс туралы айтылады [1-5].

Алғашқы өнертабыстың техникалық жетістігі су энергиясын бәсеңдетудің сенімді әсері, конструкциясының қарапайымдылығы, материал қажеттілігінің аздығы, жұмыс істеу барысының сенімділігі мен оң әсерлігі және құрылымның ұзақ уақыт жұмыс істеу мерзімі, экономикалық жағынан тиімді болуы табылады [1].

Техникалық жетістікке жету, тезағардың шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте бұрын пайдалануда болған подшипникте бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарының орнатылуымен іске асырылады.

Тікбұрышты қималы ағаштан жасалған кедір-бұдырлықтар орнына, тезағардың шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте бұрын пайдалануда болған подшипникте бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарымен алмастырылуы, жарамсыз болған доңғалақ түріндегі материалды тез әрі уақытты үнемдеп ауыстыруға мүмкіндік береді, экономикалық жағынан тиімді, жұмыстың көлемі мен уақытты үнемдеуге, су арынын бәсеңдетеді және гидротехникалық құрылым жұмысының әсерін жоғарылатады.

Тезағар – кіру бөлігінен, еңісті транзитті науадан, шығу бөлігінен, шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген биіктігі алмағайып тереңдікке тең көлденең бітік құбырларға, бұрын пайдалануда болған су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарынан тұрады [1].

Тезағар былай жұмыс істейді. Су - каналмен тезағардың кіру бөлігі арқылы еңісті транзитті науадан өтіп, шығу бөлігіне түсіп, шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген биіктігі алмағайып тереңдікке тең көлденең бітік құбырларға, бұрын пайдалануда болған су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарына соқтығып, суды алып кетуші каналға түседі.

Судың кинетикалық энергиясының бәсеңдеуі шығу бөлігінде бүйірлік қабырғаға бекітілген көлденең бітік құбырларға бұрын пайдалануда болған, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған машина доңғалақтарына соғылуымен жүзеге асады. Машина доңғалақтары шахматты тәртіпте орналасқандықтан, су күші машина доңғалақтарының бірінші жолағына соқтығысып майда ағысқа таралып, қайта жиналып, машина доңғалақтарының келесі жолағына қайтадан соғылып, солай бірнеше рет соқтығысқаннан кейін, кинетикалық энергиясы төмендейді. Сондай-ақ, бүйірлік қабырғаларға бекітілген көлденең бітік құбырларға, су ағысына бойлық бағытта шахматтық тәртіпте орнатылған подшипниктерде бойлық қозғалып, айналып тұратын машина доңғалақтарының ағысқа бойлық бағытта айналуының салдарынан да ағыстың жылдамдығы азаяды.

Жалғастыру құрылымдарының төменгі бьефінде гидравликалық шапшыма болдырмау үшін, гидротехникада әртүрлі арын сөндіргіштер пайдаланылады. Шапшыманың арындық әсері күшін басу үшін, кейде, материал мен қосалқы жұмыс күшін қажет ететін, бірақ арынды сөндірумен төменгі беткейдің қауіпсіздігін арттыратын құрылғылар да қолданылады. Мұндай жағдайларда, экономикалық тұрғыдан гөрі, қауіпсіздік шарты басназарда болады. Төменде, сондай конструкциялардың бірі келтіріледі [2].

Тезағар – кіру бөлігінен, еңісті транзитті науадан, шығу бөлігінен, тезағардың транзитті науадан шығу бөлігіне өту жерінде көлденең орнатылған, биіктігі алмағайып (критикалық) тереңдікке тең бітік құбырдан және көтерілген су ағынын сөндіру үшін науа қабырғасы биіктігіне тең жабын ретінде орнатылған, ұзындығы науа биіктігіне тең энергия бәсеңдеткіш плитадан тұрады [2].

Тезағар былай жұмыс істейді. Су - каналмен тезағардың кіру бөлігі арқылы еңісті транзитті науадан өтіп, шығу бөлігіне енеді, транзитті бөліктен шығу теліміне өту жерінде көлденең орнатылған биіктігі алмағайып (критикалық) тереңдікке тең бітік құбырға үлкен жылдамдықпен соқтығысып, жоғары қарай атқылап көтерілген су ағынын сөндіру, науа қабырғасы биіктігіне тең жабын ретінде орнатылған, ұзындығы науа биіктігіне тең энергия бәсеңдеткіш плитамен іске асады. Судың кинетикалық энергиясының бәсеңдеуі науа қабырғасы биіктігі шамасына тең, жабын ретінде орнатылған энергия бәсеңдеткіш науа есебінен жүреді. Шығу бөлігінде арнайы, судың күші энергиясын шамалы түсіріп, жоғары қарай атқылауына ықпал ететін бітік құбырдың болуы, су ағынының жоғары қарай ытқып, жабын-плитаға ұрынуына әсерін тигізеді, осылайша жабын-плитаға ұзындығы бойымен екі-үш рет ұрынған толқынды кинетикалық энергияның, тезағардың шығу бөлігінен шыққанша бар энергиясы сарқылады. Жабын-плитаның пайдалану мерзімін ұзарту және арын күшін жақсы бәсеңдету үшін, плитаның төмен жағынан қосымша жасанды бұжырлық жасалады.

Ғалымдардың мәліметтері бойынша, ХХІ-ғасыр – су ғасыры деп саналып отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, болашақта су – мұнайдан да қымбат ресурсқа айналады. Қазірдің өзінде әлем халқының үштен бір бөлігі су тапшылығын көруде. Әлемнің көптеген мемлекеттерінің ауыз суды сатып алуы үйреншікті жағдай болды. Қазақстан мемлекеті де, суға кедей елдер қатарына жатады. Сол себепті, суды үнемдейтін имараттар салу, мемлекеттік деңгейдегі іске айналды. Төменде су үнемдеп, қауіпсіздікті арттыратын гидротехникалық құрылым ұсынылады.

1-суретте құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағардың А-А бойлық қимасы және тезағардың пландағы, үстінен қарағандағы көрінісі көрсетілген. Құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағар [3] – су жеткізу каналымен қосылатын телімнен 1, кіру бөлігінен 2, транзитті бөліктен 3, құбырлы энергия бәсеңдеткіштен 4, құбырда үш қатар шахматтық тәртіпте бойлық кесілген тесіктерден 5 және ақырындап кеңейген шығу бөлігінен 6 тұрады.

Тезағардың кіру бөлігімен ағып келе жатқан су, тезағардың транзитті бөлігінің 2/3 ұзындығы шамасында басталатын бойлық кесілген тесіктерге кірмей, үлкен жылдамдықпен (тезағар науасындағы ең үлкен жылдамдық науаның соңғы жағында орын алатыны белгілі) биіктігі алмағайып тереңдікке тең, құбырлы арын энергиясын бәсеңдетуге арналған құбыр тесігіне кіреді. Бүйірлік сығылу күші мен жылдамдықтың әсерінен құбырға кірген су, сығылудан артқан қатты жылдамдықпен бойлық кесілген тесіктер арқылы науа бетіне қайта шығады. Бұл күш, тезағар науасына кедір-бұдырлық сияқты әсер етеді. Осылайша, тік кесілген ашық құбыр ұшына су кіруі мен бойлық тесіктер арқылы судың науа бетіне үлкен жылдамдықпен қайта шығуы, науадағы су арынын жойқын күшпен бәсеңдетеді, яғни гидротехникалық құрылымдағы, біздің жағдайда тезағар науасындағы кинетикалық энергияны, өзінің күшін сөндіруге жұмсауға қол жеткізіледі.

Тезағар былай жұмыс істейді. Каналдағы су мөлшері тезағардың кіру бөлігі 2 арқылы үлкен еңісті транзитті бөлікте 3 ағып, кіру жері тігінен кесілген энергия бәсеңдеткіш құбырға 4 үлкен жылдамдықпен кіріп, құбыр бойымен бойлық кесілген тесіктерден 5 сыртқа қайта қатты жылдамдықпен шығып, науадағы ағыс жылдамдығын өз арынымен сөндіреді де, тезағар енінен канал түбі еніне дейін кеңейген шығу бөлігінен 6 суды алып кетуші каналға түседі. Бұл жерде ағынның энергиясын бәсеңдету, науадағы кинетикалық энергияны құбыр арқылы кері жүргізіп, бойлық тесіктермен шыққан өз энергиясын пайдаланумен іске асырылады.



Сурет 1. Құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағар
Келесі осы бағыттағы өнертабыс гидроқұрылымдарға жатады, соның ішінде бьефтерді жалғастыру, құрылымдар жоғарғы бьефтен төменгі бьефке өту кезінде, бір деңгейден екінші бір деңгейге суды қауіпсіз ең қысқа жолмен түсіруге арналған құрылымдарға жатады, және аталған құрылымды әртүрлі салаларда пайдалануға арналған каналдардың барлығында байланыстырушы ретінде де пайдалануға болады.

Құбырлы тезағар – тасынды-қоқысты тұтатын тордан, торда жиналған жүзбе заттарды алып тастауға арналған көпірден, кіру бөлігінен, транзитті бөлігі еңісті науадан, тезағар ұзындығының 2/3 бөлігіндей арақашықтықта орнатылған ұшы қиғаш кесілген бойлық құбырдан, науа енінен канал түбі еніне дейін кеңейген шығу бөлігі телімінен тұрады [4].

Су - каналмен тезағардың кіру бөлігі арқылы еңісті науаның бойымен ұшы қиғаш кесілген бойлық құбырдан өтіп, науа енінен канал түбі еніне дейін кеңейген шығу бөлігі телімінен суды алып кетуші каналға түседі. Cу энергиясын сөндіру, биіктігі алмағайып тереңдікке тең, ұшы қиғаш кесілген құбырдың ағыс бағытына қарсы қойылуымен іске асырылады.

Жасанды бұжырлықты (бедерлі) тезағарларды көп салаларда пайдаланады, мысалы: жалғастыру құрылымдары бьефтерін тыныштандырғыштар, шлюзді-реттегіш құрылымдардың төменгі бьефінің өтпелі бөлігі, бөгет суұрмасының арын бәсеңдеткіштері, тезағарлар, балық өткізгіштер, жылдамдық бәсеңдеткіштер, каналдарда тасындыны тұнбалайтын, шаю кезінде тұндырғыштардан тасындыны алып кететін, шаю шлюздерінен кейін ақпалы шашыратқыштар және т.б. құрылымдар.

Жасанды бұжырлықтың әсерін сандық бағалау мүмкіндігі қысқа, яғни арзандау және тыныш ағатын құрылымдар жобалауға мүмкіндік береді, олар жергіліктің кез-келген жеріне оңай үйлеседі, төменгі бьефпен салыстырмалы жеңіл (шапшымасы орташа) жалғанады. Жасанды бұжырлықтың шамасы, пішіні және элементтері орналасуын басқара отырып, тезағарларда буырқанған қозғалысты (алмағайып тереңдіктен төмен тереңдікте қозғалатын) жоя отырып, оны тыныш қозғалысқа бұруға болады; басқаша сөзбен айтқанда тезағар орнына канал алуға болады.

Біз, жасанды бұжырлық ретінде, тезағардың транзиттік науасы соңында галереялар орнатып, арын бәсеңдету жолын қарастырамыз.

Суретте галереялы тезағардың А-А бойлық қимасы және үстінен қарағандағы пландық көрінісі көрсетілген.

Галереялы тезағар [5] – кіру бөлігінен 1, еңісті транзитті науадан 2, шығу бөлігінен 3, тезағардың шығу бөлігінің табанына 4 суұрма құдық орнына шығу бөлігінен басталатын, беті ашық, еңістігі құбыр түбіне дейін өсіп отыратын, екі қатарлы бойлық галереялы 5, диаметрі алмағайып тереңдікке тең, ағын бағытына қарсы жағында құбыр түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 45 шығатын, тік қималы құбырша 6 жалғанған, көлденең құбырдан 7 тұрады.

Тезағар былай жұмыс істейді. Су - тезағардың кіру бөлігі 1 арқылы еңісті транзитті науадан 2 өтіп, шығу бөлігіне 3 енеді де, судың шамалы мөлшері тезағардың шығу бөлігінің табанында орналасқан, шығу бөлігінен басталатын, беті ашық, еңістігі құбыр түбіне дейін өсіп отыратын, екі қатарлы бойлық галереяға 5 түседі де, диаметрі алмағайып тереңдікке тең көлденең құбырға 7 үлкен жылдамдықпен кіріп, бұрандалы қозғалыс жасай отырып, құбырдың ағын бағытына қарсы жағындағы, құбыр түбінен шығу бөлігі табаны бетіне 450-пен үш тармақ болып шығатын, тік қималы құбыршадан 6 сығылу күштері әсерінен үлкен жылдамдықпен сыртқа шығып, бастапқыда бойлық галереяға енбеген су өтімімен ұрынып, ағынның кинетикалық энергиясын, өз энергиясын сөндіруге жұмсайды.

Сурет 2. Галереялы тезағар
Қолданыстағы техникалық құрылғыларды және білімді пайдалана отырып, ұсынылып отырған құрылымдарды жүзеге асырылу мүмкіндігі зор. Өйткені, конструкциясы қарапайым, оның жеке элементтері өндірісте шығарылады, ал оларды науаның түбіне орналастыру еш қиындық тудырмайды.
Әдебиет
1. Джолдасов С.К., Джумабеков А.А., Есенгельдиева П.Н., Турдыгулов С.Д. Тезағар // Инновациялық патент №27758, 26.04.2012.

2. Джолдасов С.К. және т.б. Арын бәсеңдеткіш тезағар // Инновациялық патент №27760, 26.04.12.

3. Джолдасов С.К., Турдыгулов С.Д., Шилібек К.Қ., Уйсымбаева Ж., Киргизбеков А. Құбырлы арын бәсеңдеткішті тезағар // ҚР Инновациялық патенті, №27756, 26.04.12.

4. Джолдасов С.К., Қойбақов С.М., Шилібек К.Қ. Құбырлы тезағар // Инновациялық патент №27759, 26.04.12.



5. Джолдасов С.К., Джумабеков А.А., Барнаханова К.Т., Бимурзаев Н.К. Галереялы тезағар // Инновациялық патент №27757, 26.04.2012.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2015 III
konf 2015 III -> Туннельды су тастағыштардың соңҒы жағындағы бьеф жалғастыру режимдері тәңірбердиева Ү., Жұрымбаева Р
konf 2015 III -> Әож 626. 81(574) талас өзені алабының жер беті суларының мониторингі және қазіргі жағдайы
konf 2015 III -> Әож 627. 886 Жоғары арынды су тораптарының су тастау қҰрылымдарынан келетін қауіптер
konf 2015 III -> Әож 627. 843: 532. 533 ТӨменгі бьефтің ҚҰрылғыларының ЕҢ тиімді формалары мен мөлшерлерін анықтау
konf 2015 III -> Жамбыл облысындағы экономика салаларының сумен қамтамасыз етілуін болжау
konf 2015 III -> Әож 627. 886: 532.(075. 8) Жалғастыру қҰрылымдарынан кейін болатын гидравликалық шапшыманы зерттеу
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының гидрологиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің гидрологиялық ЖӘне гидрохимиялық жағдайы қарлыханов Т.Қ., Нахатова А. А
konf 2015 III -> Cырдарья өзенінің ТӨменгі саласының табиғи техногендік жағдайы қарлыханов Т.Қ., Байниязова А. С
konf 2015 III -> Әож 28. 12: 591. Шу өзенінінің мойынқҰм тұстамасындағы сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет