Әож 631. 11 ОҚу тхнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану



жүктеу 60.9 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі60.9 Kb.

ӘОЖ 631.11
ОҚУ ТХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕКТЕП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫН ПАЙДАЛАНУ
Карбозова Б.Е., Курпеева А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. Тараз қ.
Осы заманғы жаҺандандыру уақытындағы білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттарға назар аударсақ, оқушының адамгершілік, шығармашылық, дамуының негізгі шарты ретінде оқыту технологиясын біртұтас оқыту процесінде пайдалануды қажеттілік етеді және психология ғылымның жетістіктерін қолдану [1,2]. Психология ғылымның қазіргі таңдағы мақсат – міндеттеріне баса назар аударылып осыған орай қазақ халқының тұрмыс – салтына, әдет – ғұрпына, жол жоралғысына, бүкіл тыныс – тіршілігіне қатысты жерлері (жеке тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік- жігер, мінез) түгелдей дерлік қайта қаралып, ұсынылып мектеп оқушыларын, білімгерлерді жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды тәрбиелеудегі және оқытудағы көкейкесті мәселелер қарастырамыз.

Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой- пікірінің тарихы жазылды, жәй жансары ашыла түсіп олар өз оқырманымен жүдесе бастады. Бұл айтылған мектептегі оқу – тәрбие процесінің сан қилы мәселелердің ғылыми жақтарын аша сөйтіп, бір сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Психология – психиқалық құбылыстардың (жан қуаттарының) – пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Жан дүниенің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойлаушылары да айтқан. Жан қазақ ұғымында жан адамға тіршілік, рух, көшпенді ата- бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары, пікірлері айтылған және де материалистік психологиялық ой пікірлері қосылған. Адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл ой, сана сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады дамиды. Сана – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі және ішкі және сыртқы дүниенің түсініктерін қалыптастырып, бағындырып, реттеп ғылыми - шығармашылық бағыттарды зерттеу нәтижесінде дүние заттарын, байлықтарын, құндылығын сақтау, арттыру, өндеу, қолдану.

Психология ғылымының зерттеу әдістері. Осы әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне бақылау әдісі (А) жатады, тәжрибе (эксперимент), лабораториялық тәжрибе. Табиғаттағы мерзімдік құбылыстарды бақылау, өсімдіктердің өсу, даму процесін зерттеу, оларға әсер ететін жануарлардың (тозандандыру, тасымалдау, ыдырау), микроорганизмдердің қоғамдастығын анықтау.

Мектеп ауласын көгалдандыру бугінгі өзекті мәселелердің бірі. Кәзіргі кезде мектеп ауласына егілген ағаштар мен бұтақтар оқұшыларға қызмет жасау тиіс. Аулаға отырғызылған бір ағаштың күніне 4 кг шаң ұстап, көшедегі шуға тосқауыл болатынын ескерсек, ағаштардың қоршаған ортаға маңыздылығы зор.Сонымен қатар, ағаштардың егу тәртібі мен олардыңбір – бірінен арақашықтығы да көгалдандыру заңдылығы сәйкес келу керек. Мектеп ауласына егілетін гүлдер. Көбінесе жаз айларында гүлдейтін бір екі түрі және раушан гүлі егіледі. Гүл көркемділікпен қатар жоғары эстетикалық тәрбие береді.

Мектеп ауласына төрт мезгіл бойы түсін жоғалтпай оқұшылардың көңіл күйін көтеретін, ауаны тазалайтын, шаң ұстауға қызмет жасайтын қылқанжапырақты ағаштар егілүі тиіс және олардың егілу заңдылықтары сақталған жөн.Биік ағаштар мектеп ғимаратына 10-12 м қашықтықта егілуі тиіс. Жақын жерге егілген ағаш сынып бөлмелеріне күн сәулесінің түсуіне кедергі келтіреді. Ала көлеңкелі сынып оқушылардың көңіл күйіне әсер етеді, көру қабілетін нашарлатады.

Мектеп қоршауын да әртүрлі гүлдермен безендіруге болады. Ол үшін қоршауға ерте көктемде гүлдейтін бұтақты гүлдерді егу керек. Көгалдандыру орта жағдайды жақсартуда негізгі орын алады. Көгалдандыру ісін мектеп бастамыздың себебі біріншіден денсаулығы мықты, білімді азамат тәрбиелеу, әрбір оқушы гүл мәдениетін үйрету, қоршаған ортаны сүюге баулы, әдемлікке бойы құнар, елінің ертеңгі көгалдануына өз үлесін қосатын патриот ұрпақ қалыптастыру.

Мектеп ауласы мен балабақша ауласын көгалдандыруды айырмашылығы бар. Мектеп оқушы күздің алғашқы күнінің бастап ай оқитындықтан, мектеп ауласында өсірілетін ерте көктем мен күзде гүлдейтін гүлдері ғана қамтылады.Ал балабақша бүлдіршіндер 12 ай бойы тәрбиеленеді. Сондықтан балабақша ауласы жылдың төрт мезгілінде де өсімдіктермен молынан көмкеріліп тұруды қажет етеді. Балабақша ауласы дизайнын да үлкен талғаммен жасау керек [3]

Экономиканың өсүі – экологияға тәүелді. Әрбір адам өзін қоршаған ортаның көркемдігінен нәр алып, оның пайдалы қасиеттерін сезіне білер анық. Табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану. Елдің өркендеүі – халықтың рухани көңіл күйінен білінеді. Бізді қоршаған ортаның әсемдігі мен табиғи қалпын сақтап, өндірүіміз қажет. Дамыған елу елдің қатарына өткелі отырған Қазақстан экономикасының өсуіне экологияның да ықпалы зор. Сондықтан, елімізді экологиялық жағынан сауықтыру – кезекті іс болуы тиіс. Біз де ел аумағындағы әсем жерлер мен қалалардың іші – сыртындағы тарихи орындардың маңын гүлзарлармен, әдемі өсімдіктермен безендендірүіміз өркениеттің белгісі. Бар істі тек мемлекеттік мекемелердің мойнына артып қана қоймай, қоғамдық бірлестіктермен де жұмыс жасау, жақсы нәтижелер алуға болады.Жыл сайын біржылдық өсімдіктерге мемлекет қаражатын қайта- қайта қолданғанмен, көпжылдық өсімдіктер отырғызу арқылы қаражатты анағұрлым үнемдеп қалуға болады. Бұл қаланың көркемдігіне де ықпал жасайды. Тағы бір айта кетерлігі, көгалдандыру саласында елімізде ұлттық мамандар тапшы және ғылыми жетістіктерді қолдануымыз қажет.

Гүлдерге зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар олардың белгілі бір ырғақпен тіршілік ететін анықтады. Гүлдердің кезектесіп өмір сүріп, жүйе құрауын «биоритм» деп атайды. Әдеттегідей мұндай гүлдер құпияға толы болады. Әсіресе жер мен басқа планеталардың арасындағы байланысты деп осы гүлдер қалыптастырады деп түсінеміз. Өсімдіктердің географиялық таралу заңдылықтары бар.Табиғат тірі ағзаның бойына биоритмді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғанып, сақтау үшін қалыптастырған. Үлкен, ашық түсті гүл жаратын өсімдіктерде тәүліктік биоритм жүйесі жүріп жатады. Бұл құбылысты ерте кезде аңғарған. Мәселен, ежелгі Греция және Римде гүлзарларға бір тәулік ішінде әр уақытта ашылатын гүлдерді отырғызған. Осы гүлзарға қарап уақыттың қанша болғанын білген. Ол кезде бұл әдісті «биологиялық сағат» ретінде қолданған. Гүлдердің белгілі бір уақыт аралығында гүл ашатынын ғылыми тұрғыда швед ғалымы Карл Линней зерттеп, дәлелдеген. Ерте, күннің қызарып көтеріліумен ең бірінші болып алаулаған көкнәрдің гүл жарғанын байқауға болады.Одан кейін бақбақ пен бақша қалуені гүлдерін ашып, төңірегін жайқалтып жібереді. Таңғы сағат алты болғанда шалғындықтың көгілдір түске боялғанын көресіз. Бұл зығыр гүлі. Ал, осы уақытта картоп алаңы ақшыл, сия көк түске боялады. Таңның қылаң берген уақытында жолдың екі жағы алтын түске боялып сарышатыр гүлі жайқалады. Осылайша күн төбеге көтерілгенде дала қалампыры жайнап шыға келеді.

Сағат таңғы шамасында күннің нұры шашырап, жайылым, дала, бақша, ормандағы өсімдіктер толығымен гүл ашып болады. Ең соңғы болып, тырнақгүл мен барқытгүлі қаузын жарады және судың салқындығына байланысты су лаласы деп аталатын немесе лотос гүлі де жийнаған күлтесін жайып, жарық күнмен нұрлана түседі. Күн төбеге шыққанша гүлдің сыпырғылары толықтай ашылып тұрады. Ал, түс ауа ерте оянған гүлдер бірінші болып қаузын жаба бастайды. Алғашқы болып: бақбақ, саршатыр, қалуен, сарғалдақ, сабынкөк өсімдіктер гүлдерін жабады.Кешкі сағатбестен соң судың астына тұңғиық гүл кетеді, зығыр қайтадан жасыл түсіне енеді, биік бойлы саршатыр гүлсебетін жинайды. Күннің қызарып батуымен бірге итмұрын мен салдыршөп қауызын жабады. Ал, алғашқы қараңғылық жайлаған уақытта иісті темекі өзінің аппақ гүлдерін ашады, түнгі шегіргүл де күн қайтысымен гүлдердің ашылуы басталады.

Ендеше гүлдердің гүл ашу мен қауызын жабу кестесімен танысуға болады.

Гүлдердің ашылу уақыты. Сағат 3-5 аралығында: дала желкегі. Сағат 4-5 аралығында: жабайы шашыратқы, алмар, кекіре. Сағат 5 шамасында: бақша және дала калуені, сарана. Сағат 5-6 аралығында: кәдімгі бақбақ, жабын әлені. Сағат 6 шамасында: cаршатыр. Сағат 6-7 аралығында: жауылша, шалғын қалуені, түніке. Сағат 9-10 аралығында: дала тырнақгүлі, ергешөп. Сағат 20 шамасында: алтын түсті сарана.



Гүлдердің жабылу уақыты. Сағат 20-22 аралығында : кәдімгі бақбақ. Сағат 10 шамасында: жабайы шашыратқы, бақша сүтжапырағы, шалғын қалуені. Сағат 10-11 аралығында : дала күндізгүлі. Сағат 101-12 аралығында бақша қалуені. Сағат 13 шамасында: өсіп кеткен түніке, саршатыр. Сағат 14 шамасында: жазық саршатыры. Сағат 15 шамасында: іргешөп. Сағат 15-16 аралығында: шашақты саршатыр. Сағат 17 шамасынджа: ақ тұңғиықгүл көкшіл саршатыр. Сағат 19-20 аралығында: сары күнсұлу. Сағат 21 шамасында: шалғын желімбасақ, иісті темекі [4].

Әдебиет


  1. Уәлиева Т. Оқыту технологияларын мектеп пәндерін оқытуда пайдалану // Экология мен табиғатты пайдаланудың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелері: Респ. ғыл.-тәжр. конф. – Орал: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009. – 262 б.

  2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. – Алматы, 2002. – 415 б.

  3. Карбозова Б.Е. Мектеп және бақша ауласын көгалдандыру // Экология мен табиғатты пайдаланудың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелері: Респ. ғыл.-тәжр. конф. – Орал: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009. – 262 б.

  4. Кұлжабаева Г. Биологиялық сағаттар // Гүстан. – 2009. – № 8( 54). – 28-29 б.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> I-tom 2012
I-tom 2012 -> Отаршылдық топонимдер М. Мырзахметұлы зерттеулерінде Аманжолова Д. Е
I-tom 2012 -> Әож 41. 612 Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім беру болашақ ҰрпақТЫҢ Үйлесімді дамуының кепілі
I-tom 2012 -> Әож 347. 58 Бала қҰҚЫҒының ТҮсінігі, негіздері
I-tom 2012 -> Әож 327: 94(430+574) ҚазаҚстан мен Германия арасындаҒы ынтымаҚтастыҚ пен ыҚпалдастыҚтың кӨкжиегі
I-tom 2012 -> Әож 37. 324: 94(587) ХІХ ғасырдың екінші жартысындағЫ Қазақстанның ОҢТҮстік аймағындағы саяси жағдай
I-tom 2012 -> Әож 94(574) Қыпшақ халқының этногенезі
I-tom 2012 -> Әож 347. 58: 25 саяси баспана қҰҚЫҒының ТҮсінігі мен түрлері
I-tom 2012 -> Өож 631. 41 АймақТАҒы туризм кластерін дамыту өзекті мәселе
I-tom 2012 -> Мүлікті тәркілеудің ұғымы, маңызы және өзекті мәселелері Ернишев Қ. А., Исаев А
I-tom 2012 -> Әож 81. 1(574) А. Байтұрсынов еңбектеріндегі фонемографиялық мәселелердің тіл білімінде алатын орны


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет