Әож 631. 95: 581. 526 Барабанды бу қазандығының жұмыс істеу принциптерін қадағалау



жүктеу 47.14 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі47.14 Kb.

ӘОЖ 631.95:581.526
Барабанды бу қазандығының жұмыс істеу принциптерін қадағалау
Джунисбеков М.Ш., Шедреева И.Б.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз


Қазандық қондырғысының автоматтандыру деңгейі энергетикалық өнеркәсіптің - жылудың көбінесе технологиялық қондырғысы болып табылатын өнеркәсіптің басқа аймақтарында қол жеткізген деңгейді береді. Бұл келесі себептермен түсіндірілуі мүмкін:

  1. күрделі жылу объектілерін басқару ретінде қазандық қондырғыларының технологиялық және жылу техникалық ерекшеліктерінің жеткіліксіз зерттелуі;

  2. түрлі типтегі қазандық агрегаттарының алгоритімімен басқару және математикалық моделінің болмауы;

  3. қазандықтардың жылу және технологиялық режимін сипаттайтын, негізгі сапалы параметрлерді анықтау ретінде қондырғылар, алгоритмдер мен әдістердің болмауы.

Қазіргі кезде қазандықтың шығуы кезіндегі су немесе будың температурасы процесс күйінің жеке баға критериі болып табылады. Ол үнемі берілген мәнде ұсталып тұрады. Сондықтан жобаланған автоматты жүйелерде негізінде қазандық оттығына берілетін, отын шығынын өзгерту жолымен бу немесе судың шығу температурасының тұрақтылық есебі ғана шешіледі. Бірақ басқарылатын процесс түрлі тектегі ауытқу ықпалдарына дұшар болады және олар берілген мәннен қазандықтан шығуы кезінде су немесе будың температурасының ауытқуының мәнді кедергісіне әкеледі. Жиі осы мәселені жанама көрсеткіштер бойынша шешуге ұмтылады – «отын-«ауа» арақатынасын тұрақтандырады. Мұндай ұқсас жүйе жану процесін жақсартады, бірақ талап еткен сапаны қамтамасыздандырмайды.

Зерттеу міндеттері.Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу талап етіледі:



    • қазандық барабанының басқарылатын координаттарының өзгеруі бойынша тез әсер ететін оптимальды диаграммаларды анықтау және отын шығыны мен ауа шығынының арақатынасын тікелей реттеу кездегі барабан қазандығының математикалық моделін, АБЖ ЖИМ математикалық моделін жасау;

    • қазандық барабанының бақыланатын координаттарының АБЖ ЖИМ тұрақтылығына зерттелетін әдістерді жасау: үстеме қыздырылған будың температурасы, қазандық барабанындағы су деңгейі, магистральде бу қысымы, оттықтың жоғарғы бөлігінде сиретілуі, ауаның шығыны;

    • жақсартылған сипаттамалармен қазандық барабанының басқарылатын координаттарының АБЖ ЖИМ синтездеу: үстеме қыздырылған будың температурасы, қазандық барабанындағы су деңгейі, магистральде бу қысымы, оттықтың жоғарғы бөлігінде сиретілуі, ауаның шығыны;

Ғылыми жағдайлардың нақтылығы, қорытындылар мен тәжірибелік кепілдемелер, дифференциальды теңдеулердің аналитикалық және сандық шешімдер, математикалық анализі, автоматты басқару теорияларының жалпы қабылдаған әдістерін пайдаланумен шартастырылған. Экспериментальды зерттеулер негізіне ауытқымалы функциялар бойынша реттеу объектілерінің динамикалық сипаттамаларын анықтау әдістмесі қойылған. Нәтижелерді өңдеу және есептеу әдісін жасау кезде Math Lab, MathCad, Isidora қолданбалы бағдарламалар пакеттері қолданылды.

Бу қазаны отынды жағу есебінде ыстық су немесе бу қысымын алу үшін бір тұтас кешенді қондырғыға конструктивті біріктірілген қазанды агрегат. Бу қазанының басты бөлімі газды өткізушілер мен жанатын камера болып табылады және олар отынның жануымен өнімнің жылуын қабылдайды және қыздыру беткейінде орналасқан (буды қыздырғыштар, сулы экономайзер, ауаны қыздырғыштар). Бу қазанының элементтері каркасқа сүйенеді және жылуды жоғалтпау үшін изоляция мен ораммен қорғалған. Бу қазанын турбиндерді бумен жабдықтау үшін жылу электрсанцияларында; технологиялық және жылытылған мұқтаждарға ыстық су мен буды өңдеу үшін өндірістік және жылулық қазандықтарында; судалы қазандық қондырғыларда қолданылады. Бу қазанының конструкциясы оның белгілеуіне, жағылған отынның түріне және жағылу әдісіне, сондай-ақ өңделген будың температурасы мен қысымына байланысты.

Барабанды бу генараторының принципальды технологиялық схемасы 1 суретте көрсетілген, мұнда будың пайда [1] болу процесі циркуляциялы контурдың 2 көтермелі құбырларда болады, экранирлейтін камералы оттық 1 және жіберілетін құбырларды 3 сумен қамтамасыздандырады және онда Вт отыны жанады. Оттыққа анықталған артық коэффициентіне α жану процесін қолдау үшін Qв ауасы ДВ желдеткіш көмегімен беріледі және ол алдын-ала ауаны үстеме қыздырғышта 9 қыздырылады.

НБТ-негізгі бу тиегі; РҚК- реттеу қоректендіру клапаны;


Сурет 2. Барабанды бу генераторы (принципиальдық технологиялық схема)
Бу генераторының негізгі реттегіш шамалары қызған будың шығыны Dп.п, оның қысымы pп.п және температурасы tп.п болып табылады. Сонымен қатар будың шығыны ауыспалы шама болып табылады, жылу энергиясын тұтыну немесе турбина жұмысының берілген режимінің талаптарымен шарттасады, ал оның қысымы және температурасы жіберілетін ауытқулар шамасында болады.

Жылу энергетикасында жылу тасығыштың негізі су немесе су буы болып табылады. Қысым арқылы бу немесе ыстық суды алуға қамтамасыздандыратын қондырғы және агрегаттар кешенін қазандық қондырғы деп атайды. Ол қазандықтан және қосалқы құрал-жабдықтардан тұрады. Қазандық деп – органикалық отынның жану жылулығының есебінен атмосфералықтан жоғары қысымы бар су буын немесе ыстық суды алу үшін қондырғыны атайды.



Оттық арқылы келіп түсетін отын жанатын камерада жанады. Оттықтарға сондай-ақ ауа ауажүргіш арқылы желдеткіш көмегімен жіберіледі. Тұрақты және интенсивті жану үшін ауаны қыздырады. Ауа шетенін ауа жүргішке қыста қоршаған ортадан жіберілсе, ал жазда жайдан келіп түседі. Отын жанған кезде бөлініп шығатын жылу суға, оттықтың шағылуымен қазандықтың (экранды құбырлар) қызуының беткейі және газ жүретін қазандықтарда (буды үстеме қыздырғыштар) қыздырылған газ тәрізді өнімдердің жануының конвекциялары арқылы беріледі. Бастапқы су ең алдымен ХВО келіп түседі, судан оттегі мен белсенді газдарды кетіру үшін кейін деаэраторға жіберіледі. Сондай-ақ онда ХВО-дан қосалқы химиялық тазартылған су беріледі. Қазандыққа келіп түсетін суды қоректендіргіш деп атайды, ол ең алдымен сулы экономайзерде кететін газдардың жылуының есебінен қыздырылатындықтан жоғарғы қысымдағы қыздырғышта қыздырылады. Алып кететін құбырлар арқылы экономайзерден қоректендіргіш су қазандық барабанына беріледі. Су барабаннан төмен түсетін құбырлар арқылы төменгі коллекторларға келіп түседі, онда ол жағылатын экрандардың көтерме құбырлары арқылы тарайды. Бу қазандығынан параметрлері бар бу турбина беріледі. Турбинада соңғы қысымға дейінгі адиабатты кеңейу болады және оның процесінде электрлік генераторға берілетін жұмысы орындалады. Турбинадағы жұмысы өтелген бу конденсаторға қарай бет алады, онда ол салқын суға жылуды береді және тұрақты температура және қысым кезінде конденсирленеді. Конденсат конденсатордан қоректендіргіш насосқа келіп түседі және онда оның қысымы көтеріледі.
Әдебиет


  1. Трухний А.Д., Трояновский Б,М,, Костюк А,Г, Основные научные проблемы создания паротурбинных установок для энергоблоков нового поколения. Ч. 1 //Теплоэнергетика. - 2000. - №6. - 13-19.

  2. Кибрик П.С, Либерман Г.Р. Эксплуатация котельных установок небольшой производительности. - М.: Энергия, 2000. - 360 с,


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет