Әож 636 033 жылқы еттілігін өсірудің тікелей жолы бордақылау



жүктеу 52.58 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі52.58 Kb.

ӘОЖ 636.1.033
ЖЫЛҚЫ ЕТТІЛІГІН ӨСІРУДІҢ ТІКЕЛЕЙ ЖОЛЫ БОРДАҚЫЛАУ
Иманбекова Г.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Осы уақытқа дейін жылқы еті негізінен жылқыны жайылымда жайып семірту әдісімен өндіріліп келсе, қазіргі таңда оны қорада бордақылау тәсілі қолдануда. Жергілікті қазақтың етке деген сұранысын ескере келе жылқы бордақылауды күзде және қыс айларының басында ұйымдастыру тиімді.

Бордақылау жұмыстары Асыл тұқымды «Абсент» заң шаруа қожалығында өтті. Мұнда жылқылардың жергілікті қазақы тұқым -жабы, дон, ақылтеке, көшім жылқылары бар. Жабы және дон жылқылары тез семіргіш және етті мол береді, бордақылауға нағыз ыңғайлы тұқымды жылқылар.

Асыл тұқымды «Абсент» заң шаруа қожалығында бордақылауға алынған жылқыларды арнайы журналға оның жынысы, жасы, ені, түсі, белгісі, салмағы және қоңдылығы жазылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін яғни жылқылар жақсы семіртілу үшін, бұл өлшемдер күн сайын саластырылып отырады.

Жылқы бордақылайтын қорада шөп салынатын оттық ат ақырлар, жем салатын науалар және тұз салатын қораптар, үнемі су келіп тұратын суарғыштар немесе су құюға арналған астаулар болуы тиіс. Бордақылау аулаларында ақырлар жылқы екі жағынан еркін келе алатындай етіп жасалады. Ақырдың ені 70-80 см, тереңдігі 30-40 см, жерден биіктігі 80-100 см болу керек.

«Абсент» заң шаруа қожалығында жылқыны бордақылауға көбінесе пішен мен жем пайдаланылады. Сонымен қатар сабан, арпа, жүгері, сұлы, қызылша жомы, жүгері сүрлемі, нан бардасы, піскен және шикі картоп, тағы басқа азықтар беріледі. Дәнді азықтарды ұсақтап беру керек. Бордақылау кезінде азықтандыру төмендегі тәртіппен жүргізілсе жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Таңертең ақырға жеммен дәндендірілген сүрлем жем мен жом салынады. Күндіз ол балғын азықтармен толықтырады. Бірақ бұл жолы жем қосылмайды.

Түнге қарай балғын азыққа жем қосылып береді. Пішен мен сабанды күніне екі рет балғын азық берілерден жарты сағат бұрын тартады.

«Абсент» заң шаруа қожалықтың мал бордақылайтын қора – жайларына жақын жерде жайылым өрісі болғандықтан, жылқыны сағат 5-6-дан 11-ге дейін жайып, содан соң суарады да, қайтадан ашық қораға кіргізіп, оларға жемнің тәуліктік нормасының жартысын береді. Ал сағат 16-дан 20-21 –ге дейін жылқыны тағы да жайылымға шығарады. Қожалықтағы жер телімі өте кең және құнарлы болғандықтан, мұндағы жылқыларды жайылымға жиі шығарады.

Бордақылауда тұрған жылқының тәуліктік қосқан салмағы, оған жұмсалған азық өлшемі малдың жасына, жұмсалған азық өлшеміне, қойылғандағы қоңдылығына және жыл мерзіміне байланысты.

Орта және ортадан төмен қоңдылықтағы жылқыны өте қысқа мерзімнің ішінде (35-60 күн) жедел бордақылаған тиімді. Бордақылау кезінде орта есеппен бір тәулікте қосатын салмақты 1-1,5 кг шамасында жоспарлау керек. Осындай салмақ қосу үшін рационның қоректілігі 100 кг тірілей салмаққа 2,5-2,7 азық өлшемінен есептелуі тиіс. Жас жылқы мен ортадан төмен қондылықтағы малды бордақылау үшін рационның бір азық өлшемінде 100-110 г, ал орташа қоңдылықтағы малды жылқыны бордақылау үшін 70-90 г, қорытылатын протеин болуы қажет. Азық-рационы шаруышылықтағы жемшөп қорына сәйкес жасалады. Жылқы шаруашылығы ғылыми зерттеу институты шаруашылықтағы азықтың қорын ескере келе, сақа жылқыларды бордақылауға (тірілей салмағы 400-450 кг) арналған рациондардың шамамен алғандағы өлшемдері төмендегідей болуын ұсынады (2-ші кесте).

Бұл рациондарды шаруа қожалықтағын «жабы» тұқымды жылқылар мен «дон» жылқыларына қадағалап бергенде жақсы нәтижелер көрсетті. Бордақыланған жылқылар тез семірді және күтілген нәтижеге қол жеткізе алдық.

Жылқы еттілігін көтерудің арзан жолы–жайып семірту болып табылады. Оны көктем күн ысып, түрлі қансорғыштар малдың мазасын алмай тұрғанға дейін және күзде суы мол, шөбі шалғын өрісте 1,5-2 ай жайып, қоңдылығын көтеріп, 70-90 кг салмақ қостыру арқылы сойыс шығымын молайтады. Жайылған малды күніне 2-3 рет суарып, күндіз суат маңында өрістетіп, түнге қарай шөбі шүйгін, бітік отты алыс жайылымға айдауға болады. Көктемде кәрі аттар мен биелерді, ал күзде тұқымдық өсіруге лайықты келмейтін жас жылқыны жайып семіртеді. Көктемде раң эфемерлері өскен жайылымда бағылып, кейіннен бозды-бөтегелі, астық тұқымдастар жайылымына ауыстырылады. Күздегі жайып семіртуге қоңыр салқын басталған кезде кіріседі де, қатты суық түскенде аяқтайды. Жылқы күзде салмағын май жинап, қосатындықтан оны шайландыру деп те атайды. Оны астық тұқымдастармен жусанды жайылымнан бастап, қар жауа жусанды сортанды жайылымнан көшіріп, майқара жайылымында аяқтайды.

Кесте 2

Азық қорына байланысты рацион түрлері




1-ші нұсқа

3-ші нұсқа

Шалғын пішені- 8 кг

Шалғын пішені-2 кг

Сұлы -4 кг

Жаздық пішен-5 кг

Арпа -4 кг

Сұлы-6 кг

Ас тұзы -25 кг

Нан бардасы-25 кг

2-ші нұсқа

Ас тұзы-25 кг

Жүгері сүрлемі-20 кг

4-ші нұсқа

Жаздық сабан-5 кг

Шалғын пішені-4 кг

Шалғын пішені-2 кг

Жаздық сабан-5 кг

Жүгері-2 кг

Қызылша жомы-18 кг

Арпа-2 кг

Жүгері-0,5 кг

Шрот-0,5 кг

Шрот-0,5 кг

Ас тұзы-25 кг

Ас тұзы-25 кг

Жылқыны әдетте күзде және қыстың жылы кездерінде қоршауда, ал суық қыста жылы қорада бордақылайды. Бордақылаудағы жылқы басына оттықтан – 0,6-0,7м, ал оған екі жағынан тұратын болса - 0,4-0,5 м орын тиуі керек. Бордақылайтын малды қажетінше суарып тұруды ойлыстырады. Жылқыны қысқа мерзімде – 35-55 күнде әрбір 100 кг тірілей салмағына, 1 азықтық өлшеміне 100-110 г қорытылатын протеин бар, 2,5-3 азықтық өлшеміндік келетіндей құнарлы рационмен-жедел бордақыласа, қосымша салмақ қосуына азық шығыны үнемді жұмсалады. Болдақылау рационына алдын-ала дайындалып, өңделген (туралып, мыжылып, жармаланып, буландырылып, араластырылған) пішен, сабан, арпа, жүгері, сұлы ж.б. кіреді. Пішенді суарғанға дейін ертелі-кешкілі 2 рет, ал жемді 3 рет береді. Бордақылау дұрыс жүргізілсе жылқы басы тәулігіне 1-1,2 кг қосымша салмақ қосып, жасына қарай 1 кг салмақ қосымына 8-12 азық өлшемін жұмсайды. Тәуліктік салмақ қосымы 300 г аспаса одан әрі азық шығынын ұлғайтпай семіз жылқыны сою керек.

Арнайы бордақылауға бөлінген жылқылардан басқа жабағы құлындарды да жедел бордақылауға қойып, олардан да етті мол өндіруге болады.

Мал шаруашылығын одан әрі өркендетіп, оның өнімділігін арттыру үшін малды жемшөппен толық қамтамассыз ету сияқты бір ғана мәселе туындайды. Сондықтан мал азығының сапасын арттыруға да баса көңіл аудару керек. Сондай азықтың бірі-толық рационды гранул, яғни түйіршіктелген жем. Толық құрамды түйіршіктелген жем, біріншіден, малшылар еңбегін жеңілдетеді, екіншіден, шашылмай, толық пайдаланылады. Толық құрамды түйіршіктелген жем дайындау үшін ең алдымен шөп ұнын дайындау керек. Шөп ұнын дайындауға АВМ-0,4; АВМ- 0,4А марқалы арнайы қондырғылар пайданалылады. Дайындалған шөп ұнынан 0,8-ОГМ машинасы көмегімен түйіршіктелген жем дайындайды.



Қорыта келгенде айтарымыз «Абсент» заң шаруалығында жылқыларды бордақылау барысында көрсетілген рациондардың 1-ші және 3-ші нұсқалары өте жоғары нәтиже беріп, экономикалық тұрғыдан пайдалы екендігін көрсетті.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> II-tom 2012
II-tom 2012 -> Арыс өзені мен Арал-Сырдария алабының су ресурстарын қазіргі уақытта пайдалану деңгейін бағалау Бақтыбаева А. С
II-tom 2012 -> К вопросу обеспечения безопасности функционирования гидротехнических сооружений рк
II-tom 2012 -> Жамбыл облысында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының экотиптері және олардың конституциялық, өнімділік ерекшеліктері
II-tom 2012 -> Гидроэлеваторлардағы кавитация туралы қасабеков М. И., Зұлқаршын П
II-tom 2012 -> Әож 51. 482. Бьефтерді жалғастыратын құрылымдардың жаңа конструкциялары
II-tom 2012 -> Әож 004. 588 Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығЫ
II-tom 2012 -> V Әож 73+371. Бiлiмдi бақылау жүйесiн қҰрудың заманауи жолдары
II-tom 2012 -> Әож 334. 764 Жағалық толқыннан қорғау және жағаны бекіту құрылымдары
II-tom 2012 -> Әож 681. 3: 378 ОҚу тухнологияларын мектеп пәндерін оқытуда психология ғылымын пайдалану
II-tom 2012 -> Әож 622. 755 Суалу қҰрылымдары туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет