Әож 656. 08 (02) Автокөліктердің маңдай алды соқтығысу кезінен кейінгі қозғалу бағытын анықтау



жүктеу 30.52 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі30.52 Kb.

ӘОЖ 656.08 (02)
Автокөліктердің маңдай алды соқтығысу кезінен кейінгі қозғалу бағытын анықтау
Кулымбетова С.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Маңдайалды соқтығысудың екі вариантын қарастырамыз, олар:

А) қарама қарсы бағытта қозғалғанда соқтығысу;

В) бір бағытта қозғалған автокөліктердің соқтығысуы, егерде қозғалу жылдамдылығы әртүрлі болған жағдайда

А. Бірінші вариантты қарастырамыз, яғни автокөліктер маңдайалды қарама – қарсы бағытта соқтығысқан жағдайда. Сонда соқтығысқаннан кейінгі күштер импульстерінің айырмасын анықтаймыз.


(1)
Мұндағы m1, m2 – соқтығысқан автокөліктердің массалары;

- соқтығысқан автокөліктердің қозғалу жылдамдылығы, м/с;

- соқтығысқаннан кейінгі импульс күші

Мысал ретінде салмағы 20т болатын жүк автомобилін және салмағы 1,28т болатын жеңіл автокөліктерін қарастырамыз. Жүк автокөлігінің жылдамдылығы = 10 км/сағ, ал жеңіл автокөлігінің болса = 80 км/сағ. болып бір – бірімен қарама – қарсы, яғни маңдайалды соғысқан. Соғысқаннан кейінгі автокөліктердің қозғалу бағытын анықтау керек.

Сонда болады: = 10 км/сағ/3,6 = 2,7 м/с; = 80 км/сағ/3,6 = 22,2 м/с.

Соқтығысқаннан кейінгі күш импульстері анықталынады (1) формуланы пайдалана отырып:


, 20000·2,7 - 1280·22,2 = (20000 + 1280) ;
54000-28416 = 21280; сағ = 1,2 м /с

Соңғы жылдамдылығы , яғни соғысқаннан кейінгі жылдамдығыоң болуына байланысты , жүк автокөлігінің бағытымен қозғалатын болады (жүк пен жеңіл автокөліктері).

Б. Екінші вариантта, бір бағытта қозғалған екі жеңіл автокөлігі соқтығысатын болады. Біріншісінің массасы 750 кг және 20 км/сағ жылдамдығымен қозғалады. Екіншісінің массасы 890 кг болып осы бағытта 5 км / сағ жылдамдылығымен қозғалған. Осы параметрлерге байланысты соқтығысқаннан кейінгі бағыты қалай озгереді, сондай – ақ қозғалу жылдамдықтары да қандай шамаға өзгеретін болады, әсіресе жылдамдылығы жоғары бірініші автомобильдің. Сонда болады:

Осыдан кейін күш импульсінің теңдігін жазуға болады, егерде қозғалу бағыттары бірдей болған жағдайда:
750 · 5,5 + 890 ·1,4 = (750 +890)
сағ
Осы соқтығысудан кейін бірінші автокөліктің жылдамдылығы ∆сағ. төмендеп, екінші автомобиль 11,8 км/сағ. жылдамдылығымен бағытын сақтайтын болады.

Осы зерттеуден төмендегідей шешімдерге келуге болады:



  1. Автокөліктердің соқтығысудан кейінгі массасы өзгермейді, егерде кейбір тетіктері бөлінбеген жағдайда;

  2. Соқтығысу өте қауіпті болып келеді, әсіресе жүргізушілер мен жолаушылар егерде маңдайалды соқтығысу орын алған жағдайда

  3. Соқтығысу өте қауіпті, сондықтан жол ережесін және қозғалу жылдамдылығын жол жағдайына байланысты сақтау керек, әсіресе жол бұрылысы мен сырғанақ жол жэағдайларында

  4. Жол жағдайына байланысты автокөліктердің ара қашықтығын сақтау керек және тежеу механизімін әрдайым тексерілген жағдайда пайдаланбаған тиімді деп саналады.

  5. Жүргізуші жол ережесін нақты сақтап , жыл мезгіліне сай пайдалануға түзетулер ендіріп, апат жағдайларына жеткізбеген тиімді деп саналады.



I - бүйірден тура соғысу; II - бүйірден соғысудан ішке кіріп кету; III - тура және автокөліктің бас жағына соғылған; IV - бүкірден жанап соқтығысқан; V - маңдай алды соқтығысу; VI - маңдай алды бұрыштарымен соқтығысудан автокөліктер айналып кеткен.
Сурет.1. Автокөліктердің соғысу варианттары:

Әдебиет


  1. Гаврилов А.А. Безопасность дорожного движения. М., «Знание» , 1973. 64 с.

  2. Кильчевский Н.А. Теория соударения твердых тел. Киев, «Наукова думка» ,1969. 246 с.

  3. Лурье А.И. Пространственные задачи теории упругости. М., Гостехиздат, 1955. 492 с.

  4. Пеллинец В.С. Измерения ударных линейных ускорений. М., «Стардартгиз», 1975. 287 с.

  5. Байэтт Р., Уоттс Р. Расследование дорожно – транспортных происшествий. М., «Транспорт» 1983. 148 с.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет