Әож 656. 13 Шымкент-Тараз автожолына жалпы шолу және ғылыми тұрғыда зерттеу



жүктеу 77.27 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі77.27 Kb.

ӘОЖ 656.13
Шымкент-Тараз автожолына жалпы шолу

және ғылыми тұрғыда зерттеу
Бегалиева Д.М., Кокаев У.Ш., Казыбеков А.К.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қарастырып отырған Шымкент-Тараз автожолынының жалпы ұзындығы 169 км, жолдың орташа ені 12 метр. Шымкент-Тараз автожолының бойында Оңтүстік Қазақстан облысының екі ауданының орталығы мен ауылдары және Жамбыл облысының бір ауданының орталығы және екі ауданның ауылдары орналсқан. Атап айтқанда, Сайрам ауданының орталығы Ақсукент, Түлкібас ауданының орталығы Тұраркент және осы екі ауданның ауылдары: Мәртөбе, Қарасу, Қызылсу, Манкент, жібек жолы, Кершетас, Тастұмсық, Азаттық, Шақпақ ата, Ақбиік ауылдары, ал Жамбыл облысы аумағында Жуалы ауданының орталығы Б.Момышұлы және Жуалы мен Жамбыл аудандарының ауылдары: Шақпақ баба, Нұрлыкент (Бурнооктябрск), Айша бибі.

Шымкент-Тараз автожолының бойындағы аудан орталықтары арқылы өтетін учаскелеріндегі қиылыстар бағдаршамдармен реттелген. Атап айтқанда, Ақсукент ауылында 4 бағдаршаммен реттелетін қиылыс, Тұраркент ауылында 3 бағдаршаммен реттелетін қиылыс және Б.Момышұлы ауылында 1 бағдаршаммен реттелетін қиылыс бар.

Жоспардағы қисықтар 10-12% жағдайда жол көлік жағдайларының орын алатын жері болып табылады, радиустар неғұрлым азайған сайын, соғұрлым апат саны көбейеді. Қисық учаскелерде орын алатын жол – көлік жағдайларын сараптау қауіпті учаскелерді анықтап, апаттық жағдайға әсер ететін жол шарттарының деңгейін анықтауға жәрдемдеседі [2].

Жол қозғалысының қауіпсіздігі автокөлік құралдарының құрылымының қауіпсіздігімен, жол жағдайымен жүргізушілердің мамандану дәрежесі мен тәртібі арқылы анықталады. Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін жол-көлік жағдайына соқтырған әрбір себептің үлесін білу қажет. Сонымен қатар жол-көлік жағдайына әсер ететін нақты және жеке себептерді, олардың арасындағы байланысты білу қажет. Мысалы жол-көлік жағдайларына әсер еткен профиль мен жол жоспарының арасында жол жамылғысының жағдайы мен жүргізушілер шеберлігінің арасындағы байланыс және т.б [1].

Қазіргі уақытта жол-көлік жағдайларын есепке алатын жалпы мемлекеттік жүйе қызмет етеді. ОҚО-ның барлық жол торабында бұл қызметті облыстық бас басқарма және жол полиция басқармасы жүзеге асырады. Бұдан басқа жол-көлік жағдайлары туралы мәліметтер жол ұйымдары мен автокөлік кәсіпорындарымен жиналып, сарапталады. Әрбір жағдай орын алғанда арнайы тіркеу карточкасы толтырылады.

Мемлекеттік тіркеуге тек адам өлімі мен қозғалысқа қатысушылардың жарақаттануына соқтырған жол-көлік жағдайлары ғана тіркеледі. Жолдарды зерттеу кезінде барлық жол-көлік жағдайлары есепке алынады, бұл кезде облыс бойынша жол полиция басқармасының мәліметтеріне аса көңіл бөлінеді, апат түрі бойынша тіркеу карточкалары сарапталады.

Зардап шеккендер туралы келесі мәліметтер жиналады: жасы, мамандығы, орташа еңбек ақысы, зардап түрі (жеңіл дене жарақаты, ауыр дене жарақаты, өлім).

Жол учаскелерін қарау кезінде ең ауыр жол-көлік жағдайлары орын алған жерлер туралы келесі мәліметтер жиналады: жоспардың сипаттамасы мен автомобиль жолдарының профильдері туралы сипаттама (көлденең тік, жоспар бойынша қисық, трасса бұрылысының бұрышы, қисық ұзындығы, вираждың барлығы, көтеріліс немесе түсу кезіндегі еңіс көтерілістің созылуы және т.с.с.); өту бөлігі мен жол жағасының ені; қисықтағы немесе соған жақын аймақтағы өту бөлігінің ені; қарсы автомобильдің көріну қашықтығы; қиылыстардың барлығы; темір жол өтулерінің барлығы; автобус аялдамаларының немесе автотұрақ аймағының барлығы; тұрғын пунктілерінің барлығы; қаралатын жол учаскесінің инженерлік жабдықталуы туралы мәлімет; жамылғы жағдайы; өту бөлігіне жақын орналасқан кедергілердің барлығы және т.б.

Жол-көлік жағдайларының тәулік бойынша бөлінуін сараптауға үлкен көңіл бөлініп тәуліктің қараңғы уақытында орын алатын апат жағдайларының саны мен себептері анықталады. Бұл көбіне жолдың көріну шарттары нашарлағанда орын алады.

Жол-көлік жағдайларын сараптау нәтижесінде олардың апта күндері, айлар бойынша бөлінуіне графиктер құрылады. Мұндай графиктер апат жағдайларының ең көп болатын кезеңін анықтауға мүмкіндік береді. Апат орындары сызықты графикте шартты белгілер көмегімен көрсетіледі.

В.Ф. Бабковтың мәліметтері бойынша жалпы қисық учаскелерде орын алатын апат жағдайларының әртүрлі апат түрлеріне орташа қатынасы келесі 1-суретте көсетілген [2].

1 – соқтығысу; 2 – аударылу; 3 – кедергіні соғу; 4 – жаяу жүргіншіні соғу; 5 – тоқтап тұрған көлік құралын соғу; 6 – велосипедшіні соғу; 7 – ат арбаларды соғу; 8 – жануарларды соғу; 9 – басқа да жағдай түрлері.


Сурет 1. Жалпы қисық учаскелерде орын алатын апат

жағдайларының әртүрлі апат түрлеріне орташа қатынасы


Қисық радиустарының қозғалыс қауіпсіздігіне әсері практикалық тұрғыда өту бөлігінің еніне тәуелді емес. Бұл әртүрлі енді қисық жолдарда орын алған апат санымен дәлелденеді. Бұл мән 600м радиусты екі сызықты қозғалыс жолында орын алған апат санының қатынасымен анықталады. 1 және 2 кестелерде [3, 4] қисық радиусты жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффициентері мен мүмкін боларлық апаттар сандары келтірлген.
Кесте 1

Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффиценті




Қисық радиусы



Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігінің коэффиценті

екі сызықты қозғалыс

үш сызықты қозғалыс

төрт сызықты қозғалыс

бөлгіш сызықсыз

бөлгіш сызықпен

әртүрлі деңгейлі қиылысулармен

>600

600-300


300-200

<200

1,0

1,52


1,72

2,15


1,01

1,72


2,15

4,50


1,18

1,60


2,04

0,75


1,12

1,50


1,93

4,16

1,00

1,43


2,80

Кесте 2


Қисық радиусты жолдағы мүмкін боларлық апаттар сандары



Қисық радиусы, м

50

150

200

250

500

1000

Апат саны

3,2

2,8

1,6

0,9

0,8

0,4

Жол – көлік оқиғаларының есепке алынуы мен талдамасын жолды қадағалау қызметі жүргізеді. Есепке алуға бейім аумақшалар мен көшелерде болған әрі көлік құралдарының, жүктердің, жолдар мен жол құрылыстарының қирауына әкеп соққан және кісі өліміне немесе дене жарақаттарына септігін тигізетін барлық әсерлер жол – көлік оқиғаларына жатқызылады.

Жол-көлік оқиғасы – бұл механикалық көліктердің қозғалысы барысында пайда болатын және де одан адамдардың өлімі немесе дене жарақатына не көліктердің, жүктердің, жолдардың, жол және басқа құрылыстардың немесе басқа мүліктердің зақымдануына әкеліп соқтыратын оқиға. Әр жол – көлік апаты кездейсоқ оқиға болып табылады. Бірақ соған қарамастан жол – көлік апаты туралы жиналған мәліметтерді статистикалық талдау нәтижесінде олардың пайда болу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Қозғалысты ұйымдастырумен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мақсатымен жасалған ЖКО-ны талдау негізгі үш бағытта жүреді:

1. Берілген ауданда немесе көлік жүйесінде апаттылық күйін бағалау және қозғалысты ұйымдастыру бойынша іс – шаралармен байланысты себебін анықтау;

2. Жол – көлік апатының пайда болу себептерін анықтау және оларды жою бойынша іс – шаралар жасауды қарастыру;

3. Жол – көлік апаты ең көп жиналған жол орындарын және учаскелерін (апаттылық ошақтарын) көрсету.

Осы бағыттарға сәйкесінше талдаудың үш әдісі болады: сандық, сапалық және топографиялық. ЖКО материалдарын талдауды ЖКО есепке алу ережелеріне сәйкес жасайды.

Біздің Республикамыз арқылы керуен жолдары өткен болатын, олар жолдар салудың тарихи негізі болып табылады. Тар, еңкіш және көптеген қиылысулары бар жолдар үлкен кедергілер тудырады.

Жоспар бойынша алынған қисық учаскелердің орналасуын зерттеу кезінде кіші радиусты және үлкен бұрыштық бұрылыстары бар қисық учаскелер жол қозғалысына қатысушыларға үлкен қауіптілік тудыратыны анықталды. Мұның негізгі себебі көптеген тұрғындар пунктілері бұл жерде қазіргі жылдамдық автомобиль жолдары жүргізілгенге дейін соғылған болатын.

Шымкент-Тараз автожолын соғу кезінде құрылысшылар бөлек зоналар арасындағы байланыс қашықтығын барынша жақындату мақсатында жолдарды мүмкіндігінше тік сызықты бағытта орнатуға тырысты. Алайда кейбір учаскелеріндегі жолдар барлық қозғалыс қауіпсіздігінің шарттарына жауап бермейді; барлық кемшіліктер мен қауіпті учаскелер төменде диаграммаларда көрсетілген. Зерттелген учаскелердің барлық бөлігінде құрылыстар, үйлер, жақын өскен ағаштар т.с.с кездеседі.

Зерттеу жүргізу кезінде және Шымкент-Тараз автожолының учаскелеріндегі автомобиль жолдарының «паспортымен» танысу барысында қисық учаскелердің орналасуы қарастырылды.

Шымкент-Тараз автожолының қисық учаскелеріне жататындар:

- Шымкент-Тараз автожолынының 30 километріндегі Машат асуы, қисық учаскенің жалпы ұзындығы 3625м;

- Шымкент-Тараз автожолынының 36 километріндегі Састөбе ауылының маңындағы асу, қисық учаскенің жалпы ұзындығы 4645м;

- Шымкент-Тараз автожолынының 90 километріндегі Шақпақ ата асуы, қисық учаскенің жалпы ұзындығы 2860м;

- Шымкент-Тараз автожолынының 130 километріндегі Күйік асуы, қисық учаскенің жалпы ұзындығы 7385 м.

Жүргізілген сараптаулар нәтижесі II-категориялы жолдардың қисық радиустары 45% жағдайда талапқа сәйкес келмейтінін көрсетті. III-категориялы жолдарда бұл көрсеткіш 60%-ды құрайды, ал IV категориялы жолдарда бұл көрсеткіш 65%-ды көрсетті.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі негізінде, қарастырып отырған Тараз-Шымкент автожолының асуларындағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруге мүмкіндік береді.


Әдебиет


    1. Клинковштейн Г.И. Организация дорожного движения-М: Транспорт, 1982.-237 с.

    2. Бабков В.Ф. Дорожные условия и безопасность движения. Учебное посое для Вузов изд. перераб. и доп. – М: Транспорт, 1982.– 288 с.

  1. Васильев А.П. Состояние дороги и безопасность движения автомолей в сложных погодных условиях. М: Транспорт, 1976. - 224 с.

  2. Калуцкий Я.А. и др. Применения теории массового обследования в проектировании автомобильных дорог. -М: Тарнспорт, 1969. - 136 с.

  3. Негаев А.П. Пути повышения безопасности движения на автомобильных дорогах Б.С.С.Р.- Минск: Полымя, 1971. -788 с.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> I-tom 2012
I-tom 2012 -> Отаршылдық топонимдер М. Мырзахметұлы зерттеулерінде Аманжолова Д. Е
I-tom 2012 -> Әож 41. 612 Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім беру болашақ ҰрпақТЫҢ Үйлесімді дамуының кепілі
I-tom 2012 -> Әож 347. 58 Бала қҰҚЫҒының ТҮсінігі, негіздері
I-tom 2012 -> Әож 327: 94(430+574) ҚазаҚстан мен Германия арасындаҒы ынтымаҚтастыҚ пен ыҚпалдастыҚтың кӨкжиегі
I-tom 2012 -> Әож 37. 324: 94(587) ХІХ ғасырдың екінші жартысындағЫ Қазақстанның ОҢТҮстік аймағындағы саяси жағдай
I-tom 2012 -> Әож 94(574) Қыпшақ халқының этногенезі
I-tom 2012 -> Әож 347. 58: 25 саяси баспана қҰҚЫҒының ТҮсінігі мен түрлері
I-tom 2012 -> Өож 631. 41 АймақТАҒы туризм кластерін дамыту өзекті мәселе
I-tom 2012 -> Мүлікті тәркілеудің ұғымы, маңызы және өзекті мәселелері Ернишев Қ. А., Исаев А
I-tom 2012 -> Әож 81. 1(574) А. Байтұрсынов еңбектеріндегі фонемографиялық мәселелердің тіл білімінде алатын орны


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет