Әож 657 471 бюджеттендіру шығындарды басқарудың тиімді тәсілі



жүктеу 74.09 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі74.09 Kb.

ӘОЖ 657.4.471
БЮДЖЕТТЕНДІРУ – ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Сулеева С.Е., Қарымсаков А.Қ.,Альпенова Б.А.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Бюджеттендіру – бұл кәсіпорынның өндірістік - қаржылық қызметін басқару тәсілі, ол жауапкершілік орталықтары, тұтас ұйым бойынша бюджеттер құруға, көзделген нәтижеге жету мақсатында оларды ұйымдастыру және бақылауға негізделген [1].

Бюджет – басқару есебі жүйесінде бақылаудың негізгі құралы ретінде тек ішкі пайдалануға арналған коммерциялық құпиядағы құжат болғандықтан стандартталған формасы жоқ. Себебі басқару есебінің мәліметтері түрлі деңгейдегі ұйым басшылығының қызметін жоспарлау, бақылау, реттеу үшін пайдаланады (қаржылық есептің мәліметтері жалпы ережелерге сүйенеді, себебі сыртқы ақпарат пайдаланушылар қолданады) және басқару есебі жүйесін құру нормативтік актілермен рәсімделмейді, тек басшылық қажеттілігімен, қызмет көлемімен, салаға қатынасымен, ағымды және болжамды мақсаттарымен анықталады, өйткені әр ұйымның жетекшісі басқаруға қандай ақпарат қажет, оны алу тәсілдері мен ұсыну жиілілігі, сонымен қатар бюджеттендіруді еңгізу қажеттілігін анықтайды, ал егер ондай қажеттілік бар болса толық көлемді жүйе ретінде не немесе кәсіпорын ерекшелігіне байланысты бірнеше ең маңызды бюджет түрімен шектелуге болады ма [2].

Бюджеттік жоспарлау принциптерін енгізу артықшылықтары келесідей:


  1. құрылымдық бөлімшелердің ай сайын жоспарланатын бюджеттерін қазіргі кезде қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесінен гөрі шығындардың құрылымы мен көлемдерінің дәл көрсеткіштерін береді және соған сәйкесті пайда көлемін дәл жоспарлайды, ол салықтық жоспарлау үшін өте маңызды;

  2. құрлымдық бөлімшелердің айлық бюджетін бекіту шеңберінде еңбек ақы қоры бойынша үнемделген сомаларын өз беттерінше жұмсауға мүмкіндік береді, ал ол қызметшілердің жоспарлы тапсырмаларды жақсы орындаудың материалды қызығушылын көтереді;

  3. бюджеттердің бақылау параметрлері санын минимизациялау кәсіпорынның экономикалық қызмет жұмыскерлерінің жұмыс уақытының өндірістік емес шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді;

  4. бюджеттік жоспарлау кәсіпорынның қаржы ресурстарын қатаң үнемдеу тәртібін іске асыруға мүмкіндік береді, ал ол қаржылық дағдарыстан шығу үшін өте маңызды.

Басқарудың түрлі деңгейінде құрастырылатын бюджеттер түрлері 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1.

Басқару деңгейіндегі бюджеттер түрлері




Деңгейі

Бюджет түрлері

Ұйым

Жалпы шаруашылық (әкімшілік) шығындар бюджеті. Жалпы бюджет: пайда мен зиян бюджеті; ақша ағымдарының бюджеті; қаражат көздерінің бюджеті; баланс бюджеті.

Пайда орталығы

Сату бюджеті. Коммерциялық шығындар бюджеті (оның ішінде жарнама бюджеті); пайда және зиян бюджеті; ақша ағымдарының бюджеті; қаражат көздерінің бюджеті; баланс бюджеті.

Функционалды бөлімшелер

Өндіріс бюджеті; босалқылар бюджеті; сатып алу бюджеті; жалпы өндірістік және коммерциялық бюджет.

Шығын орталығы

Материалдарды пайдалану бюджеті; еңбекке ақы төлеу бюджеті.

Жобалар

Нақты игеру бюджеті; жобаны құру бюджеті; жаңа құрылыс бюджеті

Сонымен, бюджеттерді қалыптастыру мен құруы келесідей мақсаттарды көздейді:



      • кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің болашақтағы стратегиясын анықтау, ол түрлі мерзімдегі кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін жоспарлауды қосады;

      • бүкіл кәсіпорындағы жауапты орталықтардың шығындары мен пайдасының оптималды қатынасын анықтау;

      • материалдық және ақша ресурстарының қажеттілігін айқындау;

      • материалдық және ақша ресурстары ағындарын ықшамдау;

      • нақты шығындарды нормативпен салыстыру арқылы жауапкершілік орталықтарының жұмыс тиімділігін бағалау және бақылау;

      • тәуекелді анықтау және олардың деңгейін төмендету.

Бюджетттердің түрлі варианттарын қолданудың негізгі факторларының бірі қызмет көлемі. Біздің пікірінше, шағын ұйымдарға, мысалы, серіктестер, фирмалар, шаруашылықтар үшін бюджеттендірудің толық жүйесін енгізу қажет емес. Бірақ олар бюджеттендіру жүйесінің жеке элементтерін қолдануға қызығушылық танытуы мүмкін.

Әрбір көрініс сияқты, бюджеттендірудің де дұрыс та жақтары бар. Толық бюджеттік жүйелерде жобалық және нақты мәліметтер қосылған. Олар қызмет нәтижелерін жоспарлауда, бақылауда, бағалауда және өндіріс үрдісінің өзіндік құнын табуда, босалқыларды бағалауда пайдаланады. Бюджеттендірудің артықшылықтары кәсіпорын ресурстарын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауға мәжбүрлеуден, бәсекелесітердің тәртібінен және өнімге деген нарықтық сұраныстан білінеді. Осы стратегиялық аспектілер бойынша жоспарлау құрастырылады және түрлі деңгейдегі, мерзімдегі бюджеттер қалыптасады.

Бюджеттік мәліметтер өткен мерзімнің мәліметтерінен гөрі қызмет нәтижесін бағалау кезінде салыстыру нәтижесін бағалау кезінде салыстыру үшін дәлірек болады. Өткен мерзімнің нәтижелерінде кемшіліктер теріс ауытқулар, негативтік факторлар жасырылынуы мүмкін. Одан басқа салыстырылатын мерзімде технологияда, жұмыс күшінің құрамында, өнім түрінде, жалпы экономикалық жағдайда өзгерістер болуы мүмкін. Бюджеттер кәсіпорынның қойылған мақсаттарына жету үшін цехтар мен функционалды бөлімдердің барлық өндірістік факторларын айқындап ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл концепция жақсы құрастырылған жоспарды көздейді, онда жеке операциялар арасындағы қатынастар тұтас кәсіпорынмен келісілген; өндірісті және өткізуді басқаратын басшылардың ой өрісі кеңейтілген; басқарудың осал жерлері анықталған; жауапты орындаушылар бекітілген [1].

Бюджеттендірудің негізгі проблемаларының бірі, менеджердің дәл болжам құрастыруға ынталандыру жүйесін құрастыру. Төменгі деңгейдегі менеджерлердің аймағындағы бюджеттік болжам туралы жақсы білімі бар болады. Компания басшылығы бюджет құрастыру процесіне қатысатын менеджерлер тарапынан бюджеттік көрсеткіштерді әдейі жоғарылату немесе төмендету мүмкіншілігі бар екенін ескеріп бюджет шеңберіне қатаң шектеу жасауды болдырмауы қажет.

Бұл жағдайда басшылық қандай әрекет етеді? Бір тәсіл ретінде менеджерлердің болжамды неге негізделіп жасайтын ақпаратты зерттеу қаралады.

Бұрын айтқандай, бюджеттендірудің негізгі кезеңдері материалды, еңбек және үстеме шығындарының сметасын (бюджеттерін) құру. Одан басқа, бюджеттендіру жүйесінде әр кезеңдегі өндірістік операциясына сәйкес қажетті кассалық қолма-қол қаражатпен қамтамасыз ететін консолидацияланған кассалық смета құрастыру.

Осыдан, кәсіпорындағы бюджеттендіру жүйесін құрастырушы инфрақұрылым, бюджеттік процестің бөліктері бірінші кезекте есептік ақпаратқа сүйенеді [3]. Ол өз кезінде бухгалтерлік (басқару) есебінің ақпаратына негізделеді, себебі дәл осы жүйеде бюджеттендіру технологиясының мүмкіндіктері, оның басқару функциялары – жоспарлау, талдау, бақылау жақсы деңгейде ашылады. Кәсіпорын қаржылық – шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылатуда осы аспектілерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

Жоғарыда айтылған бюджетті қалыптастыру әдістемесі келесі кезеңдерден тұрады:



      • әдістемелік қамтамасыздық және мамандарды дайындау;

      • қолданыстағы есеп жүйесін, жоспарлауды, құжат айналымын талдау;

      • кәсіпорынның дамуын анықтайтын негізгі жолдарының экономикалық модельдерін құру;

      • бюджет құрастырудың технологиясын қалыптастыру;

      • кәсіпорын жағдайында бюджеттендіру механизмін тексеру және сараптау;

      • бюджет құрастыру үшін құжат айналымын дайындау бойынша мәліметтерді құрылымдық бөлімшелер және орындаушылар арасында бөлу ұсынылатын құжаттардың форматын және дайындау уақытын анықтау;

      • қойылған мақсаттарды ескеріп кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері және берілген ақпарат негізінде кәсіпорынның жиынтық бюджетін құрастыру;

      • бюджеттің орындалуын бақылау әдістемесін ішкі және сыртқы жағдайлар өзгеруінен ағымды түзетулер процедураларын құрастыру;

      • компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыздық және қаржылық модель таңдау, автоматтандыру.

Есеп жүйесі кәсіпорындағы бюджеттендіру мақсатында басқару аппаратының ақпараттық қажеттілігін толық және шапшаң түрде қанағаттандыруы қажет. Тек сонда осы жүйенің тиімділігі туралы айтуға болады. Осы қажеттілікті ескере дәстүрлі бухгалтерлік есеп жаңартылуы тиіс.

Бюджеттік процесс пен басқару есебінің өзара байланысы 1 суретте көрсетілген.




Сурет 1. Басқару есебі және бюджеттік процестің инфра құрылымының өзара байланысы
Кез келген ұйымды, оның көлемі және қызмет аясына қарамастан бюджеттендіруді ойдағыдай енгізудің жалпы нәтижелеріне жатқызуға болады[4].

Бюджеттендіру және жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды есепке алу өзара байланысты, бірігіп олар кәсіпорын қызметін басқаруға және өндіріс шығындарын басқаруға көмектеседі.

Кәсіпорындағы бюджеттендіру мақсатындағы есеп жүйесі басқару аппаратының ақпараттық қажеттілігін толық және шапшаң қанағаттандыруы тиіс. Тек осындай жағдайда сол жүйенің тиімділігі жөнінде айтуға болады.

Түрлі қызметтер мен жауапкершілік орталықтарының менеджерлері өздері қызығушылық танытатын ақпаратты ішкі өндірістік жоспарлармен есептерден (бюджеттер) алады.

Басқару персоналы үшін бюджет түріндегі есептелік кәсіпорынды дамыту және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша шапшаң түрдегімен қатар стратегиялық шешім қабылдауға негіз болады.

Ұйым және оның сегменттер қызметін басқару үшін өндірістік жағдайда ақпарат қажет, ол жоспарлы және мөлшерлі көрсеткіштерден болған ауытқуларға шапшаң қарауға мүмкіндік береді.



Біздің пікірімізше, есептің барлық түрінің мағынасына, оның өндірісті басқарудағы ақпаратының шапшаңдығына және қажеттілігіне салқын қарауға болмайды. Әрқайсысын дамытып, олардың өндірісті ұйымдастырудың және шаруашылықты жүргізудің түрлі формалары кезендегі байланысын ескеру қажет.
Әдебиет


  1. Друри К., Управленческий учет для бизнес-решений, М: ЮНИТИ, 2003.- 655с.

  2. Данилочкина Н.Г., Контроллинг как инструмент управления предприятием, М.: Аудит, ЮНИТИ, 2008. - 279с.

  3. Назарова В.Л., М.С.Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық.-Алматы: Экономика, 2005.-298бет.

  4. Воронова Е.Ю., Улина Г.В., Управленческий учет на предриятии, М: ТК Велби, издательство Проспект, 2006.- 248с.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 II-tom
Dulaty2012 II-tom -> Қасенова А.Қ., Елеусіз А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 39 кремний қос тотығындағы триттийдің (Н ) радиациялық диффузиясы
Dulaty2012 II-tom -> Тәуелсіз Қазақстан ономастикасы: кеше және бүгін Құламанова З. А., Бердібаева Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Әож 547. 913 Elaeagnus angustifolia гүлінің компонентті қҰрамын зерттеу
Dulaty2012 II-tom -> Коммерциялық банктің несие портфелінің сапасын арттыру мәселелері (Қр екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде) Әуелбаев С. Ш., Абубакирова Г. М
Dulaty2012 II-tom -> Азаматтық іс жүргізу сатыларының ТҮсінігі, ТҮрері және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау сатысының ТӘжірибелік мәні және маңызы жунисалиев А. Т
Dulaty2012 II-tom -> Оронимдердің лексика-семантикалық сипаты Құламанова З. А., Каримова А. Ш. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> «информатика» курсын оқу кезінде интерактивті тақтаны қолдану құрмашова Г. С., Құсмұхамбетов Е. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 II-tom -> Инновациялық даму жағдайында ара қашықТЫҚтан оқыту моделдерін жетілдіру ақынбекова А. Т., Үсіпбаева М. Е


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет