Әож 658 КӘсіпорындардың басқару жүйесін жетілдіру



жүктеу 64.12 Kb.
Дата01.10.2017
өлшемі64.12 Kb.

ӘОЖ 658
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Дауренбекова А.К. –ЭФ-13-7р., Нұралы А. – ЭФ-14-4к топтарының студенттері

Бастыков Д.Х. – аға оқытушы
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацияларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.

Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының біртұтас жүйесі пайда болды. [2]

Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.

Басқарудың мәнің оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару).

Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады. [3]

Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорынның қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.

Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнін анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды.

Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан. [4]

Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.

Шын мәнінде басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.

Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.

Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттардда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдану өнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі. [6]

Кез-келген саладағы өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларының дамуы ғылыми-техникалық прогресс, әртүрлі техникалық құралдардың көмегі арқылы ақпараттың жиналуы, өңделуі мен жіберілуінің әдістер мен тәсілдерін, заңдарын зерттейтін информатиканың одан әрі дамуы негізінде жүріп жатыр.

Түрлі ақпаратты-техникалық жаңалықтарды басқару аппаратының арзандауы мен кішіреуі ретінде қабылдау керек. Мысалы Интернет компьютерлік желілердің шығуы кәсіпорынды басқарудағы ақпаратық қамсыздандыруының дамуына алып келді. Сонымен кәсіпорынды басқаруда ақпараттың маңызы әрдайым өсіп келе жатыр, оның себебі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктердің өзгеруі, техника және технология саласында жаңа жетістіктері, ғылыми ізденістер. Ғылыми-техникалық революция ақпаратты өндіріс процессінің маңызды факторы ретінде шығарды. Ақпараттық процесс жұмыс күшінің өнімділігінің жоғарлату, өндіріс процессінің тиімді ұйымдастыру құралы ретінде жаңа техниканың жұмыс істеу шарты болып табылады.

Басшыларға әсіресе, қаржылық бөлімдердің басшыларына бүкіл кәсіпорынға байланысты күрделі шешімдер қабылдау керек. Ал жедел міндеттердің шешімдермен толы болуы басқару процессін одан әрі күрделендіреді.

Кәсіпорындаға жақсы ақпараттық жүйе мыналарды береді:



  • Біртұтас мәліметтер базасы негізінде басшылар мен қызметкерлерге толық, шынайы және жедел ақпаратты қамтамасыз ете отырып кәсіпорынды басқару тиімділігін жоғарлату.

  • Документтердің айналымын оптимизациялау мен стандарттау арқылы іс жүргізу процессін жеңілдету.

  • Процесстерді автоматтандыру арқасында қызметкерлерді көптеген жұмыстардан босатып оларды мамандық ісіне бағыттауға мүмкіндік береді.

  • Басқарудың барлық деңгейінде ақша құралдары мен материалды-тауарлы запастардың сенімді бақылануын қамтамасыз етеді

  • Орталық аппарат пен бөлімшелердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету

  • Ақпаратты өңдеудің барлық деңгейлерінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорындағы ақпараттық жүйенің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • Кәсіпорын қызметі және сыртқы орта туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және қаржылық немесе кез-келген басқа талдау үшін ыңғайлы түрде беру және басқарушылық шешімдерді қабылдауда оларды пайдалану.

  • Кәсіпорынның бизнесс (технологиялық) операцияларын автоматтандыру[7]

Ақпараттық жүйенің нағыз тиімділігін бағалау үшін жақсы құрылған ақпараттық жүйенің атқаратын міндеттерін түсіну қажет.

Өндіріс процессін жоспарлау. Түрлі деңгейлердегі стратегиялықтан бастап жеделге дейін өндіріс жоспарларын құру және өндіріс қуаты мен адам ресурстарына сәйкес олардың жүзеге асу мүмкіндігін тексеру. Жоспарлардың нақтылануы әр деңгецде әртурлі болып келеді – стратегиялық жоспарлау міндеттерін шешуге керекті өнім жиынынан бастап өндірісті жедел басқаруға керекті нақты материалдар мен өндіріс операцияларға дейін;

Сатып алуды, сатуды, запастарды басқару. Бұл сатып алу, сату, өндіріс, қойма запастарын есепке алу және жоспарлау процесстерін автоматтандырылуы;

Қаржыны басқару. Әдетте бұл бугалтерияны жүргізу, дебитор мен кредиторлармен есеп айырысу, негізгі құралдарды есепке алу, қолма-қол ақшаны басқару, қаржылық қызметті жоспарлау;

Қызметкерлерді басқару. Қызметкерлерді басқару жүйеастында қызметкерлермен жұмыс істеуге байланысты барлық істер жүзеге асырылған: қызметкерді жұмысқа алу, босату, қызметкер туралы мәліметтерді есепке алу, олардың қызметте жоғарлауын жоспарлау, жалақыны есептеу және жұмыс уақытын есепке алу. Қызметкерлерді белгілі бір ресурс ретінде қарастыра отырып ақпараттық жүйені пайдалану өндіріс жоспарларын қызметкерлердің потенциалымен салыстыруға мүмкіндік береді;

Проекттер мен бағдарламаларды басқару. Бүгінгі кәсіпорын қызметі түрлі өндірістік проекттер мен бағдарламаларды жүзеге асырумен ерекшеленеді;

Өнім мен технологиялық процесстерді жоспарлау. Өнім құрамы, оны өндірудің технологиылық жолдары, тапсырушының талаптарына сәйкес өнімді жетілдіру туралы ақпарат және осындай өнім шығарған кездегі кәсіпорынның шығындарын анықтау; [7]

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




  1. С.К.Жұмамбаев Өндірістік менеджмент Алматы 2011ж

  2. Жаңбыров Ж.Ғ.,Қайырбаева А.Е. Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті Алматы 2009ж

  3. Фатхутдинов Р.А. Производственный менеджмент Учебник. Питер 2008

  4. Стерлигова А.Н., ФельА.В. Операционный менеджмент Учебное пособие М:ИНФРА-М,2009

  5. Бердалиева К.А. Менеджмент Алматы 2008

  6. Тулеева А.Ж. Менеджмент, электр учеб, ЮКГУ им М.Ауезова, 2012

  7. Тулеева А.Ж. УМКД по дисциплине Менеджмент 2014


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет