Әож 678. 053. 72. 002. 54 Жиекті тігісті автоматты өҢдейтін қҰрылымның динамикалық зерттеуі



жүктеу 63.3 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі63.3 Kb.


ӘОЖ 678.053.72.002.54


ЖИЕКТІ ТІГІСТІ АВТОМАТТЫ ӨҢДЕЙТІН ҚҰРЫЛЫМНЫҢ

ДИНАМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
Техн.ғыл.канд. С.Ж.Баубеков
ХАБАРЛАУ 2

Бүгінде жеңіл және тігін өндірісінде жиекті тігісті орындауға жалпы арналған тігін машиналарын қолданады. Мұнда операцияны орындау кезінде бөлшекті колмен қозғайды, бірақ өңдеу сапасы оператордың шеберлігі мен шыдамдылығына байланысты болады да, көп жағдайда сапасы төмендеу болады. Себебі, монотонды ұзақ уақытты жұмыс операторды қажытады, қол және көз талады. Осылар, технологиялық операция – жиекті тігістің орындалу кателігіне себепкер болады. Осы жайтты болдырмау үшін, оператордың назары мен қолын алмастыратын жаңа автоматты құрылым жасалды [1]. Оның жұмыс істеу қабілетін тексеру үшін, жұмысты орындайтын тетік – үйкелісті бағдарлай қозғағыш құрылым (ҮБҚҚ) мен материал арасындағы пайда болатын күштердің шамасын анықтау керек. Бұл күштер, технологиялық операцияны құрылым ауытқусыз дәл орындап, эквидистантты тігіс алуға жағдай туғызады.

[2] - де бағдарлау кезінде құрал мен материал арасында пайда болған күштердің бағыты мен шамалары анықталды. Енді осыларды пайдаланып үйкелісті бағдарлай қозғағыш құрылымның (ҮБҚҚ) бағдарлағыш күшін, материал мен құрал арасында пайда болатын құрғақ кедергі коэффициентін ескеріп анықтайық.

Технологиялық процестің сапасы, жиекті тігістің сапасымен анықталатындықтан, оның мыжылмай (деформациясыз) орындалуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан, бағдарлау кезінде (детальдің тірегішке соғылғандағы - А нүктесі), бағдарлағыш күштің (Rор), детальдің жиегіне әсерін анықтайық (сурет 1 ).



. (1)

Сонда, ҮБҚҚ-ны қолданып датальді автоматты түрде бағдарлағанда жиектің деформациясы [έ] – дан аспауы керек, демек тігіс жиекке эквидистанты (жиектен бірдей қашықтықта) түсу шартын қамтамасыз ету керек

∆< [έ], (2)

мұнда, [έ] – тірегіштің жиекті ең үлкен мүмкін мыжу-деформациялау мөлшері. Сонымен, N – ны құрғақ үйкелісті ескеріп, Д,Аламбердің принціпі бойынша анықтасақ, онда (1) шарт бойынша, әсер етуші күштердің тепе- теңдік теңдеуін жазамыз



, (3)

мұнда, F- масса орталығына қатысты құрғақ үйкелісі ескерілген кедергі күштің бас векторы; P– қозғалатын (бағдарланатын) детальдің инерция күші, P=m a ; m - детальдің массасы, a - детальдің үдеуі; N- детальдің тірегішке түсіретін нормальді қысымы ; N=Rcosφ; Rop – бағдарлағыш күш (1) формуламен анықталады. (2) шарт бойынша

∆= N/ с < [έ], (4)

(5)

мұнда, с - детальдің материалының қатаңдығы, (4) ескеріп



. (6)

Егер , екенін ескерсек. Ал, материал мен машина платформасының арасындағы кедергі күшті мына формуламен анықтаймыз [2]:



, (8)

мұнда, - материал мен машина платформасының арасындағы кедергі кедергі коэффициенті.

Алдымен P ескермей жүйенің тепе – теңдік теңдеуін жазайық

=, (7)

(9) формулаға (7) және (8) мәндерін қойып, төмендегі заңдылықты аламыз





Сурет 1. Бағдарлағыш күшті зерттеу.

1 – деталь; 2 – тірегіш; 3 – тігін машинасының платформасы
. (9)

(7) формулада көрсетілгендей бағдарлағыш күш пен арасында белгілі байланыс бар, оны жиектің деформациясымен баланыстырып былай жазамыз



,

Егер (9) – ді Pескеріп қайта жазсақ :



+ ;

(10)


(7 и 9) MATH CAD бағдарламасымен ЭВМ-ді қолданып, зерттеп ҮБҚҚ – ның оптималды параметрлерін r1, r2, ω, ψ, α, NC, h1, h2 анықтаймыз, оларды жоғарыда келтірілген құрылымды жасауға қолданамыз.

Бағдарлағыш күшті (Rор) MATH CAD бағдарламасын

қолданып зерттеу

Компьютердің есептеу қуаты оны ғылыми зерттеу құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Күрделі есептеу жұмыстарын шешуге арнайы жазылған бағдарламаларды қолдануға болады. Әмбебап бағдарламалар қатарына MathCAD жатады. Бұл бағдарлама автоматтандырылған жүйе ретінде, сандық немесе аналитикалық (формула) түрде барілген есептерді динамикалық тұрғыда шеше алады. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның есептеумен қатар, форматталынған ғылыми және техникалық құжаттарды даярлау мүмкіндігі бар. Төменде аталған бағдарламаны, аналитикалық (формула) түрде берілген есепті шешіп, ҮБҚҚ-ның оптималды өлшемдерін алуға қолдану процессі көрсетілген.

Зерттеу барысында (7 мен 9) формулаларды қолданып, олардағы негізгі факторлар өзгерте отырып, графиктер соғылған, сурет 2 а,б,в. Зерттеу нәтижесі ретінде, ең кіші реакция күштерін қамтамасыз ететін параметрлерді табу қарастырылған. Сурет 2а - реакцияларының қатысты өзгеруі, демек өссе - реакциялары кемиді. оптималды мәні, -ның 43-200 мм аралығында жатыр. Демек, жиектің қисықтығының осы мәндерінде ҮБҚҚ жақсы жұмыс сапасын қамтамасыз етеді, тігіс жиекке эквидистантты болады.

Сурет 2 б - -ның мәні артса , - реакцияларының мәні кемиді, демек жиектің шетін деформациялайтын күш және бағдарлауға керекті күш те кемиді. Демек, -ның мәнін 0,035-0,105 рад алған қолайлы.

Сурет 2 в- детальдің ҮБҚҚ мен бұру бұрышының - реакцияларына аса көп ықпалы жоқтығын аңғартады.


а.

б.


в.

Сурет 2. Rа, Rор(ρ, α, ψ ) графиктік өзгерістері.


Қорытынды

Сонымен, ҮБҚҚ-ның барлық параметрлерін алу үшін, қажетті факторлардың, құрылымға ықпалы зерттеліп, қажетті жұмыс дәлдігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткіздік. Алынған нәтиже бойынша, 330 кл. тігін машинасы негізінде жиекті тігіс орындайтын автоматты құрылым жасалды. Оны қолданып, жеңіл өндірісінің бұйымдарын жинауда кездесетін жиекті тігістерді орындау кезінде қол еңбегін автоматтандыруға қолдануға болады.


Қолданылған әдебиетер тізімі:

1. А.С.№1333728. Способ выполнения краевой строчки на швейных деталях при их обработке по контуру и устройство для его осуществления // Комиссаров А.И., Баубеков С.Д.; опубл. 09.07.1985. БИ №23.

2. Баубеков С.Д. Моделирование фрикционно-транспортно-ориентирующих устройств (ФТОУ) для автоматизированной контурной обработки деталей. Монография. Тараз: Тараз университеті, 2004, 282 с.

3. Патент РК №9530. Способ автоматического перемещения в плоскости изделия или машины. Авт. Баубеков С.Д., Таукебаева К.С. и Тлеуов С.Т. БИ №10, 2000 .

4. Предварительный пат. 11352/02 РК. Механизм для плоского программированного перемещения изделия. /Баубеков С.Д., Байгунчеков Ж.Ж., Таукебаева К.С., Баубеков Е.С.; опубл. 29.06.05, Бюл. № 21. -4 с: ил.

«ДИНАМИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЕ УСТРОЙСТВА ДЛЯ

КОНТУРНОЙ ОБРАБОТКИ»

Баубеков С.Д.

В работе впервые используется кулонова сила трения для определения ориентирующей реакции устройства и использована программа MATH CAD для исследования математической модели процесса ориентации с применением ФТОУ. Задача заключается в точном выполнении заданной контурной обработки, для чего необходимо, определить силы возникающие между рабочими органами устройства и обрабатываемой деталью.


"Study device for contour processing with using "

Baubekov C.D.

The Task is concluded in exact execution given contour processing, for what necessary, define power appearing between workers organ device and processed by detail, get the mathematical model of the process.

Power of friction is for the first time used In functioning for determination orientating reactions device and is for the first time used program MATH CAD for study of the mathematical model of the process to orientation with using FTOU.


ЖИЕКТІ ТІГІСТІ АВТОМАТТЫ ӨҢДЕЙТІН ҚҰРЫЛЫМНЫҢ

ДИНАМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ

Баубеков С.Ж.

Жұмыста автоматтандырылған тігін машинасын бұйымды жинауда қолдану ұйғарылған. Жұмыста алғаш рет, бағдарлағыш күшті табуға кулондық үйкеліс күші қолданылып, процестің математикалық үлгісі алынды. Оны сараптауға MATH CAD бағдарламасын қолданып, құрылымның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ҮБТҚ – ның параметрлері табылды.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет