ӘӨЖ 681. 5: 69. 057 Дискреттік датчикті қолдану арқылы сұЙЫҚтардың шығынын өлшеу



жүктеу 45.22 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі45.22 Kb.

ӘӨЖ 681.5:69.057
ДИСКРЕТТІК ДАТЧИКТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СҰЙЫҚТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН ӨЛШЕУ
Тулебеков Е.М., Джунисбеков М.Ш.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Мұнай - сұйық каустобиолиттер қатарына жататын табиғи шикізат. Мұнай сарғылт, жасыл жене коңыр қышқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйықтық.

Мұнайды айдау мен сақтау техникасы, оның физика-техникалық қасиетіне байланысты болады, және мұнай мен байланысты жұмыстар.[1]

Қазақстанның мұнай тасу құбырларының қазіргі жағдайдағы жүйесі бір жағынан соңғы 50 жыл ішінде бірте-бірте даму жолдарынан, ал келесі жағынан СССР-дың таралуы кезіндегі мұнай жабдықтарының біріккен жүйесінің мемлекеттің ішкі жүйесіне бөліну нәтижесіне байланысты құрылды.

Бастапқы ең ұзақ кезең мұнай өңдеу мұнай шығару аймағына жиналған кез 60-шы жылдардың басында аяқталды.

Мұнай кен орындарын қазып шығарудың бастамасы мен ашылу кезінен бастап негізгі тұжырымдама мұнай шығару орнынан мыңдаған километр алыс жатқан мұнай өнімдерін кеңінен қолдану орындарына жайғастыру болды. Мұндай стратегия негізінен ТМД елдері мен Қазақстанның мұнай тасымалдау құбырларының сыртқы кескіні диаметрі 1020...1220 мм мұнай құбырларын салуды қажет етті.[2]

Әр - түрлі кен орындарындағы мұнай экспортқа және отандық мұнай айдау зауыттарына түсуі бойынша Қазақстандағы мұнай құбырларының қазіргі желісі келесі бағыттағы құбырлардан құрылған.



  • магистральді мұнай құбырлары бойынша мұнайды республикадағы мұнай өңдеу кәсіпорнына, экспортқа, импортқа және Қазақстан территориясы бойынша транзитке тасымалдау;

  • бар мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру және тасымалдаудың жаңа бағыттарын ұйымдастыру;

  • халықаралық стандарттар деңгейіндегі магистральді мұнай құбырлары жүйесін пайдалану кезіндегі өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғанысын қамтамасыз етуі бойынша ұйымдастыру шаралары;

  • қауымдастық орталықтанған диспечерлік бақылауды және магистральді мұнай құбырлар жүйесі бойынша тасымалданатын мұнайды жеткізуді басқаруды жүзеге асырады.

Мұнай тасымалдаудың құрамдас бөлігі болып: жеткізудегі орталықтандырылған басқару, мұнайресурстарының есебі, транзитті мұнай құбырлары бойынша мұнайды айдауды басқару, штатты емес оқиғамен басқару, технологиялық тәртіпті бақылау және орталақтанған құралдармен басқару.[3]


1-құбырландыру; 2 – мұнай шығару станциясы; 3 – аралық мұнай шығару станциясы; 4 – соңғы орын; 5 – сызықтық бөлігі; 6 – сызықтық ысырма; 7 - дюкер; 8 – жер үсті өткелдері; 9 – автожол асты өткелдері; 10 - теміржол асты өткелдері; 11 – катодты қорғау станциясы; 12 – дренажды қондырғы; 13 – аралаушы бөлінісі; 14 – байланыс сызығы; 15 – тікұшақ алаңы; 16 – жол бойы.
Сурет 1. Магстральді мұнай құбырларының қондыру құрамы

Құбырлар салу мұнай көздерін басты іргетасымен байланыстырады.

Басты мұнай айдау бекеттері кәсіпшіліктен мұнайды қабылдау үшін, оларды сорты бойынша араластыруға немесе бөлуге, мұнайды тіркеуге және оны резервуардан құбырға айдауға арналған.

Басты мұнай айдау станцияларының принциптік технологиялық сұлбасы 2 суретінде көрсетілген. Ол тірек сорғышынан 1, есептегіш және сүзгіш алаңдарынан 2, магистральді сорғыштан 3, қысымды реттегіштен 4, қырғышты жіберу алаңынан 5 және резервуарлы парктен 6 тұрады. Кәсіпорындағы мұнай алдымен бөтен заттардан тазаланатын, кір ұстайтын сүзгіште тазаланатын 2 алаңға бағытталады, содан кейін оперативті бақылау үшін оның мөлшеріне қызмет ететін құбыр шығарулары арқылы өтеді. Одан кейін ол оның судан және қосындылардан өндірілетін резервурлі паркіне 6 бағытталады және коммерциялық есеп жүзеге асырылады. Мұнайда құбырға айдау үшін тіреуіш 1 және магистральді 3 сорғыштары қолданылады. Жолда мұнай есептік және сүзгіш алаңы 2 арқылы өтеді (оперативті есептің мақсатымен), сонымен қатар қысымды реттегіш алаңымен 4 (магистральді мұнай құбырында қажетті шығынды орнату мақсатымен). 5 алаңы мұнай құбырына тазартылған жабдықтарды-қырғыштарды жіберу үшін қызмет істейді. Басты мұнай айдау бекеттері мұнай кәсіпшілігіне жақын орналасады.

Аралық мұнай айдау бекеттеріне қарай мұнайды айдауды қамтамасыз ету мақсатымен үйкеліс күшін меңгеру ағынында жойылған жылудың орнын толтыру үшін қызмет етеді. Аралық мұнай айдау бекеттері гидравликалық есептің келісімімен (әрбір 50...200 км сайын) құбыр жолдарымен орналастырады.

Қазіргі уақытта «резервуар бекеті арқылы» айдау жүйесі қолданылмайды. Бекет бойынша айдау жүйесі тек қана бір басты мұнай айдау бекеті бар қысқа құбырларда қолданылады. Қашықтықтағы мұнай құбырында бр уақытта айдаудың бірнеше жүйесі қолданылады.

3 суретінде қазіргі мұнай құбырының пайдаланылу орны бойынша мұнайдың өту сұлбасы көрсетілген. Одан «сорғыштан сорғышқа» айдау жүйесінің ( мұнай айдау бекеті 1 және мұнай айдау бекеті 2) пайдалану орнының ішінде орналасқан аралық мұнай айдау бекеттерінде ғана қолданылады. Басты мұнай айдау бекетінде айдаудың бекеті бойынша жүйесі, ал пайдаланылған орынның соңында орналасқан бекетте «резервуарлармен қосылған» айдау жүйесі қолданылады.

БМС – басты мұнай айдау станциясы; АМС – аралық мұнай айдау станциясы.


Сурет 2. Қазіргі мұнай құбырларының пайдалану саласы бойынша мұнай өту жолдары
Мұнайды жер асты мұнай сақтау орнынан тасымалдаған кезде мұнайды өлшеу және бақылаудың бірден бір аймағы болып 4 суретте көрсетілген мұнай өнімдерін автоцистерналарға құйю технологиясының принципиалды сұлбасы.

Қойма сияқты таңдау оның технико-экономикалық көрсеткіштері және климаттық негіздермен, тау жыныстарының геологиялық мінездемесімен анықталады.



Қойманың технологиялық жабдықтауына қабылданған және шығынды құбырлар, сорғыштар, буферлі жерленген резервуарлар, мұнай өнімдерінің санына байланысты өлшенетін жабдықтар, сынаманы іріктеу аспаптары және басқалары жатады.


1 – құю тіреушесі; 2 - есептеуіш; 3 – мөлшерлеуіш клапаны; 4 - сүзгіш; 5 – сорғыш.
Сурет 3. Мұнай өнімдерін автоцистерналарға жоғарыдан құюдың принциптік сұлбасы
Әдебиет


  1. 1.Р.Я.Искакович, В.И.Логтнов, В.Е.Подадько. Автоматизация производственных процессов нефтяной и газовой промышленности. – Москва, «Недра», 1993 – 424 с.

  2. Коршак А.А., Шаммазов A.M. Основы нефтегазового дела. Учебник для ВУЗов.— Уфа.: ООО «ДизайнПолиграфСервис», 2002 - 544 с.

  3. 3.Ресурсы интернета: www.KazTransOil.kz, www. Siemens.com, www.metran.ru.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет