Әож 687. 01-5 «тиын үЙІ» Ұраны негізінде балалар бөлмесі интерьерінің Қалыптасу жолдары



жүктеу 23.1 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі23.1 Kb.

ӘОЖ 687.01-5
«ТИЫН ҮЙІ» ҰРАНЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАР БӨЛМЕСІ ИНТЕРЬЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
Умурзакова Х.А., Байұзақова Г.С.
Балалар бөлмесінің интерьері- балаңыздың денсаулық кепілі.

Балалар бөлмесінің интерьерін таңдаудың негізінде бір маңызды ұстанымы-бала денсаулығына пайдалы. Сонымен, балалар бөлмесін орнатуда неге назар аударған жөн.

Дені сау материалдар –балалар бөлмесінің интерьерінің негізі.

Есте сақтаңыз, кілемдермен табиғи текстиль бөлмеге шақ-тозаңды сақтаушы жинаушы болып саналады. Табиғи ағаштарда нақ осылай, шаңды өзіне жинаушы. Мұндай жиһаздан бас тартқан жөн. Егер де гигиеналық және жәй синтетикалық материалдардан таңдар болсаңыз жиһазды, сапасына қарағаныңыз маңызды.(Гигиеналық сертификатта материалдың формальдегид бөлмейтіні көрсетілу керек).Балалар бөлмесінің интерьері және жарық – көру қамқорлығы. Балалар бөлмесі интерьерінде неше түрлі шамшырақ пен шам көздері жанып тұру керек, күндізгі жарық, негізгі төбе жарығы, үстел үстіндегі жарық, түнгі шам шырақты жарық. Жұмыс үстелінің орналасуы: жекешк жарық сол жақтан түсуі міндетті, үстелдің биіктігі көкірекке жақын орналасса баланың отыруына да жайлы болады.



Бұл әдетте пәтердегі ең сүйікті бөлме. Бөлменің осы сияқты атқарар міндеті көптігіне байланысты, ондағы жиһаздарды дұрыс орналастырудың ерекше маңызы бар. Қай кезде болмасын келушілерге қолайлы болуы үшін, балалар бөлмесін бірнеше аймаққа яғни төсек, стол, компьютер, шкаф т.с.с әркімнің қалауынша бөлген жөн.

Әр жыныстағы балалардың бөлмесін әзірлеу оңайлау болады, егер пәтеріңіз үлкен және көп бөлмелі болса, дегенмен олар туыла салысымен бір бөлмені жатын бөлмесі етсе, оларға қарағанда оңай болады. Олар есейгенге шейін бірге турғандықтан, бөлектенетін кез туғанда бір-бірмен айырылығысы да келмей қалады. Әр жынысты сәбилер өмірге келгенде көптеген сұрақтар туындайда, мысалы:қайда жиһаздарын орналастыру, қалай орналастыру? Кеңістікті қалай жераймақтар бөлу? Деген сияқты. Мұндай сұрақтардың жауаптарын тек дизайнерлерден ғана емес, сонымен бірге бала бағушыдан, психологтарданда көмек күтуге болады. Әр жынысты балалардың мінезіне қарап бөлме орналастырған жөн. Кішкентай балаларға ертегі үлгісіндегі бөлмеде жайлырақ болады. Жасөспірімдердің өз сәндері болады әр жынысты балаларға 20кв. метрден көп орын бөлінуі тиіс. Осы себептен мұндай балаларға пәтердегі ең үлкен бөлмені әзірлеп берген жөн. Әр жыныстағы балаларға жер аймақ алдынала әзірленгені жөн. Олардың ойын, жатын, шығармашылық жер аймақтары болады. Баланың жер аймағы әдетте көк түспен боялады, ал қыздың жер аймағы қызғыл түспен боялып, әзірленеді. Мысалы:қыздың жер аймағына қызғылт түсті түсқағазбен әзірлеп, ербаланың жераймағын өзіне лайықта етіп әзірлеген жөн. Бөлменің ортасын жалпы жераймақ ретінде қолданып, бейтарапты түспен бояп немесе түс қағазбен әзірлеген жөн. Егер сіздің алдыңызда балалар бөлмесінің жоспарын құру міндеті тұрса, әр жынысты балалардың заттарының бәрін осы бөлмеге тықпаштауға бейімделгеніңіз жөн. Күнделікті қолдананатын заттарын ғана бөлмедегі жәшіктермен стеллаждарға жайғастырып, мезгілі келгенде қолданытатын киімдерін, заттарын басқа да кеңірек бөлмедегі шкафтар мен жәшіктерге орналастыруға болады. Әр бір ата-аналар балалары көп келіспей қалмауы үшін әр қайсысына бір компьютерлік үстел, өз шкафын, өз жәшігін, өз ойыншықтарымен кітаптар және т.б.әрекеттері бекер. Балалар кез келген нәрсеге келіспей қалады, сол себепті олар келіспеушіліктен қашуды емес, келіспеушілікті екі жаққа бірдей етіп шешуді үйреткен жөн.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет