Әож 688. 016 костюм Пішінін қалыптастырудың құрастырылған тәсілдерін зерттеу



жүктеу 91.56 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі91.56 Kb.

ӘОЖ 688.016
костюм Пішінін қалыптастырудың құрастырылған тәсілдерін зерттеу
Магистр А.С. Туребекова

Мақаланың басты мақсаты костюмнің пішін қалыптастыруын-дағы құрастырылған әдістерін зерттеу жүргізу болып табылады.

Мақалада - киімді трансформациялау әдістері қолданылған.

Берілген мақаланың жаңалығы болып қазіргі таңдағы жас қыздарға арналған трансформацияланған киімдердің түрлері сауалнама нәтижесінде анықталды.

Мақаланың ғылыми тәжірибелік маңыздылығы - қазіргі сән бығытына сай, құрастыру әдісі арқылы өңделген бұйымдардың сапасы, мән-мағыналығы, композициялық шешімдері анықталып, әйелдерге арналған қиялдық стиліндегі сәнді киім үлгілерін жасау бойынша жаңа силуэттік пішіндері ұсыныуында.

Қазақстан Республикасының презиенті халыққа жолдауында: «Қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беруін. Сонымен қатар, ұлт аралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамассыз етуін» басты мақсатқа қойды /1/.

«Дизайн» ағылшын тілінен аударғанда «ниет», «жоба», «ою» (бір істі ойлану, жобалау) деген мағынаны білдіреді. Ал, тура мамандыққа қатысты мағынада, дизайн жоғары тұтыну және эстетикалық сапаға сай келетін өнеркәсіп бұйымдарын жасау мақсатындағы көркемдеу - жобалық қызметін білдіреді. Сонымен қатар, адам тұрмысына қатысты - тұрғын үй, өндірістік және әлеуметтік-мәдени жағдайлар жасалуының ұйымдастыру қызметін білдіреді.

Дизайнның басты мәселесі болып, мәдени және антропособейнелі заттар әлемін жасау табылады, ол эстетикалық құндылығы жағынан гармониялық және біртұтас болуы керек. Осыдан дизайнның ерекше маңызы туындайды - ол инженер-техникалық және жаратылыстану білімдерін гуманитарлық пәндермен - философия, мәдениеттану, әлеуметтану, психология, семиотика және т.б. бірдей қолдану. Бұл білімдердің барлығы заттық әлемді көркемдік-жобалау кезінде пайдаға асады /2/.

Жұмыстың ғылыми тәжірибелік маңыздылығына сүйенсек, қазіргі сән бығытына сай құрастыру әдісі арқылы өңделген бұйымдардың сапасы, мән-мағыналығы, композициялық шешімдері анықталып, әйелдерге арналған қиялдық стиліндегі сәнді киім үлгілерін жасау бойынша жаңа силуэттік пішіндері ұсыныуында.

Мақалада қиялдық стильді ала отырып, жастарға арналған трансформаланған киімдеріне талдау жүргізіп, қазіргі заманға сай салтанатты киімдер үлгілерін жасап шығару. Ол үшін киім үлгілері, зергерлік бұйымдар, киім пішіндері және өзара қарым-қатынасы жеке қарастырылды.

Қазіргі егемедік алған заманымызда, қиялдық стиль, құрастыру тәсілдері, яғни, трансформаланған киім кеңінен қолданылатын болды. Сол құрастыру әдістерін қолдана отырып, бұйымдардың сыртқы түрін, бет әлпетін өзгертеді, жаңартады. Айырмашылықтарын киімнің пішінінде, өңдеуде, аксессуарлармен әшекейлеу және кестелеуінен байқауға болады.

Трансформалау тәсілін игеру дегеніміз, саналы түрде композицияда кеңістік-уақыт міндеттерін қоя білетін, кәсіби ойлау түрі. Ал, бұл өз кезегінде қазіргі заманғы ғылымның аналитикалық, түсініктік, абстрактылық ойлау қабілетін қажет етеді.

Жұмыстың негізгі мақсаты костюмнің пішін құру қалыптастыру тәсілдеріне зерттеу жүргізу. Қойылған мақсатқа жету үшін бұл жұмыста келесі мәселелерді шешу қарастырылған:

- шетел сән журналдарында келтірілген жас қыздарға арналған қиялдық стильдегі киімді үлгілеу және құрастыру тәсілінің ерекшеліктерін сипаттау;

- әр түрлі түржиындық топтағы киімдердің негізгі силуэті және түрлі стильді костюмдердің пішіндерін, көркемдік шешімдерін және олардың декоративтік безендіру ерекшеліктерін қарастыру;

- жас қыздарға арналған қиялдық стиліндегі сәнді киім үлгілерін жасау бойынша, жаңа силуэттік пішіндерді ұсыну;

- әйелдерге арналған қиялдық стиліндегі сәнді киім үлгілерін жасау бойынша 16-55 жас-аралық топтағы сатып алушылардың тұтынушылық сұранысын зерттеу;

- безендіру элеменеттерін жүйелендіру;

- құрастыру тәсіліндегі киімдердің композиция негіздерін және пішін құрылымын зерттеу.

Костюмді жобалау үдерісінде пішін басты орындардың бірі. Костюм уақыт тұрақтылығының белгілерін көрсете отырып, ол нақты әлем күрделіліктеріне назар аудармай, белгілі бір пішінді қалыптастыра алады.

Пішін уақытқа байланысты өзгерістерге ұшырағанымен, кейбір белгілері тұрақты болады, бұл тұрақтылық костюм дамуын кезеңдерге бөлуге мүмкіндік береді. Пішінді зерттеу қажеттілігі таза ғылыми мүдделерден туындамайды, ол киімді қазіргі заманғы машиналы өндірісінің технологиялық және экономикалық жағдайларына байланысты, себебі өндірістік жобалауда бірінші кезекте тұрақты факторларға сүйену қажет (біздің мақсатымыз үшін «костюм» ұғымы «сәнді киімге» қарағанда ұтымдырақ).

Бірақ костюм пішінінің қалай қалыптасып, дамуын түсіну үшін, оның мәнін, маңызын анықтау керек.

Дизайн саласындағы қалыптасқан теориялық нұсқаулар «киім пішіні» ұғымының барлық күрделілігі мен көпжақтылығын толық көрсете алмайды.

Пішінді көбінесе статикалық жағдайда қарастырады, бірақ костюм өз жағдайын ылғи өзгертіп тұратын динамикалық жүйе болып табылады. Костюм пішінінің адаммен тікелей байланыста екендігі, оны тек адамның бейнесімен, пропорцияларымен және қимылымен бірге қарастыру керек екендігі кейде есепке алынбайды. Бұлай болған жағдайда, костюм пішінін оның әртүрлі бөлшектер деңгейінде зерттелетін жүйе ретінде қарастыру қажет.

Егер біз костюм құрылымының өзгеру механизмін түсінгіміз келсе, оның бөліктерінің ішкі өзара іс-әрекеттерін анықтау, яғни зерттеудің басқа жоғары деңгейіне - құрылымдық зерттеуге көшуіміз керек. Онда шартты бөліктерге бөлу, абстракция және сандық белгілер қолданылады.

Костюм пішінін біз қозғалыста қарастырамыз; қозғалыс (қимыл) костюм пішінін анықтаудағы басты факторлардың бірі болып саналады.

Костюм пішінін зерттеу төрт деңгейді бөліп қарастыруға болады:
1. Матаның фактурасы, түсі, декоры, сызықтары, безендірілуі, көрінетін тігістер - материалдық-декоративтік деңгейі;

2. Костюм еркіндігі деңгейі, материал мүсіннің әртүрлі нүктелерінде жанасып жету деңгейі (бұл сәнді де сипаттайды) - жанасып жату еркіндігі деңгейі (сәнге қосымша).

3. Құрылым пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретінде (пропорциялар, гео-метрия, симметрия) және бөліктер арасындағы байланыс - құрылымдық деңгей;

4. Мүсіннің өзінің пластикалық пішіні - мүсіннің пластикалық деңгейі.

Костюм пішінін осы деңгейлер бойынша зерттеу, олардың өзара байланысын талдауды қажет етеді.

Костюм пішінін қалыптастыру үдерісін зерттеу - өнеркәсіп өндірісінде костюмнің болашақ пішінін тиімділігі бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлар, жеңіл өнеркәсіп салаларында қызмет ететін дизайнерлерге жаңа талаптар қоюда. Кәсіпорын тиімділігі көп жағдайда, өнімнің көркемдік және конструктивтік шешімдеріне тікелей байланысты. Кәсіпорын дизайнерінің еңбек өнімділігі, яғни идеяларды жылдам жүзеге асыруы, сұраныс пен сән өзгерістеріне жылдам жауап табу мүмкіндігін тудырады.

Тұтыну тауарлары нарығында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты, шығармашылық еңбектің тиімділігін көрсетуге тапыныс артты. Ол жаңа шешімдер іздеуді рационалды ұйымдастыратын бірқатар әдістер, тәсілдер және әдістемеліктер жасады, олар адамның ойлау қабілетін белсендіріп, адамның шығармашылық қабілеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сыртқы қайнар көздеріне тұтынушылар сұранысын зерттеу, қатардағы және потенциалды тұтынушылардың идеяларын алу, бәсекелес кәсіпорындардың іс-тәжірибесін пайдалану, сұранысты болжамдау жатады.

Киімнің рационалды гардеробын құру міндеті (жыл сайын оларды қосымша заттар алу арқылы толтырмай) қоғамның әлеуметтік аз қорғалған топтарының өкілдері білімгер жастарға қамқорлық жасау болып табылады.

Кейінгі жылдары киім гардеробының ұлғаюына және тұтынудың артуына, сонымен қатар халықтың кең көлемде ақпарат алуына байланысты әр түрлі әлеуметтік және әртүрлі жастағы тұрғындардың эстетикалық, эргономикалық талаптары өсті. Олар заттардың сапасына, ассортиментіне қатаң талаптар қоя бастады. Бұл талаптарды тауарларды үлгілеу, конструкциялау, өндіру және өткізу үдерістерінде есепке алу - халықтың әртүрлі топтарының тігін бұйымдарына сұраныстарын толығырақ қанағаттандырудың алғы шарттарының бірі болып табылады /3/.

Дизайн, сәннің даму тенденцияларын жаңа бағыттар жасайды. Ескіше түсінік бойынша, үлгілеу киім жасаудың жаңа тәсілдерін шығармайды, ол жиі «ұмытылған ескілерді» қайта тірілтеді, негізгі шығармашылық бастау ретінде ретро сәнді, тарихи және ұлттық киімдерді пайдаланады.

Киім дизайны ХХІ ғасырда мынадай міндеттерді шешеді деп болжам жасауға болады:


  • қарапайым пішіннің күрделі пішінге трансформалануы;

  • өлшемсіз киім шығару;

  • тігіссіз киім шығару;

  • ассортименттің әртүрлі түрлерінің бірігу, бір-бірімен араласу тенденциясының дамуы;

  • киімді қарапайым құралдармен жасау;

  • унисекс киімін жасау;

  • қолайлық тудыру үшін киімді трансформалау;

  • жаңа материалдар, маталар, фактуралар, суреттер жасау;

  • қарапайымдау мақсатында жаңа технологиялық тәсілдер табу;

  • әртүрлі дәстүрлі материалдардан біркиер киімдерді жобалау.

Костюм пластикалық өнерге жатады. Сонымен, бұл өнердің шикізаты қызметін біз, адамдар атқарамыз, сонымен қатар қимыл (қозғалыс), кеңістік және уақыт атқарады. Мұның бәрі арасында біздің бар екендігіміздің, өмір сүруіміздің адамдық мәнінен, яғни өз мәніміздің, сырт келбетіміздің және қоршаған орта арасында этикалық және эстетикалық үйлесімділік (гармония) орнатудан көрініс табады.

Жастар дәстүрлі талғамдарға сай келмейтін өз сәнін қалыптастырды. Әрине олар киімнің жаңа түрін ойлап тапқан жоқ. Бірақ, жоғары сән жасаушылардың назарларынан тыс қалған пішіндерді қолданысқа енгізді. Бұрын жұмыс киімі болып саналатын америка джинсилері жастардың «униформасына» айналды. Будда философиясымен, мәдениетімен әуестену салдарынан, жастар гардеробында шығыс халықтары костюмдерінің элементтері пайда болды; сол кездің жастары арасында суреттер салынған және мәтін жазылған майкалар кең қолданысқа ие болды.

Сонымен, сәннің маңызын есепке алмау мүмкін емес, себебі ол қоғам өмірінің барлық стилін ашып көрсетеді. Әрбір адам оның үстемдігіне бағынуға мәжбүр. Кейбір адамдар оның үстемдігіне бар ықыласын, қуанышпен бас исе, кейбірулері ойланбай қалың көпшілікке ілеседі, себебі бірде-бір адам сәннен тыс қалмайды. Ал, өздерін сән талаптарын мойындамаймыз дейтіндер, шын мәнінде олар ескі сәнді мойындайтындар, себебі олардың киімдері бұрынға сән канондарына сәйкес болады. Сән тенденцияларына қарсы күрес жүргізу мүлдем дұрыс еместігі секілді, ойланбастан сән қуып кету де дұрыс емес.

Жұмысты қортындылай келе, нәтижесін шығару үшін сауалнама әдісі жүргізілді, Сауалнаманың негізгі құралы болып сұрау-парағы - анкета болып табылады. Зерттеу обьектісі - тұтынушылардың костюм пішіндеріне ұстанымдары, ал субьектісі нақты тұтынушылар - яғни, жас қыздар. Мақсаты - әйелдердің әлеуметтік бейнесін, гардеробын, ұсынылғандардың ішінен қандай пішінді таңдайтындығын анықтау. Таңдау саны (выборка) - 100 адам. Таңдау сипаттамасы - мемлекеттік қызметкерлер, білімгерлер, әйел жынысты, жас аралығы 16-55. Сұрау орны - білім беру мекемелері.

Саулнама нәтижелері 8 сұрақ бойынша және тұтынушылардың жауаптары бойынша қарастырылды. Тұтынушылардың жауаптары (№1) диаграмма түрінде көрсетіліп тұрғызылды.


№1 - диаграмма

Яғни қортындылай келе, шетел сән журналдарында келтірілген киімді үлгілеуді талдау бойынша қазіргі заманғы көп түрлі сәндік пішіндер мен стильдер, тығыз қонымдылықты өткірлеу ұсыныстардан басқа, болашақ өнімнің сапасын орынды жақсартуды ұсынды. Ұсынудың ең ерте кезеңінде тұтынушы сұранысын зерттеу және болжау, көбінде оны өндірудегі жоғары экономикалық тиімділігін және өнімді табысты өткізуді алдын-ала анықтау болып табылады.

Костюмнің басты міндеті - оны киіп жүрген адамға физикалық және рухани қолайлық атмосферасын тудыруы керек, оның сыртқы тартымдылығын арттырып, оны жеке тұлға ретінде ерекшелеп, оның мінез-құлқы мен өмір стиліне сай болуы керек. Сондықтан, үлгілеушілердің көптеген ұсыныстарының ішінен, әркім өзіне жоғарыда келтірілген талаптарды қанағаттандыратын киім үлгісін таңдауы керек. Біздің бақытымызға қарай, қазіргі заманғы сән кейінгі онжылдықтар барысында, сәннің бағыттары мен стилдерін кең көлемде ұсынуда. Бұл біздің әрқайсымызға, өзіміздің жеке талғам-талаптарымызды қанағаттандыратын киім үлгілерін таңдауға үлкен мүмкіндіктер береді.
Әдебиет


  1. «Қазақстан-2030» стартегиясының даму бағдарламасы. Н.Ә.Назарбаев.

  2. Т.О.Бердник, Т.П.Неклюдова «Дизайн костюма». Ростов-на-Дону «Феникс» 2000 г.

  3. Е.И.Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное оформление одежды». Ростов-на-Дону «Феникс» 2002 г.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



КОМБИНАТОРНЫЕ МЕТОДЫ ФОРМАОБРАЗОВАНИЕ КОСТЮМА

Магистр А.С.Туребекова


Основной целью статьи является проведение исследования методом формообразования костюма.

В статье рассмотрены метод - трансформация одежды.

Новизна статьи - даны результаты анкетирования об образцах трансформационной одежды для современных молодых девушек.

Научно-практическая значимость в соответствии с современными направлениями моды определены качество и композиционное решение производимого продукта с применением комбинаторные силуэты форм костюмов для женщин.



COMBINATORIAL METHODS MAKEFORM OF COSTUME
Master A.S.Turebekova
The relevance of article-consideration of raising quality of aesthetic and utilitarian costume. Article the method of transformation of clothes.

The novelty of the article-are results of questionnaire about sample garments for the modern transformation of young girls.



Scientific and practical importance to modern fashion trends defined the quality and composition of the product solution using Combinatorial form silhouettes of suits for women.
Каталог: rus -> all.doc -> vest 2012-4
all.doc -> Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»
all.doc -> Кµрмені ќалай безендіруге болады
vest 2012-4 -> Агроландшафтағы сұРҒылтты-шалғынды топырақтарды экологиялық -мелиоративтік тұРҒыда бағалау
vest 2012-4 -> Дисперс жїйе бґлшектерініѕ Ґлшемдері мен беттік ќасиетініѕ Ґзгеруіне дифункционалды полиэлектролиттердіѕ Јсері
vest 2012-4 -> Әож 685. 34. 017 Материалдарды біріктірудегі адгезия үрдістері және желімдеу тәсілдерінің беріктігі
vest 2012-4 -> Экология экология
vest 2012-4 -> Экспо- 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ҚР экономикасына әсері
vest 2012-4 -> Ўйымныѕ ішкі баќылау жїйесі
vest 2012-4 -> Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын гидротехникалық ҚҰрылымдардың Ғарыштық мониторингІ үшін қолжетімді параметрлер тізімін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет