Әож 74. Гидрохимиялық алмасуларға сәйкес шаю мөлшерлерін экологиялық тұрғыда анықтау



жүктеу 128.94 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі128.94 Kb.

ӘОЖ 574.3
Гидрохимиялық алмасуларға сәйкес шаю мөлшерлерін экологиялық тұрғыда анықтау
Жумадилова А.Қ.
техника ғылымдарының кандидаты
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алудың бірден-бір жолы, танапты жүйелі түрде суғарудан бұрын, алдын-ала топырақ қабатындағы ылғалдың жалпы орналасу қорын анықтап алуды қарастыру болып табылады. Жердің сортаңдануы мен сортартқан танаптардың көбеюі, суғарылатын аймақтардағы, әсіресе, далалы-шөлейтті, құрғақ ауа- райы жағдайларына байланысты кездеседі. Ал, ылғалды аймақтарда еритін тұздар құрамы суда аз кездеседі, тіпті жаңбыр суларында кездеспейді. Мұндай тұздар ылғалды аймақтарда, әсіресе, өзендер мен теңіздер, көлдер сағасына жақын аралықта, ыза сулары жақын орналасқан өңірлерде, сондай-ақ өсімдіктер мен тыңайтқыштар арқылы келеді. Сонымен қатар, қышқыл су жиналуынан пайда болған көлшіктер мен өндіріс кәсіпорындарынан шыққан сарқынды су тоспаларының қозғалыссыз қалуынан, топырақтың терең қабатына өтіп сіңіп қалып отырады.

Тұзданған жерлерді шаюда, өсімдік тамыры жайылған қабаттағы улы тұздарды ығыстырудың ең тиімді экологиялық жан-жақты шараларын қолданудағы дәйекті құрылымының негізі зерттеу танаптарындағы физика-химиялық құбылыстарды сандық талдаумен білуге болады.

Суғармалы жерлердегі гидрохимиялық алмасуларды жан-жақты реттеу әдістерімен дайындауда топырақ-мелиоративтік, топырақ-экологиялық құбылыстарды, «Топырақ-өсімдік-қоршаған орта» жүйесіндегі қоректік элементтер мен тұз, ылғалдың тасымалдану заңдылықтарын терең зерттеуді талап етеді. Нәтижелерінде математикалық, физикалық топырақтағы тұз тасымалданудың есептеу әдістері, диффузия құбылысы, масса алмасу, иондық алмасу сорбциялары өзгерісін, заттардың конвективтік тасымалдануының гидродинамикалық ықпалдарын ескеріп модельдер жасалды. Осы жоғарыда аталған модельдердің негізінде тұзданған жерлерді тұщыландыру және керіздердің әсерінен тұзсыздану теориясы қалыптасады. өндірістік-тәжірибелер негізінде жинақталған мелиоративтік-экологиялық шараларды (суғару, қопсыту, шаю, тыңайту, құрғату, химмелиорант) пайдаланудың жолдарын дайындадық /1,2/.

Табиғаттық-алқапта (ландшафта) геоэкологиялық жүйелерін басқару моделін дайындау жақсарту құралдарымен су қорларын толық сақтау және табиғатты қорғау технологияларын жасау, есептеу қабатындағы өнім алуға зияны болмайтын аралықтағы тұздың мөлшеріне қажетті судың тиімді көлемін табудың математикалық моделі құрылды. Бұл модель тұздан тазартылған жерлерден жобалық өнім алудағы қарқынды технологиясының ғылыми негізін дайындауға мүмкіндік береді. Мұндай тиімді технологияның нәтижесінде, мүмкін болатын топырақ құнарлығын сақтап және арттыру жүзеге асады.

Жылдық келген судың жылдамдығындағы минералдылық (С2) онда жылдамдық (V2) құраса, ал судың булануындағы минералдылық С0 болғанда, булану жылдамдылығы V1-ге тең болады. Мұндай жағдайда ыза суының бетіндегі минералдылық тұрақты болады және ол С0-ге тең.

Мұндай жағдайда, егер V1 V2, яғни жер бетіндегі булану, мұнда келген судан артық болады, тапшы су ыза суының есебінен болады. Егер V1 V2, онда сіңбе су буланудан артық болады, яғни артық су ыза сумен сіңіріледі және кеуектіліктегі су төменгі сүзінді ағыспен суаландыру аймағында болады /3/.

Экологиялық шаралардың негізгі міндеті кеуектіліктегі су мен тұздың алмасуынан туындайтын минералдылықтың мөлшері, қалыптасуы, диффузиялық қозғалыстан, сіңірілген судың қанығу ылғалдылығы, ондағы сүзілу жылдамдық, аталған көрсеткіштерге сәйкес тұщылану уақыты, кеуектілік ерітіндісіндегі орташа минералдылық, осы аралықта болатын мүмкін минералдылық, минералдылық шамасындағы тұздың көлемі – нәтижесінде аталған минералдылықпен сүзілу жылдамдығына сай белгілі бір (t) уақыттағы шаю мөлшерін анықтауға толық мүмкіндікті төмендегі 1-кесте мәліметтерінен білеміз. Осы кестеде ауаландыру аймағындағы кеуектілік ерітінділерінің болжамды минералдылығын анықтаудың су мен тұздың алмасу жағдайындағы нұсқалары талданып, құрғақты және шайынды алмасуда, булану құбылысын бақылау мен булану жоқ кезіндегі нұсқаны қарастырдық. Кеуектілік ерітіндісіндегі болжамды минералдылықтарға сәйкес, судың қанығу мөлшерін, жылдамдығын, өтімді кеуектілік шамасын, шаю кезіндегі- тұщылану уақытын дәлдікпен анықтауға болады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтердің нәтижесінде, құрғақты және шайынды алмасулары кезіндегі топырақтың сулы-физикалық қасиеттері мен ондағы тұздану дәрежелері арасындағы байланыстарды ескеріп, есептеу қабатындағы шаю мөлшерлерін нақты анықтауға толық мүмкіндік болды.

Ластанудың толық мағынасы бізді қоршап тұрған табиғи ортаға келіп түсетін кез келген қатты, сұйық және газ күйіндегі заттар, майда ағзалар, энергиялар (дыбыстар жаңғырығы, сәулелер құрамы) түріндегі – адамдар, жануарлар, өсімдіктер күйінде және экожүйе үшін зиянды заттар әсерлерін айтады.

Біздің алға қойған мақсатымызда – егістік жерлерде, оның ішінде тұзданған топырақтың – экологиялық күйінің нашарлауын, құнарлығының мүлдем азайып немесе саздану, балшықтану құбылысындағы топырақ күйінің ластанудан сақтау мәселелерін шешудің тиімді жолдары қарастырылды.

Тұзданған топырақты жақсартып, оның экологиялық күйін негіздеу үшін, дүние жүзінде сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы ғалымдардың тәжірибелері баршылық. Атап айтсақ, В.М.Боровский, Ж.У.Ақанов, Ф.Ф.Вышпольский, М.Г.Баженов, А.Ж.Ақбасова, Ә.С.Сейітқазиев, Б.Бакирбаев, Р.Б.Бекбаев және т.б.

Дегенмен, тұзданған топырақты шаю кезіндегі берілген судың көлемі мен оның қолданылу технологиясы және олардың тәжірибелік танаптармен өндірістік алқаптардағы өсімдік тамыры жайылған қалыңдықтардағы қалыптасқан: ылғал, ауа, тұз, жылу және қорекке, сонымен қатар қоршаған ортаға тигізетін ықпалдары туралы ғалымдар еңбегінде әлі толық зерттелген жоқ. Тіпті бұл мәселе әлемдік ғылыми еңбектердеде толық шешімін тапқан жоқ.

Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы қарашірік мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі мен бақылаусыз жатуларына, тағы басқа өзгерістерге байланысты .

1 - кесте - Құрғақты және шайынды алмасу кеуектілігіндегі болжамды

минералдылықтар мен шаю мөлшерін анықтау




Көрсеткіштер

Құрғақты алмасу

Шайынды алмасу

Булану жоқ

Булану кезінде

Булану жоқ

Булану кезінде

1

2

3

4

5

6

1

Ыза суы деңгейі, м Х1

1,5

1,0

3,0

2

2

Булану жылдамдығы, V1, м/тәу

1,9210-3

1,710-3

1,5210-3

1,210-3

3

Судың келуіндегі жылдамдық, V2, м/тәу

1,6410-3

1,3710-3

1,6410-3

1,3710-3

4

Кеуектіліктегі ерітінді минерал-

дылығы, С, кг/м3



2,5

5,9

4,0

3,47

5

Ыза суының үстіңгі бетінің минералдылығы, С0, кг/м3

3,2

6

4,5

3,5

6

Өтімді кеуектілік, n

0,36

0,40

0,38

0,40

7

Топырақ бетіндегі кеуекті-

лік ерітінді минералдығы, СТБ, кг/м3



1,91

4,92

4,35

2,31

8

Ең төменгі ылғал сыйымдылығы, ЕТЫС, 

20

20

25

25

9

Су мен тұздың алмасуының қалыптасу уақыты, t, жыл

1,65

0,51

5,78

1,85

10

Қаныққан күйдегі ылғалдылық, WҚ, м3/га

2900

2900

3625

3625

11

Қанығудағы сүзілу жылдамдығы, VҚ, м/тәу

0,025

0,0142

0,021

0,0185

12

Тұщыландыру уақыты, t, тәулік

32

51

46

49

13

Кеуектілік ерітіндісіндегі орташа минералдылық,

Сор, кг/м3



3,04

9,2

4,43

5,03

14

Тұзданудағы мүмкін минералдылық, См, кг/м3

8,8

11

4,43

5,3

15

Шаю мөлшері, N=Vt, м3/га

8000

7250

9660

9100

Тұзданған жерлер көбінесе сазды, балшықты немесе кебірлі (қатты нығыздалған, «Шор», «Арзықты») топырақ құрамдарымен кездеседі. Сазды болатыны – ағысы төмен минералданған жер асты сулары іркіліп, ешқайда шыға алмай, топырақ-өсімдік тамыры бойымен топырақтың капиллярлық түтікшелерімен жоғары көтеріледі. Ал жоғары температураның арқасында минералды сулар буланып, топырақ бойында тек кристалды тұздар мен кебірлі құрғақ топырақ қаңқалары қалады. Әсіресе, мұндай құбылыс Орта Азияның, сондай-ақ республикамыздың облыстарындағы сұр, сұр-шалғынды топырақтарында көптеп кездеседі. Мұндай кебірлі, нығыздалған топырақ қабаттарындағы ылғалдылықты жоғарлатып, ауа алмасу процесін жақсарту үшін, әр алқаптағы топырақ түрімен оның генетикалық қабатына байланысты, топырақтың ластануынан, тозуынан сақтайтын, топырақтың құнарлылық күйін жақсартып, қалпына келтірудегі экологиялық тиімді жолдарын, төмендегідей тәсілдерге сүйеніп, шешуге толық мүмкіндік бар.

Біріншіден, топырақты жартылай, қопсыту аралықтарын 0,3...3 м етіп және тұзданған жерлердегі керіздердің арақашықтығы 50-100 м, кейде 100-200 м (топырақтың құрамы мен жердің бедеріне байланысты). Ал уақытша керіздерді 0,8-1,0 м тереңдікте тілу керек. Бұл технологияның негізі, суғармалы геоэкожүйелеріндегі тұзданған топырақтар үшін қолданылған тәсілдерде қарасытырылған.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Сейiтқазиев Ә.С. Суғармалы жерлердегі тұздың алмасуын реттеу. - Алматы, ЖАК-тың баспасы, 1999. - 140 б.

2. Сейітқазиев Ә.С. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның геоэкожүйелеріндегі тұзданған топырақтың су-тұз алмасуын негіздеу // Автореф. докт. дисс. - Тараз, 2003. - 50 б.

3. Aверьянов С.Ф. Борьба с засолением орошаемых земель. - Москва, 1978. – 288 с.

4. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. - Алматы, 2003. - 290 б.



Гидрохимиялық алмасуларға сәйкес шаю мөлшерлерін экологиялық тұрғыда анықтау
Жумадилова А.Қ.
техника ғылымдарының кандидаты
Суғармалы геоэкожүйеде экологиялық тұрғыдан тұзданған топырақтың гидрохимиялық алмасуы мен, мол өнім алуды және қалпына келтірді реттеу.
В гидрохимическом режиме определить экологическое обоснование на промывных нормах
Жумадилова А.К.

Регулирование гидрохимического режима засоленных почв, восстановление и сохранение плодородия, в экологически неблагоприятных орошаемых геоэкосистемах.
The control of water ecologically conditions irrigating norms
Zhumadilova A.K.
The control of water – salt procedure of salty grounds, restoration and retention of fertile, in ecologically unfavorable irrigating geoecoosustems.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest07 -> 4 2007
4 2007 -> М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы
4 2007 -> 62. 631. 53./575. 1) Қымыз- емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі. Х. А. Аубакиров, -а-ш.ғ. к- доцент
4 2007 -> Әож 77. Экология және денсаулық
4 2007 -> М¦най ¤німдері мен к¤мірді жаѓу кезінде т‡зілетін зиянды заттардыњ Ќоршаѓан ортаѓа єсерін баѓалау
Vest07 -> Жамбыл облысы топырағының ҚҰрамынан –сульфат – ЖӘне хлорид иондарын анықтау
4 2007 -> Переработка хлоридных и сульфатных солей из рассолов Чульадырских месторождений
4 2007 -> А. И. Сағындықова- оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет