Әож 77. 486. Аяқ киімге арналған мақта маталарының аз қыртыстану өҢдеуі



жүктеу 53.87 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі53.87 Kb.

ӘОЖ 677.486.1
АЯҚ КИІМГЕ АРНАЛҒАН МАҚТА

МАТАЛАРЫНЫҢ АЗ ҚЫРТЫСТАНУ ӨҢДЕУІ
Карибаева И.К., Баданов К.И.
Мақта маталар гигиеналық қасиеттерінің жоғарғы көрсеткішімен, жақсы төзімділігі және көлемінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Сыртқы түрі мен тұтынушылық қасиетін жақсарту үшін, маталар жылтырлақ қасиетке ие болады және жуылмайтын аппреттермен соңғы өңдеуге түседі. Матаға жаңа қасиеттер беру үшін полимер, эмульсия, латекс ерітінділері қолданылады. Аппретті заттарды таңдау целлюлозаның макромолекуласымен тор көзді құрылымның қалыптасуына қабілеттілігі арқылы анықталады.

Целлюлоза стереоретті, жоғарғы көзделген, кристалды полимер. Целлюлозада құрылымның біркелкі еместігі байқалады. Құрылымды тегіссіздік целлюлозаның сыртқы молекулалық құрылымдық элементтері және макромолекуласының реттілігі және көзделу сатысының әртүрлілігімен байланысты.

Эластикті түрленулер уақытымен жасалады, ол пластикалық түрленудің ұзақтығымен өлшемді болуы мүмкін. Целлюлозада жабысқақ серпінді түрленудің релаксация кезеңінің үзіліссіз спектрін игерген. Бұл эластикті түрленудің орын алу жылдамдығын анықтайтын, құрылымдық элементтердің кең жинағымен байланысты. Макромолекуланың қарымта қозғалысын төмендетудің тиімді тәсілі оның көлденең көпірлермен түйісуі. Мұндай көпірлердің ұзындығын азайтып және санын арттыра отырып пластикті түрленулердің үлесі азайып және жедел эластикті түрленулердің үлесі артады. Жүйе түгелдей барынша қатаң болады. Мұндай аз қыртыс беру тәсілі полимерлеудің жоғарғы сатысын игерген, табиғи целлюлозды талшықтардан жасаған өнім үшін тиімді [1].

Аз қыртыстану қасиеті тоқыма материалдарда олардың химиялық құрылымы және ішкі құрылымдарымен анықталатын талшықтың эластикті қасиетіне байланысты. Аз қыртыстану қасиеті сол сияқты мата немесе тоқымадан полотной жасалатын және иірілген жіптің құрылымды-механикалық қасиетіне байланысты. Талшықтың аз ғана қыртыстануы сыртқы жүктеменің әсерімен дамитын, жалпы түрленуін құрауға байланысты, талшықта игерілгені: серпінділік және эластиктік немесе пластиктік.

Талшықтың жұмсақ молекула асты құрылымымен серпінділігі және эластиктігін арттыру үшін көп жағдайда смола қалыптастырғыш заттарды пайдаланады. Осы заттармен өңдеу целлюлозаның макромолекуламен химиялық байланысын қалыптастыру және аморфты аймақты толтыру есебінен макромолекула және кристалдардың қозғалысын төмендетуге мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың басында, аз ғана өзгеріске түскен, матаны ашу бұрышын арттыру, талшықтағы смоланың қалыптасуына негізделген деп санаған. Қазіргі уақытта реактанттың бөлек молекулалары туралы ұғым жалпы түсінік береді, эфирлі байланыстармен көлденең көпірлер қалыптастыра отырып, целлюлоза макромолекуласын түйістіреді. Смоланы қалыптастыру целлюлозаның макромолекуласын тіккенге қарағанда, аздап өзгертуде аз болып көрінеді. Тігіс туралы нұсқалар көптеген аргументтермен қолданған. Тігіске орын беру тұрақтылықтың майыстыруға өзгеруі кезінде байқалған, құбылыс деп түсіндіруге болады.

Тоқыма өнімдерінің аздап ғана қыртыстануы талшықтың серпінді-эластикті қасиеттерімен анықталады, ол оның молекулярлы және молекуланың сыртқы құрылымдарымен тығыз байланысты [2]. Целлюлозалы талшықтың сыртқы молекулалық құрылымы туралы заманға сай көзқарастармен сәйкес, оны түрлену кезінде талшықтың күйін анықтайтын, үш фазаға бөлуге болады. Шартты түрде оларды келесі жағдаймен сипаттауға да болады:

- «кристаллиттер» деп аталатын, макромолекуланың жоғарғы тәртіпте орналасу аймағын ұсынатын, өзгеріссіз аймақ. Табиғи целлюлозды талшық «кристаллиттер» талшық салмағының 66-77% құрайды;

- майысқақ аморфты аймақ, сыртқы жүктеменің әсерімен пішінін жеңіл өзгертеді. Ол макромолекуланың ішкі қозғалысы немесе оның сегменті есебінен орын алатын, талшықтың пластикті немесе қалдықты түрленуіне негіз болады;

- кристаллит алдындағы аймақ, целлюлозаның макромолекуласы өзінің бастапқы жағдайында тұрақты ұсталады. Бұл аймаққа сыртқы жүктеменің әсері кезінде макромолекуланың құрылымдық элементінің араласуы орын алмайды. Бұл орайда туындаған ішкі кернеу түрлендіргіш жүктемені алып тастағаннан кейін макромолекулаларды бастапқы жағдайына қайтарады. Бұл аймақтар бір сәттік эластикті немесе серпінді түрленумен сипатталады.

Жалпы түрленудегі талшықты құрайтын эластикті және серпінді үлесін осылай арттыру есебімен талшықтың аморфты аймағындағы макромолекуланың өзі немесе макромолекуланың сегментінің қозғалысын төмендету жолымен қол жетімді болады. Макромолекуланың қарымта қозғалысын төмендетудің тиімді тәсілі олардың көлденең көпірмен түйісуі болып табылады. Ол үшін целлюлозаның сутегілі байланыс жүйесіне жүйенің тұрақтылығына жағдай жасайтын, барынша төзімді ковалентті байланыстың аздаған санын енгізеді және сыртқы жүктеменің әсерімен пішінің қозғалысты өзгерісіне жол бермейді. Осындай көпірлердің ұзындығын азайтып және санын арттыра отырып пластикті түрленудің үлесі азайып және жедел эластикті түрлену үлесі артады, ал жүйе түгелдей барынша қатқыл болады. Бұл механизм эластикалық үлкею механизмі полимердің жоғары дәрежесін сипаттайтын табиғи талшықтарға тән. Бұл табиғи целлюлозаның макромолекуласы, үлкен ұзындықты игере отырып, кристаллды және аморфты ұзындықтарды байланыстыра алады, сол арқылы олардың әрбірінің барысын төмендетеді. Сондықтан тіпті кішкене көлем көлденең көпірдің өзі макромолекуланың қарымта араласуын маңызды төмендетуге алып келеді, ол бір-біріне қатысты және аз ғана қыртыстану тиімділігін арттыруға қатысты [3].

Целлюлозды талшықтағы гидроксильді топтың үлкен көлемі болуы, «кристаллиттердің» жоғарғы құрамы кезінде, көледенең көпірлерді қалыптастыру процесінде, мақта талшықтар өзінің бастапқы төзімділігін үзікке алып келетіндей маңызды түрінде жоғалтуына алып келеді. Басқаша айтқанда, өңдеу операциялары, сулы ортаны пайдаланумен жүргізіледі, ол жерде судың өзі талшықтың құрылымына маңызды әсер етеді. Сондықтан аздап қыртыстану қасиеті, тоқыма материалдарға құрғақ және ылғалды жағдайда берілгені бір-бірінен айрықша болады.

Талшық деңгейіндегі тоқыма материалдарға аздап өзгеріс беру үшін келесі негізгі тәсілдерді қолдануға болады:

- белгілі өнімді дайындау үшін қажетті түрлендіру қасиеттерімен талшықты таңдау;

- құрғақ немесе ылғалды жағдайдағы талшықтың құрылымдық жағдайын ескере отырып жартылай функционалды немесе би қоспалардың көмегімен осы талшықтың макромолекуласы арасындағы молекулааралық байланыс қалыптастыру;

- талшықтың субмикроскопиялық аморфты кеңістігіне синтетикалық смоланы қалыптастыру.

Тәжірибелік жағдайда көптеген тоқыма өнімдері ылғалды жағдайда пайдаланылатынын айта кету керек (ылғалдылық 6 − 8%). Сондықтан қазіргі кезде құрғақ, ылғалды және сулы жағдайдағы аздап қыртыс берудің тәсілдері болады. Сулы жағдайда аздап қыртыстануы үшін арнайы жасалған қоспалар пайдаланылады, ол целлюлозамен нейтраль, әлсіз немесе сілті ортасымен әрекеттесуі мүмкін [4].



Мақта маталар барынша төзімді және тозбайтын болады, өңдеуге жеңіл, ашқан кезде оралмайды, кесуге қолайлы, пластикті, инемен кесілмейді және тігісте жіптің қозғалуына жол бермейді, сөгілмейді. Қию процесінде және әсіресе аяқ киімде олар жинақтар қалыптастыруға өте ыңғайлы болады, ол соншалықты қыртысын жазуға қиын болады. Олардың кемшіліктері қатты шуиды және түрі өзгереді. Мата және аяқ киім өнімдерінің сапасын қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі, ұзақ мерзімді және олардан сенімді өнімді қамтамассыз ету, тұтынушылық қасиеттерді түбінен жақсартуға бағытталған соңғы өңдеудің инновациялық технологиясын жасау болып табылады.
Әдебиет


  1. Перепелкин К.Е. Принципы и методы модифицирования волокон и волокнистых материалов // Хим. волокна. – 2005. - №2. – с. 37–51.

  2. Айзенштейн Э.М. Производство и потребление полиэфирных волокон. Сегодня и завтра // Текстильная промышленность. – 2003. - №11 – 12. – с. 72–75.

  3. Мельников Б.Н., Захарова Т. Д. Современные способы заключительной отделки тканей из целлюлозных волокон. - М.: Легкая индустрия, 1975.- 208 с.

  4. Шубина В.В. Исследование и разработка технологии малосминаемой отделки хлопчатобумажных тканей многоосновными карбоновыми кислотами в пенной среде: дисс. … канд.техн. наук. – Д., 2008. - С. 17–19.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет