Әож 77. Экология және денсаулық



жүктеу 50.56 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі50.56 Kb.

ӘОЖ 577.4
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
Абдраков Б.К., Исраилов Н.С., Кемелбекова Р., Бегалиева С., Абжапарова А.

Бұл жұмыста қоршаған ортаны (экология) және адам мен жануарлар денсаулығы туралы жан – жақтан қарастырылған.

Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Бұл ғылымға алғаш қызыға қараған Аристотель болса, оның оқушысы “ботаниканың әкесі” Геофаст еңбектерінде өсімдіктерге де типографиялық, географиялық жағдайдалардың ықпал ететін, климат пен ауа райының өсімдіктердің өсуіне, жемісінің пісуіне, гүлі мен жемісінің иісіне де әсер ететін атап көрсеткен. Карл Линей өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған орта мен байланысын зерттеген. Ал экология деген термінді. 1866 жылы австралиялық ғалым – биолог Э. Геккель ұсынды. “Экология” деген гректің oikas – үй, мен және logos - оқу деген сөздерінен құралған. Қарапайым тілмен айтсақ, қоршаған орта мен тіршілік арасындағы қатынасты, табиғаттағы тепе – теңдікті сақтау мәселелері экология деп түсіну керек. Экология ғылымы қазіргі табиғи ортаның адам денсаулығына жануарлар мен өсімдіктердің организміне тигізетін әсерін және тағы басқа өзгерістерді зерттейді.[1.2.7]

БҰҰ – ның шешімі бойынша жыл сайын маусым айының 5- ші жүлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп аталып өтілуде. [5].

Адам баласы тіршілік ету үшін өзіне керекті заттарды табиғаттан алады. Сондықтан табиғат байлығын аялап, қоршаған ортаны ластанудан, бүлінуден қорғау келешек ұрпаққа оларды табиғи қалпынан бүзбай жеткізу үлкен мәселе. Адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаның ауа мен суы, топырағы мен өсімдіктері таза болғаны жөн. Жер тұрғындарының шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың басты себепкері болып табылады. Қазіргі өркениет табиғаттағы тепе- тендікті бұзып, қоршаған ортаны залалын тигізіп отырғаны жасырын емес. Себебі күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары биосфераға түсіп отырады. Ол қалдықтардан ауаға, суға және топыраққа санданған химиялық заттар бөлініп, олар адам денсаулығына залал тигізеді. Экологиялық зардап бүгінде адам өлімінің 20 пайызына себеп, болып отыр. Ал кейбір жерлерде жағдай мүнан да қиын. Қәзіргі кезде бүкіл жер шарында адамның араласуынан шет қалған, ластанушы заттардың түспеген бірде- бір жер жоқ [8.9].

Қоршаған ортаны ластайтын затардың биологиялық әсері олардың адамды уландыруы, нысандық сырқаттарға ұрындыруы, қатерлі ісік тудыруды және мутагендік (гендердің бопсалануы) қасиеттеріне байланысты екендігі белгілі [4.9]

Ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Олар ауада күн сәулесінің әсерімен ыдырап, реакцияға түсіп, жаңа химиялық қосындылар түзеді. Бұл қосындылар табиғи ортаны ластап, адам организміне әр түрлі әсер етіп, денсаулығын бұзады. Осындай ұлы заттар көп мөлшерде әсер етсе адамның тынысы тарылып өліп кетуі де ықтимал. Улы заттар ірі өнеркәсіптер шоғырланған қалалардың тұрғындарының денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Химиялық, түрлі – түсті металл өндіретін өндірістер тынымсыз улы заттар шығарып тұрады. Мысалы, ауаны ластаушы қайта өңдейтін зауттар мен электростанциялар секілді ауаға күкірттің қос тотығын шығаруда, ол әрине адамның және жануарлардың тыныс жолдарын қабындырып, әр түрлі аурулар туғызады. Көмірді жылу электростанцияларында жағудың әсерімен ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауылшаруашылық егістіктеріндегі көкөністер мен жеміс - жидектерге, орман өсімдіктеріне елеулі зиян келтіреді. Оларды пайдаланған адам мен онымен қоректенген жануарлардың тәнінде зиянды физиологиялық өзгерістер байқалады [7.10]

Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары автокөліктер өте көбейіп улы газдың мөлшері 40 пайызға, ал ұшақтардан бөлініп шығып жатқан улы газдың мөлшері 60 пайызға өскен. Цемент зауытынана бөлінген шаң- тозан қоршаған ауада, топырақта калий, кальций, магний элементтерінің шамадан тыс көбеюіне себепкер болады. Ал мырыш пен қорғасын өндіретін металлургия зауытынан шығатын улы заттар топырақ пен шөптердің бойына жиналып, ауа мен су арқылы адам мен жануарлардың бойына еніп олардың денсаулығына қауіп келтіреді. Адам организімінің улы заттарға төзімділігі әрқалай. Жас балалар мен қарт кісілер, аурушаң улы заттарға төзімсіз келеді.

Сондықтан қоршаған ортаға зиянды заттар шығаратын кәсіп орындардың қаладан алыстау жерге орналасқаны жөн. Қоршаған ортаны ластаушы көздерін ірі төрт топққа бөлуге болады: 1. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, пестицидтер мен гербицидтер, шайынды сулар, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

2. Физикалық ластану - жылу, радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, шулар мен тербелістер.

3. Биологиялық ластану – жұқпалы және паразиттік ауруларды туғызатын қоздырғыш бактериялар, вирустар,микроорганизмдер мен құрттар, қарапайымдылар мен шектен тыс көбейіп кеткен зиян келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян – табиғаттың әсем ландшафтарының бұлінуі, орман – тоғайлардың жойылуы, табиғатты сулу жерлерді су басып батпақ – сорға айналуы, сусымалы құмдардың жылжып жайылымдарды, өзендерді, бұлдіруі, су қорының азайып көлдердің құрғауы және тағы басқалар.

Ал биосферадағы ластану процесі үш кезеңге бөлінеді [3]


  1. Ластанушы заттардың таралуы.

  2. Ластағыштардың биомассаға енуі.

  3. Ластанғыш заттардың биологиялық топтануы немесе қорлануы.

Адам организімі ластаушы заттарды қабылдаған

кезде белгілі бір мөлшерге, немесе деңгейге дейін ғана төзе алады. Ал егер зиянды заттар ол мөлшерден асып түссе, адам организімі оған төтеп бере алмай, денсаулығы бұзылып, ауруға душар болады.

Қоршаған ортамен, табиғатпен адам өмірі тығыз байланысты. Егер онда кейбір құбылыстар мен өзгерістер болып ластанудан табиғатқа зиян келсе, адамзат та одан зардап шегеді, одан айналып өте алмайды. Өзімізді қоршаған сыртқы орта (ауа,су, топырақ) адам өміріне зор ықпал жасайды. Ал денсаулығымыз осыған байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Өзімізді қоршаған табиғатты, яғни биосфераны бұлдірмей таза сақтау, қолдан келсе оны жақсартуға тазартуға ұлес қосу әрбір сапалы азаматтың негізгі өмірлік парыздарының бірі болып қала бермек. “Табиғат – біздің туған бесігіміз” деп бекер айтылмаған. Қоршаған ортаны, жер бетіндегі сұлу табиғатты сақтап, оны бұзбай сулар мен топырақты, атмосфералық ауаны таза күйінде болашақ ұрпағымызға қалдыру – бізге үлкен міндет. Сондықтан табиғатты жанымыздай сүйіп, өзімізді қоршаған ортаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Табиғатқа жанашыр болу-адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Баешов Ә., Айтбаев Н., Қышқыл жаңбырлар және олардың ортаға әсері. Химия мектепте -2003.-3-9-14 бет.

  2. Банников А.И. др. Основы экологии и охраны окружающей среды М., Колос, 1996.

  3. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева г.З. Экология, Алматы, “Ғылым”, 2001 -236 бет.

  4. Введение в экологию (под. Ред. Ю.А. Казанского) М., 1992

  5. Коробков В.М., Предельский Л.В. Экология. “ростов на Дону” 2001

  6. Мавришев В.В. Основы общей Экологии. Минк, 2000

  7. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Москва 2002,

  8. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы. 1995.

  9. Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология (оқу құралы). Алматы, 2000.

  10. Экзарьян В.Н. Геоэкология и охрана окружающей среды М., 1997.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Аннотация
В данной работе рассмотрены вопросы экологии и здоровья человека и животных со всех сторон.

Jn this work we consilered guaetions cheals of people and animals from every side.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest07 -> 4 2007
4 2007 -> М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы
4 2007 -> 62. 631. 53./575. 1) Қымыз- емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі. Х. А. Аубакиров, -а-ш.ғ. к- доцент
4 2007 -> Әож 74. Гидрохимиялық алмасуларға сәйкес шаю мөлшерлерін экологиялық тұрғыда анықтау
4 2007 -> М¦най ¤німдері мен к¤мірді жаѓу кезінде т‡зілетін зиянды заттардыњ Ќоршаѓан ортаѓа єсерін баѓалау
Vest07 -> Жамбыл облысы топырағының ҚҰрамынан –сульфат – ЖӘне хлорид иондарын анықтау
4 2007 -> Переработка хлоридных и сульфатных солей из рассолов Чульадырских месторождений
4 2007 -> А. И. Сағындықова- оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет