Әож 82: 001. Жамбыл облысы флорасындағы melophyta choripetalae өкілдерінің биологиялық ерекшеліктері



жүктеу 17.14 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі17.14 Kb.

ӘОЖ 582:001. 4
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФЛОРАСЫНДАҒЫ MELOPHYTA CHORIPETALAE ӨКІЛДЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абуова У., Турмаханова Г., Байтелиева А.М.
Жұмыстың мақсаты: Жамбыл облысы флорасының Melophyta choripetalae қатар тобы Umbelliferae, немесе Apiaceae өкілдерінің өсіп – жетілу аудандары мен идентификациясын анықтап, морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері: Жамбыл облысы флоралық өсіп – жетілу аудандарын анықтау; Жамбыл облысының флорасындағы Melophyta choripetalaeUmbelliferae, немесе Apiaceae тұқымдасы өкілдерінің идентификациясын анықтау; Melophyta choripetalaeUmbelliferae, немесе Apiaceae өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Жұмыстың жаңалығы: Алғаш рет Жамбыл облысының флорасындағы Melophyta choripetalaeUmbelliferae, немесе Apiaceae тұқымдасы өкілдерінің идентификациясы анықталды.

Зерттеу әдістемесі: Жамбыл облысының флоралық аудандарының ерекшеліктерін зерттеу бізге геоботаниктер И. А. Линчев, Н. И. Рубцов және П. П. Поляков құрастырған флоралық аудандарды айқындауға мүмкіндік берді. Кейіннен сызбалық карта нақтыланған және белгілі кеңес флористтерінің бірі М.Г.Поповтың көмегімен 7 флоралық аудандарға жіктелген: 16. Бетпақдалалық; 17. Мойынқұмдық; 25. Іле Алатауы ; 26. Шу – Іле таулары; 27. Қырғыз Алатауы; 28. Қаратау; 29. Батыс Тянь – Шань; Жамбыл облысы флорасының өсіп-жетілу аудандарында идентификациялау «Қазақстан флорасы», С.К.Черепановтың «КСРО тамырлы өсімдіктерінің тізімінен» (1981) толықтырылған орталық Азияның өсімдіктерінің анықтамасы, сондай-ақ С. А. Абдуллиннің «Қазақстанның тамырлы өсімдіктер тізімі» (1998) мәліметтері негізіндежүргізілді. Тізімде ақпараттар келесі сызба бойынша орналасқан: латын тілінде, түр авторлары мен әдеби қайнар көздері, түрлер орыс тілінде, өсіп жетілудің флоралық ауданы.

Қорытынды
1. Қайнар көздер бойынша әдебиеттер шолуы Melophyta choripetalae өкілдері биологиясының жеке ерекшеліктері жөнінде мәліметтердің маңызды көлемі және Жамбыл облысының флорасы бойынша мәліметтерінің аса жеткіліксіз екендігін көрсетілді.

2. Жамбыл облысы 7 флоралық аудандарға жіктелгені анықталды.



3. Жамбыл облысы флорасының Umbelliferae, немесе Apiaceae өкілдерінің өсіп - жетілу аудандарымен идентификациялау жөніндегі жұмыстар графиктер түрінде ұсынылды: 16.Бетпақдалалық – 41; 17. Мойынқұмдық –27; 25. Іле Алатауы – 59; 26. Шу – Іле таулары –31; 27. Қырғыз Алатауы –31; 28. Қаратау – 63; 29. Батыс Тянь – Шань –87.

4. Жамбыл облысы Melophyta choripetalae Umbelliferae, Apiaceae өкілдерінің морфологиялық құрылымы зерттелді; жемісінің құрылысы ең маңызды рөл атқарады. Жемісі екіге бөлінген карпофораның басында ілініп тұрады.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
konf student550 -> Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
konf student550 -> Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ
konf student550 -> Әож 31. ҚЫзылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы
konf student550 -> Әож 745. 522: 658. 512. 23 Заманауи бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
konf student550 -> Әож 620. 193. 01 МҰнай-газ қҰбырларының ішкі бетін коррозиядан қОРҒау жолдары
konf student550 -> Роторлы топырақ лақтырғыштың пайдалану тиімділігін арттыру әбдімәлікұлы А., Мырзашев С. М. Жұмыстың өзектілігі
konf student550 -> Суағарлы бөгеттің ТӨменгі бьефіндегі ағынның артық кинетикалық энергиясын бәСЕҢдетуін эксперименталдық зерттеу райымбаев Н., Кожамкулова Г. Е
konf student550 -> Әож 004. 415. 23 КҮрделі жүйелерді модельдеу программасын қҰРУ
konf student550 -> «2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А. Б. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»
konf student550 -> Қазіргі қазақ прозасы (Р. МҰҚанова) Бекқұлова А., Әбдір К.Ә


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет