Әож 82-93: 087. 5Ө-88 ШӘКӘрім шығармашылығының танылуы



жүктеу 22.41 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі22.41 Kb.

ӘОЖ 82-93:087.5Ө-88
ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАНЫЛУЫ
Рахимкулова Д., Өтеш Ж.Ә.
Шәкәрімнің өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған. Ақынның аты соңғы жарты жасырдан артық уақыт бойы айтылған. Кейбір кездерде ақынның кітаптары тыйым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып кеткен.

Шәкәрімнің оқуы мен ізденісі көбіне өз бетінше жалғасқан. Ол ауылдан алыс кетіп, арнайы оқу орнында оқымаған. Оның адамдық, азаматтық, хакімдік болмысы Абай мектебінен қалыптасқан [1.8-10].

Болашақ ұлы ақын Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің ең үлкені еді. Парасатты, мейірбан, кең пейіл ағаны Абай айрықша сыйлаған көрінеді. Құдайберді 1866 жылы 37 жасында қайтыс болып, Шәкәрім жеті-сегіз жасында жетім қалған. Бұдан соңғы жерде жетімдік, жоқшылық көрмесе де, әке бауырынан айырылған, қаршадайынан-ақ зеректігін аңғартқан Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алады. Туған әулет дәстүрі, өскен орта ыңғайы, ақын аға тағылымы Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуына ғана емес, ақын ретінде қанаттануына да ерекше әсер еткені белгілі. «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, - қазақ ішінде Абай деп атайды, - сол кісі мұсылманша, һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да, бұл қазақтан бөлек дана кісі еді. Ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихаттарын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім. Ибрахим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда данышпан, хакім, философ кісі еді», деп жазды Шәкәрім өзі кейініректе. Бұл – інінің өз өмір жолын байыптауы ғана емес, ақын ағаның халық тарихында атқарған қызметін, ерекше болмысы мен трагедиялық тағдырын да кәміл түсінгенін аңғартатын сөз. Ал өмірде мейірбан аға өнерде аса қатал төреші еді. Және айтар сын, артар міндет – мүмкіндік шегінде, қабілет күші, дарын биігіне орай, ауырлана, аумақтана түсетін [2.65].

Арнайы оқу орнын бітіре алмаса да, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасындағы, қазақ қана емес, бүкіл Түркістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар орыс тілін де жетік біледі, классикалық шығыс поэзиясын, орыс және еуропа әдебиетінің озық үлгілерін терең түсіне оқумен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді қадағалап отырады. Құнанбай әулетінің дәстүрі бойынша ел ішінде де билік құрып көреді, бұл кезде өнер жолына бір жола бет қойған, дұшпаны көбейіп, тынысы тарылған Абайға сүйеніш, демесін болады. Алайда көп ұзамай-ақ болыстықтың бар «қызығын» басқа інілерге қалдырып, өзінің шын мұраты – сөз патшалығын жаулауға бір жола бет қояды.

Оның мұрасы шынында тәрбиенің басы.

Адам үшін – еңбегім, Қалағаның қарап ал,

Өмірден барлық тергенім. Мұрам сол, жастар, бергенім.
Шәкәрім ислами тәрбиені жетік меңгерген. Ол өзінің «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде ислам жайлы кітаптар аз, әрі оның өзі араб тілінде болғандықтан, халыққа аз да болса пайдам тисін деп, өз білгенін парақ беттеріне түсіргендігін айтып еді.

1988 жылы Шә­кәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Шәкәрімнің өлеңдер жинағы өзінің сезіміндегі лирикаларымен, қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі.



Шәкәрімдей ақыны бар халқымды бақытты деп санаймын. Ұлы ақынның поэзиясы таңшолпандай жарқырап, бар сұлулығын, мейірімін, жаңа ғасыр ұрпақтарына таң нұрындай шашып тұр.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Konferencia 2014
Konferencia 2014 -> Ислам дініндегі хиджаб кию рәсімі және оның ҚазақТЫҢ салт-дәСТҮріне қатынасы қазбекова А., Баярисов Р. У. «Қыз өссе, елдің көркі деген сөз­ді, қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»
Konferencia 2014 -> Әкімшілік мәЖБҮрлеу шараларының орындалу ерекшеліктері сәрсенбек А., Қоңырбаев Н. А
Konferencia 2014 -> Өндірісті нарықТЫҚ экономика жағдайында дайындау модельдері және оларды жетілдіру шаралары бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И. С
Konferencia 2014 -> Теріс-ащыбұЛАҚ су қоймасының тыныс-тіршілігі! Рәтбек М., Қожамқұлова Г. Е
Konferencia 2014 -> Әож 677. 31: 636. 36: 745/749 ЖҮннен жасалған көлемді ойыншықтарды өҢдеу ерекшеліктері
Konferencia 2014 -> ШыңҒыс хан ұрпақтарының еуропадағы билік қҰруы тоқтаған Н., Жумадилова А. А
Konferencia 2014 -> Әож 336. 02: 63 ХҚес-ке сәйкес қорлар есебі
Konferencia 2014 -> Әож 6: 615. 463: 504. ӨНдіріс қалдығы фосфогипстің туғызатын экологиялық проблемалары
Konferencia 2014 -> Қазақстанның ОҢТҮстік аймақтарындағы су қорларын болжау мырзаханова Қ., Омарова Г. Е., Сенников М. Н
Konferencia 2014 -> Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет