Әож 836. 77 АҚшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының ерекшеліктері



жүктеу 71.09 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі71.09 Kb.

ӘОЖ 836.77
АҚШАЛАЙ ТАЛАПТЫ БЕРІП ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

(ФАКТОРИНГ) ШАРТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Калмашева Н.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді.

Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.

Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.

Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.

Ақша қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен берілуі тән банктік заем шартынан айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді.

Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.Заңды тұлға борышкерден Банктің орнына сыйақыны талап етуге,сондай-ақ егер Банк банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы жоқ заңдытұлғамен жасалған талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі шартқа (цессия) сəйкес заңды тұлғаға банктік заем шартына сай Банктің құқықтары мен міндеттерін берген кезде борышкердің банктік заем шартымен белгілеген талаптарын орындамаған жағдайында сыйақы мөлшерін өсіруге құқылы ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Азаматтық кодекстің (бұдан əрі - АК) 339-бабына сəйкес міндеттеме бойынша кредиторға тиесілі құқық (талап ету) мəміле бойынша (талап етуді басқаға беру) немесе заңнамалық акт негізінде басқа тұлғаға берілуі мүмкін. АК 341-бабына сəйкес егер өзгесі заңнамалық актілермен немесе шартпен көзделмесе, бастапқы кредитордың құқығы құқық беру сəтінде болған талаптар мен ауқым бойынша жаңа кредиторға көшеді. Атап айтқанда, жаңа кредиторға міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін құқықтар, сондай-ақ басқа да құқықтарды талап етуге байланысты, оның ішінде сыйақыны алмауға байланысты құқық (мүдде) көшеді. АК 718-бабының 3-тармағымен сыйақы төлемін жасау тəртібі мен мерзімі заем шартымен белгіленетіндігі көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылғы 16-тамыздағы №276 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердің кредит беру жөніндегі Ережесінің 5-тармағына сəйкес кредит беруші банк ақшалай талап етуді басқаға беру жөніндегі қаржыландыру шарты (факторинг) не Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге тəсіл негізінде кредитті өтеу жөніндегі өз талап ету құқығын басқаға беруге құқылы. Сөйтіп, егер Банк пен заңды тұлға арасында жасалған талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі шартта (цессия) өзгесі белгіленбесе, банктік заем шартымен, кепіл шартпен жəне құқықты басқаға беру сəті бойынша көзделген талаптар мен ауқымына орай Банк құқығы заңды тұлғаға көшеді. Банктік заем шартының талаптары бойынша кредитордың онда жазылған жағдайлар кезінде сыйақы ставкасын өсіру мүмкіндігі көзделген. Жоғарыда аталғандарды ескеріп, заңды тұлға талап ету құқығын басқаға беру жөніндегі шарттағы (цессия) құқықтарға сəйкес банктік заем шартымен белгіленген талаптар бұзылған кезде сыйақы мөлшерін есептей алады жəне өсіре алады.

Дүниежүзілік қаржы рыногында факторинг қаржы индустриясының қуатты дербес саласына айналды. Оны әр алуан қызмет саласындағы, сатып алушыларға тауарлық несие, яғни төлемді кейінге қалдыруды ұсынатын жүз мыңдаған компаниялар пайдаланады. Осыған байланысты соңғы жылдары «факторингті» нақты анықтау, оны несиелік немесе таза қаржылық операцияларға, факторингтік операциялардың нақты қатысушыларын анықтау және т.б. жатқызу мәселесі бойынша көптеген даулы сәттер жиі пайда болып жүр.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарында маңызды орын алатын факторингті айта кету керек.

Әлемдік тәжірибеде өндірістің және нарықтық қарым-қатынастардың даму үдерісінде факторингтік қызмет көрсетудің белгілі бір түрлері бөлініп шықты. Көптеген мамандар факторингті талап құқығын сатып алумен ғана шектейді, бұл осы қаржылық операциялардың көптүрлілік шеңберін тарылтады.

Факторинг – шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ерекше пайдалы қаржыландыру формасы, ол кәсіпорындар басшылары мен қызметкерлерінің өндірістік проблемаларға және пайданы арттыруға баса көңіл бөлулеріне мүмкіндік береді, төлемдердің басым бөлігін алуды жеделдетеді, қарыздың толық өтелуіне кепілдік береді және есептерді жүргізу шығындарын азайтады. Факторинг төлемге кепілдік береді және жеткізушілерді банктен қосымша және едәуір қымбат тұратын несие алу қажеттілігінен құтқарады. Мұның барлығы кәсіпорынның қаржы жағдайына оң ықпал етеді.

Қазіргі жағдайда қаржы рыногында факторингтік операциялардың жеткілікті дәрежеде әр алуан түрі пайда болуда, оларды таңдау отандық қаржы рыногының ұлттық белгілеріне және қаржылық қызметтер көрсетудің шарттарына байланысты деген қорытынды жасауға болады. Осыған орай халықаралық тәжірибені ескере отырып, факторингтік операциялар түрлерін жүйелеп және жіктеу қажеттілігі туындады.

Тәжірибеде факторингтің құрамына операциялардың мынадай ірілендірілген түрлері кіреді: өткізуді несиелеу, төлемеу тәуекелдерін қабылдау; дебиторларды бухгалтерлік есепке алу; қарыздарды бақылау және инкассация; сауда статистикасы және т.б.

Қазақстандық қаржы-банк жүйесі және несиелік, банктік операцияларды реттейтін және бақылайтын қаржы органдары үшін факторингтің және факторингтік операциялардың сәйкес түрлерін таңдау бойынша позицияларын қайта қарау қажеттілігі туды, ол үшін факторингтік компаниялар құру өте маңызды.

Біздің республикамызда факторингтің жеткілікті дәрежеде дамымауының салдарынан екінші деңгейлі көптеген банктерде осы операциялардың жоқтығы байқалады. Нарықты экономикалы елдерде факторингтік операциялармен, әдетте, банктермен тығыз байланыстағы арнайы факторинг компаниялары айналысады. Экономикасы дамыған елдерде факторинг қаржы индустриясының өз алдына дербес үлкен саласына айналды. Осылайша, факторинг компанияларын құру бүгінгі жағдайда көкейтесті мәселе болып табылады. Бұл компанияның негізгі міндеті – Қазақстан Республикасындағы факторингтің дамуына кәсіпорындардың ақша талаптарын белгілі бір шарттармен сатып алу арқылы ықпал ету болып табылады. Ал мақсаты – Қазақстан Республикасындағы факторингті жүзеге асыру процедураларын стандарттандыру және бірегейлендіру (жүйелеу). Бұл факторинг компаниясы дебиторлық қарыздарды сатып алумен қатар, төлемді кейінге қалдырумен байланысты тәуекелдерді сақтандыруды, дебиторлық қарызды басқаруды және ақпараттық-талдау қызметін көрсетуді жүзеге асырар еді.

Факторинг – ақша талабын беру есебінен жеткізушінің айналым құралдарын толықтыруға бағытталған қаржыландыру (аванстық төлем төлеу) ғана емес, бұл жеткізушінің кәсіпорындарына олардың сатып алушылармен жұмысын ұйымдастыру тұрғысында, сатып алушыларды тауарлық несиелеуді бақылау тұрғысынан көрсетілетін қызметтер кешені, қызметтер, бұл сауда компанияларының тәуекелдерін басқару және оларды сақтандыру, бұл клиенттерді ақпараттық-аналитикалық қолдау.

Факторинг – бұл экономиканың нақты секторын қолдау мен дамытуға бағытталған банк өнімдерінің бірі. Факторинг Қазақстанның банк қызметтері рыногында алғашқы қадамдарын жасап жатқанына қарамастан, банкпен факторингтік қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықта жұмыс істеудің келешегі айқын және оны әлемдік тәжірибе растайды.


Әдебиет


  1. Факторинговые услуги в Казахстане // Қаржы-қаражат журналы. – 2008. – №ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының ерекшеліктері

  2. Факторингтің несиелеу процесінен ерекше өзгешеліктері // Банки Казахстана. – 2008. – №4.

  3. Мировой опыт развития факторинга // Материалы Международной научно-практической конференции «Инновационное развитие и интеграция казахстанской экономики в условиях глобализации». – Алматы, КазНПУ им. Абая, 2008.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет