Әож 9-05: 929: 94(574). 07 Өткен тарихымыздың xy-xyi ғасырдағы шындығын тек дулати мұрасы арқылы ғана сабақтай аламыз



жүктеу 84.25 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі84.25 Kb.
түріСабақ

ӘОЖ 9-05:929:94(574).07

ӨТКЕН ТАРИХЫМЫЗДЫҢ XY-XYI ҒАСЫРДАҒЫ ШЫНДЫҒЫН ТЕК ДУЛАТИ МҰРАСЫ АРҚЫЛЫ ҒАНА САБАҚТАЙ АЛАМЫЗ
Сураншиева Р.Қ.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Өткен 70 жылдың тұсында тіліміз бен әдебиетіміз қиянатқа ұшырады. Сондай тұлғаның бірі XVI ғасырда өмір сүрген қазақтың ірі тарихшысы, мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын әрі дипломат Мұхамед Хайдар Дулатидің еңбектері. Мұхамед Хайдар Дулати небәрі елу екі жыл жасап 1551 жылы қайтыс болған тұлға. Біртуар ғұламаның өмірінің елгісіз жақтарын, тарихи еңбегін және бізге жеткен әдеби мұрасын , ой толғамдарын терең ашып , жан-жақты зерттеп, олардың жедел жарық көруіне мемлекеттік мән беру-кезек күттірмес маңызды мәселе. Жасынан талантты Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазуға, сурет салуға машық, зергерлікке, он саусаңынан өнер тамған . Оның басты ұстазының бірі Захрридин Бабыр. Оның болашағы бұлақтың көзін ашып, ғылымға деген құштарлығын оятқан Бабыр. Бала Мұхаммедттің ерекше қабілеттілігін баса көрсетіп келешегінен үлкен үміт күткен. Оның үміті ақталды. Мұхаммед Хайдар ғалымдылығымен жазушылығының дәлелі таңғажайып тағылымды еңбек «Тарихи и Рашиди», ақындығының айғағы «ЖаҺаннама» атты дастан. Иран ғалымдры ойшылымыздың бұдан басқа еңбектері барын, олардың Иран елінің ғылыми орталықтарындағы архивтерде сақталып тұғанын айтады. М.Х.Дулати өзін ысылтқан отты жорықтарға да алғаш рет Захрредин Бабырдың қасында болған жылдары қатысып кейінгі әскери қолбасшылық тәжірбиесінің ашылуына жол ашты.Тікелей тарих ғылымымен,әдеби шығармашылықпен айналысуына бөлесі Захрредин Бабырдың үлесі зор. М.Х.Дулатидің «Тарихи-и Рашиди» -атты еңбегі ұзақ уақыт бойы әлем ғалымдарының назарын өзіне аударып, түркі халықтары тарихының басты дерек көзі ретінде тарихи шығармашылығымен шындығы тұрғысынан өзіне тәнті етіп келді. Еңбектің құндылығы ең алдымен шындығымен мемуралдық сипатында. Өзі көрген , өзі араласқан оқиғаларды хатқа түсіріп, естіген, оқыған- білгендері арқылы оны толықтырып , соның бәрін әдемі әдеби тілмен жеткізе білген. Бұл айтулы еңбек шығысқа кеңінен таралған. Кейінгі шығыс ғалымдары, орталық Азия, Шығыс Түркістан жайлы тарихи, этнографиялық және жағрафиялық дерек көздері негізінен осы еңбекте алып отырды. Ал, Еуропа ғалымдары Мұхаммед Хайдардың «тарихи и Рашиди» атты еңбегімен 1895жылы шыққан Е.Д. Росстың ағылшын тіліндегі аудармасы бойынша танысып, оның ғылыми құндылығын жоғары бағалады. М.Х. Дулати еңбегі В.В. Бартольдің бірнеше зерттеулеріне негіз болып оның әулеті құрған мемлекеттің тарихы, Моғолстан деген атпен белгілі болған. Дербес мемлекттің негізі қалануы жайлы баяндайды. Сонымен бірге оны билеген Тұғылық Темір, Уәйісхан, Жүнісхандардың саяси қатынасына елдің жағдайына , олардан ұрығы Жетісу мәдениетіне ,қазақ хандығы тарихына тоқталды. Екінші кітап көлемі жағынан біріншіден төрт есе үлкен бұл түгелдей мемуарлық шығарма, сондықтан да ол XVIғасырдағы осы жанрда жазылған шығармалардың озық үлгісі. Кітаптың «Тарихи и Рашиди» аталуының үш түрлі себебін көрсетеді. Әуелі Тұғылық Темірді ислам дініне өткізген шейх Аршал – аддинге бағыштадым, халқын ақиқат жолына арнған Тұғылық Темірге бағыштадым. М.Х. Дулати XV-XVI ғасырдағы қазақ хандығы тарихын, оның ішінде хандықтың құрылу тарихын, арғы Мағолстан мемлекетіні өмірімен тіелей байланысты алып қарады. М.Х. Дулати қазақ деген халықтың өз мемлектін құрып тарихта дербес ел ретінде енуі 1465 жылдан бастау алатынын жазды.

Мырза Хайдар Дулати XVI ғасыр перзенті. Қазақ, қырғыз, өзбек секілді түрік халықтары ұлт болып ұйып көтеріле бастаған кезде өмір сүрді. Бұл тұс Шайбан әулетінің Орта Азиямен Ауғанстан һәм Харасандыда уысында ұстаған Әмір Темір ұрпақтарынан Мауаранаһрды тартып алмақ болып белін буған, феодалдық соғыс өрті тұтанып тұрған тұс еді. Сондықтан ғалымның өмірінің көпшілік бөлігі әуелі Орта Азия, сонысын шығыс Түркістан мен Ауғанстан, Тибет пен бадахшан , Үндістан жағында өтті. Ат үстінде жүріп сол кездегі ғылым , білім, тілі парсы тілінде « Тарихи и Рашиди» орталық Азия халықтарының XIV-XVIғасырдағы тарихи, этнографиясымен географиясы классикалық шығарма қалдырды.Мағолстдарабан-шығыс және оңтүстік Қазақстан мен Қырғызтан жерінде болған мемлекет. Ғалымның бабалары осы мемлекет басында ұрған бектер еді. Сол кездегі құсбегі» Премер Министер септі билік әулеті тіпті XIII ғасырда Шағатай тұсында ақ ғылым бабаларына Маңлай сүбе(күйген жақ) деп аталған күнгі Қашғарияны сыйға тартқан.Болашақ дарабоз шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін тартқан.Бір жарым жасында анасы қайтыс болады. Дәл осы тұста Шайбандық Өзбектер Орта Азияға баса көктеп кіріп 1500 жылы Бұхара мен Самарқанды, 1503 жылы Ахсиқант пен Ташкентті,1504 жылы Әндіжанды,1505 жылы Хорезмді, 1507 жылы Герат пен Астрабат,Гуганды басып алады. Басқыншылар ғалымның әкесі Мухаммед Хусейн Шарбани кісілерінің қолынан қырыққа толғанда 1508 жылы Гератта қазаға ұшырайды. Жетім қалған ғалым бірнеше жыл Бабырдың қолында болады. Бізге М.Х. Дулатидің 1540 жылға дейінгі өмірі ғана сөз болады. Оның одан арғы өмірі қалай өтті ? Қай жерде , қай жылы қаза тапты зираты қайда деген сұраққа күні бүгінге дейін жауап табылмай келеді1994 жылы қазақ ғалымдары Қашқарияда болып Қашқар, Жаңа Қисар Жаркент секілді шаһарларды аралап , жақсылық пен жамандықтың, білім мен нададықтың өзара мәңгі үзілмесінде баяндады. Түркістан өлкесін билеушілердің арасында жалпы түркі жұртының болашағын ойлаған Бабыр мен Ұлықбек сияқты кеменгер патшалардың кем болғанына өкініш білдіруін білу қиын емес . Автордың «Тарихи- и Рашиди» еңбегін жазуға үлкен даярлықпен келгенін байқау қиынға түспейді. Мұхаммед Хайдар ол жөнінде маншарсыз және әлсіз халімді түсіне тұрып , өзімнің білімге қаламымды бай мұраға бұрып , бұл еңбекті жазуыма мынадай қажеттілік негіз болды. Егер мен естіген фактілер мен өзім зерттей білген мұсылман мағол хандары жөнінде жазу ісін белсенділік танытып ,қолыма қалам алмасам , кейінгі ұрпақ , бұл тарихтан мақрұм қалатын түрі бар. Басқа біреулерге жүктесем олар хандардың ахуалы мен жағдайын анық біле бермейді. Сондықтан бар мүмкіндігінше осы оқиғалардаы шарасыз беттерге түсірдім.Ол өз еңбегіне дерек ретінде ғылыми ортада мәлім болған еңбектерді түгелдей пайдаланбасада олардың негізгілеріне таратқандығы анық. Олардың ішінен Қожа Рашид ад-дин Файзуллахтың «Джами ат-тауарихин» , Қожа Халидолла Мустафидің «Тарих-и гузиданыс», Мырза Ұлықбектің «Тарих ұлысын» бөліп айтады. Сонымен қатар «Алланың құлы ретінде жастайымнан ата-бабалардың өткен өмірін білу үшін моғол елінің әмірлері мен ақсүйектерінен сұрадым-деген ойды айтып,олардың көбінен жасы жүзді алқымдап қалған қариялар болғандығын білдіреді. Бұл айтылғандар Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарихи Рашидиді»-жазуға даярлықпен келгенін,сондай-ақ еңбектің деректік негізі сенімді көздерден алғандығынан хабар береді. Біз бұл арада өздеріне кеңінен мәлім Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ұлынан бөліне көшуі, Жетісуға жетіп Қазақ хандығының ірге тасын қалауына байланысты фактіге тоқтамай-ақ қояйын, бұл түрлі зерттеу енбектерінде белгілі дәрежеде талдауға алынған фактілер.

«Қазақ» аталған жұртың әуелде Әбілқайырдың ұлысынан жырыла көшкендігін және біраз уақыт билеуші сұлтандар емін-еркін көшіп қонып жүргендігін.Қорыта айтар болсақ Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда «қазақы өмір салты» сол тарихи кезеңдегі Өзбек және Моғол ұлыстарындағы өмір салтынан өзгешелігі бар. Бұл өмір сүру жүйесінің негізінде, біздің түсінігімізше, көшпелі мал шаруашылығымен ғасырлар бойы айналысып келген халықтың қалыптасып қалған өзіндік тұрмыс құру логикасы жатыр.Тұрмыстың ерекшелігін Қасым хан Сайт ханға былайша түсіндірген «Біз даланың еліміз, бұл жерде бұйымдардың түрі не астық ауыртпашылығы жоқ ең қымбат бұйым- жылқы малы және оның етінен дайындалған дәмді тағамдар, ал оның сүті-біздің ең сүйкімді сусынымыз.

Біздің өлкеде өсімдіктер бағы мен ғимарат жоқ. Жазында серуен құрып жүреміз,жеріміз кең мал жайлауы».Бұдан соң Қасым хан қымыз тола шыныны ұсына отырып «Біздің қонақ сыйлауымыз осылай, егер осы кеседегі қымызды ішсеңіз бізді қатты қуантасыз»-деді. Сайд хан ішімдікті біржола қойып едім «Енді амал жоқ,сертті бұзамызда қымыз ішеміз»-деп жауап береді.

Яғни, «Тараз»,Ташкент үшін үлкен күрес жүргізгендігін жазады. Бұл әрекеттен Қазақ билеушілерінің бұл аймақтың стратегиялық мәнін сондай-ақ айрықша тұрмысқа тән құндылықты да жоғары бағаланғандығын аңғару қиын емес.

Қасым хан өлген соң Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда Қазақ хандығында берекесіздік басталады. Ол 924(1516) жылы қайтыс болады. Мұхаммед Хайдардың тарихи философиясы бойынша мемлекеттік биліксіз халықтың даму, өркендеу жолына түсуі мүмкін емес. « Егер ел билеушісіз қалса бақытсыздыққа ұшырайды,ал халық жау опасыздығынан күніреп жатады».Бұл арада мынандай анықтау енгізуіміз қажет. Мұхаммед Хайдар мырзаның түсінігі бойынша кез келген патша елдің құты бола алмайды. Ғалым «Алла тағала әлемді жаратты және жаһанда тәртіп орнату үшін соған лайық биік тұлғалы патшалардың дәнекер болуын жөн көрді. Моғол хандарының шежіресін жазған ғалым үшін халыққа әділдік,дін және бейбітшілік әкелген патша ғана ең жоғарғы құрметке лайық дейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ «баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді» деп жазды. Кейінгі кезде халық мұрасын зерделі зерттеп келер ұрпаққа үмітпен мәдени мұраны жете зерттеп халық игілігін асыруды ел басы әр кезде айтып, тиісті қорытынды шығаруды талап етуде.

Елбасы бастамасымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры академик С.Қасқабаевтың жетекшілігімен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып жатқан 100томдық «Бабалар сөзі» сериясының маңызы зор. Әлі де атқарылар іс-шара жетерлік. Ертеде өткен бүкіл түрік тектес ұлтын, дара тарихын, тұлғасын Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбектерін жете зерделеп, әлі де болса маңызды еңбектерін халық игілігіне жарату қазақ ғалымдарының парызы. Сол еңбектерді зерттеу деген сөз бұрын өткен ел тарихын, тыныс-тіршілігін ашу. Ұшқан құстың қанатыталатын Атырау мен Алтай арасын білектің күшімен,аттың тұяғымен қорғап, біздерге жердің үсті де асты да байлыққа толы елді қалдырған бабаларға мың алғыс. Келер жас ғалымдарға атқарар шаралар жетерлік. Бүгінгі әдеби процесстің жаналықтарын қарастырып, өмірден бар болғаны 52жас ғұмыр кешкен тар жол,тайғақ кезде өмір кешкен бабамыз бүкіл түрік әулетінің ғана ғалымы емес, бүкіл Азия-Европа ғалымдарына өшпес еңбек қалдырған баба. Еңбегін толық зерттеп, онымен тұстастары Атом, Сакаки,Лутти сынды ақын қаламгерлердің өмір жолы мен еңбектері жайлы деректерді толық зерттеп, тиісті дәрежеге көтеру жас ғалымдарға аманат екенін еш естен шығаруға болмайды. Кейінгі кезде орта ғасырдағы түркі-қыпшақ әдебиетіне тікелей қатысы бар Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Йассауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани т.б белгілі қаламгерлердің шығармашылық өмірі жөнінде бірқатар зерттеу еңбектері жазылып, бірнеше ғылыми жұмыстар қорғалғанын білеміз. Ал бұлардың көбісін өткен Қызыл империя кезінде Ислам дінімен байланысы бар.

Қазақ тілімен қатар араб,парсы,түрік,ағылшын, ескі шағатай тілін меңгерген. Ол 1990жылы әл-Фараби атындағы КазМУ-ге оқытушы болған. Ол 1999жылы «Хафиз және Қазақ әдебиеті» атты тақырыпқа кандидаттық атақты қорғады.

Ол «Көне Тараз», «Түрік халықтарының әдебиеті тарихы», «Абай және Ислам» секілді зерттеу жүргізіп, республика мәдениеттеріне үлкен үлес қосты. М.Жеменейдің қазақ әдебиеті мен тарихына қосқан айрықша үлесі ретінде оның Мырза Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди» адеби-тарихи ғұмырламалық туындысын парсы тілінен тікелей қазақшаға тәржімалауын (2003ж) айтуға болады. Енді,міне, зерттеуші өзінің ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесі ретінде «Тарих и Рашидидің» әдеби құндылары мен оның авторы Мырза Хайдар Дулатидың қаламгерлік, ақындық қырларын ғылыми тұрғыдан толық және айқын мысалдармен дәлелдейтін қомақты зерттеу зерттеуші еңбегінің үш тарауын Мырза Хайдар Дулати өмірі мен шығармашылығына, тақырыптың зерттеу тарихына және орта ғасырдағы Моғолстан халықтарының мәдени-әлеуметтік ахуалын баяндауға арналған.

Еліміз егемендік алған тұстары қаламгерлердің еркін серпілуіне, зерттеулеріне кедергі қаржы мәселесі. Осы күндері ел арасынан шыққан ауқатты азаматтар мәдени-ғылыми салаға көңіл бөліп, игі істер тындыруы қуанышты жағдай. Солардың бірі Тараздық іскер азамат Еркебаев Ағаділ Әбдуаймұлы, М.Жеменейдің ұлы бабамыз М.Х.Дулатидың ғұмырнамалық тарихи-әдеби еңбегінің баспадан шығуына демеушілік танытқанына автор Жеменей ризашылығын білдірді. Жеменей еңбегі кейінгі жастардың дулатитануды ары қарай зерттеп терңдетуіне мұрындық болар еңбек.Өткен тарихымыздың ХV-ХVI ғасырдағы шындығын тек Дулат мұрасы арқылы ғана сабақтай аламыз. Тұңғыш Президентіміз кейінгі жолдауында ғалымдар өткен тарихи кезеңдерді тарихи мұра ретінде зерттеп келер ұрпаққа жеткізуге аса зор көңіл білдіретін көрсетті. Біздер бабалардың байтақ шапандарын тарсынамыз. Дастандарымыздың,дипломатымыздың, дархан сөзіміздің, аталық тәрбиеміздің, тарихи төркініміздің көшбастаушылары, көркемөнердің керуенбасылары деп неге айқайлап айтпаймыз. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би үш бидің екі қанатын ала көкнайзалары теңбіл аспанға тіреліп, Захириддин Бабыр мен Мұхаммед Хайдар Дулати тұруы керек қой қазір.



Өткен тарихты зерттемей,білмей дамыған ел қатарына қосылу мүмкін емес. Тарих ел болашағының бастауы.
Әдебиет


  1. Әбсаттар Дербісәлі, «Мұхамед Хайдар Дулат», Өмірбаяндық- библиографиялық анықтамалық, Алматы:1999,

  2. Сәйден Жолдасбайұлы, «М.Х.Дулат және XY-XYI ғасырдағы қазақ хандығы»,Қазақ университеті, 2000

  3. Б. Көмееков,Б.Кәрібаев,»Мұхаммед Хайдар Дулат-тарих, тұлға, уақыт», Алматы: « Аруана»,2004

  4. «Қазақ совет энциклопедия», 8-том, Алматы:1976

  5. И. Жеменей «Тарих и Рашиди-Қазақ тарихы мен мәдениеті», «Жалын»журналы, №9 2005ж

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2014
Dulaty2014 -> Ғалым а. ҚЫраубаева зерттеулеріндегі алтын орда кезеңі мен түркі тілді әдебиет
Dulaty2014 -> Тараз қаласының МӘдени тарихы көшербаева А. Ж., Иманбекова Г. М
Dulaty2014 -> Қытай деректемелеріндегі қазақ тарихының Өзекті мәселелері шолпанқұлова Қ. А
Dulaty2014 -> Қазақ мемлекеттілігі тарих толқынында
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 930. 1: 929 М. Х. Дулатидің «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі тарихи танымдық деректер
Dulaty2014 -> Әож 821. 512. 122. 091 «тарихи-и рашиди» Қазақ тарихының этникалық дерегі
Dulaty2014 -> М. Х. Дулат шығармасындағы сопылық таным көріністері мырзахметұлы М
Dulaty2014 -> Әож 82-94: 297 МҰхаммед хайдар дулати «тарих-и рашиди» ЕҢбегіндегі ислам дініне деген сенімі
Dulaty2014 -> Әож 342. 22: 323 тараз аймағындағы архитектуралық ескерткіштер тарихы
Dulaty2014 -> Тараз мыңжылдық өркениеттер тарихының тоғысында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет