Әож 903/904(574)(092) талас өҢіріндегі қалалар туралы парсы деректері шолпанқұлова Қ. А. Тармпи, Тараз қ



жүктеу 128.3 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі128.3 Kb.

ӘОЖ 903/904(574)(092)
ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ ҚАЛАЛАР ТУРАЛЫ ПАРСЫ ДЕРЕКТЕРІ
Шолпанқұлова Қ.А.

ТарМПИ, Тараз қ.
Базылбеков Б.Б.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Тараз қ.
Тараз қаласы тарихы жайында парсы тілінде жазылған немесе парсы тілінен аударылған деректердің ішінен парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деп аталатын ұлы туындысына үңіліп көрейік. Онда «... кітаптарда айтылатын қаланың аты «Тараз». Онда Моголдар, Таразды «Йанги» деп атайды. Бұл «Иангидің» Моғолстанда орналасқаны айқын «йангиліктер» деп атайтын бірнеше қалалардың іздері, мұнаралардың күмбезі ханқа және медресселердің орны сақталып қалған. Ал «осы екі қалалардың ішінде дәл қайсысының Ианги аталғаны һәм басқа қалалардың қалай аталғаны беймәлім» делінген. /1/.

Бұдан біріншіден, Моғолдар Таразды Ианги деп атайтынын көреміз. Автор сүйеніп отырған, бірақ, бізге әзірше беймәлім кітаптардың хабарлауынша, ұлы далада Йанги деп аталатын басқа да көптеген қалалар бар екен. Бірақ бәрі де бірлі-жарымы сақталып қалған белгілері болмаса, қираған, пікірге келді. М.Х.Дулат өз кезінде қазақ ханы Қасымханның қабылдауында болып, әңгімелесіп пікір алысқан кезінде Тараз, яғни Йанги деп аталатын қала жайында сырласуы да немесе сол қалада болуы да мүмкін. Өйткені, араб пен Қытайлардың Тараз үшін Талас бойында өткен қанды қырғыны, не Қараханидтер әулетінің қарамағында болғанда гүлденген кезі мен Шыңғыс хан жорығының табанында қалған тұл қала Тараздың қасіретті тағдыры мен өткен тарихы ойға батырмады деп айта алмасаң керекті./2/.

Елу жыл кейінірек парсы тілінде Әмин Ахмед Рази тарапынан жазылған «һәфт-иқлим», қазақша айтқанда «Жеті климат» кітабын қарар болсақ, онда Тараз жайында былай деген: «Тараз бұрынғы заманда әйгілі қала болған. Оны «Банки» деп атаған. Алайда өзбектердің таптауынан ойрандалған. Тараздың маңындағы үңгірді сол халқының басым көпшілігі мұсылман әрі ол өлкеден қадір тұтуға уәжіб саналатын ғалымдар көптеп шыққан»./3/.

Тағы бір тауар мен оның кендері жайында жазылған мәтінде былай делінген: «... содан Түсеметке тарта қытай шекараларының ортасынан ең соңғы жазық далаға Чинестанға барып аяқталады. Мауәроннәһр қалаларын аралап, Түркістан шаһарларын Тараз, Шәлжи маңына дейін барып, одан тікелей жоғарылайды». Мұнда Тараз қаласы Түркістан шаһарлары қатарыңда аталғаны өте мәнді жайт. Өйткені, «Фәрһәнг-фарси» сөздігінде не себепті, не үшін Тараз қытайдағы сұлулары әйгілі қала деп көрсетілген. Әрі «Борһан-Қатеһ» сөздігінде де Тараз Қытай маңындағы қалағажат-қызылады.

Парсы тіліндегі «Фәрһәнг-фарси» сөздігін XVI ғасырда Хосейн Вефай Қытайға барып, сол едде парсы тілінде жазылған қолжазбалар негізінде дайындаған көрінеді. Бұл еңбекті 1527 жылы Иранның патшасы Шах Тәһмәсб Сәфәвиге тарту ретіңде сыйға тартқан. Осы еңбек 1374 хижри жылында ирантанушы, Пекин университетінің оқытушысы Тен һуй Жоу ханым тарапынан қайта қаралып толықтырылып, Теһран университетінің көмегімен қайта басылып шықкан. Сондықтан бұл аталмыш сөздік Қытайда сақталған қолжазбалар-негізінде соңғы рет қытайлық ирантанушы ғалымның араласуымен жарық көруі оның ішіндегі берілген дерек-мағлұматтарды біршама айқындай түскен./4/.

«Борһан-Қатеһ» сөздігін Мұхаммед-Хосейін Хәлләф Табризи 1062 хижри қәмәри жылы құрастырған. Бұл сөздіктегі Тараз қаласы жөнінде берілген дерек мағлұматтар «Фәрһәнг-фарси» сөздігінің негізінде берілуі әбден мүмкін. Осылардан келіп, заңды түрде екі сұрақтуындайды. Осылайша жаңа дерек көздері мен жаңа мағлұматтарды пайымдау, арқылы тосын ұғымдарға келесің. Әрі осы арқылы тарихтың бүктесініне түсіп кеткен шындықтарын молынан жан-жақты танып білуімізге де мүмкіндіктер туындайтынын, яғни Тараз қаласының 2000 жылдық мерей тойына орай талай жаңаша пікірлер Тараз тарихының біз біле бермейтін жаңа қырларын ашатынын көреміз./5/.

«һодуд-ал-аләм» кітабында тағы бір рет Ымкие қаласын таныстырғанда Тараз қаласын да атайды: «Ымкие - Қимақтағы бір қала, онда қаған жаз мезгілінде тұрады екен. Бұл қала мен Тараз арасы ат үстінде қатты шабыспен сексен күңдік жол». Бұл қыска мағлұматтың жағрафиялық салаға қатысты қаншалықты маңызды екенін айтпасақ та анық. Тараз белгілі ежелгі қала екенін парсы деректерінен тізіп айтып отыруға да болар еді. Бірақ біздің мақсатымыз бұл емес, өйткені біз Таразды жалпы кең көлемді әр түрлі дерекнамалармен зерттеу жұмыстарында еріксіз сөз болатынын айтқымыз келеді, Осы себепті енді Тараз қаласының тарихы теренде жатқанын растайтын басқа да ескі жазбаларына көз жүгіртпекпіз. «590 жылы император Жастиннің түркі ханына барғанда Тараздан өткенін Византия жылнамаларынан білсек, алпыс жыл кейін қытай шолушысы Хенузен Үндістанға 630 жылы Шу өзенінен соң «Талас» қаласының жоғарғы жағынан өткенін айтады. Танға жылнамаларына қарағанда, ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардағы Тараз патшалығының гарнизоны құрылған мекен екен.

Тараз және қазақ даласында болған басқа да қалалар жөнінде парсы, үнді, түркі, араб тілдерінде жазылған деректер баршылық. Алайда заманымыздың зерттеуші ғалымдарының, еңбектерінен де Тараз-Таластың талай рет тарихи оқиғаларға куә болғанын көре аламыз. Оның бірін француздың әйгілі ғалымы «Дала императорлары» авторы Рене Груссе деуге болады. Онда: «...қытайлық қолбасшы генерал Ченгки заманымыздың алпысыншы жылында «Қара шаһардың оңтүстігінде «Кио-Ли» мекенінде маңызды бір әскери орда құрды және өзін Тарым мен Воу-Ли арасындағы өлкенің қорғаушысы деп атады. Бұл аймақ қарашаһар мен Куча арасында болғандықтан, ол жерден басқа аймақтарды көз алдында ұстап күзете алатын». Осылайша Жібек жолының бақылау жұмысын қытайлықтар "һионгнулардың шеңгелінен шығарып, өз қолдарына алған болатын. "һионгнулар" ... қарсылық көрсете алмағандарының себебі олар б.з.б. 60 жылдардан бері қарай үздіксіз шайқастарға ұрынып, әлсізденіп қалған еді. Екі кісі патшалық таққа таласып "чан-ю" атағын алғысы келген. Бірі - үоу һан ие, екіншісі Че-чең еді. Б.з.б. 51 жылы һоу һан ие өзі Чанг

Неган сарайына барп, император Сиван-Тидан өзін бағынышты екенін ашып, көмек сұрайды. Б.з.б. 49 жылы қытайдың қолдауымен бәсекелесін жеңеді. Б.з.б. 43 жылы Орхонға барып жеңімпаз ретінде аталық орнына такқа отырады. /6/.

Б.з.б. 33 жылы отырықшы болған бұл «хун Аспан ұлының сарайына» барып, өзінің еркіндігін талап етеді. Қытай шахзадаларының бірінің қызына үйленуді сұрайды. Бұл өтініш қабылданады. Демек, оның қол жеткізген еркіндігі бүкіл далалықтардың еркіндігі болды.

Че-че батыс һионгну тобына жататын. Ол үоу һан неден жеңілген соң, ежелгі Моғолстанды тастап, Кытайға бағынған бәсекелесіне тапсырады. Содан байлыққа кенелу мақсатыңда Батыс Түркістанға қарай бет алды. Б.з.б. 44 жылы жол-жөнекей «Іле» аймағында Вусуэн әскерлерін күйретті. Имил аймағында һоу-ки тайпасын, Арал жайлауларында кин-ку тайпаларын, тіпті байқамай өздеріне қол ұшын берген Сұғдиан тұрғындарына да шабуыл жасап талқандады. Сөйтіп өз билігін Шу, Талас кеңістігінде орнатты./7/.

Бұл батыс һионгулардың ұлы императорлық құруының арайлап атқан таңы болатынды. Бірақ қытайлықтар оған мұрша бере қойған жоқ. Б.з.б. 36 жылында қытайлық сардар Ченг-Танг кенеттен жігерлі таңқаларлықтай жорыққа шығып, Шуға кіріп, Че-чені тұтқындап, басын денесінен бөліп алды. Мұндай трагедиядан соң хундардың да, Че-че жақтастарының да ізі батыста жоғалды. Тек қана біздің дәуіріміздің төртінші ғасырының аяғына таман олардың Еуропаны жаулап алам деген ниетпен Еділ өзенінен өткен ұрпақтары Бадамер, Атилла атымен тарих сахнасына бір-ақ шыққанын байқаймыз»./8/.

Қытайлықтар түрікпен, монғол арасындағы ежелгі дәуірде жеңімпаз аталған тайпаға һионгну дейтұғын, Рененің пайымдауы бойынша, бұл атау хундарға берілген атаулармен бір деп саналуға тиіс. Өйткені римдер мен үнділер бұл далалықтарды солай деген.

Қытайлықтар б.з.б. IX және VIII ғасырлар шамасында һиошнуларды «ин-ну» деп атаған. Алайда, б.з.б. III ғасырда Тесин дәуіріңде қытай жылнамаларында бұл есім түрде аталып келген. Одан бұрын қытайлықтар оларды "һион-го" немесе көмескілеу "һу" деген қытайлықтар танысудың бастапқы кезеңінде "һуларды" сол кездегі Қытай шекарасында, яғни «Ордус және Шан Си солтүстігінде һәмде һүпиде орналасқан тайпалар дей-тұғын.

Императорлық ғалымдар академиясы журналының 1902 жылғы 17-ші санында "Кираки-ширатор", "Тунгһулар мен һиәнгаулардың тілі жөнінде" атты мақаласында тілдік ерекшеліктері негізінде һионгаулардың түркілерге қатысты екенін мақұлдаған еді. Содан болар Рене Еуропа хундарын нақты түркі тегінен екенін әрі олар Түркістан, Азуф теңізі мен Дон сағасын да өз биліктерінде ұстағанын ашады./9/.

Қытай тарихшылары «То-Киоларды» түркі тектес халық екенін айтып, олардың есімін сол тілде сөйлейтін халықтарға бергенін ескертеді. Рене өз еңбегінде қытайлықтар тіліңде «Р» әрпі болмағандықтан, бұл атау, яғни; «Токио» кейінірек француз ғалымы Пеллиот тарапынан түзетіліп, «Туркиот» деп оқылып, содан «Турқи» болып шыға келген. Содан түркі тілінің аясы кеңейе келіп, алыс өлкелерге дейін жеңіп жатты. Алтай таударының етегінен анау Ғозан өлкесіне, одан Болғар шекараларына жол тартты.

Қытай жылнамаларында «То-Кио!», яғни түркілердің ата, тегі Қасқыр болған, олардың пікірінше, қаншық қасқыр олардың атасына сүт беріп ержеткізген. Содан ол қаншық қасқырмен жанасқан, соның нәтижесінде он ұл дүниеге келген. Олардың барлығы шешелерінің үңгірінде туған. Тусап ағашының ұшында То-Киолар алтыннан жасалған; қаншық қасқырдың басын орнатқан. Шахтардың күзетшілері де оларды қасқыр дейтін. Олар қаншық қасқырдан дүниеге келгендері үшін тегін ұмытпауға тырысқан. «То-Киолар ежелгі һионгнулардың әулеттері және, мінез-құлықтары анау бастаған түркілерге ұқсайтын деп пайымдаған». Алтыншы ғасырдың басында «'То-Киолардың» қоныс тепкел жері шамамен Алтай аймағы екен. Олар сол жерде болат жасаумен айналысқан»./3/.

Моғолстанның ежелгі жері «Жуан-жуан» мен можолдардың қолынан түркілердің билігіне өтті. Содан Бумин қытайша айтқанда Тумин «хақан» деген император лақабын алды. Бумин хақан түркі қаһарманы жеңіс күнінің ертеңіне қайтыс болды. Содан басып алған жерлері бөліске түсті, оның ұлы Муһан Монғолстанның патшасы атанды. Бұл шығыс «То-Кио» ханатының бастауы болатын. Буминның ағасы түрікше айтқанда Истами және «Четиеми» жазбасында шахзада ретінде "ибғу" аталып, Зунгари, Қара Ертіс, Имил, Илдыз, Шу және Талас аймағына иелік етті. Бұл батыс То-Кио ханатының бастауы болып табылады. Талас маңыңда батыс То-Киолардың 8-патшасы Истами һиателемен тұспа-тұс келген еді. Үиателе жөнінде Хосейін Нәхәһи Шариф «Хорасан жеңісі» атты өз мақаласында былай деп жазған: «Жейхун өзені парсы тілдес және түркі тілдес қауымдардың, яғни Иран мен Тұран шекарасы болған. Жейһун өзенінің арғы жағын арабтар Мауәроннәһр деп атаған. Афталдар не акхундар осы һиателелер болған. Бірақ араб жазушылары бұл ережені сақтамастан, ол атауды Тұранда тұратын барлық тайпаларға берген» ./10/.

Һиателенің билік құрган жерлері батыс То-киолар мен сасандардың арасында бөліске түскен. То-кионың патшасы Истами соғдиларды басып алған. Хосроу Әнуширван Иранның өлкесі болған Бахтәранды қайтарып, Сасан императорлығына қосқан.

Тай-Тсунг Қытай императоры 611-618 жылдары іс жүзінде Алтайдан Каспий және Үнді кешке дейін билеушісі болған. Қытай саяхатшысы үианг Тсунг 630 жылдың басында оның бауыры һәм мүрагері Тонг че-һу яғни Иб Ру Тунг пен билік шыңының басында тұрған кезде Тарым алаңында кездескен. Ол қыс мезгілін Ыстықкөл жағалауына, кейде батысқа қарай Әулие-Ата аталатын Талас маңындағы «Мың бұлақ» аумағына барып өткізетін. Үион Тзанг қытай саяхатшысы 629 жылы Қансудан бастап сол мекендерді көріп баж еткен. Ол солтүстікке жүру үшін ./11/.

Қытай қолбасшысы Као-Сиен-Че 751 жылы Талас өзенінің жағалауында Әулие-ата маңында Зиад ибн Салиһ басқарған түркілер мен арабтардың біріккен күштерінен жеңілді. Таластағы бұл мәнді де трагедиялық жеңістен кейін үиоан-Тсунг билігінің соңғы кезіне таман ішкі дағдарыстар мен сегіз жыл соғысқа байланысты қайтадан тіктеуіне-ешқаңдай шара таба алмастан жоғары Азиядағы императорлығы кенеттен құлағанына куә болды, – дейді Рене Груссе.

Кейін 955 жылы қайтыс болған Қашқардағы бірінші Қарахан патшасы Боғрахан әулеттері барлығы ислам дінін қабылдаған жағдайда батыс Тарым, Шу және Талас даласын өзара бөліп алды. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әкесінің мүрагері ретінде Ыстық көл, Іле аумағы, Шығыс Оңтүстікте Балқаш көлін, Шу, Талас маңын өзіне қаратқан.

Шағатай әулеттері елу бір жылға созылған билігінен кейін 1370 жылы Әмір Темірдің екпінімен күйреді./6/. Содан он бесінші ғасырдың соңына таман Іле, Талас аймақтарында далалық өмір кешумен болды. Міне, Талас не Тараз мындаған жыл бойы талай тарихи тандырдың куәсі болды. Он бесінші ғасыр түркілердің бөліске түсіп, қазақ хандығының құрылуына себеп болған мерзімге дейін талай оқиғаларға куә болған. Бартольдтің де «Түркістаннамасы» мен Әбубәкір Мұхаммед Ибн Жафар-Әл Наршаһидың «Бұхара тарихы» атгы еңбектерін салыстыра қарастырсақ, Тараз шайқасын Бартолъд осы кітапты пайдалана отырып тұжырым жасағанын байқаймыз./12/.

Бұхара тарихында: «...Әмір Нәсірдің қайтыс болған хабары Әмир-әл-мүмінин-Мүһтәзд Беллаға жеткенде, ол Мауәроннәһрдің билігін Әмір Исмайылға тапсырды. Ол 893 жылы көкек айында тағайындалысымен Тараз шайқасына аттанды. Көп тауқымет шекті. Соңында Тараз әмірі сыртқа шықты, көптеген диқандармен ислам дінін қабылдады, Тараз қақпасы ашылды. Үлкен шіркеуді орталық мешітке айналдырды деп жазса, Бартольдтың «Түркістаннамасында» былай деп жазылған: «Исмаил ибн Ахмед 849 жылында

Ферганада дүниеге келген. Бұхарада саяси жұмысқа кіріскен 893 жылының көктемінде Халифа тарапынан оның атына шешім шыққан. Сол жылы Исмайыл жеңімпаздықпен Таласқа жорыққа шыққан. Ол қаланың үлкен шіркеуін мешітке айналдырған.

Тараз тарихының кейбір уақиғаларына Исмайыл ибн Ахмед Самани кезеңі куә бола алады. Өйткені, 893 жыддың көктемінде Халифа тарапынан әмірлікке тағайындалған соң, Таразға қол бастап шыққанын айттық. Саманилер дәуірінде бейбітшілік орнығып, сауда саттық пен өнеркөсіп айрықша дами бастады. Сол себептен Мауәроннәһрдың түрлі экспорттық бұйымдары шет жерлерге жіберіле бастады. «Мәселен, Ферғана, Исфижабтан құлдар, сондай-ақ мата, қару-жарақ, семсер, мыс, темір сияқты бұйымдар болса, Тараздан ешкі және тағы басқа заттар саудаға түсетін» дейді Мұқаддәси» ./1/.

Тараз қаласы тарихи деректердің беттерінен ғасырлар бойы түспеген әрі жойылып кеткен қабаттарын тарихшылар ол жөнінде жазғандарымен толықтыра алатынын Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и- Рашиди» еңбегінен кейін 1593 жылы жазылған «үәфтиқлим» кітабында көре аламыз. Ал, кейінірек, сұлтан Мұхаммед Мүтреби Самарқанди «Тәзкәре-тол-шоара кітабында: «Бесінші климаттың ұзындығы 1835, ені 150 фарсах, Испанияның кейбір қалалары, Армения, Каспий, Хорезм, Бұхара, Самарқанда, Ферғана, Тараз, Түркістанның кейбір қалалары да оған қарасты», — деп жазған. Ал, 1953 жылы жазылған «Жеті климат» кітабында Тараз қаласы өзбектердің таптауынан ойрандалған деген қайшы мәліметтер болғандығын байқатады. Бұның бәрі келешекте зерттеуді қажет етеді. Алайда қаланың өзіндік байлықтары мен ерекшеліктері жайында басқа да талай деректер барлығын айта тұра, тарихшылардан да басқа парсы тілді ақындар ғасырлар бойы Тараз қаласының әйгілі дүниелерін өз өлендеріне арқау еткені бар./13/.

Парсы тілінде жазылған «Моғол тарихы» деген кітабында ирандық ғалым Аббас Иқбал Аштияни Моғолдар шабуылында жойылып қираған ескі қалалар жайында пікір қозғай отырып: «Мауәроннәһр- Әмударияның арғы жағы. Ол өлке басқа аймақтарға қарағанда ерекше гүлденген әрі маңызды да әйгілі қалалары болған. Олардың барлығы Монғол шапқыншылығында ойран болып жойылған. Сол кездің маңызды қалалары төмендегідей болған. Тәрмәз, Нәшһшәб, Чад, Тараз тағы басқалары» деп соны дерек көздерін береді. Сөйтіп М.Х. Дулат назар аударған ескі қираған қалалардың өз кезінде мейлінше гүлденген болмысын монғолдар жорығы күйреткеніне Аббас та тоқталып өткен. /14/.

983 жылы парсы тілінде жазылған бірақ авторы белгісіз «Hudud al alam» мағынасы әлем шекарасы шығыстан батысқа дейін деген ұғымды білдіретін кітапта: «Тараз және Меркі басқа қалалардың қатарында мұсылмандар мен түріктердің тұратын әрі саудагерлердің тұрағы ретінде атап өтіледі. Осы еңбекте Тараз қаласының аты екі жерде ұшырасады. Кітапта беріліп отырған жанама тұрғындары түрік халықтары екенін көрсетуі мен онда саудагерлердің де мекен жайы болғандығын ескертуінде жатыр. Бұл еңбектің көшірме алғашқы нұсқасы 656 пиджри кәмәри жылы, яғни 808 жылы бұрын Әбумәед Әбдалқанном Ибн Әһ-Хосейін Ибн Әли-Әл-Фарсидің қолымен жазылғанында әрі бірегей көшірме болып табылатындығында.

Парсы тілінде жазылып, Тараз қаласы туралы аз болса да нақтылы деректер көзін беретін шығармаларды шартты түрде болса да бірнеше топтарға жіктеп қарастыруды жөн көрдім. Олардың бірінші тобы, негізінен, тарихи-жылнамалық сипаттағы қара сөзбен жазылған туындылар. Оларды бас-басына атап өтер болсақ, мына атауларды қамтиды:



      • Әлем шекарасы.

      • Сұлтан Мұхаммед Мотреби Самарқандидтің «Тәзкарә- томио арасы»

      • Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и Рашиди».

      • Екінші топтағылар, негізінен сөздіктер. Мысалы, Түсіндірме сөздік ретінде берілетін «Фәрәнге-гияс-ол-луғат» тағы басқалар./15/.

Үшінші топтағыларға, негізінен, дастан түрінде немесе өлеңмен жазылған поэзиялық туындылар жатады. Мысалы: Фирдоусидің «Шаһнамасы», Фәррохи, Насыр Хосрау, Сузәни, Монучеһри, Хақани, Әдиб-ал- Мамалик, Санам, Маулави, Руми, Анвәри тағы басқалар қалам тербеген диуандарда, яғни, өлеңмен жазылған жинақтарда Тараз қаласы әр қырынан алынып, Мадақтама жырланған. Бір ғажабы ақындар мен тарихшылардың қай-қайсысы болса да. Тараз жөнінде тебірене отырып, адам жанына пейіштен соққан самал желдей әсер ететін жан тербер жылы пікірлер қалдырып отырған. /14/.

Ал, төртінші топтағыларға негізінен, парсы тілінде жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады. Мысалы, доктор Мухаммед Абади Бсавилдің «Исламдық қаналарға тиісті мекендер жөніндегі» еңбегі.

- Аббас Иқбал Аштияни – «Моғол тарихы». Басқа шет елдері тілдерінен парсы тіліне аударылған аударма еңбектер тобын атауға болады.

Тараз қаласы арқылы кезеңдерге жазылып, көптеген дәуір оқиғалары қамтылған тарихи еңбектерінде өз көрінісін берген. солардың ішінен тек бір-екі оқиғасына тоқталсам, шалқар көлді бір тамшысынан танығандай хабар алмақпыз. Мысалы; «Хорезмшаһтар атсыз билеген кезеңнен бастап қарақытай Гурханнан жеңіліске ұшырағаннан кейін мұсылман емес түрік әулеттеріне салық төлеп тұратын. Сұлтан деген атағы болса да бағынышты болған. 607 хитра жылы Гурханның елшісі жылдың салықты алуға сұлтанның сарайына барғанд, ал сұлтан Мұхаммедтің бұйрығы бойынша Әмудария суына батырынады. Сол жылдың соңына қарай сұлтан Мұхаммед Мадәроннаһрды жаулап алуға бел байлады. Бұхара, Самарқандты жаулап алды. Содан соң Сырдария өзенінен өтіп, 607 хитри жылының Рәби-әл-Эввал айында Тайынгу әскері тараз қаласының әкімі Гурханның сардарын жеңіп оны өлтіреді.



Тараз қаласын парсы ақындары мәңгілік сұлулыққа лайық құбылыс деп өрнектеген жырлары бізге жетіп отыр.
Әдебиеттер


  1. М.Мырзахметов, М. Жеменей, А. Әбдуалиев. «Көне Тараз» Алматы 2002, (39-40бб).

  2. С. Өтениязов. Білім және еңбек журналы. 1981, № 12.

  3. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», Алматы 2003, (101б).

  4. Байбосынов К. Талас-Тараз қаласы- ғасырлар куәсі. Егемен Қазақстан 1997, 21-қаңтар.

  5. М. Мырзахметов, И. Жеменей, А. Әбдусалиев «Көне Тараз» (49б)

  6. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары 2002, (82б).

  7. Б. Әбілдаұлы. Талас-Тараз. Алматы «Санат» 1998 (285б).

  8. Тараз Жамбыл облысы. Энциклопедия. Аламты 2003, (28б)

  9. Ә. Кекілбай «Талайғы Тараз». Алматы 2002, (109б).

  10. Дәдебаев Ж. Істемі Қаған «Қазақ әдебиеті». 2002, 18 ақпан.

  11. М. Мырзахметов, И. Жеменей, А. Абдуалиев. «Көне Тараз». Алматы 2002, (55б).

  12. М. Қожанов. «Тарих тұңғиығынан сыр шерткен шаһар». //Сақшы 2002, 26 қыркүйек (3б).

  13. Ж.Дәдебаев Атыңнан айналайын Әулие ата. Алматы 2002, (56б).

  14. Б. Әбілдаұлы. Ең байырғы қала. //Ақиқат 2002, № 9-36б.

  15. Атабаев Қ.М. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, Қазақ университеті 2000, (105б).

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 I
konf 2014 I -> Әож 340. 141 ДӘСТҮрлі қазақ ҚҰҚЫҚ ЖҮйесін қайта қолданудың маңызы
konf 2014 I -> Қазақстан республикасының заңнамасы бойынша арал теңізінің Қоршаған ортаға келтіретін экологиялық Әсерін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жунисалиев А. Т., Махан Т. У., Қожахметова А. А
konf 2014 I -> Нєзір т¤РЕЌ¦ловтыњ Ќазаќтан шыќЌан т¦ЊЃыш елші ретінде
konf 2014 I -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 I -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 I -> ҚҰрамы рыскелдіұлы Е. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ,Тараз қ
konf 2014 I -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 I -> Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А
konf 2014 I -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет