Әож 94: 32(574) ТӘуелсіздік жылдарындағЫ Қазақстан республикасында жастардың Әлеуметтік-саяси жағдайы



жүктеу 89.2 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі89.2 Kb.

ӘОЖ 94:32(574)
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
Ералиева Л.Н.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.
Кез келген мемлекеттің қоғамдық өмірінің экономикалық, саяси, рухани дамуы жастардың ақыл-ой және күш-жігеріне байланысты.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жиырма жылдам астам жүріп өткен даму жолында мақсат-міндеттерін оңтайлы айқындаудың негізінде қалыптасып, тұрақты дамып келеді. Елдің сыртқы сұраныстарына байланысты трансформациялану үстіндегі қазақстандық қоғамның талаптарына сәйкес, халықаралық тәжірибемен үйлесімдегі отандық модель де құрылуда.

Жастар – ел болашағы, ал жастар саясаты – болашақты қалыптастырушы және қамтамасыз етуші негізгі тетік. Оның бүгінгі іргетасы қалай қаланса, ертеңгі болмысы соған байланысты болмақ. Демек, елдің елдігін арттырып, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту мақсатында жастар мәселесінің ғылыми жан-жақты негізделуі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда еліміздегі жастар саясатының қалыптасуын және егеменді мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы жас ұрпақтың орны мен рөлі ерекше. Жалпыұлттық келісімнің қалыптасу барысында маңызды құраушы күштердің бірі жастардың белсенділігі және олардың қоғамдық потенциалы болып табылады. Қоғамның жүйелі де терең де түбегейлі қайта құру кезінде орын алып жатқан қоғамның барлық қабаттарында мемлекет пен жастардың қатынастарын жаңаша тұрғыдан қарастыру қажет. Бұл қатынастардың негізіне егеменді Қазақстанның дамуы халықтың күнделікті тіршілігіндегі әлеуметтік, рухани, экономикалық және адамгершілік қажеттіліктері қаланған.

Егеменді мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюында жас буынның орны ерекше. Аталған тақырыптың көкейкесті жақтары өте көп. Себебі жастар қай заманда болмасын қоғамның белсенді тобы және ерекше маңызда стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың болмысы әрдайым күш-жігерден, алға ұмтылудан, болашаққа талпынудан тұрады. Жастар табиғатынан жаңашалдыққа, тың идеяларға кұлшынып, соны іске асыруды мақсат тұтады. Жастар қоғамның дамушы және прогресивтіқ құрамы ретінде республикадағы барлық орын алып жатқан үрдістердің қатысушысы болып табылады. Мемлекеттілігіміздің нығаюы жастардың әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға деген қатынасымен, сонымен бірге өркениетті бастаулардың ортасында болуымен айқындалады. Мемлекет пен жастар арақатынасын және қазіргі мемлекеттік саясаттағы жастар қанатының нығаюын бүгінгі күнде ерекше маңызға ие болуда. Жастардың мәселесі жөніндегі саяси ықпалындағы және тұлғааралық қатынастардың негізінде қалыптасқан қазақстандық тарихнама көптеген ғалымдардың атымен әйгілі. Олардың ішінде Р. Абсаттаров, Ж. Абдильдин, Л. Бакаев, А. Ишмухамедов, К. Кушербаев, Г. Малинин, А. Нысанбаев, Н. Романова, Г. Сапарғалиев, Т. Садыков, Т. Сәрсенбаев, М. Сужиков, М. Тәтімов және т.б. ұстанымдары зерттеу жұмысымызға негіз болды [2].

Бүгінде тәуелсіз еліміздің іргесін нығайту жолында, жас ұрпақты келешекке даярлау, заман көшіне сай қалыптастыру, ұлттық үрдісте тәрбиелеу басты мәселелерінің бірі болып отыр. Қай елде болмасын қоғамның негізгі қозғаушы күші – жастар. «Жас кезіңде не ексең, жасың толысқанда соны орасың», - деп ұлы ойшыл Ибсен айтқандай ел болашағы жастар. Сондықтан да бағдарламадағы стратегиялық бағыттар қазіргі жастарды елін сүйіп, халқын силайтын, білімді, парасатты адам етіп тәрбиелеп шығару мемлекеттік саясаттың негізігі бағыттарының бірі болып табылады.

Жастар – қоғамымыздың белсенді тобы, еліміздің болашағы. Себебі отанымыздың алдағы уақыттағы әлемнің өркениетті елдермен терезесі тең, тұғыры биік, тәуелсіздік туын желбірете, қазақ елін әлемге танытатын басты және қуатты күш – бүгінгі жастар. Жастардың проблемалары өмірдің өзіндей өте күрделі. Сондықтан жастардың саяси белсенділігін арттырудың негіздерін, механизмдерін анықтау және олардың эмпирикалық көріністерін зерттеу қоғамдық ғылымдардың, солардың ішінде әлеуметтану мен саясаттану ғылымдарының міндеті өте зор. Өскелең ұрпақтың өмірдің шешуші қатынастарын өз қолдарымен жоғары деңгейде жүзеге асыра алатын әлеуметтік топтардың қатарын қалыптастыруы, олардың әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатындай сапалы іс-әрекеттер атқара алатын мамандар болып даярлануымен қатар, оладың өзіндік саналарының белсенді саяси сипатта қалыптасуымен тікелей байланысты.

Тұлғаның белсенділігі - өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың нәтижесінде көрініс табады. Оның өзі қоғам дамуының тарихи-мәдени субъектісі болып табылады. Адамзаттың тіршілк ету тәсілі мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан рухани-саяси, өндірістік-экономикалық нақтылықтар ретінде өмір сүреді. Соларға байланысты жүзеге асатын адам белсенділігіне саяси сипат өте тән. Белсенділіктің өте жоғары, орташа және төмен болуы мүмкін. Тіпті жеке адамның бір адамдардың жалпы саясатқа араласпауының өзі саяси белсенді топтардың біреулерінің мүддесінің жүзеге асуына объективті мүмкіндіктер жасайды. Саяси күресте шебер пайдалана алатын паритялар, саяси ағымдардың көшбасшылары (лидерлері), саясатқа алаңсыз араласпаймыз деген «үндеместер» тобының үндемейтіндігін керекті кезінде пайдаланады. Сонда саяси үдеріске араласпаудың өзі үстемдік етіп отырған мемлекеттік саясатқа деген «үндеместердің» саясаты болып шығады. Жастардың саяси белсенділікке баулуды талдаудың объективтік және субъективтік жақтарымен бірге оның позитивтік және негативтік факторлары да бар екендігін ескеруіміз қажет. Олардың позитивтік факторларына саяси, құқықтық реформалардың іске асуы; жалпы урбанизациялық үрдістері. Негативтік факторларға: шет ел өкілдерінің еліміздегі ішкі саясатқа белсенді араласуы, олигархтық топтардың белсенділігі, ұлттық тілдің мемлекеттік тіл есебінде енгізілуіне ашық немесе жанама түрде кедергілер келтіруі.

Жастардың саяси белсенділігін көрсететін ең басты көрсеткіш қандайда бір партияға мүше болу факторы болып табылады. Қазіргі кезде жастардың арасында көбейе бастаған «Жас Отан» және басқа да саяси партиялардың мүшелері Қазақстан жастары арасында келешекке жетекші рөлдер атқаратын болатыны сөзсіз. Олардың саналы және арнаулы мақсаттағы саяси іс-әрекеттерді жүзеге асырылуымен тікелей байланысты екендігі белгілі. Егер арнаулы саяси мақсаттағы саяси іс-әрекеттердің негізі жастардың мүше болған партияларының стратегиялық бағдарламаларымен және тарихи әртүрлі кезеңдердегі жағдайлармен байланысты болса, онда олардың саналылығы бірнеше нәрседен құрылады: партия құжаттарының түпкі мақсаттарының шынайылылығынан, олардың мазмұндарының айқын, дәлелді және насихатты болуы керек. Соңғы факторлар жастардың саясаттану ғылымының негіздерін тыянақты түсінумен және оларды өмірдің көріністерімен байланыстыра білуді, олардан өзінің түсініктерін, дүниетанымын және саяси сенімдерін қалыптастырады.

Сайлауға қатысу әр елдің кәмелет пен дауыс беруге жасы жеткен жастардың азаматтық құқығы. Қазіргі кезеңдегі саяси демократиялық қоғамның бір басты дәлелі – дауыс беруге қатысу толығымен әрбір адамның өз еркінде. Белсенділік тек дауыс берумен тұйықталатыны сөзсіз.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі саяси маңызды мәселелердің біріне – қоғамдағы жастардың саяси белсенділігін арттыру ерекше орын алады. Өйткені, қоғамның ертеңгі бет-бейнесі қандай болатындығы бүгінгі жастардың өсіп өркендеуіне тікелей байланысты. Осы өзекті мәселеге мән беруде жастар өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық қыры ғана емес, мәдени-рухани жағы да ескерілуі тиіс. Мұның бәрін өрістету мемлекеттің еншісінде десек те, қоғамның өскелең тобы – жастардың өздері қатыспайынша, олардың алар асулары еңсерілмейтіндігі сөзсіз. Қазақстан жастарының саяси белсенділігін арттырудың әлеуметтік мәселелері тікелей әлеуметтену үдерісімен байланысты екені даусыз. Осыған байланысты ұлы Софоклдың «Сен жассың, көп нәрсені үйренуге, көп нәрсені естіп-білуге, көп нәрсені көкейге түюге тиістісің» деген сөзі еске түседі. Жастарда саяси белсенділіктің қалыптасу үдерісі, бастапқыда отбасында, бала-бақшада, мектеп қабырғасында алған дұрыс тәрбиесініен бастау алады.

АҚШ ғалымдары Д. Истон мен И. Денис жастардың саяси белсенділігінің арттыруында төрт жолды атап көрсеткен:

1. Саяси өмірге деген ата-анасының берген бағалауын өзіне «қабылдау».

2. Саясаттың персонализациясы, саяси билік кейіпкерінің жүріс-тұрысына сүйеніп, жастардың саяси жүйеге деген көзқарасы қалыптасады.

3. Қалыптасқан көзқарастың идеализациясы.

4. Жастардың саясатқа деген көзқарасы күрделеніп, саясаттың объектісінен оның субъектісіне айналуға немесе саясатқа тікелей қатысуға мүмкіндік туады. Сондықтан, тұлғаның әлеуметтенуі кезінде саясат туралы дұрыс мағлұмат БАҚ-тың көмегімен жоғары дережеде өтуі тиіс.

Еліміздегі жастардың саяси белсенділігін арттыру үшін, төменде көрсетілген шараларды жүзеге асыру тиіс:

1. Олардың (жастардың) бойына патриоттықты тәрбиелеу арқылы патриоттық сезімді сіңіру.

2. Ел ертеңіне деген жауапкершілікті толық сезінуді тұрақты ету.

3. Олардың өміріндегі түрлі әлеуметтік-қоғамдық мәселелердің шешілуіне жастардың өздерінің белсенді араласуын қалыптастыру.

4. Қоғамда болып жатқан әртүрлі саяси, экономикалық, мәдени өзгерістерге сай олардың қызығушылығын арттыру.

5. Олар айналысатын іске өзіндік қолтаңбасын қалдыруға көмектесу[5].

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жастардың қоғамдық өзекті мәселелерін шешуге араласуы мемлекет үшін шығыны ең аз, әрі өте тиімді жол болып есептеледі. Егеменді мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюында жас бұынның орны ерекше болып саналады. Жастардың көзқарасымен алатын болсақ, нарықтық экономиканың заңдары қазіргі Қазақстанда пайда болған саяси процестерге қатысты жетілдіруді қажет етеді. Сол үшін жастар өз саясатын мемлекеттік саясатпен үйлесімді болуына барлық күш-жігерін жұмсауда.

Еліміздің өркендеуіне оң бағытта өрістеуі қоғамдық сананың дұрыс қалптасуына да қатысты. Қоғамдық сананы тәрбиелеуде негізгі рөл атқаратын – ұлттық идеология. Қазақстандықтарды идеялық бірлікке бастайтын ұлттық идеологияның мақсаты – егеменді еліміздің күш-қуатын және қоғамдық өмірдің барлық салаларын арттыруға жұмылдыру болмақ. Сонымен қатар қазақстандықтарды өркениетті халықтар ұстанатын өмір принциптерін іске асыруға шақырып, үйретуі тиіс. Ұлттық идеология өзінің көкейкесті міндетін шешу барысында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды және орнықтыруды мақсат тұтады. Қандай болмасын, ел, мемлекет үшін патриоттың қажет екендігі өзінен-өзі белгілі. Себебі, көне Грек мемелекетінде қалыптасқан бұл ұғым, өз елін сүю, өз халқына берілген, елі, жұрты үшін қандай да болсын қиындыққа төзуге дайындықты аңғартады. Сондықтан да патриотизм ұғымының интернационалдық табиғаты бар. Әр елде азаматтар бұл ұғымға өзіндік мағына береді. Түрлі елдердің азаматтарының патриоттылығы әр деңгейде болғанымен, барлық жерде патриоттар Отанның бүгінгі дұрыс өмірі және жарқын болашағы жолында күрескерлер болып қала береді.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жиырма жылдағы жүріп өткен даму жолында мақсат-міндеттерін оңтайлы айқындаудың негізінде қалыптасып, тұрақты дамып келеді. Елдің сыртқы сұраныстарына байланысты трансформациялану үстіндегі қазақстандық қоғамның талаптарына сәйкес, халықаралық тәжірибемен үйлесімдегі отандық модель де құрылуда.

Елдің әлеуметтік жағдайы тұрақталып, экономикасы өскеннен кейін халықтын да саясатқа деген қызығушылығы арта бастады. Әрине ел-жұрттың саяси белсенділігі жоғары деп айту әлі ерте болар, дегенмен де олардың елдегі саяси ахуалға қатысты көзқарастары мен ұстанған жолдарының анықталғандығы туралы айтуға толық негіз бар. Соның ішінде жастар көзқарасының мемлекеттің ары қарай дамуына ықпалы зор. Өйткені ел болашағы солар. Сондықтан мемлекеттік органдар мен жастардың ұйымдары үнемі сауалнамалар жүргізіп, олардың көзқарасын біліп отырады. Ресейдің «Әлеуметтік зерттеулер» журналының редакторы А.Г. Харчевтің айтқанындай, жастар үнемі ізденіс үстіндегі даукес халық. Сондықтан да олардың пікірін түрлі зерттеулер арқылы біліп отыру керек. Өйткені олар болашақ қоғам иелері. Олардың саяси санасының дұрыс дамуы ел болашағының негізі [6].

Жастар – ел болашағы, ал жастар саясаты – болашақты қалыптастырушы және қамтамасыз етуші негізгі тетік. Оның бүгінгі іргетасы қалай қаланса, ертеңгі болмысы соған байланысты болмақ. Демек, елдің елдігін арттырып, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту мақсатында жастар мәселесінің ғылыми жан-жақты негізделуі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.


Әдебиет


  1. Назарбаев Н.Ә. Историческая память, национальное согласие и демократические реформы – гражданский выбор народа Казахстана // Материалы ІV Сессии Ассамблеи народов Казахстан. – Алматы: «Жазушы», 1997. – 76 б.

  2. Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. Алматы, 1999. 211-б., Г. Сапаргалиев. Қазақстанның бірыңғай мемлекет ретіндегі идеологиясының мәселелері.// Ақиқат. 1999. №7, 4-11-бб., Ж. Абдильдин, А. Нысанбаев. Политика национальных отношений в Центральной Азии.// Мысль. 1994, №2. 48-52-бб; №3. 51-53-бб., А. Нысанбаев. Казахстан. Демократия. Духовное обновление. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1999. 416-б., М. Тәтімов. Социальная обусловленность демографических процессов. Алма-Ата: «Наука», 1989. 126-б., М. Тәтімов. Демографические прогнозы: взгляд в будущее.// право и государство. 2002. №1. 4-10-бб.

  3. Жапанаева М., Узамкулова Р. Қазақстан жастарының саяси белсенділігін қалыптастыру мәселелері. //Ізденіс. 2006. №4.30-34-бб.

  4. Білім және ғылым министрі Б.Әйтімованың 2005ж. қарашаның 14-і күні Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатындағы баяндамасы.

  5. Қорықбаев С.И. Проблемы определения понятия «молодежь»: теретико-правовой аспекты. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясы хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 2003, 2. 37-б.

  6. Идейно-политическое становление молодежи: опыт, проблемы. //Социологические исследования. 1987, №2, 26-27-бб.

  7. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Жастар саясаты департаменты «Қазақстан жастар – 2004: жағдайы, үрдістері мен келешегі». Таңдамалы баяндамасы. – 2005.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет