Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті лауазымына республикалық партиядан үміткер Дональд Трамптан гөрі Америка мемлекетінің қазіргі басшысы Джо Байденді артық көретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

Ресей лидерінің айтуынша, Джо Байден Дональд Трампқа қарағанда тәжірибелі әрі болжамды саясаткер. Сонымен бірге Путин АҚШ халқы сайлаған кез келген президентпен ынтымақтасуға дайын екенін білдірген.

“Байден. Ол тәжірибелі, болжамды, әрі ескі формацияның саясаткері. Бірақ біз Америка халқы сенетін кез келген АҚШ басшысымен жұмыс істеуге дайынбыз”, – деген ол. Бұл туралы Путин 14 ақпанда жарияланған "Мәскеу. Кремль. Путин" бағдарламасының авторы Павел Зарубинге берген сұхбатында айтқан.

  • "Ресей өз мүддесі үшін соңына дейін күреседі": Путиннің америкалық журналиске берген сұхбаты жарияланды
  • Ресей мен Украина Түркияның ықпалымен қайта келіссөз жүргізуі мүмкін – БАҚ

Байденнің денсаулығы жайлы пікір білдірген Путин АҚШ-тағы сайлау науқанына араласу "дұрыс емес" екенін жеткізген. 
Ол Швейцариядағы саммиттегі соңғы кездесуінде "олар оның (Байден. — Ред.) қабілетсіз екенін айтқанын" еске алған.

“Ондай ешнәрсені байқамадым. Иә, ол өз парағына қарады, ал шынымды айтсам, мен өз парағыма қарадым. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ал оның тікұшақтан түсіп жатып басын соғып алғаны – кім басын соғып алмай жатыр дейсіз”, – деп атап өткен Ресей басшысы.

Путин Дональд Трампты жүйеге сәйкес келмейтін саясаткер деп атаған, өйткені оның сөзінше,Трамптың АҚШ өзінің одақтастарымен қарым-қатынасты қалай құруы керектігі туралы өз пікірі бар.

Бұған дейін Моңғолияның экс-президенті Цахиагийн Элбегдорж Ресей жерінің кейбір бөлігінің бұрын моңғолдар құрамында болғанын айтқан. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.