Әож 94(574)«19» XIX ғасырдың II жартысындағы патша үкіметі мен жергілікті халық арасындағы теке-тірес



жүктеу 63.97 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі63.97 Kb.

ӘОЖ 94(574)«19»
XIX ҒАСЫРДЫҢ II ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ПАТША ҮКІМЕТІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ

ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ТЕКЕ-ТІРЕС
Сарсембаев М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
XIX ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай қазақ жері түгелдей дерлік патшалы Ресейдің құзырына қарады. Осы кезде патша үкіметі қазақ жерін түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйытқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан айырды. Патша әкімшілігі бұның бәрін бірден жүзеге асырған жоқ, оны кезең-кезеңімен жүзеге асырды.

Ал бұрынғы реформалар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық талабына сай келмеді. Сондықтан 1867 жылы 11 шілдеде патша Александр II -Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережелер жобасына, 1868 жылы 21 қазанда Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ережелер жобасына қол қойды. [1]

Сөйтіп жаңа реформа бойынша қазақ жері Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарына бөлінді. Елді этникалық тұтастықтан айырып, қандас бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша үкіметі қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекеттік аппарат құрды. Ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді шығарды.

1867–1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту бол­ды.

Қазақ даласын бағындыруда патшалық билік күштеу мен зорлық-зомбылыққа сүйенді. Жергілікті халықтың құқығы мен ұлттық мүддесі мүлдем ескерілмеді. Патша үкіметінің жергілікті әкімшілігі тек әрбір үйден түтін салығы емес, сондай-ақ жер кепелерді, қамыстан салынған күркелерді пайдаланғаны үшін де халықтың кедей топтарынан алым-салық жинады. Алым барлық халықтан бірдей алынды. Ірі бай, орташа, кедей - бәрі бірдей мөлшерде, яғни әр шаңырақ төлеп отырды. Әскери қамалдарын салу үшін мыңдаған қазақ шаруаларын айдап келіп, еріксіз жұмыс істетті. Әскери қару-жарақтар және азық-түлік тасу үшін де қазақтарды күштеп қызметке тартты. Жақсы жайылым жерлерді тартып алу, ол жерлерге орыс қоныстанушыларын орналастыру, алым-салықтың көбеюі қазақ кедей шаруаларына өте ауыр тиді. Осыдан кейін қазақ даласының аймақтарында қазақтардың стихиялы наразылықтары басталып, көтеріліс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, аяғы қарулы күреске ұласып, ұлттық және саяси азаттықты ұран етіп көтереді. Нәтижесінде азаттық күресті бастаған Иса мен Досан, Жанқожа, Есет батыр, Әзберген би т.б. сияқты тұлғалар тарих сахнасына шықты.

Бүкіл Сыр бойын өз билігіне бағындырмақ болған патша әкімшілігінің отаршылдық саясатына қазақтардың наразылығы уақыт өткен сайын күшейе түсті. 1856 жылы желтоқсанда басталған Сыр қазақтарының көтерілісі Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы тікелей бағытталып, оны шектілердің рубасшысы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды. Негізінде көтеріліс №1 форт маңынан қоныс аударушыларға егін өсіруге жер бөлген бекініс басшысының әрекетіне наразылық ретінде басталады. Көтеріліс бүкіл Қазалы аймағын қамтып, оған үш мыңнан астам адам қатысты және орталығы Жаңақала бекінісі болды. 1856 жылы желтоқсанның орта шенінде Жанқожаның жасағы алдымен казактар мекендеген Солдатская слобода поселкасын жойып, №1 Қазалы форты мен Перовск фортының бекіністеріне жақын келіп орналасады да күтпеген жерден Сырдария шебіне шабуыл жасайды. Содан В.А.Перовский Сырдария әскери шебінің бастығы генерал-майор Фитингофқа тез арада көтерілісті жазалау үшін жорыққа шығу туралы нұсқау береді. Көтерілісшілермен болған шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық алқабында өтеді. Күштің тең болмауына байланысты жеңіліс тапқан көтерілісшілерді патша әскерлері аяусыз жазалайды. 1860 жылға дейін Жанқожа, Бөрі сұлтан, ұлы Итжемес, немересі Жанқұлы орыс билігіне қарсы әрекетін тоқтатпады. Катениннің 1860 жылы наурыздағы әскери министрге жазған хатында: «Жаңадария маңында старшина Елекей Қасымовтың басшылығындағы әскер 1860 жылдың қысында Жанқожа жасақтарының талқандалғанын көрсетеді» [2]

Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бас көтерулердің бірі - Есет Көтібарұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Бұл көтеріліс 1853-1858 жылдар арасын қамтыды. XIX ғасырдың 50-жылдардың басында Есет Көтібарұлы орыстардың отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне бет алған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. Орынбор үкімет орындары өзіне Есетті қайткенде де ұстауды және оны патша үкіметін мойындауға мәжбүр етуді мақсат етіп қойды.

Көтерілісті біржолата тұншықтыру үшін Орынбор әскери губернаторлығы орасан зор даярлық жұмыстарын жүргізіп, подполковник, билеуші сұлтан М.Баймағанбетұлы, майор Михайлов, әскери старшина Соколов басқаруындағы 1200 адамнан құралған жазалаушы отрядтарды бірнеше бағытта бір мезгілде көтерілісшілерді талқандауға аттандырады. Сонымен бірге жаздың орта шенінде подполковниктер Кузьминский мен Дерышев бастаған 600 қылыштық әскери казактар далаға аттанатын болып Ор бекінісіне шоғырланады. [3]

1855 жылдың жазында көтерілісті басу үшін Орынбордағы патша әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оған сұлтан Таукин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерлерімен аттанды. Көтерілісшілер мен патша әскерлері арасында қырғын шайқастар жүрді. Сол жылдың 8-шілде күні Есеттің жасақтары күтпеген жерден А.Жанторин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, сұлтанды және оншақты би-старшындарды өлтірді. Алайда, оқ-дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша әскерлерінен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. Қақтығыс барысында қолға түскен Есеттің 18 адамын патша әкімшілігі Сібірге айдап, үш адамын атуға жарлық берді. Е.Көтібарұлы өзінің қалған жасақтарымен Үлкен және Кіші Борсық құмына, Үстіртке өтіп патша әскерлеріне қарсы күтпеген жерден шабуылдар жүргізді . Көтерілістің соңғы кезеңінде, яғни 1857-1858 жылдары Есет Көтібарұлы өз ауылдарымен бірге Арал теңізінің жағалауына жақын хиуалық Қоңырат қаласы қазақтарының арасында болды. Есет батыр Ресейге қарсы күресті жалғастыру үшін Хиуа ханынан әскери көмек сұрады. Бастапқыда хан Есет батырға 2500 адам бөлуге уәде берді, бірақ кейін ол өз уәдесінен айнып қалды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады.

Орал, Торғай, облыстарында болған көтерілістер отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды. Олардың басты талаптары еркін көшіп-қонуды сақтау,жер сатуды тоқтату, ауыр салықты және уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою. 1868 жылы желтоқсан айында стихиялық түрде басталған көтеріліс 1869 жылдың қазан айына дейін созылды. Көтеріліс жетекшілері Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы болды. 1869 жылы 6 мамырда Жамансай көлі маңында 20000 көтерілісші фон Штемпель тобын 7 күн бойы қоршап, сескенген жазалаушылар шайқаспай кері қайтады. 1869 жылы наурыз-маусым аралығында 3000 шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуыл ұйымдастырады. Оларды жазалау үшін подполковник Рукиннің, граф Комаровскийдің, генерал-губернатор Веревкиннің мұздай қаруланған тобы ұйымдастырылып, көтерілісшілерді талқандап, жаныштайды. [4]

Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы және т.б. бастаған көтерілістер патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталып отыр. Өйткені көтерілісшілер патша үкіметі тарапынан жүргізілген қоғамдағы әділетсіздіктер мен түрлі келеңсіздіктерге үзілді-кесілді қарсы болды. Отаршылдық тепкіге қарсы аяусыз күрескен бұл батырлар халық бұқарасының қолдауы арқасында көтерілістегі басшылық рөлді атқарды. Қазақ халқы осы бір жаугершілік заманда тағы бір топ батырларды дүниеге әкеліп, олар кір жуып, кіндік қаны тамған жердің тәуелсіздігін жан-жақтан анталаған жаудан қорғай білді. Олардың мақсат-мүдделері бір жерге түйісті. Азаттық таңын аңсаған Жанқожа мен Есет және тағы басқа да Кіші жүз қазақтарының батырлары мен игі жақсылары өз халқының еркіндігі үшін аянбай шайқастарға түсіп және қазақ жерін мекендеген басқа да халықтарды отаршылдарға қарсы тарта білді. Бұл батырлар бастаған ұлт-азаттық көтерілістер ұлттық тарихымызда ерекше орын алары сөзсіз. Дұшпан күштерінің көтерілісшілерден соғыс қару-жарақтары жөнінен айқын басымдығы, қазақ көтерілісшілерінің күрес тактикасы мен әскери ұйымдасуы жағынан әлсіздігі көтерілісшілердің жеңілуін тездетті.

Сонымен қорыта келгенде, қазақ жерінде патша үкіметі мен жергілікті халық арасындағы теке-тірестің басталуының негізгі себебі патша үкіметінің шешімі бойынша қазақтардың еріксіз жұмыстарға жегілуінде, жолды пайдаланудағы, керуендерге қызмет көрсетудегі ауыр салықтар, сондай-ақ патша өкіметінің қоныс аударушылық саясатында жатты.



Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген еді «Біз тәуелсіз еліміздің бүгінгі биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың әз аманаты алдында, ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп тағзым етеміз. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады» [2]
Әдебиет


  1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 3 том Алматы, 2002

  2. Салмырза Ж.І. Сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы (XIX ғасырдың екінші жартысы- XX ғасырдың басы) Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайндалған диссертацияның афторефераты. Орал, 2010

  3. Құрманалин С.Б. 1847-1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның афторефераты. Орал, 1999

  4. Жұмақаева Б.Д. Қазақстан тарихы Алматы, 2010

Каталог: rus -> all.doc -> sovremennost20 -> 1-tom
1-tom -> ӘОЖ: 338. 24 АумақТЫҚ экономикалық ЖҮйелердің БӘсекеге қабілеттілігін дамыту шарттары мен факторлары
1-tom -> Хіх ғасырдың ІІ жартысындағы жетісу өҢіріндегі жер мәселесі рүстемова М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Әож 936. Орыс билігінің Жетісуға енуі және жетісу қазақтарының азаттық қозғалысы
1-tom -> Әож 936. 1917 жылдағы ақпан төнкерісі және сыр бойындағы жергілікті халықТЫҢ саяси-әлеуметтік жағдайы
1-tom -> Экоцид қылмысының ТҮсінігі тұрсынбаев М. Б., Жадраев И. К. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> ҚҰс атауларының СӨзжасамдық ҚҰрылымы, типтері мен үлгілері үсен Н. П. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> МоңҒол тілді аңыздар мен ауызша деректер көне түріктер мен қазақтар жайында ақылбеков Р. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
1-tom -> Интеллект психологиясы үсенова С. М., Абдыбаева Г. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Қазақ халқының материалдық МӘдениетінің даму ерекшеліктері тәжібекова А. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
1-tom -> Әож 801. 311(5 Каз): 81'373. 611 Қазақстан топонимдерінің ҚҰрылымдық ЖҮйесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет