Түркістан облысының тау бөктеріндегі Алатау ауылында шұғыл шақырумен келген жедел жәрдем көлігі қарға батып қалды. Оған қоса, қолайсыз ауа-райынан ауылда жарық сөніп қалған. Дәрігерлер әйелді шұғыл түрде телефон фонарының жарығымен үйде босандырып алуына тура келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кazpravda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Кazpravda.kz

Жедел жәржем көлігі қарға батып қалғандықтан, дәрігерлер жаяу жүріп, шақырту түскен үйге барды. Медицина мамандары босанған әйелдің үйіне жеткенде, оның толғағы басталып кеткен екен.

Төлеби аудандық № 12 жедел жәрдем пунктінің қызметкерлері Ербол Сартаев, Асан Алтаев, Нұржан Пернебек қызметін дұрыс орындап, түркістандық сәби  аман-есен өмірге келді. Үйде қатты желдің кесірінен жарық сөніп қалған еді. Әйелді ұялы телефон фонарының жарығымен босандырып алуға тура келді. 

Жел басылғанда, ана мен бала Ленгер қалалық ауруханасына жеткізілді. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен оның анасының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұған дейін Петропавлда дәрігерлер инсульт алған науқасты шанамен тасымалдағанын жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.