Әок 28. 12: 591. Талас өзені алабында тұтыну суын пайдалануды экологиялық ТҰРҒыда негіздеу



жүктеу 56.08 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі56.08 Kb.

ӘОК 628.12: 591.9
ТАЛАС ӨЗЕНІ АЛАБЫНДА ТҰТЫНУ СУЫН ПАЙДАЛАНУДЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ
Даркенбаев Е.Д., Естаев Қ.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.

Талас өзені алабының су теңдестігін (балансын) сипаттау үшін, алдымен екі гидрологиялық облысты ерекше атап өтуге болады, олар қалыптасу облысы және ағыстың таралу облысы. Ағынды қалыптасу облысының аймағына өзеннің таулы бөлігі жатады, бұл жерде ылғалданудың кіріс бөлігі оның шығыс бөлігінен басым, оның басты себебі мұндағы орналасқан шаруашылық жүйесі өзен ағысына айтарлықтай белсенді әсер ете алмайды. Ағыстың таралу ауданы өзеннің жазық өңірде орналасқан, мұнда су қорының кіріс бөлігі шығыс бөлігіне қарағанда ондаған есе аз.

Талас өзені алабының су ресурстарын экологиялық тұрғыда негіздеу үшін алаптың ең ірі өзені - Талас өзенін негізге аламыз. Талас өзенінің халықшаруашылығына қажеттіліктің есебімен құрылған, жер және су ресурсын пайдалану дәрежесі, ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан халықтардың әлеуметтік және экологиялық жағдайын толық елемеудің нәтежесінде, шектен асып кетті деп сипаттауға толық болады. Осыған байланысты, табиғи жүйелердегі өзін-өзі басқару және реттеу қабілетінен айрылған аймақтардағы, әлеуметтік және экологиялық жағдайын қалпына келтіру және қайта құру үшін, ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялауды экологиялық тұрғыда негіздеуді қажет етіп отыр [1, 2].

Суғару жүйесін жобалаған кездерде, табиғи қорды теңгермелікте пайдалану көз-қарасында, табиғи ландшафттарды экологиялық теңгермесін сақтайтын және қалпына келтіретін, жерді пайдаланудың экологиялық қағидасының негізін құруды қажет етеді.

Өзен алабы шегіндегі су және химиялық заттардың биологиялық және геологиялық айналымының жаратылыс қарқынын сақтау және агро-ландшафттардың өнімділігін көтеру үшін, жер-судың құрамында ауыспалы егістік, ормандар, шабындық және жайылым, жаратылыс өсімдік жүйелері бар бөлімшелер және су заттары болу керек. Олардың қатынастық ауданы, табиғи жүйенің топырақ, гидрогеологиялық және геоморфологиялық жағдайы мен жобаланып отырған алаптың экологиялық ахуалын ескере отырып анықтайды.

Табиғи жүйені дұрыс пайдалану, өзіне бірдей мағаналы екі шарадан құрылуы керек: техникалық жүйені қорғау және экологиялық жүйені, оның тірі денелерімен бірге, олардың орнықтылығын бұзбас үшін, қолайсыз әсердің әрекетінен сақтау. Осыған байланысты табиғи ресурстарды пайдалану немесе табиғатты қайта құру үрдісіндегі табиғи жүйенің орнықтылық дәрежесін, экологиялық жүйеге түсірілетін табиғи-техникалық қысымның мүмкіншілік шамасын анықтауға арналған, оның орнықтылығын анықтауға арналған сынақтық сапа ретінде қарауға болады.

Бұл үшін, экологиялық көзқараста ауылшаруашылық жерлерді мелиор-ациялау үшін табиғи-өндірістік кешендердің қолдануға болатынындығын бағалауға, түрлендіретін ортаның бағасын беруге арналған және экожүйелік келіске негізделген қызметтік-табиғи заттардың үлгісін [3] пайдаланған дұрыс.

Ұсынылған табиғи ортаның жағдайын бағалау әдістемесі негізінде [3] ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялауды экологиялық тұрғыдан негіздеудің әдістемесін құрды, ол техникалық әсердің кезіндегі ыңғайсыз серпінділік коэффициенттіне негізделген (NR – адам үшін; Пr – өмір сүру ортасы үшін): .



және мәні 0 ден 1-ге дейін өзгереді, еске сала кететін жағдай коэффициенттің өскені жағдайдың нашарлағанын көрсетеді.

Бұл көсеткіштерді бағалау үшін мына байланыстарды байдалануға болады:





мұнда - ауаны улы заттармен ластау, улы химиялық заттармен ластаған жер асты суларын ауыз суға пайдалану және өндірістік заттардың техникалық ластауының аймағындағы ауаның сапасының нашарлауын бірге қарайтын көрсеткіш; - суғаруға өзен суларын пайдалану; суғаруға ақаба суларды пайдалану - бөлшектердің қасиетінің нашарлағанын көрсететін жеке көрсеткіштер(адам үшін ол – лас суды және уланған аумен байланысты аурулардың пайда болуы динамикасы -, топырақ және ауылшаруашылық дақылдары үшін – топырақтағы улы тұздардың маңызы, жер асты суы үшін – жер асты суының тереңдігі және тұздылығы -; - жөндеу коэффициенті (топырақ және жер асты суы үшін , ауылшаруашылық дақылдары үшін ); - топыраққа жәнежер асты суына улы химиялық заттардың және нитраттардың түсуі.

мәні мына өрнекпен бағаланады:
,
мұнда және - табиғи жүйедегі және кезеңіндегі, оның бөлшектерін сипаттайтын аудан (тұзданған, жер асты суының деңгейі және басқалар).

Жер асты суына және топыраққа ( улы химиялық заттардың және нитраттардың түсуі қарқынын мына өрнек арқылы анықтауға болады:


;

,
мұнда - тұрақты сан, улы химиялық заттардың түріне байланысты; - сүзіліп қоректену қарқыны (қатынастық шамасы); - сүзілуге қарсылық көрсеткіші.

Табиғи жүйенің экологиялық жағдайын бағалау үшін мына өрнекті пайдалануға болады [3] :


,
мұнда - табиғи жағдайды сипаттайтын көрсеткіш.

Тұзданған кәріз суларын су көзіне тастау, оның төменгі ағысындағы орналасқан ландшафттық жүйелердің экологиялық жағдайдың () нашарлауына алып келеді және осны мына өрнекпен анықтауға болады [3] :


,
мұнда - суғару желісіндегі судың сүзілуінен болатын шығын; - кәріз суларының тұздылығы, г/л; - өзенге тасталатын кәріз суының көлемінің қатынастық шамасы.

Табиғи ресустарды теңгермелі пайдалануды қамтамасыз ететін, ландшафттық-экологиялық жүрістің негізінде, жобада қапрастырылып отырған суғару жүйенің көрсеткіштері анықтадлған, ол көптеген жағдайда, адамның өмір сүретін ортасы ретінде, табиғи жүйедегі жобаланып отырған экологиялық жағдайға байланысты.

Суғармалы егістік жердің құрамына орман жолақтарын енгізудің негізгі мақсаты, кәріз суларын қәуіпсіз және барынша пайдалануға бағытталған. Бұл кезде, орман жолақтарының ауданы ландшафтардың экологиялық орнықтылығын қамьтамасыз ету мақсатында, мына өрнек арқылы анықталады: , мұнда – ландшафтардың экологиялық орнықтылығын қамьтамасыз ететін орман жолақтарының ауданының қатынастық шамасы. Табиғи жүйедегі өсімдіктің түрлерінің әртүрлігін сақтау үшін жайылым және шабындықтар жүйесін құру керек және оның құрамында жабайы шөптердің көп болғаны мақұл.

Табиғи жүйені қорғайтын агроландшафттардың құрамына, герграфиялық ортаның бөлшектері ретінде су қоймалары да кіру керек. Өзен алабына тасталантын кәріз суларының көлеміін азайту үшін көл жүйелерін пайдаланған жөн. Бұл жағлдайда көл жүйесіне тасталатын кәріз суларының көлемі көлдегі су көлемінің 10 пайызынан асып кетпеуі керек.



Сонымен, ландшафттардың табиғи орнықтылығын және теңгермесін сақтау, табиғи-техникалық қысым түсіру кезіндегі олардың теңгермелік жағдайда қалыптасуын және қызметін қмтамасыз ету үшін, табиғи және мәдени ландшафттардың тіркемесінің мүмкіншілігін анықтау керек.

Әдебиет

  1. Ишанкулов М.Ш., Ропот Б.М. Таласский массив орошения. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 211 с.

  2. Гидрогеологические основы оросительных мелиораций в бассейне рек Чу и Талас. - Л.: Гидрометеоиздат, 1990. - 342 с.

  3. Мустафаев Ж.С. Природно-экологическая оценка основных агролиматических зон Казахстана (Аналитический обзор). - Жамбыл, 1994. - 86 с.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет