«Ер есімі – ел есінде» Анель: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ер есімі – ел есінде»



жүктеу 72.58 Kb.
Дата02.11.2017
өлшемі72.58 Kb.

«Ер есімі – ел есінде»
Анель:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» атты әдеби-композициялық кешімізге қош келдіңіз!


Алдияр:

Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін

Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.

Жауды жаншып, Отанды азат еткен

Құрметпен қарсы алайық жеңіс күнін – дей келе сіздерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Биыл Ұлы Жеңісімізге 72 жыл толғалы отыр!
(Көрініс «Майданға аттану»)

Әже:Балаларыма ата-баба аруағы жар болсын. Ақ жол тілеймін.

Қыз: Елге жеңіспен оралыңдар. Біз тылдағы еңбегімізбен жеңісті жақындатуға үлес қосамыз.

Жігіт:         

 Барамыз тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, түн қату

Өлтіру өлу атыста

Жігіттің жігіт болғаны

Жаудан елін сақтаса

Қояндай бұғып қашпаса

Атой сап жауға кіремін

Ұлы Отаным сен үшін!

Көріскенше

Біз Жеңіспен ораламыз!
Алдияр:

1941 жыл 22 маусым. Таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Бұлт төндіріп аспаннан,
Талай көзден жас тамды.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
Анель:

Майдан даласындағы қанды соғыс журіп жатты.Соғыс тарихында Дубосеково разьезінде Клочков басқарған взвод жауынгерлері ерлігі, 23 қаза тапқан 28 понфиловшының ерлігі ерекше аталды. 28 дің 22сі Қазақстандықтар еді.




Алдияр:

28 панфилов қатарында Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы  сияқты ерлер болды. Алматы төріндегі Панфиловшылар паркі бүгінгі  жас ұрпақтың ерлікке тағзым етер алаңына айналды.

Оқушы: Бауыржан Момышұлы


Ел аузында аңыз болған есімі


Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді

Ерге лайық мінегі оның найзағай,

Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.

 

Қалт еткенде естеліктер қалдырып,



Қоршау бұзған қоршау бұзған жауды естен тандырып,

Ер Бауыржан ата есімі рух берген,

Жүректерде жігер отын жандырып.

 

Қызу қанды командир ол намысты,



Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың

Батыр ата Бауыржандай арысты.
 

Алдияр:

Ұла Отан соғысының отты жылдарында 60 мыңнан астам Қазақстандық жауынгерлер орден, медальдармен марапатталды. 500-ге жуық Қазақстандық жауынгерге кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұлардың арасында Шығыстың батыр қыздары — Әлия мен Мәншүк те бар еді. Алдарыңызда 5 сынып оқушылары:


 Әлия –Мәншүк ер қыздары елімнің

 Әлия –Мәншүк –гүл қыздары жерімнің

 Әлия –Мәншүк аттары әнге айналған

Әлия –Мәншүк қос жұлдыз көкте жайнаған.


Сонау жылы жер - көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.

Айтамыз біз өлең ғып,


Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.

Анель:

Соғыс жылдарында Қазақстан тылында жеңісті жақындату үшін еселі еңбек үлгісі көрсетілді. Еңбекшілер майданға көмек ретінде 1600 вагон сыйлық жіберді. Олар жылы киімдер, азық – түліктер еді. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Ел атынан қарт ақын Жамбыл Жабаев жауынгерлерге дем берді.


Алдияр:

Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.

Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері,

Оқушы:_Жамбыл_бейнесі_(сахнадан_өтеді)'>Оқушы: Жамбыл бейнесі (сахнадан өтеді):

Балаларым – жанарым.

Таптамаймыз, бермейміз.

Гүлденген басты алабын,

Ленин атты қаланың

Бұрхана түс балаларым

Қорғаным, құрыш, қамалым.

Анель:

1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг үстінде барлаушылар М.Егоров пен Кантария тіккен жеңіс жалауы желбіреді. Жеңіс туын тігушілердің бірі қазақ батыры Р.Қошқарбаев еді.


Оқушы: Соғыс даласы: Рақымжан Қошқарбаевтың бейнесі.

            «30 сәуір күні қатардаңы жауынгер Григорий Булатов екеуіміз Кенинглац алаңы арқылы бораған оқ астында алға еңбектедік. Менің қолымда аты – жөніміз жазылған қызыл жалау. Біздің шабуылшы тобымыз үйдің оң қанатын ұрыспен алғанда біз өз жалауымызды екінші қабаттың терезесінен  желбіреттік.»

            Сол күндердің оралмауын тілеймін,

            Тыныштықтың күзетінде түнеймін.

            Өйткені мен ұрпағыма, жұртыма,

            Бейбітшілік тілеймін.


Оқушы:

Сүйінші халқым,  сүйінші

Сүйіншіге сүйінші.

Шаттан ата – анамыз,

Шаттан ата – бабамыз.
Оқушы:

Сүйінші халқым, сүйінші,

Сүйіншіге, сүйінші.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жауды жеңдік күресте,

Жасалсын той мереке

Адамзат аңсап күткен күн,

Сұрапыл соғыс біткен күн.

Алдияр:

Халықтың қуанышында шек жоқ. Майдан даласынан жауынгерлер елге оралып жатты. Хабарсыз кетекендері де қаншама. Қазақстан Халық жазушы, сыршыл ақын Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңі ән жазылып, міне, әр жылдың көктемінде айтылып келеді. Алдарыңызда гимназиямыздың 5 сынып оқушылары «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнімен шығады, қарсы алыңыздар!


Соғыстан қайтқан солдаттар

Жаутаңдай қарап дала тұр,

Көз жасын сүртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға

Жолыңды тосып ана жүр.

Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар,

Көрдің бе ұлын ананың,

Соғыстан қайтқан солдаттар.

 

Кешікпей жарым келер деп



Төрінен сайлап орынды.

Батысқа қарап елеңдеп

Ару жүр тосып жолыңды.

Көтерді бәрін ауырдың

Азамат болып арды ақтар.

Көрдің бе жарын арудың,

Соғыстан қайтқан солдаттар.

 

Кетерде солдат жарының



Ішінде қалған ана жыл.

Көкемді айтпай танырмын

Деп бір сәби бала жүр.

Қайрылмай қалай кетесің

Хабарсыз қалай ол тоқтар.

Көрдің бе оның көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар.

 

Қаралы қағаз жіберіп,



Қаншама қайғы салды оқтар.

Барады үнсіз түнеріп

Соғыстан қайтқан солдаттар. (2 рет)

Анель:

Құрметті көпшілік қауым. Бүгін міне Ұлы жеңістің 72-ші көктемі келді. Аға ұрпақтың ерлік істерін «Ер есімі – ел есінде» дей отырып бүгінгі жас ұрпақ құрметтейді. Ұрпақ үніне құлақ түріңіздер. Алдарыңызда 5 сынып оқушылары «Сарбаздар» әнімен.


Сарбаздар
Сайдың серке тасындай қатар тізілген,

Шеру тартқан көркіне елін сезінген

Ән салшы, сарбазым, назданып салған өзіңе әнім
Қайырмасы:

Ай хай қамажайым ай, салған әнің ай,

жабырқадым ай хай күтсең болғаны-ай

Жалаулаған алаулап жігер күшім сен,

Ауылың мен бауырың аңсағаным мен.

Ән салшы, сарбазым, ұсынған тілек өзіңе назым


Қайырмасы:

Ай хай қара көзім ай, тұнған сезім ай,

Жандырады ай хай айтқан сөзің ай

Ай хай қамажайым ай, салған әнің ай,

Жабырқадым ай хай күтсең болғаны-ай

Қыздың серкін армандап ердің жүрегі,

Азаматым боларсың елдің тірегі.

Ән салшы, аруым, жүректе жанған оттай қаруым


Қайырмасы:

Пай пай қырандарым ай, ұландарым ай,

Шарықтасын ай хай ұрандарың ай

Ер жігітке аманат туған даласы,

Даласына жарасар сұңқар баласы

Ән салшы, сарбазым, күтумен жүрмін өзіңді жаным


Қайырмасы:

Ай хай тұран белім ай, айтар келім ай, аялаған ай хай ардақты елім ай

Ән салшы, аруым, жүректе жанған оттай қаруым

Ән салшы, сарбазым, назданып салған өзіңе әнім


Ай хай қара көзім ай, тұнған сезім ай, жадырады ай хай айтқан сөзің ай

Ай хай қырандарым ай, ұландарым ай, шарықтасын ай хай ұрандарың ай

Ай хай қырандарым, ай ұландарым ай, шарықтасын ай хай ұрандарың ай

Оқушы: «Бейбітшілік маршы»

Өмір керек маған, саған, оған да,

Өмір көркі біздің туған қоғамда.

Таза ауадай жер үстінде жасасын,

Бақыт, теңдік, бейбітшілік қашанда.

Бейбітшілік халық ұраны,

Лаула мәңгі өмір шырағы.

Бүкіл әлемде шалқар,

Жол жоқ! Қанды соғысқа!


Алдияр:

Құрметті, жиналған қауым, ардагерлерді құрметтеу жас ұрпақты ерлікті үлгі етуге баулу мақсатында өткізілген салтанатты кешіміз аяқталуға жақын. Кешімізді қорытындылау үшін сөз  гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоқаева Назгүл Мұратбекқызына беріледі. Назгүл Мұратбекқызы, сөз кезегі өзіңізде.



                               

Алдияр: Бауыржан Момышұлы айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған  ер ғана бақытты» дегендей бізге бейбіт өмір сыйлаған ержүрек батырларымыздың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Каталог: uploads -> doc -> 0b6b
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0b6b -> Сабақтың тақырыбы: "Туған жер" Мақсаты: а білімділік: оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет