Ерекше қОРҒалатын табиғи аумақтар жерлерінің ҚҰҚЫҚТЫҚ жағдайы



жүктеу 119.81 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі119.81 Kb.

УДК 495.12
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР

ЖЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Налибаев М.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақстан аумағы шөл далалардан бастап биік тауларға және ішкі теңіздердің экожүйелеріне дейін ландшафтық кешендердің бірегей жиынтығына ие. Еліміздің экономикасы дамуының үдемелі қарқыны және табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі жағдайында табиғатты аумақтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі көкейтесті сипат алып отыр. Нақ осы жағдайлар мемлекеттің биологиялық сан алуандылықты сақтаудың пәрменді жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын одан әрі дамыту қажеттігін айқындайды.

2004 жылғы наурызда «Мемлекеттік табиғи-қорық қорын дамыту проблемалары мен перспективалары» атты Парламенттік тыңдаулар өткізілуінің қорық ісін дамыту үшін зор маңызы бар, онда Қазақстанда табиғатты аумақтық қорғау жүйесін дамыту проблемалары талқыланды және оларды шешу жолдары айқындалды.

1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жарияланды, ол Қазақстан 2030 жылға дейін ауасы таза және суы мөлдір, таза және жасыл желекті елге айналуға тиіс екенін паш етті. Бұл аталған бастамалар 2012 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» стратегисы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халықа жолдауының негізі болып табылады.

ЕҚТА-ның жүйесін құру осы мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі болып табылады. ЕҚТА-ның оңтайлы желісін қалыптастырудың басты міндеті қорықтық ұйытқылар (қорықтар мен ұлттық парктер) өзара күзеті онша қатаң емес аумақтармен (қаумалдар, қорықтық аймақтар), сондай-ақ экологиялық желі элементтерімен - экологиялық дәліздермен, орман алқаптарымен, су қорғау аймақтарымен және жолақтарымен әрі басқа да қорғалатын табиғи аумақтармен қосылатындай олардың біртұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының 10 мемлекеттік табиғи қорығы, 10-нан астам мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 3 мемлекеттік табиғи резерваты, 50 мемлекеттік табиғи қаумалы, 127 геологиялық, 58 геоморфологиялық және 19 гидрогеологиялық объектісі, 5 ұлттық қорық аймағы, 26 табиғат ескерткіші, республикалық маңызы бар 5 мемлекеттік ботаникалық бақ, жергілікті маңызы бар 2 мемлекеттік табиғи парк жұмыс істейді.

Республикалық маңызы бар ЕҚТА жалпы көлемі 22038,7 мың гектарды - мемлекет аумағының 8,1%, оның ішінде заңды тұлға мәртебесі барлар 4689,1 мың гектарды - мемлекет аумағының 1,7% құрайды.

Осы көрсеткіштің жалпы жұрт таныған дүниежүзілік стандарттары - 10-12% болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғи-қорық қорының қазіргі жай-күйіне жасалған талдауға сәйкес, сүтқоректілердің 178 түрінің 140-ы (78,6%), оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына (1991 жылы шығарылған) енгізілген 22 түрі немесе осы кітаптағы сүтқоректілер жалпы тізімінің 61,1%, құстардың 346 түрі (87,4%), бауырымен жорғалаушылардың 31 түрі (63,2%), балықтардың 23 түрі (22,1%) қорғалатынын, алайда олардың Қазақстанның бірегей флоралық және фауналық сан алуандығын сақтауды және табиғи экожүйелердің бүкіл кешенінің орнықты жай-күйіне жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ете алмай отырғанын көрсетеді [1].

Алтай, Қазақстан, Қаратау және Қызылқұм арқарлары мекендейтін жерлерде сенімді қорғалатын аумақтар қажет. Шөл сүтқоректілері - қарақұйрық, құлан, сабаншы, қарақал, шұбар күзен үшін қорғалатын аумақтардың жеткіліксіз екені айқын. Қорықтық аумақтарда сүтқоректілердің 37 түрі (21,1%), оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген 12 түрі мүлдем кездеспейді. Бұлар Жайық өзені аңғарында мекендейтін жұпар тышқан, орман сусары, еуропалық қаракүзен, Еділ-Жайық құмдарында мекендейтін алып көртышқан және т.б.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының аумағында ЕҚТА орналасуын оның ғаламдық түсінігіндегі "экологиялық желі" ретінде жіктеу қиын. Сонымен бірге, қазір Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай өңірінде аймақтық мемлекетішілік экологиялық желілер қалыптасуда. Мемлекетаралық деңгейде де экологиялық желілердің элементтері қалыптасып жатыр, олар - Батыс Тянь-Шань және Алтай-Саян экологиялық өңірлері. Басталған жұмыстар және әзірленіп жатқан көзқарастар экологиялық желіні ұйымдастыру таулы ормандар сияқты көкейтесті сипат алып отырған барлық табиғи кешендер бойынша (орман, дала, орманды дала, шөлдер, жартылай шөлейт жерлер, жағалау және су экожүйелері) жалғастырылуға тиіс.

Осынау күрделі міндеттерді орындауды қатаң антропогендік қысым жағдайында шешуге тура келуде. Осындай жағдайларда флора мен фаунаның сирек кездесетін және бірегей түрлерін, жансыз табиғат объектілерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың оңтайлы жүйесін ұйымдастыру жолымен ғана сақтауға болады.

«Бүгінгі таңда жаман экологиялық жағдай, өлімнің 20%-нің себебі болып отыр, ал кейбір аумақтарда жағдай одан да күрделі» [2].

Бабаларымыздан мұра болып қалған еліміздің тамаша табиғаты, халқымыздың эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, оның әлеуетін көтеретін, табиғи сұранысын өтеуге қабілетті, құрамы қазба байлыққа бай өлкеміздің радиоэкологиялық ахуалы бүгінде осыншалықты күрделі жағдайда қалып отыр.

Бұл қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ол бұзылған және тіпті қазіргі кезде де бұзылып жатқан экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру және мүмкіндігінше оны қалпына келтіру болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін бізге белгілі бірнеше паралелльді, бір бірімен байланысты және бірдей тең орындалуға жататын жолдар бар. Ол, біріншіден қоршаған ортаны ластанудан қорғау, адамның өзінің өмір сүру ортасын жақсарту; екіншіден табиғи ортаны тиімді пайдалануды және қалпына келтіруді ұйымдастыру.

Экологиялық қорғау тізбектің үшінші буыны және жолы болып, экологиялық жүйенің тепе-теңдігін анықтайтын элементінің бірі табиғи алуан түрлілікті сақтау табылады. Табиғи алуан түрлілікті сақтау ол: табиғаттың алғашқы қалыптастырған және аз өзгерген учаскелерді, өсімдіктер және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін және байлығын, болашақ ұрпақтарға табиғаттың уникалды және табиғи ескерткіш объектілерді және комплекстерді қорғауды білдіреді.

Біздің ойымызша, адамның өмір сүруіне жақсы жағдайлар жасау үшін келісуге мүмкіндік беретін жағдайлар құру. Адамның қолайлы жағдайда өмір сүруінің негізгі белгілері қоршаған ортаның қолайлы жағдайы.

Соған орай, экологиялық жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту керек. Әйтпесе, қоғам күндегі мәселелерді шешумен айналысу кезінде, көбінесе экологиялық жағдайды жақсартуға көп көңіл бөлінбейді. Экономикалық жағдайдың көтерілуі өз бетінше азаматтарға қолайлы жағдайды жақсартуға көп көңіл бөлінбейді. Экономикалық жағдайдың көтерілуі өз бетінше азаматтарға қолайлы жағдайына кепіл бола алмайды, адамдар жылдан жылға өз денсаулығына және ластанған қоршаған ортаға теріс қатынас жасаудың арқасында одан әрі ауру болып жатқандығы, гүлденген экономиканы болжау қиын емес. Бұл дегеніміз – экологиялық жағдайды жақсартудың өзге де шараларын қолдану керек.

Осы орайда біз қолданыстағы заңнаманы келешекте жетілдіру үшін мынандай ұсыныстар айтамыз:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларына талдау жасай отырып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтартуралы заңда «ерекше қорғалатын табиғи аумақ», деген ұғым кездескенімен «ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері» деген ұғым көрініс таппаған. Сол себепті, ерекше қорғалатын аумақ жерлері дегеніміз- кеңістігінде бағалы табиғи немесе қолдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау-саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар жерлерін айтуға болады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Бұл түсінікті ерекше сипаттайтын элементтерді қарастырып көрейік. Біріншіден, жалпы мақсат – табиғатты сақтау, зерттеу, экологиялық тепе - теңдікті сақтау және т.б. Екіншіден, жалпы мақсаттылыққа қарамастан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың функциялары мен мақсаттарындағы айырмашылықтардың болуы. Үшіншіден, пайдаланудан босату немесе оны шектеу. Кейде шаруашылық іс-әрекеттерге жол беріледі, бірақ қатал орнатылған жағдайда және тәртіпте. Бұл табиғатқа зиян келтіретін және оған қауіп төндіретін әртүрлі іс - әрекеттерге жол берілмейтіндігін білдіреді. Төртіншіден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды анықтауда маңызды элемент ол, олардың құқықтық жағдайы: құқықтық режим және оның ерекшелігі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға ұсынылған ұғымдардың анықтамасын енгізу қажет.

2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің қағидалары дегеніміз – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатынастардың құқықтық реттелу сипатын және бағытын анықтайтын, негізгі басшылыққа алатын идеялар.

3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің қайнар көздерідегеніміз - қоршаған орта саласындағы қатынастарды, экологиялық қатынастарды, соның ішіндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер және халықаралақ шарттар жатады

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құқықтық қорғау – қоршаған ортаны жалпы құқықтық қорғаудың құрамдас бөлігі және сонымен бірге экологиялық құқық жүйесіне институт болып табылады.

Бұл үшін қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғаудың нормалары жеке институт ретінде, жоғарыдағы белгілердің барлығына сай келеді.

Біріншіден, құқық институты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау, жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет қызметі мемлекеттік инспекторларының құқықтық мәртебесi, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік өмірлік табиғи парктер,мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер, мемлекеттік табиғат ескерткіштерi, мемлекеттік табиғи қаумалдар, мемлекеттік қорық аймақтары және тағы да басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл қатынастар өз мазмұны бойынша біртекті әрі құқық институтындағы нормалармен сәйкес келеді.

Екіншіден, құқық нормаларының заңдық бірілігі – бұл барлық құқық институттарының басты белгісі болып табылады.

Үшіншіден, оның заңдық еркшеленуі яғни ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құқықтық қорғау институтының эклолгия құқығының басты құрылымдық бөлігі ретінде экологиялық заңдар жүйесіне өз орны бар.

Біздің ойымызша, құқық нормаларының құрылымдық белгілеріне жоғарыда жасалған талдауларға сай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық нормалары экологиялық құқықтың ерекше бөлімінің институтын құрайды.

4.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік реттеу дегеніміз – мемлекеттің табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өндірістік-техникалық қамтамасыз етуге және матераилдық-техникалық қамтамасыз етуге, субъектілердің қызметін ұйымдастыруға нормативтік актілер шығару жолымен әсер ету, мемлекеттік билік органдарының ұйымдасқан қызметін жүзеге асыру және экономикалық әдіс арқылы реттеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылық органдардың жалпы құзыретін басқару.

Арнайы осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бақылайтын және реттейтін мемлекеттік атқарушы органның нақытыланбағандытан Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Ауыл шаруашлығы министрлігі арасында құзіретіліктері анықталмағандықтан көптеген осы мәселені реттейтін заңда кемшіліктер туындап тұр. Сонықтан қорықтар, ұлттық парктер және т.б. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін қорғау мақсатында қорықтар мен ұлттық парктер, бақтар және т.б. ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметімен айналысатын және оны ұйымдастыратын аумағында арнайы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын біртұтас органдар құру қажеттігі туындап отыр.

Сол себепті ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін басқаратын және қазметін жүзеге асыратын заңи мемлекеттік орган Қорғаған ортаны қорғау министрлігінің ішінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Агенттігін құру мәселесі туындап отыр.

5. Жағдайға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін кеңейту қорықтық режимдегі аумақтар санын көбейту, соңғы айтылғанға жету үшін заказдық және реттелетін шаруашылық режимнің тікелей қорық режиміне өзгерту қажет. Осы жағдайда табиғатты және оның ерекше құнды объектілерін сақтап қалу үміті көбірек болады.

Сонымен табиғатты қорғау, санитарлық эпидемилогиялық, салықтық және кеден қызметтері, стандарттау және сертификаттау органдары, қадағалау жүргізетін инстанциялар қызмет өрісін заңды түрде қосымша реттеу, қоршаған ортаны қорғау саласында тығыз бірігіп жұмыс істеу арқылы сапасыз азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерін импорттауды тоқтату, шығаруға мүмкін және зиянды, қауіпті және радиоактивті заттар мен қалдықтарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көмуге жол бермеу. Сапасыз және зиянды өнімдерді кіргізе алатын болсақ, онда бұл салада қатаң бақылау және қадағалау белгілеуді талап етеді. Мұндай адамға қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу. Өндіріс қалдықтарын және өзге де қалдықтарға байланысты бүгінгі күнде арнайы нормативтік актілер қабылдау ұсынылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін кеңейту де ұлттық парк режимдегі аумақтар санын көбейту, оның ішінде көптеген ұлттық парктердің барлығы Оңтүстік, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда орналасқан ал Батыс Қазақстанда бірде бір ұлттық парк жоқтың қасы. Бұл дегеніміз осы жерде ешқандай дем алатын көрікті әсем парктер жоқ дегенді меңзеп тұр. Осыны қолға алып мемлекеттік ұлттық парктер туралы тізімді өзгерту керек.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзған әрбір адам соған сай жазаға тартылы тиіс. Сондықтан да, заңи жауапкершілік институтын жаңарту қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдасына сәйкес, қоршаған ортаға келтірілген залал үшін жауапкершілік бірдей нормативтік актілермен белгіленуі керек делінген. Мұны арнайы нормативтік акті шығару арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалға, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы немесе қылмыстық кодекстегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін материалды қылмыс құрамдарын формальді қылмыс құрамына өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Себебі қоршаған ортаға, табиғатқа қарсы жасалған қылмыстық әрекеттердің нәтижесі бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана белгілі болады. Ал қылмыстың зардабы туындаған кезде ол қылмысты нақты жасаған тұлғаны тауып жауапкершілікке тарту, әрине мүмкін емес.

7. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дұрыс және толық тамақтану және жеке гигиенаны сақтауды түсіндірумен қатар, үндеуде экологиялық тәрбие және оқыту атаулы бізді қоршаған орта, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы білімдерді насихат жүргізу, біздің осы табиғи байлықты қорғау міндеттілігін насихаттау жүргізудің маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен қатар, құнды табиғи объектілерді жан-жақты концервациялау арқылы ғана мұндай жерге түрлі адамның зиянды әрекетін төменгі дәрежеге әкелу немесе жою. Ал енді ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жекелеп тоқталатын болсақ, біздің көзқарасымыз бойынша, олардың қызмет ету және қорғалу тиімділігін көтеру үшін, біріншіден, бұл аумақтардың жұмыскерлерінің материалдық мүдделі болуын күшейту, режимді қорғауға байланысты құқықтыран кеңейту, бұл аумақтарды жеткілікті және сапалы көліктермен, соның ішінде әуе көліктерімен қамтамсыз ету.



8. Елімізде 2017 жылы «EXPO-2017» атты көрмесі өткелі отыр. Бұл бір шетінен туристік индустриян датымудың негізгі жолы, сонымен қатар еліміздің ерекше табиғи аумақтарын басқа мемлекетке паш ету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды заман талабынас сай дамыту, оларды кеңейту, сондай-ақ арнайы құзіретті органдардың қызметтерін заң тұрығысанан жетілдіу керек. Осы мәселеге байланысты алдын ала дайындала отырып, құзырлы органдар нормативтік құқықтық актілер әзірлеп, оны жариялау керек. Сондай ақ ерекше қорғалатын аумақтар жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдар аралығындағы бағдарламасы өз мәресіне жетті, бірақ бұдан бері бірде бір бағдарлама қабылданған жоқ. Сол себепті Ерекше қорғалатын аумақтар жүйесін дамытудың 2014-2020 жылдар аралығындағы бағдарламасын қабылдап жоғарыдағы аталған мәселелерді енгізу керек.
Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі N316 Қаулысы //Әділет нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. - 2013.

  2. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 9 желтоқсан 2003 ж.(күші жойылған)//Әділет нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.-2013.

  3. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 07.07.2006 жылғы заңы//Әділет нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.-2013.

  4. Сагынбекова Г.М. Некоторые правовые проблемы охраны природно-хозяйственных комплексов. // Вестник Университета им. Д.А. Кунаева, 2003, №4, С.158-160.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет