Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы



жүктеу 63.56 Kb.
Дата16.11.2018
өлшемі63.56 Kb.

Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Экология

Тақырыбы: Қазақстан-ортақ үйіміз

Мақсаты: Балалардың қоршаған орта, табиғатпен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау есте сақтау зерделеуін дамыту. Өз Отанын, туған жеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу, айнала қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Ертеңгі ел болашағы болып табылатын балғындардың өз елінің тарихына, табиғатына деген қызығушылықтарын арттыру, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, дәйексөз

Көрнекілігі: ҚР картасы, презантация суреттер, слайд, техникалық құралдар.

Билингвизм компоненттері:Ортақ үйіміз- наш общий дом


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

шылық-ояту

Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық.

Рефлексивті- түзетушілік.



Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін бізде әлеуметтік саласы бойынша экология оқу іс-әрекеті.Экология дегеніміз не? Біз нені оқып үйренеміз.

- Табиғат дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

- Иә, дана халқымыз табиғатты қадір тұтқан.Қазақ халқы ұғымында табиғат деген қасиетті сөз. «туған жер», «өскен ел», «атамекен» деген тұла бойыңа нәр беретін әсем сөздермен астасып жатыр.

Үш кеменгер дүлдүлім,

Сақтаған ел бірлігін,-демекші Орта жүздің әйгілі Қазыбек биі «Не қымбат?» өлеңінде былай деген екен:

Алтын ұяң Отан қымбат

Құт- берекең атаң қымбат

Аймалайтын апаң қымбат

Мейірімді анаң қымбат

Асқар тауың әкең қымбат

Туып өскен елің қымбат

Балалар, Қазыбек би «не қымбат» деген сұраққа қалай жауап берген екен?



  • Дұрыс, ана, әке, ата, апа, отбасындағы жақындарымыз ал, Отан дегеніміз не?

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

Ендеше, бәріміз жібек баудан ұстап шаттық шеңберін құрайық. Бұл біздің шекара сияқты.Енді жібек бауды көтеріп бәріміз соның ішіне кірейік.

Біз не істедік?

-Барлығымыз жібек баудың ішінде тұрмыз, бәріміз бір мемлекеттің азаматтарымыз. Қане, бір-бірімізді қуантайық!

Бүгін біз Отанымыздың сан алуан қалаларына саяхатқа барамыз. Ол үшін Қазақстан Республикасының картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз. Қазақстан табиғаты алуан түрлі жерімен кең. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екенін картадан білеміз.



Әңгімелеу. Біздің Отанымыз – Қазақстан. М.Әлімбаев.

  • Сіз қайсы елден келдіңіз?- деп сұрады бірде менен француз жазушысы Мәскеуде жолыққанда.

-Қазақстан Республикасынан.

  • О, мен Қазақстанды білем. Қандай үлкен ел, ғажап ел. Оның жеріне бес Франция сыйып-ақ кетер еді!

  • Иә, дедім мақтанышты сезіммен. Қазақ даласы кенді Алтайдан Атырауға дейін созылады. Қазақ жері алтын мен күміске,темір мен көмірге, мұнай мен газға бай (картадан көрсетіледі).

Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары, аппақ қардай мақта өседі.

Кең байтақ жомарт даламызда батырлар мен ақындар, зерделілер мен шеберлер өмір сүрген. Отанымызда түрлі ұлттар мен ұлыстар бір- бірімен тату тәтті өмір сүреді. Біз қандас болмасақта, жандаспыз! Қазақстан Республикасы -біздің сүйікті Отанымыз.

Енді саяхатымызды бастаймыз.

-Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? Бірінші аялдама. Астана қаласы. Еліміздің бас қаласы қалай аталушы еді, ол несімен ерекшеленеді?



Екінші аялдама. Алматы қаласы.

- Неге қала Алматы деп аталады. Тапсырма: Алматы қаласы жайлы бір үзік сыр.



Сергіту сәті :Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да

Бірге сайран құрамыз

Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата бабадан

Бірлік асыл мұрамыз


Үшінші аялдама. Ақтау қаласы.

  • Ақтау қаласы қандай байлығын мақтан тұтады. Мұнайдың пайдасына тоқталу.Тапсырма Отан туралы өлеңдер оқу.


Төртінші аялдама. Қарағанды қаласы.

  • Қарағанды қандай қала? Қала бізге несімен ерекше есте қалады. Ал қаланың тұсында бізге тапсырма тұр екен: Ел, отан туралы мақал –мәтел айтып беріңдер.

Бесінші аялдама. Қызылорда қаласы.

  • Сендер қай қалада тұрасыңдар? Неліктен Қызылорда атанған?

Сыр маржаны – ақ күрішпен даңқы шыққан. Байқоңыр ғарыш айлағы, соңғы жылдары жер байлығы мұнай мен газын да халық қажеттілігіне пайдаланып жатырмыз.
«Сыр елі - жыр елі» демекші, өнерге тұнып тұрған сыр топырағында туып өскен сендерден де болашақ өнер тарландары шықпасына кім кепіл?!

Олай болса, төбе биіміз Төле бидің қалайша «Қарлығаш әулие » атанғаны жөнінде сахналық көрініс тамашалаңыздар.



Ойын: «Туған жерді гүлдендір» Шарты:

Әуен ырғағымен түрлі –түсті гүлдерді алып туған жерге, Отанына деген ізгі тілектерін айтып Қазақстан картасына апарып орналастырады.



  • Балалар, туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне, сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Сондықтан адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат кең, біртұтас. Ол адамзатты қажеттілікпен қамтамасыз етеді.

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ».

Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ дәйек сөзімен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қортындылаймыз



Айнала қоршаған орта, табиғатты қорғау туралы білеміз

Табиғат «өлі»және «тірі » табиғат деп екіге бөлінеді.

Ана, әке, ата, апа, Отан

қымбат деген екен.

Қазақстан Республикасы.

Шаттық шеңберінде Отанымыздың шекарасын жасадық.

Бейбіт таңдар арайланып атады

Туған жерді аймалады шапағы

Байтақ елім-Қазақстан

Ең бақытты балалардың Отаны!

Қарақаттың орындауында «Астана- әсем қала» әні.

Алматы- әсем қала, мәдени орталық.

Медеу. Әлемге әйгілі мұзайдыны 1972 жылы салынған. Ол қаладан 15 шақырым қашықтықта орналасқан.

Иә, бұл Алматыдағы еңбек үйлердің бірі 25 қабатты Қазақстан қонақ үйі.

Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс-кейпін

Досым, білгің келе ме?

Шахтерлер мекені.

Қара көмірімен.

Мақал –мәтелдерді айтады.


Алғашқы атауы: Перовск-Ақмешіт-Қызылорда

«Қарлығаш әулие» сахналық қойылым көрсетіледі.

Ойынға араласады.


Дәйексөзді қайталайды





Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады : Қазақстан қалаларының атауларын, әрқайсысының ерекшеліктерін, қазба, кен байлықтарын

Түсінеді: «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ.»



Қолданады: Отан туралы мақал – мәтелдер, шешендік сөздер.
Каталог: uploads -> doc -> 06fd
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
06fd -> Сыныптан тыс шара
06fd -> Каракитаи (1125/1128 1212 гг.)
06fd -> Сабақтың тақырыбы Адамның бас сүйегін бейнелеу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет