Ертіс-қарағанды каналын далалық Өсімдіктерден тазарту және қОРҒау іс-шаралары мәліктайұлы М., Абрасилов Д., Иманалиев Т



жүктеу 59.07 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі59.07 Kb.

ӘOЖ 627.524
ЕРТІС-ҚАРАҒАНДЫ КАНАЛЫН ДАЛАЛЫҚ ӨСІМДІКТЕРДЕН ТАЗАРТУ

ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Мәліктайұлы М., Абрасилов Д., Иманалиев Т.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Ертіс-Қарағанды каналының су арналарындағы жел мен әкелініп түскен қаңбақ шөптерінің зияндылықтарымен күрес жүргізу мақсатында жүзбелі механикаландырылған «Бон» құрылғысы жасалынған (сурет 1). «Бон» диаметрі 800м болып келген екі болат құбырынан жасалған. Оның негізгі мақсаты: насос станциясының алдына жиналған қаңбақ шөптерінен канал арналарын тазарту және тоқтату. 2-суретте сорғы станциясы алдына жиналып қалатын қаңбақ шөптері тобының кескіні көрсетілген [1].



Сурет 1. Жүзбелі механикаландырылған «Бон»


Сурет 2. №9 насос станциясының алдында жиналған қаңбақ шөптері

Жалпы канал көлденең пішінінен №8 су торабының жағалауындағы «қаңбақ» шөптердің жиналу түрінің бір сипатын көреміз (сурет 3). Бұл көріністен жалпы Ертіс-Қарағанды каналының ұзына бойлық қимасы бойынша жиі кезедсіп тұратын құбылыс екенін оңай байқауға болады.

Сурет 3. №8 су торабының жағалауындағы «қаңбақ» шөптер
Далалық аймақта орналасқан К.Сатпаев атындағы каналды пайдалану тәжірибесі, қаңбақ сияқты арам шөппен жасанды су арналары толып қалатынын көрсетіп отыр, қурай сияқты шөптермен арна көмілуі нысанның сенімді жұмыс істеуінен бөлек, экологиялық орнықтылығы мен су сапасына да нұқсан келтіреді.

Солтүстік және Орталық Қазақстанның айтарлықтай аумағы үшін сипатты қатты және жиі тұратын желдер, шар тәрізді пішіндегі құрғақ шөптердің жаппай жұлынып, жел бағытымен алыс аралықтарға ұшуына алып келеді. Желмен дөңгелеп қозғалатын құрғақ қурай өз жолында су нысандарымен кездесіп, су ағынымен толығымен жұтылады. Одан кейін, қурай ағыспен төмен қарай қозғалып, каналдардағы сорғы станциялары, су алу құрылымдары және басқа да құрылымдар болуы мүмкін, тосқауылдарға тежеліп жиналады. Каналдың жоғары жатқан бөлігінде жиналған, су ағынындағы шөптесін өсімдіктердің мұндай құрылымдар алдында көптеп жиналуы, төменде суретте көрсетілгендей су ағысымен тор тұту торына нығыздалады.

Мұның салдарынан су сорғыштарының жұмыс істеу жағдайлары күрт төмендеп, олардың жұмысын тоқтату қаупі төнеді. Су қабылдағыш каналдағы су деңгейі апаттық жағдайға дейін көтеріледі. Мұндай құбылыс Қ.И. Сатпаев каналын пайдалану кезінде бірнеше рет қайталанған. Павлодар және Қарағанды облыстарының бірқатар кенттерін, тағы да Қарағанды-Теміртау өндіріс кешенінің кәсіпорындарын жыл бойы сумен қамтамасыз етіп отырған каналдың уақытша да болса тоқтап қалуын көз алдымызға келтірудің өзі қорқынышты.

Астананы таза ауыз суымен қамтамасыз ету үшін Ертіс-Қарағанды каналынан Есіл өзенінің жоғарғы жағына су қосу жобасы іске асқанда айтылған мәселелердің маңызы тағы да арта түседі. Жоғарыда көрсетілген нысандармен канал жағалай орналасқан елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тоқтап қалуынан қаншалықты үлкен зиян келетінін пайымдау қиын емес. Сондықтан да бұл жағдай пайдаланушыларды кепілді түрде сапалы сумен қамтамасыз ету үшін инженерлік, конструктивтік шешімдерді іске енгізуді талап етеді.

Одан бөлек, су қоймасында қаңбақ сияқты шөптесін өсімдіктердің және олардың ыдырауы өнімдері жиналуы, Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, су қоймасының экожүйесінің өзгеруіне, балдырлану үдерісінің дамуы мен су сапасының нашарлауына алып келеді. Ғалым Н.А.Амиргалиевтің [2] деректері бойынша қаңбақ арам шөбінің құрылымы өзгеруі нәтижесінде су қоймасында биогендік элементтердің құрамында органикалық көміртегі, минералды азот, ерітин минералды фосфор пайда болады. Сондықтан, канал арнасының қаңбақ сияқты шөптесін өсімдіктермен көмілуі мәселесіне су көзінің экологиялық орнықтылығы мен су сапасы тұрғысынан қарау қажет.

Санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес, су сапасын қалпына келтіру жұмыстары айтарлықтай шығындарды қажет етеді. Каналдарға қаңбақтардың түсуінің алдын алуға байланысты профилактикалық шараларды орындау кезінде шығындар миниумумға түсірілетін болады. Сонымен қатар, мына салдарларды да ескеру қажет, суды қорғау шараларының сенімділігі мен тиімділігі, олар үдерістің мейлінше бастапқы кезеңдерінде іске асырылса, соғұрлым тиімді болмақ.

Сонымен, суландыру, су ағызу және суару каналдарына қаңбақ сияқты қурайлардың түсуін болдырмау, бүгінгі күні – көптеген су жіберу арналарын, оның ішінде Орталық Қазақстан өңірі үшін маңызды роль атқаратын К.Сатпаев атындағы каналда бар, - ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жыл бойы пайдаланылатын ірі каналдарда мұндай құбылыстармен күресу үшін, біз инженерлік шаралардың екі тобын ұсынамыз. Алғашқысы – канал арнасынан тысқарыда желмен әкелінген қаңбақ шөптерін тұту және залалсыздандыру. Екіншісі – каналға түскен қаңбақтарды, сорғы станцияларының су қабылдау құрылымдарына дейін тұту, сыртқа шығару және залалсыздандыру. Ашық су жүру арналарының трассасы бойында қаңбақ қурайын тұтудың құрылғыларын орналастырудың нұсқаларының жалпы схемасы 4-суретте келтіріледі.



1 – жел басым тұратын жағынан каналдың бойымен қойылған қорғау торы; 2 –каналдың дөңес жағасында жүзбе қоқыстарды тұтқыш; 3 – каналдың түзу бөлігіндегі жүзбе қоқысты тұтқыш; 4 – иілгіш қоқыс тұту торы; 5 – жүзбе қоқыстарды тұтып, алуға арналған құрылғы; 6 – жүзбе қоқысты аулап, алуға арналған қондырғы; 7 –қоқыстұтқыш торша.
Сурет 4. Ашық су тасымалдау арналарындағы қаңбақ қурайын тұту

мен алып тастайтын қорғау құрылғысы орналасуының жалпы схемасы


Бірінші жағдайда шараларды іс жүзінде орындау, қаңбақтарды желмен үзіліп ұшқанға дейін кең құлашты қармағыш шөп жинау машиналарын қолданып жинау жолымен немесе желмен тасымалданатын қурайды әртүрлі конструкциялы торлы қоршаулармен тұту арқылы іске асыруға болады. Темірбетонды тіреулерге бекітілген, металл торлар түріндегі қоршаулар әрі тиімді, әрі мейлінше қолайлы болып табылады.

Темір бетон тіреулерде бекітілген металл торлар түріндегі орындалған қоршаулар, материалдар шығыны мен құрылғылар құнын әлдеқайда төмендетуге, оның жұмыс істеу мерзімін ұзартуға және қурай жинау сыйымдылығын үлкейтуге, және де қоршаудың қуыстарын өсімдік материалымен толтырылуына орай оны өртпен жою жолымен босатуға мүмкіндік береді.

Каналды қурай шөптерінен қорғауға арналған құрылғы, ұяшығының мөлшерлері 200х400 мм, диаметрі 4-5 мм болат сымнан дайындалған металл тор түрінде орындалған. Металл тор темірбетон тіреудің жапсырма бөлшектеріне бекітіледі. Арқалықтар арасындағы аралық 6 м-ді құрайды. Тіреудің геометриялық параметрлері: жер бетінен биіктігі – 5м, қимасы – мөлшерлері 200х200х100 трапециялы пішінді.

Қаңбақ қурайынан қорғау құрылғысы каналдың жел көп тұратын жағынан 50 м-дей арақашықтықта орнатылады (жалпы схемада 1 позиция), желмен қуылып әкелінген қурай, каналдың жел басым тұратын жағынан металл торда жинала бастайды. Қорғау құрылғысының қуысы өсімдік материалымен толуына орай, оларды қурайдан қолмен немесе механикаолық жолмен тазалап, өрт жағып жою қажет. Қорғау құрылғысымен тұтылатын 1 қадам метрдегі қурай көлемін, төмендегі формуламен анықтауға болады:


, м3/ п.м.
бұл жерде, V – қоршаудың 1 п.м. тұтылатын қурайдың көлемі, м3/п.м.; H – жасалған қоршаудың биіктігі, м; L – қоршау алдындағы жиналған қурайдың жолағының ені, м;
.
Қоршаудың биіктігі 5м болған кезде, 1 п.м. тұтылған қурай көлемі – 25 м3/п.м. тең болады. Мұндай қорғау құрылғысы қаңбақ сияқты қурай өсімдігі кеңінен таралатын аудандарда табысты қолданылуы мүмкін, ондай жерлерде сорғы станцияларының қоқыс тұту торлары толып қалуынан, сорғы агрегаттарының апаттық істен шығуы және елді мекендер мен өнеркәсіп мекемелерінің сумен қамтамасыз етілуі мәжбүрлі тоқтатылуы жүреді [3, 4].

Қабылданған шараларға қарамастан, желмен әкелінетін арам шөптесіннің біраз бөлігі бәрібір каналдарға түседі. Сондықтан, екінші шаралар тобы, сорғы станцияларының суды қабылдау арқалықтарына дейін, каналдан жүзіп жүрген қоқыстарды тұтып, алып тастау мақсатын іске асырады.


Әдебиет
1. Койбаков С.М. Проблемы эксплутации гидротехнических и мелиоративных объектов в сложных природно-климатических условиях. – Тараз. Тараз университеті, 2003. – 255с.

2. Амиргалиев Н.А. Гидрохимия канала Иртыш-Караганда. – Л.: Гидрометеоиздат, 1981. – 200с.



3. Койбаков С.М. Экологическая устойчивость и надежность работы крупных каналов круглогодичного действия в степной зоне. Сб. Водные ресурсы Центральной Азии, - Алматы.: НИЦ «Бастау» НАЦАИ, 1997. С. 71-79.

4. Койбаков С.М. К вопросу надежности работы каналов в условиях переноса ветром сорной растительности. – Алматы.: Гидрометеорология и экология, №3-4, 2000. С. 225-229.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет