«эрудит» /тарихи- танымдық ойын



жүктеу 36.44 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі36.44 Kb.

Ахметова Айгуль Жанатовна

тарих пәні мұғалімі

Целиноград ауданы №24 Жалғызқұдық орта мектебі
«ЭРУДИТ»

/тарихи- танымдық ойын/
Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Эрудит-2011» лентасы, жеңімпазға берілетін сайыстың аты жазылған плакат. Әр пәннен «Қызықты деректерге арналған» ұяшықтары бар плакат. Ойыншылар көтеретін номерлер. Оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. «Эрудит»оқушыға арналған сыйлық.
Барысы:
1. Ойынның мақсаты және шартымен таныстыру.

2. Ойыншылармен таныстыру.

3. Әділқазылар алқасымен таныстыру.

4. Жеңімпазды анықтау, марапаттау.


1- тур: «Ертегілер кейіпкерлері»

Ертегілер кейіпкерлерін табу керек. Бірінші жауап бергенге-5 ұпай.

2 - тур: : «Қызықты деректер»

Әр пәннен ұяшықтарында сұрақтар бар плакат ілінеді. Ойыншы өзіне ұнайтын пәнін таңдап алады. Дұрыс жауап - 10 ұпай

3- тур. «Ізгі дәстүр»

Әр сайыскер білімге байланысты балаларға арналған бата беруді көрсетеді. 10 ұпайдан 20 ұпайға дейін.

4- тур: «Із кесу»

Шарт бойынша берілген сөйлемдегі тарихи атаулар, жер- су атауларын тауып жазу керек. 20 ұпай

5тур: «Кім көп біледі»

«Б», «А», «Қ» дыбыстарынан басталатын сөздерді көп білетін ойыншылар жауабына қарай ұпай алады. 10 сұрақ беріледі, әр сұрақ 1 ұпай.
Ойыншыларды таныстыру.
Жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына
Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1-тур «Әдеби ертегілер кейіпкерлері»

Сұрақтар:


  1. Ол беске дейін ғана санау білетін. (Буратино)

  2. Ол өтірік айтқан кезде, оның мұрыны ұлғайып шыға келеді.(Пиноккио)

  3. Оның достары көкөністер, ал жауы жемістер болатын, (Чиполлино)

  4. Алтын жұмыртқаның анасы. (Тауық)

  5. 8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері. (Ер Төстік)

  6. Одиссей қай аралдың патшасы болған? (Итака)

  7. Аргонавтықтардың кемесі. (Арго)

  8. Ясон нені іздеуге аттанды? (Алтын жабағыны)

  9. Ахиллестің ең осал жері? (Өкшесі)

2-тур «Қызықты деректер»

Тарих. Көк ұяшықтағы сұрақтар:


  1. Қасқырдың қаншығы қай қаланың рәмізі болып келеді? (Рим)

  2. Робин Гуд мекендеген орман. (Шервуд)

  3. Қай жерден бұзылмай сақталған жирен аттың денесі табылған? (Шығыс Қазақстандағы сақ қорғанынан)

  4. Алтын адамның үстіндегі және қасындағы заттардағы алтын пластиналардың саны қанша? (4 мыңнан астам)

Әдебиет. Қызыл ұяшықтағы сұрақтар:



  1. Қорқақ адамның бейнесінде суреттелген аңның түрі. (қоян)

  2. Қырағықыз, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар кездесетін ертегі. (Ер Төстік)

  3. Ер Төстік ертегісінлегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін заты. (егеу)

География. Сары ұяшықтағы сұрақтар:



  1. Бұл өзеннің атауы жертесер дегенді білдіреді деген болжам бар. (Ертіс)

  2. Түнде шық болса, күндіз не болады? (жаңбыр)

  3. Жүрсем ол да жүреді, тұрсам менімен бірге тұрады, жоғары көтерілсем көрінбейді. (Көкжиек)

Биология. Жасыл ұяшықтағы сұрақтар:



  1. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін Отанымыздың символы деп есептеген? (жусан)

  2. Планетамыздың өкпесі деп нені есептейді? (орман)

  3. Хамелеон мекендейтін жалғыз арал. (Мадагаскар)

3-тур «Ізгі дәстұр» Бата беру (балаға байланысты, оқу білімге байланысты)

4-тур «Із кесу». «Қақаған аяз бен қар аса қалың жауғанына қарамастан асыққан Жақып шақырған жерге кешке тамаң әрең жетті». Мысалы мынадай сөздер: (Дулат,Есік, Жем, Қаратау, Сақ, Торғай, Талас)

5-тур «Кім көп біледі» Ақарғы 3 ойыншы жарысады. Бірінші ойыншыға:

Б – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?

Қала- Баласағұн

Көл- Балқаш

Шөл- Бетпақдала

Батыр- Бөгенбай

Ақын- Байқара

Кесене-Бабаджа хатун

Әнші- Байсейітова Күләш

Сәндік бұйым- Білезік

Ат жарысы- Бәйге

Космодром- Байқоңыр
Қ – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?

Мемлекет – Қарлұқ қағанаты

Кесене- Қарахан кесенесі

Тайпа- Қыпшақ

Мемлекет басшысы- қаған

Қала- Қарағанды

Батыр- Қабанбай

Музыкалық аспап- қобыз

Ұлттық тағам -қазы

Хан –Қасым

Күйші -Құрманғазы

А– дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?

Қала– Астана

Кесене- Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Тайпа- Алаңдар

Мемлекет басшысы- Алтын Орда

Би- Ақтайлақ

Көл- Алакөл

Ұлттық тағам -Айран

Хан –Абылай



Ақын, жырау –Ақтамберді
Әділқазылар алқасы ойынның қорытындысын шығарады.

«Эрудит» атауы ең білгір оқушыға беріледі. Марапаттау кезеңі.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Физика пјнінен «Ќызыќты физика кеші» таќырыбында ґткізілетін сыныптан-тыс іс-шараныѕ јдістемелік јзірлемесі
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы : «Біріккен сөздер»
Razrabotkaurokov -> Ахметова Орынкїл Јбілќызы
Razrabotkaurokov -> Технология 7сынып
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Табиғаттағы су айналымы»
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау»
Razrabotkaurokov -> Моногибридті будандастырудыњ цитологиялыќ негіздері
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚҰрылымы күрделірек теңдеуді шешу»
Razrabotkaurokov -> Бердигулова Айна Женисовна бастауыш сынып мұғалімі Есіл ауданы Есіл қаласы №3 орта мектебі Тақырыбы: «болар бала жасынан» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет