Әсемгіл Төлебаева, СҚму студенті Жазира Қошанова



жүктеу 33.79 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі33.79 Kb.

Әсемгіл Төлебаева, СҚМУ студенті

Жазира Қошанова, филология гылымдарының кандидаты, доцент
АУЫЛЫМ-АЛТЫН БЕСІГІМ
Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап-ақ адам баласы туған үйін, туған ауылын тани бастайды. Өсе келе оның топырагынан өзіне нәр алып, оның қырындағы әсем гүлдерін теріп, құмары қанғанша бал-шырынды суын ішіп, мейірі қанғанша таза ауасын жұтады. Міне, осы жерді әр адам атамекенім, алтын бесігім деп біледі. Әр адам атамекенін ардақтаған, кіндік қаны тамған жерін сүйген. Әрине бұл жақсы қасиет. Осы орайда, «Туған жер топырағынан айналайын, Өзіңмен өле-өленше бір болайын. Егер де елді сүйсен менше сүйсін, Ал, тыңда мекенімнен сөз қозғайын», -деп туған жер, өсірген ел туралы сөз қозғап айтып жүреміз. Ендеше талан заман, талай ұрпаққа жайлы мекен, құтты қоныс болған ауылымды неге жырламаска, неге мақтамасқа, оған неге жылы сөз арнамасқа?

Заман қанша өзгеріп, нарық ағымымен алға жылжыса да, жаһандану үдерісі қылғытып, жұтып қоярдай жан алқымына алса да, бәрібір атамекенге, туған жерге деген жүрек түкпірінде сыздаған сағыныш алауын өшіре алмас. Тағы айта кетер бір жайт, ұлық бол, кіші бол қай-қайсыныңда тарихын ауылсыз елестету мүмкін емес, елестету қиынның қиыны. Ұлтымыздың мәйегі саналатын ауыл расында да - тіліміздің, дініміздің, әдеп-ғұрпымыздың, салт-дәстүріміздің жалғыз қорғанышы ауыл баласына өте ыстық.

Бал дәурен балалық шағым осы өлкеде өтіп, Ақтас негізгі мектебін бітіріп, 10-11 сыныпты Николаевка ауылында аяқтадым. Ал қазіргі уақытта арман қуып облысымыздағы іргелі оқу орындарының бірі - Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универси-тетінде, математика пәнінің мұғалімдік мамандығында оқып жүрмін. Ауылымнан көз жазып қалсам да, оған деген сағынышым алабөтен. Қай жерде жүрсем де ауылым кішкентай жүрегімді магнитше тарта жөнеледі. Мен ауылыма жиі барып тұрамын. Жол бойы қайта-қайта терезеден қарап елендеймін. Ауылымдағы бір үйдің шатырын көрсем болды, жүрегім лүпілдеп, шығып кететіндей әсерде боламын. Міне, бұл туған жеріме деген ыстық махаббатым.

Кеңес Одағы уақытында ауылымызда мал, егін шаруашылығы кеңінен дамыды. Ауылдағы барлық адамдар жұмыспен қамтамасыз етілген. Біздің ауылда қой қырқуға арналған станоктар болған. Онда ауыл балалары жаз уақытында қой қырқып, өздері ақша тауып, киінген. Жыл сайын егін жақсы өскен. Ішіне кірген адамдар көрінбейді. Сол кезде егін жинауға комбайн үлгермегендіктен, оқушыларды мектептен алып кетіп, жұмысқа салатын. Олар қолдарына құрал-саймандарын алып, әндетіп, егінді уақытында қырманға жеткізуге, жауын-шашынға қалдырмай бар күштерін салып еңбек ететін. Міне, осыдан сол кездегі мектеп оқушыларының, ауыл адамдарының еңбекқорлығын көругеболады. Сонымен қатар ауыл адамдары демала да білетін. Ауылдағы мәдениет ошақтары жұмыс істеп тұрған уақыты. Кешкі сағат сегізде ауыл адамдары кино керуге баратын. Ал қазір ол кинотеатр жоқ. .Осы жоғарыда айтылған әңгімелердің бәрі-менің атамның айтуымен жазылып алынды. Шынымды айтсам мен қазір сол уақытта өмір сүрсем ғой деп армандаймын.



Қазіргі кезде ауылымыз әп-әдемі. Жаз уақытында ауылымыз жасыл желекке бөленеді. Ауылымыздың табиғаты өте керемет. Ауасы таза. Неше түрлі жеміс-жидектер өседі. Кектем мезгілінде ауыл адамдары жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар тереді. Ауылымызға 2008 жылы жаңа мектеп салынды. Мектепте барлық жағдай жасалған. Тоғыз жылдық мектебіміздің оқушылары білім деңгейін тексеретін олимпиадаларға, спорттық ойындарға белсене қатысып, жүлделерге ие болып жатады. Әсіресе, олар қазақ тілі пәнінен, Абай, Мағжан, Махамбет оқулары барысында жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Ал футбол, асық, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, теннис және спорттың басқа да түрлерінен өтетін жарыстарда мардымды нәтиже көрсетіп келеді. Мұғалімдер ұжымы өте ұйымшыл, бір-бірімен тату. Мектебімізде жоғарғы білімі бар ұстаздар білім береді. Оқушыларға түсінбеген жерін түсіндіріп, бар білгенін өздерінің шәкірттерінің бойына сіңіруге тырысады. Ауылымыз бір үйдің баласындай тату. Бастарына іс түссе, ауыл болып көмектесіп, қуаныштарын бірге бөліседі. Ауылда балабақша, дәрігерлікорталық бар. Оларда да қажетті жағдай жасалған. Жоғарыда айтып кеткенімдей білімді азаматтар өте көп. Ауылымыздың даңқын көтеріп жүрген ағаларымыздың бірі Бүркітбай Аяған Ғелманұлының ерен еңбегін атап өтпеу өте қиын. Тарихшы ағамыз ауылдан кетсе де езінің туған жерін ұмытар емес. Жылына екі-үш рет келіп өз көзімен ауыл жағдайын көреді. Қолынан келгенше көмектесіп жатады. Біз ауыл жастары ол кісіні мақтан етеміз. Біздің ауылымыздан осындай ұлы кісі шыққанына қуанамыз. Болашақта да Бүркітбай ағамыздай ауылымыздан ұлы адам шығатына сенімдімін.

Мен өз Кәкімбек Салықовтың «Есілдің ерке Ақтасы» атты өлеңімен аяқтасам деймін.

... Есіл бойы ел сүйсінген еркесі,

Жалгызтаудың Ақтас сері серкесі

Шоқан сүйген жан-төренің жайлауы

«Жарқын» көлге жақын жатқан жер төсі.
// Молодежная-Жастар. - 2014. - 28 ақпан

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет