Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын



жүктеу 1.18 Mb.
бет1/7
Дата10.05.2019
өлшемі1.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7





«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы №1029 қаулысы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 100-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2) Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1029 қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 30 қаңтардағы

№ 44 қаулысымен

бекітілген

Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу

қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы
16 ақпандағы заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Қағида Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда, құқық қорғау органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

3. Әскери-дәрігерлік сараптама:

1) мыналарды:

шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын азаматтарды;

әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның ішінде келісімшарт бойынша қызметке кіретін азаматтарды;

әскери қызметті шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша өткеретін әскери қызметшілерді;

арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін;

әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушілерді;

радиоактивтік заттармен, иондандырушы сәулелену көздерімен, зымыран отыны компоненттерімен, электр-магниттік өрістер көздерімен қызметке (жұмысқа) іріктеп алынатын және қызмет өткеріп (жұмыс істеп) жүрген әскери қызметшілерді (Қарулы Күштер қызметшілерін), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін (жұмыскерлерін);

жоғары білім беруден кейінгі бағдарламаларды іске асыратын әскери (арнайы) оқу орындарына; орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери (арнайы) оқу орындарына; оқу орындарының әскери факультеттеріне (бұдан әрі – әскери факультеттер); әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортаңғыдан кейінгі білім беру ұйымдарына; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына түсетін азаматтарды;

мемлекеттік авиацияның авиация персоналына;

әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдардың жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезінде;

2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтарға психологиялық-физиологиялық іріктеуді жүзеге асыру кезінде;

3) әскери қызметті (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметті (жиындарды) өткерген әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың, мертігуінің, (бұдан әрі – мертігу), ауруының себепті байланыстарын айқындау кезінде;

4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезінде;

5) әскери қызметшілердің, әскери міндеттілердің, қызметкерлердің әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі кезеңінде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейін әскери қызметті (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметті (жиындарды) өткеру кезеңінде мертігуі, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысын айқындау кезінде жүргізіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізудің тәртібі және оны ұйымдастыру
1. Шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылатын азаматтарды медициналық куәландыру
4. Азаматтарды медициналық куәландыру үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және жергілікті әскери басқару органдары бастықтарының ұсынысы бойынша әкімдіктердің шешімімен облыстарда (республикалық маңызы бар қала және астана) тұрақты әрекет ететін, ал аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), әскери есепте тұрған азаматтардың санына байланысты, уақытша (тұрақты) әрекет ететін медициналық комиссиялар құрылады.

5. Комиссия құрамына денсаулық сақтау ұйымдарынан аса білікті, әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша даярлығы бар мынадай дәрігер-мамандар тартылады: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, окулист, оториноларинголог, дерматовенеролог, стоматолог. Қажет жағдайларда медициналық комиссиялардың құрамына басқа да мамандықтардың дәрігерлері тартылады. Орта буындағы медициналық персонал қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) берген тапсырыстарға сәйкес бөлінеді.

6. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркегенге, әскери қызметке шақырғанға дейін қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) сұрау салулары бойынша денсаулық сақтау ұйымдары, өкілетті орган белгілеген тәртіппен, жеті жұмыс күні ішінде мынадай медициналық құжаттарды береді:

1) психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық диспансерлерден (кабинеттерден) – шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын азаматтардың есепте тұратыны туралы мәліметтерді (анықтамаларды);

2) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарынан – созылмалы науқастары бойынша диспансерлік есепте тұру жай-күйі және соңғы он екі ай ішінде жұқпалы және паразитарлық науқастарға шалдыққаны, алдын алу егулері және дәрі-дәрмектерді және басқа да заттарды көтере алмайтыны (артылған сезгіштігі) туралы мәліметтерді, сондай-ақ амбулаторлық науқастың медициналық карталары (№ 025/у үлгісі), жасөспірімнің медициналық картаға қосымша парағы (№ 025-1/у үлгісі), азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттарды (стационарлық науқастың медициналық карталарынан үзінділерді, рентгенограммаларды, арнайы зерттеулер әдістерінің хаттамаларын және соңғы бес жылдағы басқа да құжаттарды).

Анықтамалар мен үзінділер денсаулық сақтау ұйымдарының мөртаңбасымен және мөрімен расталады.

7. Шақыру учаскелеріне тіркелуге және әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды медициналық куәландыруға дейін отыз жұмыс күні ішінде:

1) қанды жалпы талдау;

2) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

3) зәрді жалпы талдау;

4) электрокардиография (бұдан әрі – ЭКГ);

5) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

8. Флюорографиялық (рентгенологиялық), зертханалық және электрокардиографиялық зерттеулердің нәтижелері, бойы мен дене салмағы туралы, сондай-ақ бұрын алынған барлық алдын алу егулері мен дәрі-дәрмек құралдарын және басқа да заттарды көтере алмаушылығы (артылған сезгіштігі) туралы мәліметтер әскерге шақырылушының есепке алу картасына жазылады.

Флюорограммалар (рентгенограммалар) куәландырылушының жеке ісінде, оның әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін болады, одан кейін тиісті медициналық ұйымдарға қайтарылады, олар флюорографиялық үлдір түрінде немесе электронды тасымалдауыштарда бір жыл бойы сақталады.

9. Медициналық персоналдың жұмысына басшылық жасайтын дәрігер – медициналық комиссияның төрағасы:

1) медициналық куәландыру басталғанға дейін:

шақыру (жиын) пункті үй-жайларының жай-күйін, Қағидаларға
қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандардың кабинеттерін медициналық және басқа да мүлікпен жарақтандыруды тексереді;

азаматтарды тексеруге (емделуге) жіберу орнын, уақыты мен тәртібін нақтылайды;

дәрігер-мамандарға азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқау береді, осы Қағидалардың және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптардың ережелерін, сондай-ақ әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді түсіндіреді;

әскери қызметке тіркеу немесе шақыру жөніндегі комиссияның төрағасы – ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органы бастығының орынбасарына (әкіміне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтарды медициналық куәландыруға дайындаудағы кемшіліктер туралы баяндайды;

2) медициналық куәландыру кезеңінде:

дәрігер-мамандардың жұмысындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

дәрігер-мамандар шығарған қорытындылардың сапалы ресімделуін, негізділігін және олардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес келуін тексереді;

медициналық комиссияның құрамына кіретін дәрігерлермен алқа болып азаматтардың әскери қызметке және әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішіне жарамдылығы санаты туралы медициналық комиссияның қорытындысын шығарады;

күн сайын комиссияның хаттамалары кітабын жүргізудің дұрыстығын тексереді;

бұрын шығарылған қорытындылар бойынша азаматтарды тексеруге (емделуге) уақтылы жіберуді тексереді;

күн сайын қорытынды жасайды, азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелерін талдайды және оларды комиссия төрағасына баяндайды;

шақыру учаскелеріне тіркеу, әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландыру мәселелері бойынша азаматтарға түсініктемелер береді;

азаматтарды медициналық куәландыруға байланысты шағымдар мен өтініштерді шешуге қатысады.

10. Медициналық куәландыру жүргізген кезде дәрігер-маман куәландырылушының өзі екеніне көз жеткізуге, медициналық құжаттаманы тексеруге, тексеру жүргізуге және әскерге шақырылушының есепке алу картасына, медициналық картаға қосымша параққа диагнозды (науқастары болмаған кезде – «дені сау» деген жазба жасалады), талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыны жазуға міндетті.



  1. Шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде тексеруге (емделуге) мұқтаж деп танылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) екі тізімде ескереді:

1) № 1 тізімде – әскери қызметке уақытша жарамсыздар;

2) № 2 тізімде – әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамдылар.

Көрсетілген тізімдер тіркеу жөніндегі комиссиялардың жұмысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей әскерге шақырылушы бекітілген медициналық ұйымдарға жіберіледі. Медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың басшылары азаматтардың уақтылы тексерілуі мен емделуін қамтамасыз етеді.

12. Тексеруге (емделуге) жолдама әскери есепке тіркелуге, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарға, оларға тіркеу жөніндегі немесе әскерге шақыру комиссиясының шешімдерін жариялаған кезде беріледі.

13. Дәрігерлер әскерге шақырылушының денсаулық жағдайын түпкілікті айқындай алмаған жағдайларда әскерге шақыру комиссиясы оны емдеу (емдеу-алдын алу) мекемесіне амбулаторлық немесе стационарлық тесеруге жібереді. Жолдамада медициналық ұйымның (әскери-медициналық мекеменің) атауы, болжамды диагнозы және нені нақтылау қажеттігі, медициналық куәландыруға қайтадан келу мерзімі көрсетіледі.

Тексеруге (емделуге) арналған жолдамаға денсаулық жағдайын зерттеу актісі (бұдан әрі – акт), науқастың амбулаторлық медициналық картасы мен денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттар қоса беріледі.

Тексеру аяқталғаннан кейін акт толтырылады, оған бас дәрігер мен тексеру жүргізген дәрігер қол қояды және медициналық ұйымның (мекеменің) мөрі басылады.

Акт әскери қызметке жарамдылық санаты туралы түпкілікті шешім шығаратын тіркеу жөніндегі немесе әскерге шақыру комиссиясының қарауына ұсынылады.

14. Медициналық куәландыру жүргізген кезде дәрігер-маман әскерге шақырылушының есепке алу картасына, медициналық картаға қосымша параққа диагнозды (науқастары болмаған кезде – «дені сау» деген жазба жасалады), талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыны, әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішін жазады.

15. Тіркеу немесе әскери қызметке шақыру және әскери-оқытылған резерв бағдарламалары бойынша оқуға түсу кезінде әскери қызметке жарамды немесе әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылған азаматтарға медициналық комиссияның дәрігер-маманы әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындысынан кейін талаптарға сәйкес әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішін белгілейді.

16. Тіркеу немесе әскери қызметке шақыру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға дәрігер-маман әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады.

Медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды үш айдан алты айға дейін шығарылады, науқастары жазылмаған жағдайлар кезінде ол қайтадан шығарылады, бірақ уақытша жарамсыздықтың жалпы мерзімі он екі айдан аспауға тиіс, одан кейін қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.

Тіркеу жөніндегі комиссияның немесе шақыру комиссиясы жұмысының (әскери қызметке ағымдағы шақыру) соңына дейін азаматтарды тексеру (емдеу) аяқталған жағдайда әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылмайды және дәрігер-маман тексеру (емдеу) және қайта медициналық куәландыру туралы қорытынды шығарады.

Ұзақ тексеруге (емдеуге) (үш айдан артық) мұқтаж азаматтарға алтыдан он екі айға дейінгі мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады, одан кейін қайтадан медициналық куәландыру жүргізіледі.

Азаматтардың әскери қызметке уақытша жарамсыздығы мерзімі өткеннен кейін әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы түпкілікті қорытынды шығарылады.

Жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылудан босатылған адамдар медициналық куәландыруға (тексерілуге) жатпайды.

17. Егер тіркеу кезінде әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылған азаматтар емделуге, ауыз қуысын санациялауға, көздің көруін түзетуге мұқтаж болған жағдайда дәрігер-маманның қорытындысы әскер түрлері мен тектеріне арналу көрсеткішінен кейін: «Емделуге (ауыз қуысын санациялауға, көздің көруін түзетуге) мұқтаж» деген сөздермен толықтырылады және осы санаттағы азаматтар өздері бекітілген медициналық ұйымдарға емделуге бағытталады.

18. Әскери қызметке шектеулі жарамды, әскери қызметке уақытша жарамсыз, әскери қызметке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ тексерілуге (емделуге) жіберілген азаматтарға медициналық куәландыру парағы толтырылады.

19. Әскери-есептік мамандық бойынша оқуға жарамдылық талаптарға сәйкес айқындалады және азаматтардың әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыдан кейін шығарылады.

20. Қорытынды әскерге шақырылушының есепке алу картасына, шақыру комиссиясы хаттамаларының кітабына жазылады.

21. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссиялары медициналық куәландыруды жүргізгеннен кейін облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясы денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруға жатпайтын азаматтарды әскери қызметке шақыру жағдайларына жол бермеу мақсатында қадағалау медициналық куәландыру ұйымдастырады. Әскери қызмет өткеру орнына жөнелту алдында әскерге шақырылушыларды ағзада есірткі заттарының болуына тестілеуді және АИТВ-инфекциясына (көрсеткіштер бойынша) зерттеуді жүргізеді.

22. Егер медициналық тексеру нәтижесінде азаматтардың денсаулық жағдайында әскери қызметке шақыруға кедергі келтіретін (әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертетін) ауытқулар анықталса, облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясының дәрігер-маманы медициналық куәландыру парағын ресімдейді және облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясы аудандардың, қалалардың шақыру комиссияларының шешімін жояды және хаттамалары кітабында ресімделетін және азаматтарға жарияланатын өз шешімін шығарады.

23. Әскерге шақырылушының есепке алу картасы, медициналық куәландыру парағы, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мөрімен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді шешімі қайта қаралған аудандық (облыстық маңызы бар қала) шақыру комиссиясына жіберіледі.

24. Азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату негізділігін облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясының медициналық тексеруімен және (немесе) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған немесе одан босатылған барлық азаматтардың жеке істерін зерделеу жолымен тексеріледі.

Құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясы әскерге шақырылушының есепке алу картасына аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта медициналық куәландыруға жіберу туралы белгі жасайды.

Қайта медициналық куәландырылуға сондай-ақ олардың әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы медициналық комиссияның қорытындысымен келіспеген азаматтар жатады.

25. Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясы қайта медициналық куәландыру жүргізу мерзімі, орны және медициналық куәландырылуға жататын азаматтар туралы төмен тұрған шақыру комиссияларына хабарлайды.

26. Қайта медициналық куәландыруға азамат жеке ісімен және белгіленген диагнозды және шығарылған қорытындыны растайтын медициналық құжаттарымен жіберіледі.

Егер қайта медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаты өзгерсе, дәрігер-маман медициналық куәландыру парағын ресімдейді және облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясы төмен тұрған комиссияның шешімін жояды және хаттамалар кітабында ресімделетін және азаматқа жарияланатын өз шешімін шығарады.

Әскерге шақырылушының есепке алу картасы, медициналық куәландыру парағы, қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мөрімен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді шешімі қайта қаралған шақыру комиссиясына жіберіледі.

Егер қайта медициналық куәландыру нәтижесінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) шақыру комиссиясының шешімі өзгермесе, онда хаттамалар кітабы мен есепке алу картасында оны бекіту туралы қысқаша жазба жасалады, бұл ретте медициналық куәландыру парағы ресімделмейді.

27. Әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық бақылау сабақтастығын қамтамасыз ету үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) әскери бөлімге дәрігер-мамандардың қорытындылары бар медициналық картаға қосымша парақты (№ 025-1/у үлгі) жолдайды.

28. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының қызметін зерделеу облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясының, әскери қызметке шектеулі жарамды; әскери қызметке уақытша жарамсыз; әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтарды медициналық куәландыру және тексеру деректері бойынша және аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының шешімін растау немесе жою көрсетілген облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) шақыру комиссиясының хаттамалары кітабы бойынша жүзеге асырылады.

29. Әскери қызметшілер әскери қызмет орнына келгеннен кейін медициналық тексеруден өтеді, ал оқу-жаттығу әскери бөлімдеріне келгендер әскери-есептік мамандықтар бойынша оқуға (қызметке) жарамдылығын айқындау үшін штаттық емес әскери-дәрігерлік комиссияларда (бұдан әрі – ӘДК) түпкілікті медициналық куәландырудан өтеді.

Дәрігер-мамандардың қорытындылары медициналық куәландыру картасына, медициналық кітапшаға, ал ӘДК-ның қорытындысы ӘДК отырыстарының хаттамалары кітабына жазылады.

30. Денсаулық жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатпайтын әскери қызметшілерді мерзімінен бұрын босату науқастануы туралы куәлікпен ресімделген және штаттық ӘДК бекіткен госпитальдық немесе гарнизондық ӘДК қорытындысы негізінде стационарлық немесе амбулаторлық тексеруден кейін жүргізіледі. Гарнизондық ӘДК-ның амбулаторлық медициналық куәландыруы дене бітімінің нақты кемтарлығы болған кезде жүргізіледі.

31. Штаттық ӘДК гарнизондық (госпитальдық) ӘДК бекіткен сараптамалық қорытындысының көшірмесін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде әскери қызметшінің әскерге шақыру орны бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жолдайды.

32. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп, азаматты денсаулық жағдайы бойынша негізсіз әскери қызметке шақыру себептерін зерделейді және «Негізсіз әскерге шақыру себептерін зерделеу картасының» тиісті бөлімдерін толтырғаннан кейін әскери қызметші әскери қызмет өткерген ведомствоның штаттық ӘДК-на қайтарады.

33. Штаттық ӘДК, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) облыстардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп, азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша негізсіз әскери қызметке шақыру жағдайлары мен себептерін есепке алуды жүргізеді және әскери қызметке шақырылатын азаматтарды тексерудің және медициналық куәландырудың сапасын жақсартуға шараларды қабылдайды.
2. Әскери даярлық бойынша қосымша білім беру

бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарына, оның ішінде республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) оқуға түсетін азаматтарды және тәрбиеленушілерді медициналық куәландыру
34. Әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарына, соның ішінде республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) оқуға түсетін азаматтарды және тәрбиеленушілерді медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша оқуға түсуге немесе оқуды жалғастыруға жарамдылығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

35. Кандидаттар алдын ала тексеруден және түпкілікті медициналық куәландырудан өтеді.

36. Азаматтарды алдын ала медициналық тексеруді қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) әскерге шақыру комиссиялары жанындағы медициналық комиссияларының дәрігер-мамандары, түпкілікті медициналық куәландыруды – қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жанындағы медициналық комиссиялар немесе оқу орындары жанында құрылатын штаттық емес уақытша әрекет ететін медициналық комиссиялар жүргізеді.

Медициналық комиссия құрамы осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген тіркеу жөніндегі комиссия құрамына ұқсас.

37. Медициналық куәландыру басталғанға дейін оқу орындарына түсетін кандидаттарды тіркеу орны бойынша медициналық ұйымдар қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) сұрау салулары бойынша жеті жұмыс күні ішінде мынадай медициналық құжаттарды береді:

1) психоневрологиялық, наркологиялық (ағзада есірткі заттары мен психотропты заттардың бар болуына тестілеу нәтижелерімен), туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық диспансерлерден (кабинеттерден) – олардың есепте тұратыны туралы мәліметтерді (анықтамаларды);

2) басқа да медициналық денсаулық сақтау ұйымдарынан – созылмалы науқастары бойынша диспансерлік есепте тұру жай-күйі және соңғы он екі ай ішінде жұқпалы және паразитарлық науқастарға шалдыққаны туралы мәліметтерді, алдын алу егулері туралы және дәрі-дәрмек құралдары мен басқа да заттарды көтере алмайтыны (артылған сезгіштігі) туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттарды (стационарлық науқастың медициналық карталарынан үзінділерді, рентгенограммаларды, арнайы зерттеулер әдістерінің хаттамаларын).

Анықтамалар мен үзінділер денсаулық сақтау ұйымдарының мөртаңбасымен және мөрімен расталады.

Егер медицина ұйымдарының мәліметтері бойынша адамдарда оқу орындарына түсуге және әскери қызмет өткеруге кедергі келтіретін созылмалы науқастар немесе дене бітімінің кемістіктері бар болса, олар алдын ала медициналық тексеруге жіберілмейді.

38) Оқуға түсушілерге медициналық куәландыруға дейін отыз жұмыс күні ішінде:

1) қанды жалпы талдау;

2) мерезге микропреципитация (микрореакция) реакциясы;

3) зәрді жалпы талдау;

4) тыныштықта электрокардиографиялық зерттеу (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

5) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

Медициналық куәландыру процесінде денсаулық жағдайын айқындау үшін көрсеткіштер бойынша қажетті қосымша зертханалық, құралдық зерттеу әдістері жүргізіледі.

39. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, сондай-ақ бұрын қабылданған барлық алдын алу егулері мен дәрі-дәрмек құралдарын және басқа да заттарды көтере алмаушылығы (артылған сезгіштігі) туралы мәліметтер медициналық куәландыру картасына жазылады және қоса беріледі.

40. Диагнозды нақтылау мақсатында оқуға түсуші медициналық ұйымдарға тексерілуге жіберіледі.

Жолдамада медициналық ұйымның (әскери-медициналық мекеменің) атауы, диагнозы, тексеру мақсаты көрсетіледі.

Тексеруге арналған жолдамаға денсаулық жағдайын зерттеу актісі (бұдан әрі – акт), амбулаторлық науқастың медициналық картасы және денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттар қоса беріледі.

41. Тексеру аяқталғаннан кейін акт толтырылады, оған бас дәрігер мен тексеру жүргізген дәрігер қол қояды және медициналық ұйымның мөрі басылады. Акт оқуға түсуге жарамдылығы туралы шешім шығаратын медициналық комиссияның қарауына ұсынылады.

42. Медициналық куәландыру нәтижесінде штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК оқуға түсуге жарамдылығы туралы қорытындысын шығарады (бұл ретте ӘДК қорытындысын шығаруға негіз болған талаптардың тармақтарын көрсету қажет).

43. Талаптарда көзделген науқастар кезінде оқуды жалғастыруға жарамдылығын айқындау мақсатында тәрбиеленушілер штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық және госпитальдық) ӘДК-ға медициналық куәландыруға жіберіледі.

44. Медициналық куәландыру нәтижесінде штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК оқуды жалғастыруға жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытындысын шығарады (бұл ретте ӘДК қорытындысын шығаруға негіз болған талаптардың тармақтары көрсетіледі).

Оқуға жарамсыз деп танылған тәрбиеленушілерге, сондай-ақ әскери (арнайы) оқу орындарына түсуге жарамсыз деп танылған бітірушілерге ӘДК қорытындысы анықтама түрінде ресімделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет