Әскери пәндер және дене шынықтыру дайындығы циклы д ә р І с тақырып №1: «Макаров тапаншасының мақсаты, жауынгерлік қасиеттері, құрылысы»



жүктеу 289.08 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі289.08 Kb.
түріСабақ


Әскери пәндер және дене шынықтыру дайындығы циклы
Д Ә Р І С
Тақырып №1: «Макаров тапаншасының мақсаты, жауынгерлік қасиеттері, құрылысы».

ІІО қатардағы кіші және орта басшы құрам қызметіне үміткерлерге «Атыс дайындығы» пәнінен сабақ жүргізуге арналған

(алғашқы дайындық).
Қолданылатын әдебиеттер :

1. 2013ж 1 наурыз Қазақстан Республикасы 10 буйырык



  1. І.Б.Нысанқұлов. «Атыс дайындығы» оқулығы. Қарағанды, 2008ж.




  1. Д.И. Ершов. «Организация и методика проведения учебных стрельб из пистолета Макарова и автомата Калашникова». Учебно-методическое пособие. Москва, 1973 г.


Қарастырылатын сұрақтар:
Кіріспе................................................................................................5 мин.


  1. Макаров тапаншасының арналуы мен ұрыстық

қасиеттері, оның бөлшектерінің құрылысы

мен атқаратын жұмысы............................................................... 20 мин.




  1. Макаров тапаншасын толық емес (жартылай)

бөлшектеу және оны толық емес (жартылай)

бөлшектеуден кейін жинау........................................................... 20 мин.




  1. Тапаншаның бөлшектері мен механизмдерінің,

патроны мен қосалқы бөлшектерінің арналуы

және құрылысы............................................................................20 мин.


Қорытынды
КІРІСПЕ
Атыс қаруын қолдану қылмыстың жолын кесуде сондай-ақ, қылмыс жасаған адамдарды ұстауға өте тиімді құрал болып саналады. Бұл күнде адамзат баласы атыс қаруын ауыстыратындай басқа тиімдірек еш нәрсе тапқан жоқ. Сондықтан, оны заңды қолдану жеке бас құқығын, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау мақсатында шарасыздықтан беріледі. Қазақстан Республикасының ”ҚР Кұкык коргау туралы” заңында атыс қаруын қолданудың құқықтық негіздерін анықтап береді.

Сонымен бірге республикада қылмыстық жағдайдың шиеленісуі, әсіресе құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы шабуылдар мен қарсыласу санының өсуі, ауыр дәрежеде күш қолдану мен пайдақорлық қылмыстардың өсуі - олардың құқық қорғау органдарының қызметіне қарсылық көрсетуі мен атыс қаруларын қолданып қарулы шабуыл жасау көрсеткіштері өсуіне тікелей ықпалын тигізеді.

Қарастырылатын №1 “Макаров тапаншасының арналуы, ұрыстық қасиетері“ атты тақырыбы еліміздегі құқыққорғау органы, соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің табельдік қаруы жөнінде болмақ. Дәрісте негізі 3 сұрақ қарастырылады, олар: Макаров тапаншасының арналуы мен ұрыстық қасиеттері, оның бөлшектерінің құрылысы мен атқаратын жұмысы. Макаров тапаншасын толық емес (жартылай) бөлшектеу және оны толық емес (жартылай) бөлшектеуден кейін жинау. Тапаншаның бөлшектері мен механизмдерінің, патроны мен қосалқы бөлшектерінің арналуы және құрылысы. Нақты осы сұрақтардың толық мәнін ашып, бөлшектерінің жұмысы мен орындайтын қызметіне назар аударту үшін дәрісте Макаров тапаншасының плакаты және оқулық үлгідегі тапанша қолданылады.

1 СҰРАК

Макаров тапаншасының арналуы мен ұрыстық қасиеттері, оның бөлшектерінің құрылысы мен атқаратын жұмысы.

9 – мм Макаров тапаншасының жалпы түрі

9 мм МТ шабуыл және қорғау қаруы болып табылады, әрі қысқа қашықтықтан қарсыласты жоюға арналған. Тапаншадан ату 50м қашықтыққа дейін тиімді, оқтың күш куаты 350 метрге дейін сақталады. Тапаншадан атысты бір-бірлеп жекелеп атуға болады. Тапаншаның ұрыстық атыс жылдамдығы минутына 30 оқ. Оқталған күйінде МТ салмағы 810 грамм. МТ атыс жүргізу үшін 9 мм тапаншалық патрондар пайдаланылады, оқжатарға 8 патрон сияды. Оқтың бастапқы жылдамдығы 315 м/сек.

Тапаншаның ұзындығы – 161 мм, биіктігі – 126,75 мм, ұнғысының ұзындығы – 93 мм, ұнғының калибрі – 9 мм, ойық саны – 4, патроннның ұзындығы – 25 мм, салмағы – 10 гр, оқтың салмағы – 6,1 гр.



Тапаншаның жалпы құрылысы, бөлшектерінің және механизмнің жұмысы.

9 мм Макаров тапаншасы кіші көлемді, алып жүруге ыңғайлы, іс-қимыл жасауға әр қашан дайын. Тапанша атыс барысында автоматикалық түрде өзі оқталады. Құрылымы мен қолдану жағынан оңай және дұрыстап күткен жағдайда мінсіз, ұзақ уақыт жұмыс істейді. Тапанша өз бетімен оқталатын қару, бекітпе автоматты түрде орнына қайтуын пайдалану есебінен қайта оқталады. Бекітпе ұнғымен бірікпейді. Ұнғының оқпаны (каналы), бекітпенің салмақтылығынан және қайтармалы серіппе күшінің әсерінен берік жабылады. Тапаншада соққы-ағытқыш механизмдегі шүріппенің өзі қайырылып соғуының әсерінен шүріппені алдын ала тартпай-ақ ағытқыш ілмекті басып ата беруге болады.

Тапаншаның қауіпсіздігін қолдану барысында сақтандырғыш сенімді түрде орындайды. Тапаншаның бекітпесінің сол жағында сақтандырғыш орналасқан. Одан бөлек ағытқыш ілмекті басу кезінде, шүріппе соққы серіппесінің әсерінен автоматты түрде сақтандырғыш қалыпта тұрады.



Тапанша келесі негізгі бөлшектер мен механизмдерден тұрады:


  • қаңқа мен ұнғы және ағытқыш доғасымен (рамкак со стволом и спусковой скобой) - 1-сурет;

  • бекітпе соққышымен, лақтырғышымен және сақтандырғышымен (затвор с ударником, выбрасывателем м предохранителем) – 2-сурет;

  • бекітпе кедергісі (затворная задержка) - 3-сурет;

  • соққы-ағытқыш механизмінің бөліктері (части ударно-спускового механизма) - 4-сурет;

  • қайтармалы серіппе (возвратная пружина) - 5-сурет;

  • оқжатар (магазин) - 6-сурет;

  • сабы бұрандасымен (рукоятка с винтом) - 7-сурет.

Ату үшін сұқ саусақпен ағытқыш ілмекті басу қажет. Шүріппе сол кезде соққышты ұрады, ол патрон капсюльін бұзу нәтижесінде дәрі заряды тұтанып, үлкен көлемде газ пайда болып, патрон ішіне үлкен қысым жасалынады. Оқ-дәрі газының қысымымен ұңғы оқпаны (каналы) ішінен ұшып шығады. Бекітпе оқсауыт (гильза) арқылы берілген қысымның әсерінен кейін қайтқан кезде, лақтырғыш оқсауытты ұстап қалады да қайтармалы серіппенің қысылуынан кері қайтады. Оқсауыт лақтырғыштың қайтарғышына тіреледі де, бекітпенің саңылауы арқылы сыртқа шығарылады. Ал бекітпе артқы шеткі қалпына қайтқанда шүріппені шетмойындары арқылы кейін бұрып, оны ұрыс тетігіне қояды. Бекітпе түбіне дейін жылжыған соң, қайтармалы серіппенің әсерінен алға қайтып келеді. Алға қозғалған бекітпе оқжатардан келесі патронды алып, ұңғылыққа жіберіледі. Ұңғы оқпаны бекітпемен жабылып, тапанша қайтадан атуға дайын болады.

Тапаншаны толық емес (жартылай) бөлшектегеннен кейін дұрыс жиналғанын тексеру үшін міндетті түрде сақтандырғышты ажыратып (жалаушасын төмен түсіріп), бекітпені артқы шетіне дейін тартып қоямыз. Сонда алға біршама жылжыған бекітпе артқы шеткі қалпында, бекітпе кедергісінде тұрып қалады. Осы кезде оң қолдың бас бармағымен бекітпе кедергісінің кнопкасын төмен басып, бекітпені жібереміз. Бекітпе қайтармалы серіппенің әсерінен қуатты түрде бастапқы қалыпқа келеді, ал шүріппе ұрыс тетігінде тұруы тиіс. Содан кейін сақтандырғышты қосамыз (жалаушасын жоғары көтеру) сол мезетте шүріппе ұрыс тетігінен босап кетеді де тежеліп қалады.





Қаңқа мен ұңғысы ағытқыш доғасы
а) сол жағы, б) оң жағы. 1-ұңғыны бекіту тұғаны; 2-бекітпе кедергісінің ойығы; 3-шүріппе және шептало шетмойындарының шетмойын ұяшығы; 4-бекітпенің қозғалуына арналған кертпелер; 5-соққы серіппесі тілдерінің саңылауы; 6-соққы серіппесі ысырмасын және сабы бұрандасының көмегімен үдете бұрауға арналған бұрамалы шығыңқы тесігі; 7-сап негізі; 8-каптал көздері; 9-ағытқыш ілмек пен ағытқыш доғаның шығыңқы дөңесінің орналасуына арналған көз; 10-ағытқыш ілмектің шетмойынына арналған ұяшық; 11-бекітпе артқа қозғалғанда шек қоюға арналған шығыңқы дөңес; 12-ұңғы; 13-ағытқышты тартушы шетмойынның алдыңғы қозғалысы мен орналасуына арналған қисық кертпе; 14-ағытқыш доға; 15-ағытқыш доғаны бекітуге арналған томпақ ұяшық; 16-оқжатар ілгегіне арналған ойық; 17-оқжатардың жоғары бөлігінің шығуына арналған көз.

Қаңқа тапаншаның барлық бөлшектерін құрастырып тұруға қызмет етеді. Қаңқа сап негізімен біртұтастықты құрайды.

Қанқаның алдыңғы бөлігінде: үстіңгі жағында ұңғыны бекіту тіреуі, төменгі жағында ағытқыш ілмек пен ағытқыш доғаның шығыңқы дөңесінің орналасуына арналған көз; осы көздің қапталында ағытқыш ілмектің шетмойынына арналған ұяшық; қаңқаның жоғары бөлігінде ұңғыны бекітетін тесік, ал төменгі жағында ағытқыш ілмектің басы орналасатын саңылауы, оң жағында ағытқышты тартушы шетмойынының алдыңғы қозғалысы мен орналасуына арналған қисық кертпе болады.

Қанқаның артқы бөлігінде: үстіңгі жағында шүріппе және шептало шетмойындарының шетмойын ұяшығы; бекітпенің қозғалуына арналған кертпелер; соққы серіппесінің саңылаулары болады.

Қанқаның орта бөлігінде: оқжатардың жоғары бөлігінің шығуына арналған көз; сол жақ қабырғасында бекітпе кедергісіне арналған ойық болады.



Сап негізі сабын бекітуге және соққы серіппесімен оқжатарды оналастырыуға пайдаланылады.

Ағытқыш доға ағытқыш ілмек шетін кездейсоқ басып қалудан сақтайды. Оның алдынғы бөлігінде бекітпе кейін қозғалғанда шек қоюға арналған шығыңқы дөңесі болады. Ағытқыш доға қаңқаның жоғарғы бөлігіндегі сап негізінің алдыңғы қабырғасында серіппемен және қысушымен нығыздалып бекітіледі.

Ұнғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұнғы ішіндегі оқпанда (каналында) солдан оңға қарай жоғары иреленген төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге қызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс арасындағы қашықтық ұнғы арнасының калибрі деп аталады, тапаншада ол - 9 мм-ге тең. Ұнғы арнасының оқталатын бөлігі жылтыр және диаметрі үлкен, ол – ұңғылық деп аталады.

Б Е К І Т П Е



а — сол жақ беті; б — астыңғы жақтан көрініс; 1 — қарауыл (мушка); 2 — көздеуіш (целик); 3— кертіктер (насечка); 4 — бекітпені бекітпе кедергісіне қоюға арналған тіс (зуб для постаковки затвора на затворную задержку); 5—қайтарғышқа арналған кертпе (паз для отражателя); 6 — бекітпенің қаңқа бойымен қозғалуына арналған дөңес (продольные выступы для направления движения затвора по рамке); 7 — шығыңқы адыр (гребень); 8 — сақтандырғыш ұяшық (гнездо для предохранителя); 9 — шүріппе кертпесі (паз для курка); 10 — иінтірек взводы дөңесінің бөлектенуіне арналған ойық (выем для помещения разобщающего выступа рычага взвода); 11— иінтірек взводының шепталомен бөлектенуіне арналған дөңес (выступ для разобщения рычага взвода с шепталом); 12 — иінтірек взводы дөңесінің бөлектенуіне арналған кертпе (паз для разобвдагощего выступа рычага взвода); 13 — шепталоның иінтірек взводынан бөлектенуіне арналған ойық (выем для разобщения шептала с рычагом взвода); 14 — жіберуші (досылатель); 15 — оқсауытты лақтырып сыртқа шығару саңылауы (окно для выбрасывания гильзы (патрона)); 16 — ұңғы мен қайтармалы серіппенің оқпаны (канал для помещения ствола с возвратной пружиной)

Бекітпе оқжатардан патронды ұңғылыққа жіберуге, ату барысында оқпанды жабуға, оқсауытты ұстауға (патронды шығаруға) және шүріппені ұрыс тетігіне қоюға пайдаланылады.

Бекіткіштің сыртында: көздеуге арналған қарауыл; көздеуішке арналған көлденең кертпелері; көздеу барысында бекітпе үстінде қарауыл мен көздеуіш аралығында шағылысуды болғызбайтын кертіктері; оң жағында-оқсауытты лақтырып шығаруға арналған саңылау; лақтырғышқа арналған ойық; лақтырғыш серіппесі мен қыспа тығынға (гнеток) арналған ұяшық; сол жағында — сақтандырғышқа арналған ұяшығы мен сақтандырғыштың тоқтатқышына (фиксатор) арналған екі ойма; жоғарғысы-жалаушасын «сақтану», ал төменгісі — жалаушасын «ату» күйіне қойғанда ашамыз, сақтандырғышты қосқанда жалаушасын жабамыз; екі жағында бекітпені қолмен тартқанда ыңғайлы болу үшін кертіктер; бекітпенің артында шүріппе өтетін кертпе бар.



Соққыш:


1 — шақпа (боек); 2 — сақтандырғыш кесігі (срез для предохранителя).

Соққыш капсюлді бұзу қызметін атқарады. Оның алдынғы бөлігінде шақпа (боек), артқы бөлігінде соққышты бекітпе соңында ұстап тұратын сақтандырғышқа арналған кесігі болады.

Лақтырғыш серіппесі:



1 — ілгек (зацеп); 2 — бекітпемен жалғастырғыш шеті(пяточка для соедннения с затвором);

Лақтырғыш оқсауытты бекітпе тостағаншасында қайтарғышқа дейін ұстап тұру қызметін атқарады.

Онда оқсауытты сақиналы ойығынан іліп алып бекітпе тостағаншасында ұстап қалатын ілгегі, бекітпемен жалғастырғыш және оның артқы бөлігінде қыспа тығынның басы орналасатын кемері болады. Лақтырғыш бекітпенің кертпесіне қондырылады.



Сақтандырғыш тапаншаны қолданғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

Сақтандырғыштың блшектері: 1-кемері; 2- тоқтатқышы; 3-сақтандыр-ғыш жалаушысы; 4-қыры; 5-ілмегі; 6-дөңесі



Қайтармалы серіппе



Қайтармалы серіппе атудан кейін бекітпені алдыңғы қалыпқа келтіру үшін пайдаланылады.

Соққы-ағытқыш механизмінің бөліктері:

  1. ағытқышты тартушы иінтірек взводымен;

  2. шүріппе;

  3. шептало серіппемен;

  4. соққы серіппесінің ысырмасы;

  5. ағытқыш ілмек;

  6. соққы серіппесі

Шүріппе соққышты соғуға пайдаланылады





Шүріппе (курок):

а — сол жағы; б — оң жағы; 1 — кертік бастар (головка с насечкой); 2—дөнес (выступ);

3 —ойық (выем) 4— шетмойындар ( цапфы); 5-өзі взводтың тісі ( зуб самовзвода);

6 — терең ойық (углубление); 7 — сақтандыру взводы (предохранительный взвод);

8 —ойық; 9 — ұрыс взводы (боевой взвод); 10 — сақиналы ойық (кольцевой выем)

Сыбыр шүріппе:

1- шепталоның шетмойындары; 2 – тісі; 3 – шепталоның тұмсығы; 4-дөңесі; 5-шепталоның теруі; 6-шепталоның серіппесі.

Шептало шүріппені ұрыс және сақтандырғыш взводта ұстап қалу үшін пайдаланылады.

Ағытқышты тартушы иінтірек взводымен (Спусковая тяга взвода):

1-иінтірек взводындағы шығыңқы дөңес (разобщающий выступ рычага взвода); 2-ойық; 3-иінтірек взводы (рычаг взвода); 4 — ағытқышты тартушы (спусковая тяга);

5—ағытқышты тартушының шетмойыны (цапфы спусковой тяги); 6 — иінтірек взводының табаны (яточка рычага взвода); 7—өзі взводтың дөңесі ( выступ самозвзода);


Ағытқышты тартушы иінтірек взводымен шүріппені ұрыс взводынан ағытуға және ағытқыш ілмектің шетін басқанда шүріппені қайыруға пайдаланылады.

Ағытқыш ілмек (Спусковой крючок):

1 —шетмойыны (цапфы); 2 — тесігі(от верстие); 3 —басатын шіті (хвост)

Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыс взводтан және ату кезінде қайырылған шүріппені өзі взводынан ағытуға пайдаланылады.

Соққы серіппесі (Боевая пружина):



I — ілгегі ( защелка); 2 —тесігі (отверстие); 3 —жалпақ тілі (широкое перо);

4 — соғатын ұшы (отбойный конец); 5 — жіңішке тілі (узкое перо)

Соққы серіппесі шүріппені және ағытқышты тартушы мен иінтірек взводын қозғалысқа келтіруге пайдаланылады.


Сабы бұрандасымен (Рукоятка с винтом):

1— кертпелер (пазы); 2 — тесігі ( отверстие); 3 — ілгіші (антабка);



4 — бұрандасы (винт)

Сабы бұрандасымен сап негізінің қапталды көздері мен артқы жағын жабу және тапаншаны қолда ыңғайлы ұстау үшін пайдаланылады.

Бекітпе кедергісі (Затворная задержка):

1 —дөңесі ( выступ); 2 – кертіктелген кнопкасы (кнопка с

насечкой); 3 —тесігі ( отверстие); 4 —қайтарғыш(отражатель)


Бекітпе кедергісі оқжатарда барлық патрон таусылғанда бекітпені артқы қалыпта ұстап қалу үшін пайдаланылады.

Оқжатар (магазин): Оқжатардың сырты (Корпус магазина):

1 — оқжібергіш (подаватель); 2 — сырты 1 —көздері (окно); 2-дөңесі (выступ);

(корпус магазина) 3— қақпағы (крышка 3-иілген қыры (загнутое ребро); 4-ойығы

магазина); 4 —оқжібергіш серіппесі (вырез); 5 — сайы (желоб)

(пружина подавателя)




Оқжібергіш (подаватель): Оқжібергіш серіппесі (пружина подавателя)

  1. иілген шеті (отогнутые концы);

  2. тісі (зуб).

.
Оқжатар қақпағы (крышка магазина):

1 — тесігі (отверстие); 2 —кертпелері (пазы)


Сонымен ; 9 мм МТ шабуыл және қорғау қаруы болып табылады, әрі қысқа қашықтықтан қарсыласты жоюға арналған. Тапаншадан ату 50м қашықтыққа дейін тиімді, оқтың күш куаты 350 метрге дейін сақталады. Тапаншадан атысты бір-бірлеп жекелеп атуға болады. Тапаншаның ұрыстық атыс жылдамдығы минутына 30 оқ. Оқталған күйінде МТ салмағы 810 грамм. МТ атыс жүргізу үшін 9 мм тапаншалық патрондар пайдаланылады, оқжатарға 8 патрон сияды. Оқтың бастапқы жылдамдығы 315 м/сек.

2 СҰРАК

Макаров тапаншасын толық емес (жартылай), толық бөлшектеу және оны толық емес (жартылай), толық бөлшектеуден кейін жинау.

Тапаншаны толық емес (жартылай) бөлшектеу келесі ретпен жүргізіледі

1.Оқжатарды сабы негізінен шығарып алу

Оң қолмен тапанша сабынан ұстап, сол қолдың бас бармағымен оқжатар ілгегін артқа тоқтағанға дейін итеріп, бір уақытта сол қолдың сұқ саусағымен оқжатар қақпағының шығыңқы бөлігін тартып, оқжатарды сабы негізінен шығарып алу. Содан кейін ұңғылыққа патронның бар жоғын тексеру мақсатында сақтандырғышты ажыратып (жалаушасын төмен түсіру), сол қолмен бекітпені соңғы шетіне дейін тартып бекітпе кедергісіне қойып, ұңғылықты тексеріп, оң қолдың бас бармағымен бекітпе кедергісін басып бекітпені жіберу.



2.Қаңқадан бекітпені бөліп алу

Тапаншаның сабынан оң қолмен ұстап, сол қолмен ағытқыш доғаны төмен түсіріп, оны солға немесе оңға қаңқада қиғаштау тұрып қалатындай етіп тіреп қою.

Сол қолмен бекітпені соңғы шетіне дейін тартып апарып, соңғы шетін көтеріп, қайтармалы серіппенің әсерінен оның алға жылжуына мүмкіндік беру. Бекітпені қаңқадан бөліп алып, ағытқыш доғаны орнына қою.

3.Ұңғыдан қайтармалы серіппені шығарып алу

Қаңқаның сабынан оң қолмен ұстап, сол қолмен қайтармалы серіппені өзіне қарай айналдыра шығарып алу.



Тапаншаны жартылай бөлшектегеннен кейін жинау реті керісінше жүргізіледі.

  1. Ұңғыға қайтармалы серіппені кигізу

Қаңқаның сабынан оң қолмен ұстап, сол қолмен қайтармалы серіппенің орам диаметрі кішкентай жағымен ұңғыға кигізу.

  1. Қаңқаға бекітпені қосып қою

Қаңқаның сабын оң қолмен, бекітпені сол қолмен ұстап, артқы шетіне қарай ұңғы оқпанымен қайтармалы серіппені қыса отырып тартқанда, ұңғының ауызғы бөілігі бекітпе оқпанынан сыртқа шығып тұруы қажет.

Содан кейін бекітпенің артқы бөлігін төмен басып, қаңқа бойымен қозғалуына арналған дөңес кертпелеріне орналастырып, басып жіберіп қалғанда бекітпе қайтармалы серіппенің әсерінен жылдамдықпен алдыңғы қалыпқа келеді. Сақтандырғышты қосамыз.



  1. Оқжатарды сап негізіне салу.

Тапанша оң қолға ұстай отырып, сол қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен оқжатарды сабы негізіне саламыз. Бас бармақпен басқанда ілгек оқжатардағы дөңеске кіріп, сырт еткен дыбыс естілуі тиіс.

Тапаншаны толық бөлшектеу және жинау

Тапаншаны толық бөлшектеу төмендегідей ретпен жүргізіледі:

-тапаншаны жартылай бөлшектеу;

-шептало мен бекітпе кедергісін қаңқадан бөліп алу;

-сапты сап негізінен және соққы серіппені қаңқадан бөліп алу;

-шүріппені қаңқадан бөліп алу;

-ағытқышты тартушы мен иінтірек взводын қаңқадан бөліп алу;

-ағытқыш ілмекті қаңқадан бөліп алу;

-сақтандырғыш пен соққышты бекітпеден бөліп алу;

-лақтырғышты бекітпеден бөліп алу;

-оқжатарды бөлшектеу.

Тапаншаны толық бөлшектегеннен кейін жинау реті керісінше жүргізіледі. Тапаншаны жинағаннан кейін бөлік пен механизмдерінің жұмыс істеу дұрыстығын тексеру. Тексеру үшін келесіні жасау керек:



  • сақтандырғыш жалаушасын «ату» қалпына қою (оны төмен түсіру);

  • алға біршама жылжыған бекітпе, бекітпе кедергісінің әсерінен артқы күйде тұрып қалуы керек. Содан соң бекітпе кедергісінің кнопкасын басу;

  • бекітпе қайтармалы серіппенің әсерінен жылдамдықпен алдыңғы қалыпқа келеді, ал шүріппе ұрыс взводында болуы тиіс. Содан кейін ағытқыш ілмектің шетінен басу

  • шүріппе ұрыс взводынан ағытылып, соққышқа соққы береді.

Тыңдаушылар оқытушының жетекшілігімен тәжірибелік түрде тапаншаны толық бөлшектеуді меңгереді.

Тапаншаны тазалап майлау

Тапаншаны әрдайым ұқыпты таза ұстау керек. Яғни оны уақытылы дұрыс тазалап, майлап және күтіп сақтау керек.

Тапаншаны тазалау:



  • ұрыстық жағдайда, маневрларда және ұзақ дала алаңындағы оқу-жаттығуларда;

  • оқу-жаттығу мен нарядтан кейін және дала алаңындағы сабақ атыссыз болса да осындай сабақтардан кейін берден;

  • атып болғаннан соң дереу тапаншаны тазалап, әрі қарай келесі 3-4 күн бойы күн сайын;

  • егер тапанша қолданылмаса-онда сирек дегенде жеті күнде бір рет жүргізіледі.

Тапаншамен қаруланған сарбаздар мен сержанттары (тыңдаушылар) тапаншаны тазалап майлауды взвод басшысының жетекшілігімен орындайды (батарея, рота старшиналары). Офицерлер тапаншаны тазалап майлауды өздігімен жүргізеді.

Казарма мен лагерлерде орналасқан жерлерде тапаншаны арнайы бөлінген орындарда жабдықталған үстелдерде жүргізіледі.

Тапаншаны тазалап майлауға:


  • сұйық қару майы-тапаншаны тазалаған соң ұңғы оқпаның, бөлік пен механизмдерін +5 градус және одан жоғары ауа температурасы кезінде майлау үшін;

  • ҰТЕ (ұңғыны тазалау ерітіндісі) ерітіндісі-ұңғы оқпанын және газ әсер еткен бөлік пен механизмдердің басқа да бөліктерін тазалауға арналған;

  • шүберек немесе КВ-22 қағазы-тапаншаны сүрту, тазалау мен майлау үшін;

  • талшықтан тазартылған кендір (қысқа зығыр талшықты)тек қана ұңғы оқпанын тазалау үшін;

  • тазалауға ыңғайлы болу үшін арнайы дайындалған ағаш таяқшалар пайдаланылады.Тапаншаны ҰТЕ-мен тек атысты аяқтағаннан соң атыс алаңында болмаса казармада жүргізіледі. Егер тапанша атыстан кейін сұйық қару майымен тазаланған болса, онда казармаға келген соң тапаншаны ҰТЕ-мен тазалайды.

Дала жорығында тапаншаны тек сұйық қару майымен тазалайды.

Тапаншаны келесі реті бойынша тазалайды:



  • сүрту мен майлау материалдарын дайындау;

  • керек-жарақты қарап шығу;

  • тапаншаны бөлшектеу;

  • ұңғы оқпанын тазалау. Тапанша қаңқасын үстелге қойып, сұйық қару майына сіңіртілген талшықты сүрткіштің ойығынан өткізіп, ұңғы оқпанының оқ шығатын жағынан ары-бері жүргізу. Бірінші ұңғы оқпанын талшықтармен сосын шүберекпен таза құрғақ етіп сүрту. Егер тазалау барысында шүберектің бір жерінде күйік болмаса тот басқан із көрінсе, онда ұңғы оқпанын қайтадан талшықтармен сүртіп шығамыз. Ұңғы оқпаны таза болмайынша әрі қарай тазалайбереміз. Ұңғылық тек оқталатын бөлігі жағынан тазаланады;

  • тапаншаның қаңқа мен ұңғысын және ағытқыш доғасын тазалау;

  • бекітпені, қайтармалы серіппені, бекітпе кедергісін және соққы-ағытқыш механизм бөлігін тазалау;

  • сабын құрғақ шүберекпен сүрту;

  • оқжатарды тазалау;

  • тапанша қабын сүрту;

  • сүрткішті құрғақтай сүртіп алу.

Тапаншаны келесі реті бойынша майлайды:

  • ұңғы оқпанын майлау;

  • тапаншаның қалған металды бөліктері мен механизмін майлау. Майлап болған соң тапаншаны сүртіп қою.

Аязда ұстаған тапаншаны бірден жылы орынға әкеліп, қашан оның буланып суы кетпейінше тазалап майлауға болмайды. Ұзақ мерзімге сақтауға тапсырылған тапанша мұқият түрде тазартылып, ингибитирленген бір парақ қағазға орап, қалың қатырма қағаздан жасалған (картон) корапқа салынады.


3 СҰРАК

Тапаншаның бөлшектері мен механизмдерінің, патроны мен қосалқы бөлшектерінің арналуы және құрылысы.

Тапаншаның қосымша жабдықтары: қосалқы оқжатары, сүрткіші, тапанша қабы, тапаншаға арналған бауы болады.



Тапаншаның керек-жарағы: а — тапанша қабы (кобура); б —қосалқы оқжатары (запасной магазин); в —сүрткіші (протирка); г —тапанша бауы ( пистолеткый ремешок); 1 —артқы тағатын ілмегі ( задняя носильная петля); 2 —алдыңғы тағатын ілмегі (передняя носильная петля); 3—қақпағы (крышка); 4 — ішкі көмекші бауы (внутренний вспомогательный ремешок); 5 —сүрткішке арналған ілгегі (петли для протирки); 6 —қалтасы (карман); 7 —қабы (корпус); 8 — түймелігі (застежка); 9 — ілмегі (петля); 10 — бауы (ремень); 11— жүзі (лезвие); 12 — сүрткіш ойығы (прорезь протирки); 13— ұшы (выступ); 14 —ілгіші ( карабинчик)

Оқжатар сегіз патронды салып орналастыру үшін пайдаланылады. Ол сыртынан, оқжібергіштен, оқжібергіш серіппесінен, қақпағынан тұрады.

9-мм тапанша патронының жалпы түрі және оның құрылымы

1 — биметалды (жалатылған) қабық (биметалическая рубашка), 2 —болат өзек (стальной сердечник); 3 —қорғасын қағанақ (свинцовая рубашка); 4 — капсюль;

5 — оқсауыт (гильза); 6 — дәрі (пороховой заряд); 7 - оқ ( пуля)

Патронның құрылымы: 9мм тапанша патроны оқсауыттан, капсюльден, дәрі зарядынан, оқтан тұрады.

Оқсауыт дәрі зарядының орналасуына және патронның барлық бөліктерін біріктіріп байланыстыруға пайдаланады. Сондай-ақ, ату кезінде газдардың ұңғы оқпанынан (каналынан) ұңғылық арқылы өтуін тосқауылдайды.

Оқсауттың түбінде: капсюльге арналған ұяшығы; капсюльді шақпамен бұзатын төсі (наковальня); капсюльді бұзғанда пайда болған от ұшқынының дәрі зарядына кіретін арнайы екі тесігі, ал сыртында лақтырғыш ілгегі іліп алатын сақиналы ойығы болады.



Заряд түтінсіз пироксилин дәрісінен тұрады.

Капсюль дәрі зарядының тұтануына (от алуына) пайдаланады.

Оқ биметалды (жалатылған) қабығынан тұрады. Оған сығымдалып болат өзегі салынған. Оқ пен болат өзектің арасында қорғасын қағанақ болады.

Тапанша бөліктері мен механизмдері оқталғанға дейін келесідей қалыпта болады:

Бекітпе-қайтармалы серіппенің әсерінен алдыңғы шеткі қалыпта, бекітпенің тостағаншасы ұңғының оқталатын кесігіне тіреледі (ұңғы бекітпемен жабылған), қаңқа мен бекітпе сақтандырғыштың қырымен жабылған.

Шүріппе-соққы серіппедегі жалпақ тілдің әсерінен ағытылып, сақтандырғыш дөңісінің алдыңғы жазығына тіреліп, алға жылжи алмайды.

Шептало кемерінің сөрешісі сақтандырғыш өсімен жоғары көтеріліп, осы қалыпта ұсталынып тұрады. Шүріппенің сақтандырғыш взводы мен шептало тұмсығының арасында кішкене саңылау болады.

Ағытқышты тартушы мен иінтірек взводы соққы серіппедегі жіңішке тілінің әсерінен артқы шеткі қалыпқа келтірілген, иінтірек взводы қаңқаға батырылып, оның өзі взводының дөңесі ағытқыш ілмектің шетін басқанда қайырылмайтындар шүріппедегі өзі взводының тісімен жалғасқан, бірақ артқа аз кедергілі жүрісі болады.

Сабының негізінде оқжатар салынған. Оқжібергіш үстіңгі жағында болып, бекітпенің шығыңқы адырына тіреледі.



Сақтандырғыш жалаушысы «сақтану» қалыпта болады.

Тапаншаның бөлшектері мен механизмінің жұмысы

Тапаншаны оқтау үшін:



  • оқжатарды оқтау;

  • оқжатарды сап негізіне енгізу;

  • сақтандырғышты қосу (жалаушаны төмен түсіру);

  • бекітпені артқы шетіне тартып, жіберіп қалу.

Оқжатардың оқжібергішіне патрондарды бір қатарға бірінен соң бірін салып, үстінен бас бармақпен алға итеріп жарақтағанда, оқжібергіш серіппесі төмен қарай сығыла бастайды, оқжатар сегіз патронмен толғанда оқжібергіш серіппесі шегіне дейін сығылып, оқжібергішті астыңғы жағынан қысады, сол кезде патрондарды жоғары көтереді.

Жарақталған оқжатарды сап негізіне салған кезде оқжатар ілгегі оқжатардың қабырғасындағы дөңеске тіреледі де, патрондарды сабының негізінде ұстап тұрады. Жоғарғы патрон бекітпенің шығыңқы адырына тіреледі. Оқжібергіш астында тұрады, ал оның тістері бекітпе кедергісіне әсер етпейді.

Сақтандырғышты (жалаушыны төмен түсіру) қосқан кезде, оның дөңесі көтеріледі де, шүріппені босатады. Сақтандырғыштың жалаушасын жоғары көтерген кезде, оның ілмегі шүріппені ойығынан шығар кезде, шүріппе дөңесін босатады. Ол шүріппенің артқы еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Сақтандырғыш өсінің кемер ұштары шепталоны босатады, ол өз серіппесінің әсерінен төмен түсіріледі және шептало тұмсығы шүріппенің сақтандырғыш взводы алдына келеді (шүріппе сақтандыру взводқа келеді). Сақтандырғыш қыры қаңқаның сол жақ дөңесінен шығады да, бекітпені қаңқамен біріктіреді.

Бекітпені артқы шетіне апарғанда: бекітпе шүріппені бұрады; шептало серіппенің әсерінен өзінің тұмсығымен шүріппенің ұрыс взводының артына шығады; бекітпенің артқа қарай қозғалысын ағытқыш ілмектің шығыңқы дөңесі шектейді. Қайтармалы серіппе барынша қысылып тұрады; шүріппе алдыңғы сақиналық ойық бөлігімен сақиналы тартқышты взвод иінтірегімен алға және біраз жоғары қарай жылжытады; взвод иінтірегінің ойығы шептало дөңесіне қарай өтеді; оқжатардағы оқжібергіш серіппесінің әсерінен оқжібергіш патронды көтергенде, жоғарғы патрон бекітпе жіберушінің алдында тұрады.

Бекітпені босатқанда қайтармалы серіппе бекітпені алға жібереді; бекітпе жіберушісі жоғарғы патронды ұңғылыққа итереді; патрон ұңғылыққа кіреді де оқсауыттың артқы бөлігі ұңғылық кемеріне тіреледі; ұңғы оқпаны (каналы) бос бекітпемен жабылады, екінші патрон оқжібергіш серіппесі әсерімен бекітпе шығыңқы адырына көтеріліп барып тіреледі; лақтырғыш ілгегі бірінші патронның оқсауыт сақиналы ойығынан іліп алады.

Шүріппе ұрыстық взводта. Тапанша атуға дайын, бірақ егер атудың қажеті болмаса, онда сақтандырғышты қосу керек.

Сақтандырғышты қосқан кезде сақтандырғыш дөңесі түсіріледі де, шептало көтерілгенше шүріппе қозғалысын тежейді.

Сақтандырғыш өсі кемер ұшымен шепталоны көтереді, ол шүріппені босатады; шүріппе соққы серіппенің жалпақ тілі әсерінен бұрылады және сақтандырғыш дөңесіне қарай соққы жасайды; сақтандырғыш қыры бұрылып барып, қаңқаның сол жақ дөңесіне кіреді және қаңқаны бекітпемен жабады; сақтандырғыш ілгегі шүріппе ойығына кіреді де, оны шүріппе кірмейтіндей етіп жабады.



Ату кезінде және атылғаннан кейінгі тапанша бөлшектері мен механизмінің жұмыстары

Ату үшін сақтандырғышты ашып (жалаушасын төмен түсіру), шүріппені қайыра тартып, сұқ саусақпен ағытқыш ілмектің шетінен басу керек.

Сақтандырғышты ажыратқанда және шүріппені қайыра тартқан кезде тапанша бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы оқталғандағыдай болады.

Ағытқыш ілмектің шетін басу кезінде ағытқышты тартушы өзінің ойығымен шептало дөңесіне тірелгенше жылжиды; содан кейін иінтірек взводы шепталоны көтеріп, шүріппені ұрыс взводынан ағытады; шүріппе соққы серіппенің жалпақ тілінің әсерімен шетмойынмен алға қарай жедел бұрылады да, соққышты ұрады; соққыш алға қарай қозғалады және патрон капсюлін шақпамен бұзады; тапанша атылады.

Атылғаннан кейін бекітпе дәрі газының қысымымен оқсауытпен бірге артқа қарай жылжиды; қозғалыстың бас кезінде (3-5мм) бекітпе өзінің дөңесімен иінтірек взводының бөлектеу дөңесін оң жаққа жылжытып, оны тапанша тіркеуінен ағытады; шептало оң жаққа жылжытып, оны тапанша тіркеуінен ағытады; шептало шүріппеге жабысып, дөңесімен шүріппенің ұрыс взводына шыға отырып, оны келесі атуға дейін ұстап тұрады; оқсауыт қайтарғышқа соғылады және бекітпедегі саңылау арқылы сыртқа шығарылады; оқжібергіш кезекті патронды көтереді, оны бекітпе жібергішінің алдына қояды. Тапанша бөлшектері мен механизмдерінің әрі қайрайғы жұмысы оқталғандағы сияқты (суреттерді қараңыз).

Келесі атуды жүргізу үшін ағытқыш ілмектің шетін босатып, оны қайта басу керек.

Ағытқыш ілмектің басу кезінде ағытқышты тартушы иінтірек взводымен соққы серіппенің жіңішке тілінің әсерінен артқа кетеді де, бір мезгілде иінтірек взводы түсіріліп, өзінің ойғымен шептало дөңесіне енеді.

Өзі взводпен атқан кездегі бөлшектері мен механиздерінің жұмысы

Егер ату алдын ала шүріппені қайырусыз жасалса, онда ағытқыш ілмектің шетінен басу кезінде шүріппе автоматты түрде қайырылады. Мұнда иінтірек взводының дөңесі өзі взводының дөңесімен және шүріппенің өзі взводы тісімен ілінісіп, шүріппені қайырады. Шүріппе ұрыстық взводқа келмей-ақ, өзівзводының иінтірек дөңесінен ағытылып, соққышқа барып соғылады да, тапанша атылады.



Тапанша оқжатарында патрон тауысылғанда бөлшек пен механизмдердің жұмысы

Оқжатардағы оқжібергіштің тісі бекітпе кедергісінің алдыңғы шетін көтереді, бекітпе тісі бекітпе кедергісінің дөңесіне тіреліп, артқы қалыпта тұрып қалады да, шүріппе ұрыс взводына қойылып, оқжібергіш серіппесі азырақ қысылады.



Атыс кезіндегі кідірістер мен оны жою тәсілі және қарудағы қалыпты атысқа келтіру.

Тапаншаны дұрыс қолданып, ұқыпты күтім жасап сақтаса, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс жасайды. Алайда тапаншаны ұзақ қолданудың барысында механизмдер мен бөліктердің тозуынан және көбінесе ұқыпсыз ұстау мен күтім жасамаудың салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін.

Тапаншадан ату кезінде болатын кідірістердің алдын алу мен оның тоқтаусыз жұмысын қамтамас ету үшін:

-тапаншаны атуға дұрыс дайындау;

-уақытылы барлық ережелерді сақтай отырып, тапаншаны қарап, тазалап майлау, әсіресе тапаншаның үйкелетін бөліктерінің тазалығы мен майланғанын қадағалау;

-уақытылы тапаншаны жөндеу;

-атыстың алдында патронды тексеріп, тот басқан және лас патрондарды атуға пайдаланбау.

Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен, қайта оқтау арқылы түзеп қарау, егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек.




Кідірістер

Кідіріс себептері

Кідірістерді жою әдісі

1.От алмады.

Бекітпе шеткі қалыпта, шүріппе босатылған, бірақ атыс болмады.



1.патрон капсюлі жарамсыз.

2.соққыштың астындағы оқпаны кірлеп, майы қоюланған.

3. сабындағы бұранда дұрыс бұралынбаған (тапаншаның соққы серіппесіндегі ысырмасы жоқ).

4. соққыштың шақпасы ұрылып, дұрыс шықпайды.



1.Тапаншаны қайтадан оқтап, атысты жалғастыру.

2.Тапаншаны тексеріп тазалау.

3.Сабының бұрандасын дұрыс бұрау, (ысырмасын салып қою).
4.Тапаншаны шеберханаға жіберу.


2. Бекітпенің патрон-ды жаппауы.

Бекітпе тоқтап, алдыңғы шеткі қалыпқа жете алмады, шүріппені ағытуға болмайды.



1.бекітпе тостағаншасы, кертпесі және ұңғылық ластанған.

2. лақтырғыштың серіп-песімен қыспа тығы-нының ластануынан лақтырғыштың қозғалысы қиындау.



1. Бекітпені қолмен алға итеріп атысты жалғастыру.

2.Тапаншаны тексеріп тазалау.




3.Оқжатардан ұңғылыққа патронның берілмеуі немесе жылжи алмауы.

Бекітпе алдынғы қалыпта, ұңғылықта патрон жоқ, бекітпе ұңғылыққа патронды жібере алмай орта қалыпта тоқтап қалды.



1.Оқжатардың және тапаншаның қозғалатын бөліктерінің ластануы.

2. Оқжатар сыртының жоғарғы шеттері майысқан.



1. Тапаншаны қайта дан оқтап, атысты жалғастыру. Тапаншаны және оқжатарды тазалау.

2.Жарамсыз оқжатарды ауыстыру



4. Бекітпенің оқсауытты қысып қалуы.

Оқсауыт бекітпенің саңылауы арқылы сыртқа шығарылмай бекітпе мен ұңғының оқтайтын бөлігіәнде кептетіліп қалды.



1. Тапаншаның қозғал-малы бөліктері кірленген.

2. Лақтырғыштың өзі, оның серіппесі болмаса, қайтарғышты жарамсыз.



Қысылып қалған оқсауытты алып тастап атысты жалғастыру.

Лақтырғыштың серіппесі немесе қайтарғышы жарамсыз болса онда тапаншаны шеберханаға жіберу.



5.Автоматты түрде атылу.

1. Соққы-ағытқыш механизмнің бөліктері ластанған немесе майлары қоюланған.

2. шүріппенің ұрыстық взводы мен шептало тұмсығы желінген.

3. Шепталоның серіппесі босаған болмаса сынған.

4. сақтандырғыштың кемержағы шепталоның тісіне тиеді.



1.Тапаншаны тексеріп, тазалау.

2. Тапаншаны шеберханаға жіберу.

3. Дәл солай

4. Дәл солай.




Тапанша мен патрондарды қарап тексеріп, атуға дайындау, күтім жасау, оны сақтау және орташа атысқа келтіру

Тапаншамен қаруланған әр ішкі істер органының қызметкері күн сайын сабаққа шығарда, ату алдында және тазалау кезінде тапаншаны қарап тексеруі керек.

Күн сайын қажетті түрде:


  • тот басқан не баспағандығын;

  • бекітпе, оқжатар, соққы-ағышқыш механизм, сақтандырғыш және бекітпе кедергісінің дұрыс жұмыс істеуін;

  • көздегіш пен қарауылдың жарамдылығын;

  • сабының негізінде оқжатардың ұсталынып тұруын;

- ұңғы оқпанының тазалығын тексеру қажет.

Тапаншаны жиналған түрде:



  • тот басқан жоқ па;

  • көздегіш пен қарауылдың бүтіндігін;

  • сақтандырғыш жеңіл ауыстырылады ма;

  • ұңғы оқпанында кір бар ма;

  • оқжатардың сырты майысқан жоқ па;

  • оқжатар еркін салынады ма;

  • тапаншаның механизм бөлігі дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеру қажет.

Тапаншаны бөлшектенген түрде тексеру үшін:

  • тапаншаны бөлшектенген және жиналған түрінде тексеру;

  • патрондарды тексеру;

  • атыстың алдында ұңғының оқпанын тазалап, құрғақ етіп сүрту қажет.

Тапаншаның атысын тексеріп және оны қалыпты атысқа келтіру.

тапаншаның атысын тапанша иесінің қатысуымен арнайы үздік атқыштар мен офицерлерге атқызып тексеру жүргізіледі. Қарудың атысын қалыпты жағдайда, желсіз тынық ауа-райында, жабық тирде өткізіледі.

Тапаншаның атысын тексеру 25 метр қашықтықта, патронның бір партиясымен орындайды. Ату диаметрі 25 см. қара шеңбер бойымен, биіктігі 1 м және ені 0,5м. қалқанда бекітілген нысанада жүргізіледі. Көздеу нүктесі қара шеңбердің шеті немесе оның тура ортасы болып табылады. Көздеу нүктесінің тік сызығы көздеу нүктесінен 12,5 см. жоғары болса, орта дәрежедегі тигізу деп саналады немесе шеңбердің ортасына тиуіне сәйкес келеді.

Беліленген нүкте тексеру нүктесі болып табылады. Тапаншаның атуын тексеру қолдан ату немесе тіреп қойып ату түрімен жүзеге асады. Қолды тіреп қойып атқанда қолдың білегі тапаншамен қоса тіреліп тұрады. Атушы адам қатарынан төрт рет атады және тапаншаның оқ тигізу жиынтығын анықтап, оқ тиюдің орташа нүктесін анықтайды.

Тапаншаның жиынтықта тиюі, егер атылған төрт оқта 15 см. диаметр көлемінде тисе, қалыпты болып саналады (Егер бір оқ басқа жаққа тисе ол саналмайды). Оқтың жиынтықта тиюдің орташа деңгейін және көлемін біліп, тексеру нүктесінен ауытқуын анықтайды.

Оқтың орташа тиюін анықтау

Оқтың тиюдің орташа нүктесі тексеру нүктесінен кез-келген бағытта кем дегенде 5 см ауытқымауы керек. Егер оқтың тиюдің орташа нүктесі тексеру нүктесінен 5 см. –ден жоғары болса, онда тапанша қаруды тексеру технигіне беріледі.

Көздеуішті 1 мм. үлкейту немесе оны оңға (солға) жылжытқанда, оқтың орташа тию нүктесі сол жаққа 19 см. өзгереді.

Макаров тапаншасының қалыпты көлемі мен салмағы бар, тез және жақын қашықтықта оқ атуға және соққы-ағытқыш механизмнің өзі атқыш қасиетінің арқасында оны үлкен атыс жылдамдығымен шығаруға болатын қару екенін осы дәрісте көз жеткізіп отырмыз. Өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы болуы, салмағының аз болуы, жұмыстағы сенімділігі, қолданудағы қауіпсіздігі, өзінен өзі жарақтануы – осылардың бәрі оның артықшылықтары болып саналады.



Сонымен ; Макаров тапаншасымен дұрыс қолдану, оған ұқыпты күтім жасау мен сақтау нәтижесінде тапаншаның қызметі ішкі істер органдарының қызметкерінің қызмет барысындағы сенімді әрі икемді жолдасы болып есептеледі

ҚОРЫТЫНДЫ

Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану қылмыстың жолын кесуде сондай-ақ, қылмыс жасаған адамдарды ұстауға өте тиімді құрал болып саналады. Бұл күнде адамзат баласы атыс қаруын ауыстыратындай басқа тиімдірек еш нәрсе тапқан жоқ. Сондықтан, оны заңды қолдану жеке бас құқығын, қоғам мен мемлекет мүддесін қорғау мақсатында шарасыздықтан беріледі. Қазақстан Республикасының ”Ішкі істер органдары туралы” заңында атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолданудың құқықтық негіздерін анықтап береді.

Сонымен бірге республикада криминалдық жағдайдың шиеленісуі әсіресе құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы шабуылдар мен қарсыласу санының өсуі, ауыр дәрежеде күш қолдану мен пайдақорлық қылмыстардың өсуі-олардың құқық қорғау органдарының қызметіне қарсылық көрсетуі мен атыс қаруларын қолданып қарулы шабуыл жасау көрсеткіштері өсуіне тікелей ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, атыс қаруының үлкен зақымдау әсері және оны қолдану адамдардың Коституциялық құқығын бұзатынын әрі олардың өмірі мен денсаулығына сондай-ақ, жанындағы азаматтардың да өмірі мен денсаулығына да зор қауіп төндіретінін есте сақтау қажет.

Макаров тапанашасының арналуы, ұрыстық қасиеттері атты тақырыпқа 2 сағат беріледі. Макаров тапаншасының материалдық бөліктерімен оқып танысу мынадай ретпен оқытылады:

- қарудың тағайындалуы және ұрыстық қасиеттері;

- жалпы құрылысы және бөлшектердің жұмыс істеу негіздері;

- тапаншаны толық және толық емес шашу және толық және толық емес жинау;

- қаруды тазарту және майлау;

- бөлшектер мен механизмдердің аталуы және тағайындалуы;

- бөлшектер мен механизмдердің жұмысы;

- бөлшектер мен механизмдердің қалыпты жұмысының бұзылуы, ескерту тәсілдері және ату кезіндегі кідірістерді жою;

- қаруды шашылған және жиналған күйінде қарау;

- қару мен оқ-дәріні атысқа дайындау;

- ұрысты тексеру және тапаншаны қалыпты ұрысқа келтіру.

Макаров тапаншасының қалыпты көлемі мен салмағы бар, тез және жақын қашықтықта оқ атуға және соққы-ағытқыш механизмнің өзі атқыш қасиетінің арқасында оны үлкен атыс жылдамдығымен шығаруға болатын қару екенін осы дәрісте көз жеткізіп отырмыз. Өзіңмен бірге алып жүруге ыңғайлы болуы, салмағының аз болуы, жұмыстағы сенімділігі, қолданудағы қауіпсіздігі, өзінен өзі жарақтануы – осылардың бәрі оның артықшылықтары болып саналады.



Макаров тапаншасымен дұрыс қолдану, оған ұқыпты күтім жасау мен сақтау нәтижесінде тапаншаның қызметі ішкі істер органдарының қызметкерінің қызмет барысындағы сенімді әрі икемді жолдасы болып есептеледі.



Каталог: files -> userfiles -> lekcii
userfiles -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
userfiles -> Жылдың басты оқИҒалары
userfiles -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты
userfiles -> Экранда слайд көрсетіліп тұрады
userfiles -> Семинар «современные формы библиотечной работы как способы активации продвижения чтения»
userfiles -> Бағдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №
userfiles -> «Қарттарым – асыл қазынам» атты аталар мен әжелер сайысының Өткіщілу сценарийі
userfiles -> Общие сведения о городе Караганды
lekcii -> Қазақстан республикасы шкі істер министрлігінің


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет