«Ескі жыл жаңаша» атты шоу-бағдарламаның ақпараты



жүктеу 59.07 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі59.07 Kb.
түріБағдарламасы

Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мәдени іс-шаралары бойынша 2017 жылдың 1 тоқсандағы қорытынды ақпараты
« Ескі жыл жаңаша» атты шоу-бағдарламаның ақпараты
2017 жылы 13 қаңтар күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде «Ескі жыл жаңаша» атты шоу- бағдарлама өткізілді.

Іс-шара бағдарламасында: жүргізушілердің сонымен қатар ертегілер кейіпкерлерінің құттықтауы, болашақты болжау, бақыт пен байлықтың мол болуы үшін дән шашу рәсімдері жүргізілді. Жалмауыз кемпір мен қара ниетті кетіру сияқты сахналық қойылымдар қойылды.



Кеш барысында: «Новогодние игрушки», "Коляда", "Жаңа жыл, "Бол жанымда", "Белгісіз бақыт" Новый год" сияқты көңілді әндер орындалып, би кешінің әсем әуендері және «Кім қаттырақ құттықтайды», «Қолдың көмегінсіз банан жеу» ойындары ойнатылса, «Балт» , «Ганганстайл», «Макарена», сияқты би жарыстары жүргізілді.

Осы кеште желтоқсанның 31-і жаңа жылмен құттықтай алмағандарға, жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағып, тілек тілей алмағандарға тағы бір зор мүмкіндік берілді.

Ақпарат

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй» -деген ұлы жазушымыздың асыл сөздерін ұран етіп, әуелеткен әнмен, күмбірлеген күймен көрермен көңіліне жол тартып жүрген «Толағай сазы» фольклорлық ансамблі және «Інжу маржан » әжелер ансамблі 2017 жылдың 10-ақпан күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде 5 жылдық шығармашылық кешін өткізді. Ансамбльдерді мерей тойларымен құттықтауға арнайы келген кеш қонақтары Аудан әкімінің орынбасары Е.Қалдыбаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мукашев жылы лебіздерін білдіріп, бағалы сыйлықтар табыстады.

Өнерді бағалай білетін, залға толы жиналған көрерменнің қошеметі әртістеріміздің шабытын арттыра түсті.




15-ақпан Кеңес Одағының Ауғанстан жерінен шығарылуының 28 жылдығына арналған салтанатты іс-шараның ақпараты

15-ақпан 2017 жылы Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 28 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ауданымыздағы ауған ардагерлерін арнайы мерекемен Аудан әкімінің орынбасары А.Жанахметқызы құттықтады. Ардагерлер атынан А. Исагулов, Қ.Аухадиев ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Шнайдер сонымен қатар қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары Д.Дужанов ардагерлерімізге жылы лебіздерін білдірді.


Салтанатты іс-шара мәдениет үйі әртістерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. «Әскерден оралмағандар» атты сахналық қойылымы мен Ауған соғысының ардагері А.Мукашевтың әскери достарына арнаған «Бача» әні көреремендерді бейжай қалдырмады.





«Есіңде ме сол бір кез» атты ретро концерттің ақпараты.

2017 жылдың 23 ақпанында Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті өңірінің рухани, мәдени өсіп өркендеуіне, өнеріміздің дамуына қомақты үлес қосқан, мәдениет саласындағы көп жылдық елеулі де жемісті еңбегімен халықтың көңілінен шығып, қошеметіне бөленіп жүрген «Толағай» вокалды аспапты ансамбілінің және мәдениет үйі қызметкерлерінің дәстүрлі «Есіңде ме сол бір кез» атты ретро концерті өтті.

Ауезді әнмен жылдар бойы көрермендерді сусындатып жүрген ВИА «Толағайды» аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаев құттықтап, өнерге қосқан зор үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.

«Толағай» ансамблі көрермен назарына ерекше бір нұр құйып, халық жадында мықтап сақталған 60-90 жылдардың сүйкімді де, сүйікті әндерін паш етті. Ретро концертке мәдениет саласының майталманы, зейнеткер Қатира Бозаканова көрермендерге сағындырған Шәмші әндерін сыйлады.





Кеш аясында келесі әндер орындалды: "Городские цветы", «Это все», "Махаббат вальсі", "Червона рута", «Феличита», «Дружба», «Әдемі-ау», "Така така», «Мы эхо», «60-70 жылдардын әндерінен поппури», «Порадуемся на своем веку», "Поппури 60-90", «Нені ойладын», «Жұбайлар жыры» . Осы жылғы ретро концертіміз кең тыныста жоғары деңгейде өтіп, мерекелік кешіміздің соңы вокалдық топтың орындауындағы әндірінің поппуриімен аяқталды.



1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Мейірімділік нұры» атты концерттің ақпараты.

Күн шуағын еселеп шашатын Көктемнің алғашқы күнін елімізде «Алғыс айту күні» деп бекіткен болатын. Жылдан жылға мереке жалғасын табуда. Наурыз айының алғашқы күні, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Көкпекті өлкесінің өнерлі өрендері әуезді әндері, мың бұралған билері, күмбірлеген күйлерімен көрермен көңіліне көктемнің нұрын шаша білді. Концерттік бағдарламада: балалар өнер мектебінің бишілері мен вокалдық топ балалары, Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов орта мектебінің оқушылары сонымен қатар «Інжу маржан» әжелер ансамблінің мүшелері мен мәдениет үйінің әртістері кештің көркін келтіре білді. Туған жерге, ата-анаға, досқа, тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдеріне, бір-біріне деген махаббатты, алғыстарын бойындағы өнерлерімен жеткізе білді.







8-наурыз халықаралық айелдер күніне арналған «Әйелдер нәзік жандар» атты мерекелік концерттің ақпараты

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен аяулы аналар мен нәзік жанды арулардың мерекесімен 8-наурыз күні Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің ер азаматтары әсем әуелеткен әндерімен лебіздерін жеткізді. Кеш барысында «Жақсы әйел», «Гүл сыйлайық әйелге», «Мама», «Қаланың сулулары», «Сен қасымда болмасаң», «Тәп-тәттісін», «Бір түрлі қыз», «Шала қазақ қызы», «Әдемау», «Голубоглазая» сиякты әдемі әндер нәзік жандылардың көңіліне жол тартты. Сонымен қатар сулу жандарды арнайы құттықтауға келген ВИА «Толағай» ансамблі «Поппури», «Порадуемся», әндерін сыйласа, Көкпекті орта мектебінің кішкентай бүлдіршіндері «Весенний танец цветов» атты билерімен қуантты.







Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесінің тойлануы туралы ақпарат
Шырайлы Көктемнің шұғылалы сәулесімен келген 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мәдениет үйінің алаңында әсем әуендер шырқалып, аудандық мекемелердің жұмдасуымен киіз үйлер тігіліп, алты бақан орнатылып көркемделіп безендірілді. Ұлы күні алаңға жиналған халыққа ыстық шай, тәтті тағамдар мен мерекелі наурыз көже әзірленіп таратылды. Ауыл тұрғындарын мерекемен Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Қалдыбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мукашев, Бас имам Н.Дүйсен, өзге ұлт өкілдерінің атынан А.Гусейнова құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

Көкорай шалғынды көктемгі мерекесінде Қыдыр атамыз ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашса, мәдениет үйінің әртістері мен аудандық мекемелердің өнерлі азаматары әсем әндері мен мың бұралған билері, күмбірлеген күйлерімен өнер көрсетсе, денешынықтыру және спорт мекемесінің ұйымдастырылуымен өткен әр түрлі спорттық ойындар мерекені қызықтыра түссе, ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі мерекенің сәнің келтіре білді.



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік киіз үй» байқауының қорытындысы бойынша: «Еңселі Ақ орта» наминациясын аудандық аурухана , «Қонақжай үй» ХҚКО, СЭК басқармасы, Лаборатория және Зейнетақы төлеу орталығы, «Ұлттық салт –дәстүрге бай үй» Білім, денешынықтыру және спорт бөлімі, балалар өнер мектебі, Коррекция және балаларға арналған спорт мектебі, «Берекелі қазақи дастархан» кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі, жер қатынас және ветеринария бөлімі наминацияларға иеленсе, 3-орынды селолық округ әкімшілігі, 2-орын Көкпекті орта мектебі, және 1-орын «Үздік киіз үйді» киелі қара шаңырақ Ж.Шайжүнісов мектебі жеңіп алды.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет