Эссе «Тәрбиеші болу бақыт»



жүктеу 26.26 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі26.26 Kb.

Эссе

«Тәрбиеші болу бақыт»

«Сәби тәрбиешісі! Ол кім десек, адамдығы мен азаматтығы, іскерлігі мен балаға деген іңкәр сезімі, жылы жүрегі мен аялы алақаны, алғырлығы мен әдептілігі, еңбек сүйгіштігі, ізденімпаздылығы мен тыңғылықтылығы бір бойында тоғысқан жарасым тапқан маман иесі» - деген тамаша сөздерден бастауды жөн көріп отырмын.

Мені айналамдағылар, ата – аналар табиғатынан балажан адам дейтін көрінеді, педагогикалық институтты таңдауым да осындай қасиетімнің нышаны шығар. Менің тәрбиеші болуды таңдауым оңай болды. Осы қиын мамандықты қалай таңдағанымды түсіндіруге тырысайын. Тәрбиеші мамандығы мені бала кезімнен өзіне тартты. Мен үйдегі баллардың ең үлкені болдым, өзімнен кіші бауырларымды мен ойнаттым. Мен олардың алғашқы ұстазы едім, мұғалім болып ойнап оқыттым. Өзім ұққанды бауырларыма үйреттім. Өзімді қоршаған ортаны танып үйрену мені қуанышқа бөлейтін.

Орта мектепті аяқтағаннан кейін мен ойланбастан тәрбиешілік мамандықты таңдадым. Семей қаласына педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, колледжіні бітіргеннен кейін, сол қалада М.Әуезов атындағы педагогикалық институтта жоғарғы оқу орнында білім алдым. Студент кезімде сабаққа барар жолда балабақша ауласында томпаңдай ойнап жүрген сәбилерге қызыға қарап өтуден мен жалықпайтынмын. Институттағы мұғалімдердің айтқан мына бір пікірі менің жадымда жатталып қалыпты: «Бойында балаға деген жылулық, жүзінде балаға деген мейірімі жоқ адам тәрбиеші болу түгілі, бақшаның маңынан жүруге қақысы жоқ»- дейтін. Қандай ғажайып пікір. Расында да, балаға мейірім мен жылылықтан артық не керек? Осы екеуі бар жерде баладан бақытты жан жоқ. Ал балаға бақыт сыйлау адамшылықтың ең жоғарғы шыңы десе де болады. Осы ой мені сол 1992 жылы қалалардағы «Ақ бота» бала – бақшасына алып келді. Жұмысты екінші сәбилер тобында тәрбиешіліктен бастадым. Алғашқы күн әлі есімде, өзіме телміре қараған жәудір көз бүлдіршіндердің көңілінен шығу, тілін табу, талабын орындау, өзіңді жақсы көрсете білу оңай емес екенін, тәрбиешілік жұмыстың зор жауапкершілігін қатты сезіндім. Алғашқы мақсатым баланы жақсы көру арқылы өзіме үйіріп алу болды. Ол үшін барынша жылылықпен сәбидің көңілін аулауға тырыстым.

Әр күні тәрбие жұмысына тиянақты дайындалып, сәбилердің көңілін аударатын қызықты жаңалық әкелуге талпындым. «Он саусағынан өнері тамған» деген мәтел мен туралы деп айта аламын, өйткені кішкентайымнан сурет салуды, іс тігуді ұнататынмың. Өсекеле суретті жақсы салып, іс тігуді де менгердім. Осы өнерімнің арқасында топты әсемдеп безендіру оңай болды. Әсіресе, топ орналасқан бөлмені, кіреберісті тартымды етіп безендіруге көңіл бөлінсе, сәбилердің қызығушылығы артып, әсемдікке баулынады. Ата – аналардың ризашылығына бөленесің. Сонда баланың балабақшаға барғысы келмейтін жағдайы кездеспейді. Осы мақсатпен балалардың әрбір күні мерекеге айналуы керек деген бағыт ұстадым. Ондай шаруаның бәрі ата – анасының көмегінсіз жүзеге аса бермейді. Олармен ортақ мақсат үшін балабақша жұмысына жұмылдыра білу керек. Әр бала әр шаңырақтың, әрбір ата – ананың еркесі, қуанышы мен үміті. Осыған орай тек баланың тәрбиешісі ғана емес, әрбір ата – ананың кеңесшісі, ақылшысы, сырласы бола білуге тырыстым.

«Ұстаз – бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ, балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен әдепті, тәртіпті, ақылды болып есейгені қажеттірек.

М.О.Әуезов дегендей «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек». Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Ерінбей еткен еңбек зая кетпейді екен, сондай тынымсыз да нәтижелі еңбектің арқасы болар, осы «Ақбота» балабақшасында жоғарғы санатты тәрбиеші болып еңбек етіп келе жатқаныма 20 жылдан асыпты.



Бүлдіршіндерім балабақшаға бар ынтасымен, қуанышты көңілмен келсе, мақсатым орындалды деп, өзімді бақытты ұстаз, бақытты тәрбиешімін деп сезінемін.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет