Tele2 операторы Алматыда желінің жиілік ресурсын (рефарминг) қайта бөлуді жүзеге асырмақ. Яғни енді ескірген 3G технологиясы заманауи 4G/LTE стандарттарымен ауыстырылады. Бұл процесс биыл наурыз айында іске қосылмақ.
Tele2 мобильді желілерін күніне жүздеген мың абонент байланысқа шығып, жұмыс істеп, көңіл көтеру үшін пайдаланады. Дегенмен пайдаланушылар саны үнемі артқан сайын желі сыйымдылығы да нашарлай түседі. Атап айтқанда бұл деректер жылдамдығы мен қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкеледі. Осы тұста рефарминг (қайта бөліп, ауыстыру) ұялы байланыстың қазіргі және болашақ қажеттіліктері үшін қуатты және тұрақты инфрақұрылымды құрудың негізгі қадамы. Жиілікті қайта бөлу операторға ресурстарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жоғарыда аталған параметрлердің айтарлықтай жақсаруына әкеледі.
Бүгінде тек 3G желісімен шектелген смартфондар саны жыл сайын азаюда. Бұл әсіресе Tele2 пайдаланушылары арасында байқалып жүр. Ал қазіргі заманауи құрылғылар интернеттің жылдамдығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін 4G желісіне автоматты түрде қосылады. Сондықтан бұл жұмыстар оператор желісіндегі 5G технологиясының дамуына да маңызды қадам болмақ.
3G желісін өшіру заманауи құрылғылар мен озық технологиялы ресурстарды қолдауға бағыттамақ. 3G-ді 4G-ге ауыстырып, қайта құру 2G технологиясына әсер етпейді. Яғни 2G желілері бұрынғы жиіліктерде батырмалы ұялы телефондарда, банкоматтарда, ақылды есептегіштер мен әртүрлі телеметрия құрылғыларында қол жетімді болып қалады.
SIM картаңызда 4G желісі жұмыс істеп тұр ма? Оны *187#пәрменін теру арқылы тексере аласыз. Егер карта тек 3G-ді қолдайтын болса, оны оператордың байланыс салондарында тегін ауыстырсаңыз болады. Желіге кіру шектелмеуі үшін оны 28 наурызға дейін жасатып алыңыз.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.