Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі мәдениеті



жүктеу 60.9 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі60.9 Kb.

Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі мәдениеті
Жүрсінтай Мөлдір

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, III курс



Ғылыми жетекшісі: Байролова Балжан Төлеуғазыевна
Эстетика (eisthetikos – сезiнерлiк, сезiмдiк) – философия ғылымының саласы; адам мен өзге дүниенiң арасындағы бағалық қатынастарының спецификалық көрiнiсi түрiндегi эстетикалық саладағы адамның көркемдiк, iс-әрекетiн зерттейдi. Эстетика өз алдына «эстетика» деген терминдi енгiзген немiс философы А. Баумгартен оны логиканы толықтыра түсетiн төменгi таным теориясы деп бiлдi. И. Канттың түсiнiгi бойынша, эстетика - «жалпы сезiнушiлiктi ережелерi туралы ғылым».

Қазақ халқының эстетикалық мәдениетi аса тереңде, көнезаманғы дәуiрден басталады. Қазақтар эстетикалық мәдениетiн негiзiнен 3 түрлi салада жасады; бiздiң заманымызға жеткенi де солар:



1) материалдық мәдениет саласында. Бұлар қолданбалы өнер саласының туындыларында кездеседi. Онда сонау қөне дәуiрiнде осы күнгi Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың творчествосында ортақ әдiс-тәсiлдер мен сырандар болғаны байқалады. Сол негiздiң өзiнде қазақтың киiз үйiнiң нобайы, өзiне ғана тән сипаттағы үй жиќаздары, киiм-кешектер, ерекше бiр стиль, жануарлардың, өсiмдiктердiң бейнесi, геометриялық, зооморфологиялық символикалық ою-өрнектер салынған.

2) көркем сөз творчествосының туындылары қазақ халқының эстетикалық негiзiн құрған ру, тайпалар мен олардың бiрлестiктерi (тайпалық одақтар) сол заман дәрежесiне сай дамыған рухани мәдениетке не болған оны қазақтың 15–18 ғасырлардағы ақын жырауларының шығармаларынан айқын көруге болады. Олардың творчествосы ұлттық эстетикалық мәдениеттiң қалыптасуына зор ықпалын тигiзудi.



3) Қазақ халқының қоғамдық саяси өмiрiндегi эстетикалық ой-пiкiрi. Бұл қазақ елiнiң көрнектi қоғам, мемлекет қайраткерлерiнiң әдебиетпен өнердiң айтулы, өкiлдерiнiң көзқарастарынан сөзедерiнен қалдырған рухани мұралынан көрiнер. Сол заманның ұлы ойшылдарының iшiнде Әл-Фараби ерекше орын алады. Ол Платон мен Аристотельдiң еңбектерiне сүйене отырып эстетиканың кейбiр проблемаларын талдады. «Музыканың үлкен кiтабы», «Поэзия өнерiнiң каноны туралы трактат», «Поэзия туралы кiтап» атты еңбектерiнде ол эстетиканың және өнер мен поэзияның проблемаларын карастырады. Қазақ халқының эстетикалық ой-пiкiрiнiң тарихы жөнiндегi деректер ақын, жыраулардың творчестволық мұраларында жиi кездеседi. Асан Қайғының, Доспанбет, Шалкиiз, Ақтембердi, Бұхар, Шал т.б. қазақ жырауларының жыр, талғауларында еңбекшi бұқараның ой-арманы мен эстетикалық ұғымдары шынайы бейнеленген. Қазақтың халық поэзиясында сұлулық пен әсемдiктi, ерлiктi, батырлықты жырлау басым болып келедi.

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жатарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.

Осы ретте білім алушылардың музыкалық шығармалар жөнiндегi өскелең талап-тiлегiн барынша қанағаттандыру, олардың өнер сұлулығын терең сезiнген биiк талғамын тәрбиелеп отыру мәселелерi арнайлы сөз етудi қажет етедi. Олай дейтiнiмiз, жаңа заманның жасампаз адамдарының iзгiлiкке толы жан дүниесi, биiк парасаты, жан-жақты жоғары мәдениеттiлiгi, музыкалық мәдениетiмiздiң өнерпаздық қуатымен тәрбиелiк ықпалына да тығыз байланысты.

Халықымыздың музыкалық қоры өте бай, игерiлiп бiтпеген мол қазына. Атадан балаға мұра болған «Ќыз Жiбек», «Ер Тарғын» секiлдi әдеби мұраларға жаңаша бiр өң бiтiп, олар музыкалық шығармаға айналды. Ал бүгiнгi заман тудырған мұралар тiптi көп. Солардың қай-қайсысы да өмiрдегi оқиға, құбылыстардың, ренiш-қуаныш секiлдi адам бойындағы сезiмдердiң сырын ашады. Музыка үнiн естiгенде ерекше әсерленетiмiз де содан. Ат шабысты көзге елестететiн «Сарыарқа», «Адай» сияқты күйлердi естiгенде өзiң де бiр тұлпарға мiнiп ап жүйткiлiп бара жатқандай сезiнесiң.

Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос iшегiнен күмбiрлей төгiлген құдiреттi күй талайды тамсандырап, таңдай қақтырары шүбәсiз. Сондықтан бiз домбыра сыныбында оқитын студенттерге Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерiн үйретiп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсiнiп ойнауға баулуға тиiспiз.

Ең бастысы, «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмiрге ғашық болып өседi» деген М. Әуезовтiң даналық сөздiн әсте естен шығармасақ, бүгiнгi студент ертең маман болған кезенде эстетикалық тәрбие берудегi музыканың рөлiне айрықша назар аударатыны сөзсiз.

Жас ұрпақтың бойына туған өлкесi мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттердi дарытуда музыка мен әдебиеттiң байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгiлi. Өйткенi, ол жас өспiрiмнiң рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, көркемдiк сезiмталдығын арттырады, талғам өрiсiнiң дамуын зор үлес қосады.



Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын, көркемдiк және материалдық мәдениеттiң құрайтын, өзiне тән өнер түрлерiне ерекшелiнетiн, музыкалық және ақындық қасиеттерiн, қабiлеттерiн, икемдерiн тәрбиелейтiн құрал – ұлттық аспаптар. Соның бiрi әрi бiрегейi домбыра. Мысалы, бесiк жыры, тұсаукесер, шiлдехана, сүндет той, тiлашар, тойбастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу, жұбату, жоқтау, жарапазан, батырлар мен махаббат жыры, қисса-дастан, толғау, айтыс, терме, ән, күй т.б. толып жатқан әдебиет пен өнер туындылар домбыра үнiмен ұрпаққа жетiп, жалғасып тауып отырады. Ата-баба ұстаған бұл киелi дамбыраны меңгеру арқылы өз даналықтарын өлместей мұра қылып, дамытпаған қазақ баласы кемде-кем десе болады. Өйткенi, осы домбыра аспабы негiзiнде талантты адамдар ауыз әдебиетiнiң негiзiн қалап, дамыта отырып бiзге жеткiзедi.

Ән, өлен, терме, өсиет, жыр, толғау, айтыс, т.б. түрлерi ой елегiн шымырлатып, адамгершiлiкке баулыды;

Мақал-мәтел, жұмбақ, қисса-дастан, ертегiлер жақсы мен жаманды ажыратуға үйреттi, ерлiк пен махаббатты жырлады, туған жерi мен егiн қорғауға үндедi;

Күй үнi адамның тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн аялап қорғауға нәзiк сезiмен, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиеледi.

Ұлы ұстаз халықтың өзi болды, шығармашылықпен айналысқан орындаушыларды өздерi сынап, бағалап отырды. Сал, серi деп ат қойып айдар тақты. Тойлар мен жиындарға қос ат жiберiп алдырып, әншi, күйшi жырауларды топ алдына шығарды.

Әр ұлттық өзiндiк жерi мен суы, тiлi мен мәдени ошағы, музыкасы мен поэзиясы, қолөнерi мен тарихына сай мiнез-құлқы да болады. Сондай мұраларға бай ел-қазақ халқы. Сақ, ғұн, үйсiн, қанлы, түрiк, дештi қыпшақ – бәрi-бәрi осы ұлан-байтақ, сахара даласында өмiр сүрiп, барлық мұрасы мен өнерiн дамытып отырады. Бұған Орхон-Енисей бойындағы рулық сына жазудағы көптеген мақал-мәтелдiң төркiнi өз күшiн жоймай, бүгiнгi күнмен жалғасын табуы дәлел бола алады. Он үш пернелi, екi шектi домбыраны IV ғасырда Арал теңiзiнiң оңтүстiгiн ала орналасқан Хорезм маңындағы «Қой қырылған» деген жерде тасқа қашап салып кетуi – бiз үшiн өлместей мұра қылып қалдырған ата-бабаның ақылдылығы. Сондықтан тарих пен ауыз әдебиетiн домбыра аспабының негiзiнен iздеу және оны оқу құралы ретiнде пайдалану бүгiнгi жас ұрпаққа ана тiлiнiң маңызын жеткiзудiң ең тиiмдi жолы болар едi. Ал оны мақтап етiп зерделей түйiп оқыту, ұлттық сезiмiн ояту – сiз бен бiздiң мiндетiмiз. Өйткенi, ата-бабалардың нақыл сөздердi, күйлерi мен әнi, жыр мен толғау өсиеттерi, айтыс, дастан сияқты толып жатқан өнер түрлерi бiзге домбыра аспабы арқылы жеткенi мәлiм.

Қазақтың байырға даласында ән ырғағының күрделi күйлерiнiң төкпе, шертпе болып бөлiнуi де бiлiктiлiктiң белгiсi. Ана құрсағындағы сәбиге дейiн музыка үнi және сөз өнерiнен ерекше әсер алып, оны тындаған ананың тебiренуiне байланысты iштегi бала тәрбиеленген. Домбырада неше түрлi әуеннiң әсерiмен берiлген сөз маржаны адамды балқыта, елжiрете өзiне тартады.

Қазақтың дәстүрлі алғашқы фольклоры заман елегінен өткен сайын мүлдем жоқ болып кетпегенімен, бастапқы қалпында сақталмай, үлкен өзгерістермен жаңарып, бізге жеткені мәлім. Антологияға енген ғұрыптық үлгілердің бәрі де әуендік, интонациялық, ырғақтық ладтық жағынан дами түскендігін көрсетеді (дыбыс көлемі тұрғысынан кеңейген). Ал өлең-мәтіндернде әр уақыттың жырын жырлайтын осы дәуірдің өмір тіршілігін суреттейтін сөздер кездеседі. Әдет-ғұрыптық әндердің көнелігі, біздіңше, олардың жанрлық жағымен байланыстылығында. Сондықтан да ғұрыптық үлгілердің ритуалдығын да нақты түрде, арбау-байлау, емдеу, үйлену салты, өмірге келу, өлікті жерлеу, т.б. салт-жоралармен біртұтас деп тұжырымдаймыз.

Қазақтың дәстүрлі алғашқы фольклоры заман елегінен өткен сайын мүлдем жоқ болып кетпегенімен, бастапқы қалпында сақталмай, үлкен өзгерістермен жаңарып, бізге жеткені мәлім. Антологияға енген ғұрыптық үлгілердің бәрі де әуендік, интонациялық, ырғақтық ладтық жағынан дами түскендігін көрсетеді (дыбыс көлемі тұрғысынан кеңейген). Ал өлең-мәтіндернде әр уақыттың жырын жырлайтын осы дәуірдің өмір тіршілігін суреттейтін сөздер кездеседі. Әдет-ғұрыптық әндердің көнелігі, біздіңше, олардың жанрлық жағымен байланыстылығында. Сондықтан да ғұрыптық үлгілердің ритуалдығын да нақты түрде, арбау-байлау, емдеу, үйлену салты, өмірге келу, өлікті жерлеу, т.б. салт-жоралармен біртұтас деп тұжырымдаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы:-1994 2.Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж., Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірмелі сөздігі. –Алматы: «Ғылым», -1993.

3.Конн И.С. Ұлттық характерлер ерекшелігінің проблемалары.



- Москва: «Педагогика»,-1983.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет