Қырғызстан мен Өзбекстанда қырғыз парламентінің депутаты Эмиль Жамғырчиевке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: reporter.kg

Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, депутатқа қатысты бір іс шекараны заңсыз кесіп өткені үшін, екіншісі алаяқтық үшін қозғалған.
2022 жылдың желтоқсанында депутат Жамғырчиев кәсіпкер Сәлім Әбдувалиевпен кездесіп, қолдау табу үшін Өзбекстанға заңсыз кірген. Одан кейін16 желтоқсанда Бішкекке қайтып оралу үшін тағы да Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.

"Жамғырчиев Сәлімбай Әбдувалиевтен қолдау сұрап қана қойған жоқ. Ол өзінің көмекшісін де алдаған. Сәлімбайдың көмекшісі өз айғақтарында Жамғырчиевтің бірнеше күн оның қонақүйінде болғанын, бірақ ақшасын төлемей қашып кеткенін айтады", — деді Қамшыбек Ташиев.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Эмиль Жамғырчиев өзінің іс-әрекетінің себептерін түсіндіру үшін парламент ғимаратында баспасөз мәслихатын өткізуді көздеген. Алайда ҰҚК қызметкерлерінің барын білген ол бірден жоспарын өзгерткен. Жамғырчиев биліктен қашып, жасырынуды ұйғарып, парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп кеткен.

10 қаңтарда Жоғарғы кеңес депутаттары Эмиль Жамғырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақұлдаған. Комиссияның шешіміне 69 депутат дауыс берсе, 0 депутат қарсы.
 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.