Павлодарда иесіз тұрған баспана өртеніп, үйіндінің арасынан бір адамның мәйіті табылды.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге 16 адам мен 4 техника жұмылдырылған.

"15 ақпан күні сағат 12.48-де Павлодар қаласында 2-өткел мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Үй иесіз тұрған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, бірден жалынды ауыздықтауға кірісті. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр. Оқиға орнынан 1985 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды", – делінген хабарламада.

Өрт сағат 14.44-те толықтай сөндірілді. Арнайы органдар үй ішінен табылған ер адамның кім екенін анықтап, өлім себебін тексеріп жатыр.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.