Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi



жүктеу 1.45 Mb.
бет1/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.45 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


МАЗМҰНЫ





ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГIЛЕУЛЕР………………………….


3




КIРIСПЕ……………………………………………………………..


4

1.

МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI………..


6


1.1.

Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi…....…...

6

1.2.

Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi…………………………………………………………...

14


1.3.

Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi…………….

22

2.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………….

32


2.1.

Қазiргi кезеңдегi әлемдiк ақпараттық технологиялардың

даму жүйесi……………………………………………………….....


32


2.2.

Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығын талдау……...

42

2.3.

Қазақстанда ақпараттық тауар мен қызмет нарығын қалыптастыру………………………………………………………..

50

3.

МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ…………………..



56


3.1.

Ақпараттық жүйе-экономиканы басқару құралы ретінде ……….

56

3.2.

Қазақстан Республикасына электронды үкiметтi дамыту бағыттары...………………………………………………………….

64




ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………...


74




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI……………………..


76




ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГIЛЕУЛЕР
АТҚ - ақпараттық-техникалық қызмет

ТМД - Тәуелсiз мемлекеттер достастығы

МБАЖ - мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесi

ЭЕМ - электронды есептеуiш машинасы

ЖЕАЖ - жоспарланған есептегi автоматтандыру жүйесi

МБСЖ - мемлекеттi басқарудағы ситуациялық жүйелер

NRP-National Performance Review

IS - Information Society

АТ - ақпараттық технологиялар

АКТ - ақпаратты-коммуникациялық технологиялар

ДЖ - деректердi жiберу

ЭҚҚО - Электрбайланыстың Құжатты Құрама Одағы

РҚИТО - Ресей Қоғамдық Интернет-Технологиялық Орталығы

IREX - International Research and Education Board

АБЖ - автоматтандырылған басқару жүйелерi

АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны

АӨҚ - ақпараттық өнiмдер және қызметтер

АҚИ - Ауқымды ақпараттық инфрақұрылым

ҚҚС - қосымша құн салығы

ЖIӨ - жалпы iшкi өнiм

ДЭЕМ - дербес электронды есептеуiш машина

КIРIСПЕ
Соңғы жылдары есептеуiш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекеттi басқарудағы ақпараттық жүйенi қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенiң дамуын қарастыру - мемлекеттi басқарудың аспаптық тәсiлi ретiнде өзектi мәселе болып отыр.

Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының қазiргi жағдайын дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп атауға болады, бұл берiлген салада өндiрушiлердiң азғантай санымен сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң бағытын және жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.

Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз, телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.

Кеңес үкiметi жылдарындағы ақпараттандыруда тек қана КСРО (соның iшiнде Қазақстанда да) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн салалар мен орталықтарға, ең алдымен қорғаныс және космос салаларына берiлдi. Халық шаруашылығының қалған салалары әлемдiк үлгiден ерекшеленетiн отандық өндiрiстiк телекоммуникация және байланыстың дәстүрлi құралдарымен жабдықталды. Көп нәрседен артта қалушылық Батыс пен Шығыс арасындағы "темiр жолқыш" әрекетiнiң әсерiнен болды.

Сондай-ақ, қоғамда орталықтанған саяси басқарудың қатал жағдайы және халық шаруашылығын экономикалық басқару басылып қалған ақпарат ағымының одан әрi жоғалуына, ақпараттық инфрақұрылымының орталықта "тұйықталып қалуына" әкелдi.

Одақ ыдырағаннан кейiн пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер кадр, технология, қаржы мәселелерiне қатысты өзiндiк ақпарат кеңiстiгiн құруда өткiр мұқтаждықтармен кездестi.

Қазақстан да осы орайда, қиын жағдайға тап болды. Бiр жағынан, Қазақстан құрылғаннан бастап ұзақ жылдар бойы Ресей Федерациясымен терең экономикалық интеграцияда болуынан және Одақтың басқа республикаларымен жалпы одақтық еңбек бөлiнiсiнiң орнауынан, екiншi жағынан - алып территориядағы өз аудандары арасында көлiк қатынасының және ақпараттық қамтамасыз етiлудiң нашарлауынан.

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң алғашқы жылдары қиын экономикалық дағдарыспен сипатталады: ұзаққа созылған құлдырау кезiндегi экономикалық байланыстың үзiлуi экономиканың нақты бөлiмi болып табылды. Құнсызданудың күшеюi және бюджет тапшылығының төменгi дәрежеге жетуi халық тұрмысын нашарлатты. Мұндай жағдайда экономиканы басқарудың ақпараттық жүйесiн дамыту мәселелерiне аса көңiл аударылмады.

Тек соңғы жылдары экономикалық реформаның жүзеге асуы нәтижесiнде экономиканың бiрте-бiрте көтерiлiп, тұрақтауына әкелдi.

Телекоммуникация және байланыс, көiлк инфрақұрылымының дамуы үшiн сыртқы және iшкi қорлар пайда болды. Елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi туралы шараларды өңдеу, бiрыңғай ақпараттық кеңiсiтктi құру жайындағы үкiмет шешiмдерi жүзеге асырыла бастады. Бiрақ мұның бәрi ұйымдастыру ретiндегi шаралар болып табылады, ал тәжiрибе жүзiнде жүзеге асыру үдерiстерi ендi басталуда, сондықтан да бұл салада шешiлмеген мәселелер көп.

Атап айтқанда, экономиканың жеке салаларын ақпараттандыруға бағытталған тар көлемдегi iс-әрекеттер мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң (МБАЖ) дамуын толықтай қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселенi кешендi түрде дамыту қажет.

Бүгiнде ең бастысы-дамудың нарықтық жағдайында маңызды болып есептелетiн, ақпараттық технологиялық және техникалық құралдардың ұсынысы мен сұраным негiзiнде мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiнiң қажеттi көлемiн болжайтын және ғылыми-әдiстемелiк негiзде талдайтын құралдар тәжiрибе түрiнде пайдалынылмаған.

Мемлекеттi басқарудың ақпараттық жүйесiн реформалаудағы шың қажеттiлiк пен маңызды мұқтаждық, олардың қалпын халықаралық үлгiге сәйкестендiру және нарықтық жағдайда шаруашылықтандыру дипломдық тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, мiндетiн және бағытын зерттеуге негiзделдi.

1.МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ ЖҮЙЕСIН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
1.1.Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi

Ақпараттық технологияларды дамыту тұрғысында және қоғам мен экономикаға деген ақпараттық-үрдiстердiң ықпалын күшейту, берiлген оқиғаны қамтитын теориялық тұжырымдаманы қайта қарауға және қайта мағынасын ұсынуға әкелiп соғады. Постиндустриялды қоғамның (Д.Рисмен, Д.Бэлл) және жаңа индустриалды қоғамның пiкiрi (Дж.Гэлбрейт) бiрте-бiрте жйүелiк қоғам мен ақпараттық қоғам тұжырымдамасына қарай жаңарып отырды.

Қазiргi қоғамды талдайтын теориялық амалды сипаттай отырып, алдымен "ақпарат" және "бiлiм" ұғымдары арасындағы ерекшелiктерге көңiл аудару керек. Бұл ерекшелiк Дж.Ходжсон арқылы мынадай мағынада түсiндiрiледi: Ақпарат-белгiлi бiр мағынасы бар мәлiметтер жиынтығы. Ал бiлiм - ақпаратты қолдану өнiмi.

Калифорния (АҚШ) университетiнiң профессоры, көрнектi әлеуметтанушы М.Кастельс "бiлiм" ұғымының тұрғысында Д.Бэлл берген анықтамаға сүйенедi: "Бiлiм - жүйеленген түрiне қарай әлдебiр қатынас құралы арқылы басқаларға жеткiзiлген дәлелдi пайымадулар немесе тәжiрибе қорытындыларының дерегi мен пiкiрi жөнiнде айтылғандардың бiрiккен жиынтығы". Ол "ақпарат" ұғымына келгенде М.Пордың сөзiн келтiредi: "Ақпарат дегенiмiз ұйымдастырылған және берiлген мәлiметтер".

М.Кастельс дамудың ақпаратты тәсiлiмен өндiру мен орналастыру барысындағы энергияны қолдануды децентрализациялау мүмкiндiгi және өнiмдiлiктiң басты қозғалтқышы - жаңа энергия көзi болып есептелетiн дамудың индустриалды тәсiлiн алмастыру туралы айтады, ол қатынас белгiлерi мен ақпараттарды өңдеудi, бiлiмдi тарату технологиясын өнiмдiлiктiң басты көзi деп санайды. Мұнымен бiрге М.Кастельс "ақпараттық қоғам" және "Ақпараттанған қоғам", "ақпараттық экономика", "ақпараттанған экономика" ұғымдарының арасындағы ерекшеiлктердi келтiредi. "Ақпараттық қоғам" терминi қоғамдағы ақпараттың ролiне көңiл аудартады, бiрақ М.Кастельстiң көзқарасы бойынша, ақпарат әр уақытта мағынаға ие болған бiлiмнiң таралуы секiлдi кең көлемдегi сөз. "Ақпараттанған қоғам" өнiмдiлiктiң негiзi болатын ақпаратты беру, тарату, өңдеу секiлдi қазiргi қоғамға тән термин.

Ақпараттанғандық - осы экономикадағы өнiмдiлiк және бәсекелестiк мүмкiндiк тудыратын себептер не қозғаушы күштер, бiрiншi кезекте, бiлiмге негiзделген ақпаратты өңдеу, тиiмдi қолдану және оларды тарату мүмкiндiгiне тәуелiд. Жаһандандыру-экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi өндiрiс, тұтыну және тауар мен табыс айналымы, сондай-ақ оларды құрайтын (кпаитал, еңбек, өнiм, басқару, ақпарат, технология, нарық) экономикалық себептермен байланысты тармақталған жүйенi тiкелей үздiксiз қолдану жаһандандыру көлемiнде ұйымдастырылуда.

Америка әлеуметтанушысы Р.Кроуфорд "бiлiм" және "ақпарат" ұғымын ажырата отырып, былай деп жазды: "Бiлiм-қызметтiң нақты түрiне ақпаратты қолдану мүмкiндiгi".

Француз экономисi Ж.Сапир ақпаратты былай деп есептейдi "хабарландырудан үзiндi ретiнде алып пайдаланылған, нақты бiлiмге қосылған кез-келген мәлiмет". Және әрi қарай:"Ақпарат ұйымның тапсырмасын орындаушының қолына тимегендiктен, оны атуып алу мүмкiндiгi өңдеудiң маңыздылығына жол бередi. Бiлiмдi ақпаратқа қатысты түсiндiргенде орта жағдайы туралы ұсыныс жиынтығы деуге болады. Олай болса, "ақпарат экономикасынан" "бiлiм экономикасына" көшу керек".

Ресей экономисi В.Иноземцев қазiргi шаруашылық жүйесi қатысында "бiлiм экономикасы" терминiн қолданып, "қоғамның маңызды өндiрiстiк ресурсын дұрыс мәнiнде қатысты ақпараттан немесе өндiрiс және технологиялық процестердiң мәлiметтер жиынына, адамзаттың санасынан тыс ақпаратты меңгеруiнен тұрады" деп көрсетедi.

Дәл осындай дәрежеде жапон экономисi Т.Сакаий өз пiкiрiн бiлдiрдi: "Қазiргi ақпараттық технологияға және оның қоғамға әсерiн қарастыра отырып, бұл әсердiң алдындағы көрсетiлген техникалық жаңалықтардан ерекшелiктерiнiң негiзiн белгiледi. Бүрынғы уақытат ойлап табылған жаңалықтар (электр, жаңа материалдар) материалдық игiлiк өнiмдiлiгiнiң сандық көрсеткiшiнiң артуына мүмкiндiк туғызды; керiсiнше, қазiргi ақпарат технологиясы ақпараттық қызмет аясының материалдық игiлiкке тәуелдi болуын төмендетуге бағытталған; алынған бiлiм құндылығының мәнiн ұлғайту жолындағы жетiстiктердi бекiтетiн инновация осындай сипатта болды".

Көрiп отырғандай, бұл жерде қоршаған ортада болып жатқан өзгерiстердi талдау кезiндегi бiлiмнiң ролi анықталады.

Мысалы, Д.Т.Куа қазiргi өзгерiстердiң негiзiндегi бiлiмге белгiлi бiр тiлдiң жүйесiнде көңiл аудара отырып, "бiлiмге неiгзделген экономика" терминiн қолданды. Кейбiр батыс ғалымдары қазiргi қоғамды ақпараттық емес, ғылым қоғамы деп атауды жөн көрдi, мысалы, немiс ғалымы Р.Крайбихтiң "Ғылым қоғамы: Галилейден жоғары технологиялық төңкерiске дейiн" деп аталатын еңбегiнде көрiнiс тапты. Қалыптасқан жаңа қоғамды әр түрлi атайды: мегақоғам (В.Кувалдин), ақпарат және байланыс қоғамы (И.Ниинилуто), техноқоғам (Б.Гейтс), электрондық-сандық қоғам (Д.Тапскотт) және т.б. Барлық осы баяндамаларда ақпараттық технологиялардың анықталған мағынасы және өтiп жатқан процестердiң жаһандануы көрсетiлген.

Америка әлеуметтанушысы Д.Рисмен "постиндустриалды қоғам" терминi пайда болғаннан кейiн, өзiнiң белгiлi мақалаларына қосып жазды. Басқа жағдайда оны өзге американдық әлеуметтанушысы Д.Белл 1959 ж. Зальцбургтегi халықаралық әлеуметтанушылар семинарындағы сөйлеген сөзiнде алғаш рет бұл ұғымды қазiр де қолданып жүрген мағынада пайдаланды. Технологиялық компонент мәнiнiң өскендiгiнен, ал негiзгi өнiмдi функция ғылым мен бiлiмге ығысқандығынан, индустриалды бөлiм өзiнiң басымдылық ролiн жоғалтқан кезде, қоғамды осы термин мен белгiлеуге болады.

Постиндустриалды теория аясында авторлар қатары жаңа технологиялық өркендеуден туындаған белгi сипатына көңiл аудартады, әрi постриндустриалды теорияны жақтаушылар ақпараттық технологияны мысалға алып, болып жатқан технологиялық өзгерiстердiң мәнiн көрсетедi.

В.Иноземцев қазiргi постиндустриалды қоғамның негiзгi үш белгiсiн бөлiп көрсетедi.

1)ақпараттық игiлiктi тұтыну құрылымында игеру бойынша экономикалық өсудiң шектеу қорын жойды;

2)тұрғындардың көп бөлiгiн жоғары технологиялық тауар өндiрiсi мен қызметiне және өнеркәсiп өнiмiн өндiретiн елдерге деген тәуелдiлiктi төмендету салдарына елiктiру;

3)экономикалық өсудiң жаңа сапасының ең тиiмдi жинақ түрi, адамдардың өз мүмкiндiктерiн дамыту, ал ең табысты инвестиция-адамдардың инвестициясы.

Ғылыми бiлiм және технологиялық прогресс айқынырақ көрiнетiн ақпараттық қоғам теориясы бiртiндеп қалыптасын келедi. 1969 жылдардың бас көзiнде АҚШ-та Ф.Махлуп және Жапонияда Т.Умесао "ақпараттық қоғам" терминiн ғылымға енгiздi.

Бұл кездерi ақпараттық технология даумын жалғастыруда және қоғам өмiрiнiң барлық жағына әсерiн қалдыруды. Ақпараттық қоғамды қалыптастыру процесiн үш сатыға бөлуге болады: 1945 жылғы алғаш пайда болған ЭЕМ құру, микропроцессормен жұмыс iстейтiн компьютерлердi құру және мобильдiк байланыстың дамуы. 1970 жылдары Жапонияда жапон экономисi И.Мосуданың юасшылығымен 2000 жылға дейiнгi ұлттық пiкiр-ақпараттық қоғам Жобасы талданды. Бiлiм, ақпарат және өңдеу қоғам дамуын шешетiн қозғаушы күш болып саналды.

Әсiресе, И.Мосуда ақпараттық қоғамды материалдық құндылықтарға қарағанда, ақпараттық құндылықтарды тiрек ететiн қоғам ретiнде және материалдық түрдегi капиталға қарағанда, бiлiмге жiберiлген капиталды бағалайтын экономика түрiнде қарастырады. Американдық экономист В.Мартин ақпараттық қоғамды : "…өмiр сапасы, әлеуметтiк өзгерiс мүмкiндiгi және экономикалық дамуды көп дәрежеде ақпаратқа, оны қолдануға тәуелдi қоғам" деп қарастырады. л әрi қарай аппараттық қоғамның бес критерийлерiн келтiредi:

1)экономикалық, ақпараттық бөлiмiн В.Мартиннiң қарастыруы бойынша, бiрiншiден, ақпараттық қоғамға қарай қозғалыс ретiнде, ал екiншiден, қазiргi экономикалық өмiрдiң құрамды бөлiгi ретiнде;

2)технологиялық: берiлген критерий жеке адамның барлық iс-әрекетiне қаншалықты технология енгiзiлетiнiн көрсетедi;

3)әлеуметтiк: жеке адамдардың әлеуметтiк iс-әрекетi ақпараттық технология әсерiнен өзгередi;

4)саяси: қатардағы азаматтар басқаруға тiкелей қатыса алатын жаһандық жиын өткiзудiң өзiндiк түрiн қалыптастыруда;

5)мәдени: ғаламдық көлемде мәдениеттiң өзара әрекетi мен өзара араласуы болады.

Осылайша, ақпараттық қоғамның теориясын қалыптастыру кезiнде, қоғамдағы ақпараттық өнiмдердi өндiру материалдық құндылықтарды игеруге қарағанда жоғарырақ болуы заңды болып саналды. Ақпараттық қоғамның негiзгi теориясы З.Бжезинский, Д.Белл, О.Тоффлер еңбектерiнде айтылған. 1970-1980 жылдары И.Масуда, американ экономисi М.Порот, британ экономисi Т.Стондьер және басқалар ақпараттық қоғам теориясының дамуына елеулi үлес қосты.

В.Иноземцев, Т.Умесао, И.Масуда және Т.Сакайяның кейiнгi еңбектерiндегi ақпараттық қоғамды зерттеудегi жапон ғалымдарының ерекше әсерiн көрсеттi: бұдан былай ақпараттық қоғам теориясы постиндустриалды тұжырымдаманың құрамды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Кейбiр авторлар "постиндустриалды қоғам" және "ақпараттық қоғам" терминдерiн синоним түрiнде қолданады.

Әрi қарай бiз "ақпараттық қоғам" ұғымын қолданамыз. Ақпараттық қоғамдық теорияны жақтаушылар оның пайда болуын экономиканың төртiншi бөлiгiнiң ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке, қызмет саласына басымдылық танытуымен байланыстырды, ал индустриалды қоғамның негiзi болып табылатын капитал мен еңбек, ақпараттық қоғамның негiзi болып саналатын ақпаратқа жол бередi.

Теориямен келiсе отырып, ақпараттық қоғам мен индустриалды қоғам арасындағы ерекшелiктердi байқауға болады. Ақпараттық қоғамда ең алдымен, өндiрiстi ұйымдастыру түрi өзгертiледi. Ендi индустриалдық қоғамдағыдай өндiрiстiң шоғырлануының керегi жоқ. Ақпараттық технологиялар көмегiмен алшақ орналасқан өндiрiстiк процестердi iрi экономикалық орталықтан басқара алады. О.Тоффлер қазiргi технологияға негiзделген (қолөнер кәсiбiнiң) жаңа түрiне жақындауымыз мүмкiн деген пiкiр айтады.

Ақпараттық қоғамда кеңселiк басқарудың мәнi төмендейдi және жұмысшылар өз функциясын өздiгiнен атқарады, ал әрбiр ұйымдасқан бiрлiк белгiлi бiр мiндеттi шешуге бағытталады. Құндылық жүйесi алмасады, мұнда қоғам компаниялардан тек экономикалық емес, әлеуметтiк мәселенi шешудi талап етедi.

Тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамның белсендiлiгi артып, олардың қызметi әр түрлi тұтынушылардың талабын ескеретiндей болады.

Ақпараттық қоғам теориясы ХХ ғ. аяғында қалыптасқан С.Берковиц, С.Вассерман, Б.Веллман, Д.Ноук, П.Марсден, К.Фауст, Л.Фриман және басқалардың еңбектерiндегi әлеуметтiк жүйе тұжырымдамасымен үздiксiз байланыста. В.Веллман және С.Берковиц "…әлеуметтiк құрылымды тораптардың жиынтығы (немесе әлеуметтiк жүйеге қатысушылардың) және олардың өзара әрекетiн қамтамасыз ететiн бөлiмдер жиынтығы" деп белгiлеп көрсетедi.

Жүйелiк зерттеулердiң әдiстемелiк қарқындылығы өте жоғары, бұл белгiлi бiр түрде ұжым мен үй шаруашылығы арасындағы өзара қатынасты құру мүмкiндiгiн бередi, сондай-ақ макродеңгейдегi секiлдi микродеңгейлiк мәлiметтерге сүйенедi, сондықтан әлеуметтанудағы желiлiк зерттеу жүйесiнiң дамуы үшiн негiз болады.

Желiлiк тәсiл жан-жақты мағынаға ие, оның төңiрегiнде пәнаралық сипатта талдау жүргiзуге болады. Техникалық жетiстiктердi негiзге ала отырып қарастырғанда, болып жатқан ғаламдық өзгертулер талдауын былай ерекшелеуге болады: Ақпараттық төңкерiс адамзат қызметiнiң барлық аймағын қамтыған сәтiнде, мәдениеттi, қоғам ен жаңа экономиканың бой түзеуiндегi қиындықтарды талдау-менiң пайымдауым болып табылады.

М.Кастельс қазiргi ғаламдық қоғамды желiлiк құрылымды қоғам деп көрсетедi, бiрiншiден, олардың барлығын қамтитын, екiншiден, анықтайтын сипатта, "құрылым билiгi билiк құрылымынан күштiрек болғанда" , сол не басқа жүйеге арналған дәйек қоғамдағы өзгерiс және маңызды билiк көз болады.

Ақпараттың ақпараттық технология әсерiн анықтайтын және олардың желiлiк құрылым арқылы iске асуына тән сипаты үшiн жаңа капиталистiк экономика түрiндегi ғаламдануды мәселе ретiнде қарастыруға болады. Өзара қарым-қатынастың дәстүрлi түрiн ығыстыратын қоғамдағы алдыңғы қатарлы орынды ғаламдық желiлiк құрылымда ақпарат қаншалықты басымдық танытса, оны қолдану соншалықты жаңаратынын қазiргi қоғам ерекшелiгi ретiнде анықтаймыз.

Желi децентрализацияланған басқару жүйесi ретiнде маңызды мәнге ие. Желiлiк принцип бойынша фирмалар өзiнiң iшкi және сыртқы байланыстарын құрады, бұл тәрiздi процестер әр түрлi мәдени және ұлттық контекстерде өтедi. Әдетте экономикалық талдау желiсi аймағында олардың функционалды мiндеттерi арқылы анықталады. Мысалы, В.Мартин былай деп жазды: "…телекоммуникация желiсi осы кездегi қазiргi экономикалық жүйенiң инфрақұрылымының негiзгi түрi болып табылады, сондай-ақ ақпараттық экономикадағы экономикалық жүйенi қайта құру үшiн керектi алғы шарт болып табылады".

Американдық экономист А.С.Норман былай деп белгiледi: "Компьютер және компьютер саласындағы жетiстiктер әлеуметтiк жүйке жүйесiн құрады, мұнда ақпараттық объектiлердiң барлық типi арасындағы әрекеттесу және сақтау бiрыңғайланған негiзде қамтамасыз етiлген". Осыған орай әлеуметтiк жүйке жүйесi тұрғысында А.С.Норман атап айтқанда желiнi, контексiне тиiстi американдық экономист Г.Малган айтқандай: "Желi ақпараттық немесе постиндустриалды қоғамның негiзгi ұйымдастыру түрiне айналды" түсiнедi. Осылайша, жүйе салалардың дамуына ықпал ететiн, белгiлi бiр қоғамдық ережелердi қамтитын, құқық-нормалар жиынтығы ретiнде қарастырылады, осыған орай Интернет әлемдiк шаруашылықты жаһандандыратын негiз болып саналатын бiрыңғай байланыс желiлерiнiң жүйесi ретiнде баяндалады.

Желi қарым-қатынастың барлық түрiн: отбасы желiсi, кәсiпорын желiсi, иерархиялық желiлер қамтығандықтан, жаңадан пайда болған сөздердiң жiктелуi желiдегi негiзгi бастау болады. М.Кастальстiң пiкiрiс бойынша желi дегенiмiз ғаламдық бәсекелестiк және мемлекеттiң технологиялық құралдары (телекоммуникация желiсi, компьютер бағдарламамен қамтамасыз ету және т.б.) қатарындаңы iске асатын ең маңызды бөлiгi. Ол орташа тiршiлiк ету ұзақтығы мен ерекше шектен тыс ұдайы өндiрудi бақылау мүмкiндiгiнiң артуына негiзделген желiлiк қоғам жағдайында, тiршiлiк айналымы төңiрегiндегi биологиялық, әлеуметтiк, қалыпты көзқарастардыжоюды ұсынады. Бұл ақпараттық экономика, соның iшiнде экономикалық айналым жағдайындағы айналымды төмендететiн немесе жоятын пiкiрге деген жалпы ықпал болып есептеледi.

Ақпарат басқаларына қарағанда кез-келген бөгет шекарасынан өте алатын қор болып есептеледi, сондықтан да, әлемдiк жаһандану процесiн таратушы бола алады. Ақпараттық қорды iске асыру оны желiлiк құрылымда орындау арқылы жүзеге асады. Ақпарат дамудың барлық басқа да қорларына қарағанда бiрден-бiр орын алатын ерекше, арнайы қор болып табылады.

Ақпараттық игiлiк қасиетi желiлiк секiлдi дәстүрлi экономикалық теория ұсынысын жоққа шығарады, мұндағы құндылық игiлiктiң сиреуiне байланысты және игiлiк мөлшерiнiң ұлғаюынан оның құндылығы төмендейдi. Керiсiнше, өндiрiлген игiлiктiң өсуi ұлғайған көлемде оны қолдану құндылығының өсуiне әкеледi.

Әдетте, желiлiк күштi әсер және желi құндылығының сызықтық емес өсуi бiрден туындамайды, ол желiге белгiлi бiр қатысушылар мөлшерiнiң қосылып, толғаннан кейiн пайда болды. Бұл интернетке қатысты болғанда нақты бақыланады: электрондық алғашқы хабарлама 1969 жылы жөнелтiлдi, бiрақ интернеттiң белсендi таралуы 1990 жылдары басталды. Бұл жерде ең қиыны-желiге ие интернетке қосылушылар санының қаншалықты дәрежеде болу керектiгiн анықтау.

Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттың желiлiк игiлiк қасиетiмен қатам қоғамдық игiлiк қасиетiн иемденетiнiн ескерген жөн, осыған байланысты қоғамдық игiлiктiң тұтынудағы бәсекелестiк және жойылып кетуiн болдырмау секiлдi ерекше сипаты тән. Мысалы, В.Мартин ақпаратты қарастыра отырып, әсiресе ақпараттың қоғамдық игiлiкпен үйлесiтiгiне көңiл аударып, тiкелей көрсетедi: "Ақпарат-бұл қоғамдық игiлiк, мұнда көбiсi сол, не басқа ақпаратқа бiр мезетте ие болады, осыған орай жеке адамдағы ақпараттық деректiң болуы басқа адамдардың ақпаратты иемдену дәрежесiн төмендетпейдi".

Сондай-ақ, американ экономистерi М.Хэллгрен, А.Макадаме ақпаратты қоғамдық игiлiк деп атайды. Ақпарат қоғамның игiлiгi саналғандықтан, қалай болғанда да қоғамдық игiлiктi иемденедi, демек ақпаратқа қатысты қоғамдық игiлiкке тән мынадай мәселелер туындайды: игiлiктi бағалау мәселесi, бағаның құрылу мәселесi, игiлiктi тарату мәселесi "рұқсаты жоқтарды" айқындау мәселесi. Интернеттiң әрi қарай да коммерциялануына байланысты мәселелермен қатар, оны шешумен қандай институттар айналысады деген мәселе де өте орынды болып табылады.

Желiлiк және қоғамдық игiлiктер қасиетiмен қатар ақпаратқа тән бiрден-бiр сипаттар бар. Көбiнесе, ақпарат кеңiстiктен тыс, яғни оның басқа бiр бөiлктерiнде өмiр сүредi, бұл уақытта оны қолдану мүмкiндiгi қиындай түседi.

Ақпаратты сату бiржақты жүргiзiледi. Егер заңға қайшы келмесе бiр ақпаратты бiрнеше рет сатуға болады. Сондай-ақ, сатылған ақпарат сатушының меншiгiнде қала бередi, яғни, игiлiк үйренiскен иелiгiнен шығарылмағандықтан қарапайым сатып алу-сату актiсiндей бола алмайды.

Осылайша, ақпарат та басқа игiлiк секiлдi оңай жекешеленбейдi.

Дегенмен, ақпаратты жекешелендiру мүмкiн еместiгi туралы көзқарастардың күдiгiн сейiлтетiн басқа пiкiрлер де бар. Ж.Сапир ақпарат пен "белгi" ұғымдарын араластыруға болмайды, деп жазады:"Белгi бар екенiн мойындамауға болмайды. Онсыз ақпараттың берiлуi мүмкiн емес". Құрамында бар және алынған бiлiмдi қосып тiркеуде ақпарат және белгiнi теңдестiру, ақпаратты иемдену мен белгiнi алуды теңдестiру (жiберу/қабылдау сызба нұсқасы төңiрегiндегi белгi) тәсiлiнiң өзi қате. Белгiнi талдау белгiлi бiр уақытты талап етедi, белгi мүлде нақты бола алмайды, ол әрбiр субъектiге әр түрлi әсер етуi мүмкiн, сондықтан белгiнi дұрыс талдау мен бағалауға ақпаратты иемдену дәрежесi тәуелдi болады, демек ақпаратты жекешелендiру белгiнi тарататын арналарға байланысты емес екендiгiн, бiрақ алынған ақпарат көзi мәлiметiнiң дұрыстығын тексеруге құқығы бар екенiн көрсетедi.

Өткен уақытқа байланысты ақпарат бiр мезетте құнсыздып, ақпараттық өнiм материалдық өнiмге қарағанда жарамсыз болып қалады, яғни моральдiк тозуға ұшырауы мүмкiн.

Әдетте, ақпаратты iс-тәжiрибеде қолданбайынша, оның құндылығын көбiне анықтау қиын.

Мемлекеттi басқару мақсаты үшiн ақпараттық қор секiлдi өзгеше, сирек қордың түрiн талдағанда осылардың барлығын ескеру қажет, осылайша мәлiмет ерекшелiктерiнiң баға құрылуына емес, сонымен бiрге ақпараттық қордың салық жинағына да, бұған қатысты меншiк құқығын заң жүзiнде қорғауды iске асыру, сондай-ақ ақпарат нарығында сауда келiсiмiнiң жағдайына ықпалын тигiзуiн анықтаған жөн.

Материалдық-заттық қордың технологиялық және ой-өрiс сипатындағы қормен араласуынан шыққан белгiлi бiр нәрсеге көңiл аударуын, назар салуын ақпараттық қоғамға арналған зерттеулерде айту қажет. Әлемдiк экономиканың жаһандану дәуiрiнде ақпараттық технология негiзгi елеулi роль атқарады, оны еңбек, капитал, табиғи қор, кәсiпорын қатарына бесiншi фактор ретiнде қосу жайында тенденция пайда болады.

Алайда, өндiрiс процесiнде технологиялық және ақпараттық элемент мәнiнiң өсуi тәрiздi көпфакторлы қиын модельдер де кездеседi. Американдық экономистер М.Боскин мен Л.Лау осындай зерттеу негiзiнде мынадай қорытындыға келедi, дамыған индустриалды елдердегi экономиканың өсуiндегi техникалық жетiлуi орташа 40% құрайды, ал қалған 60% еңбек пен капиталға шағылады, бұл жерде техникалық жетiстiк деп бiрiншi кезеңде жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi айтады.

Ақпараттық қор дамудың жоғары жылдамдығымен сипатталатынына ерекше көңiл аударған жөн. Алғашқы бағдарламалы электрондық компьютер 1946 жылы құрылды, ал микропроцессор-1971 жылы ашылды. Ақпараттық технологияның таралуы мен даму негiзi белгiлi Мур заңында жатыр.

Г.Мур Intel технологиясының инженерi 1965 ж. өзiнде әрбiр 18 ай сайын, яғни, бiр жарым жыл сайын кремний чипiнiң процессинг қуаты өсетiнiн болжап айтқан болатын. Бұл ұзақ уақытқа созылып келдi және жалғасуда.



Сурет 1. Мур заңының эмпиристикалық жүзеге асу диаграммасы.


Параллель түрде компьютер бағасының төмендеуi, байланыс шығындарының құлдырауы, бiрыңғай желiге қосылатын тұтынушылар санының өсуi пайда болды.

Ақпараттың жеке, белгiлi бiр түрiн сөз еткенде, ақпараттық қордың екi жақтылығы бiр жағынан жоғарыда көрсетiлгендей молшылыққа, ал екiншi жағынан ақпараттың белгiлi бiр түрлерiмен шектелген түрде байланысты болады. Француз экономисi Ш.Гольдфингер былай деп жазған: "Ақпарат әрқашан өте көп. Экономикалық қызметтiң әрбiр түрi оны тұтыну жағдайына қарағанда көбiрек өндiредi". Берiлген жағдайда орасан зор көлемдегi ақпарат жөнiнде және оны көшiру, үлкен көлемде ұлғайту мүмкiндiгi туралы тезистер бар.

Бiрақ микроэкономика бойынша стандартты курста оның дәстүрлi баяндалуында ақпарат шектелген қор болып табылады. Сондықтан, жаңа технологияларды таратуға және ақпараттық кеңiстiктi пайдаланудың жаңа мүмкiндiктерiне байланысты ой-өрiс мүмкiндiгiнiң құқықтық қорғау мәселесiне орын беруi қиынға соғады. Ақпараттық технология әлемдiк экономикалық қуатты, қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады.

Бiлiмдi қолдану және өндiрiспен үздiксiз байланысты саланың үлесi iшкi бiлiк өнiмi бойынша АҚШ-та 1990 ж. соңына қарай 60% құрады.

Ешбiр дамыған ел әлемдiк ақпараттық кеңiстiктiң бiр бөлiгi боудан бас тартпайды. Эксперттер техникалық жағынан Интернет қашан болмасын 600 млн.компьютер желiсiне жетедi деп есептейдi.

Қазiргi уақытта мемлекеттi басқару мақсатында елеулi мәнге ие болған ең жан жақты ақпарат: саяси экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық. Әлемдiк нарықтың аясы мен экономикалық қызметтiң көлемi ұлғаюда, ақша мен iске асатын бөлiм мәнi өсуде және осы кезде ұзақ мерзiмдi, сондай-ақ, қысқа мерзiмдi жоспардағы шешiмдi қабылдау үшiн, көлемi өсiп келе жатқан әр алуан ақпаратты қабылдауға үнемi рұқсат керек болады. Тез дамып келе жатқан әлемдiк ақпарат технологиясының нарығымен бiрге халықаралық ақпарат нарығы да өсуде, ал ақпарат үнемi жаңартуды қажет ететiн, қымбат тұратын құнды тауар болмақ.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет