Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi


Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi



жүктеу 1.45 Mb.
бет2/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

1.2.Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi

ҚР реформасы дамуының қазiргi кезеңiнде экономиканы мемлекеттiк басқарудағы ақпараттанған жүйесi маңызды болып табылады. Экономикадағы басқару процесiн ақпараттандыру мәселесi бүгiнде баспасөз беттерiнде кеңiнен айтылуда. Мысалы, В.Решетников былай деп жазады: "Ғылым мен техниканың қарқынды дамуын бағалай отырып, қоғамның алға басу шапшаңдығының төмендемейтiнiн түсiнуге болады. Жаңа бiлiм мен технологияға дайын емес мемлекеттер, экономикалық және әлеуметтiк деңгейi жағынан әлемде алдыңғы қатарлы орынға ие бола алмайды".

Өткен ғасырдың басты жетiстiгi-алынған қорытындыларды күрделi ой-өрiстiк талдаудан өткiзетiн және үлкен көлемдi есептеу эксперименттерiн жүргiзетiн есептеуiш техниканың ойлап табылуы. Басқару шешiмдерiн дайындау мен қабылдау кезiнде дұрыс қабылдабаған шешiм, дамудың экономикалық жолын таңдағанда, миллиондаған адамдар өмiрiне керi әсерiн тигiзуi мүмкiн.

Есептеу экспериментi мен модельдеудi техникалық құптау секiлдi, басқару және экономикаға жаңа технологияларды енгiзу көзқарасы мұндай байланыста маңызды болып табылады. Ғаламдық жүйенi басқаруды, оның iшiнде экономика мен бақаруда есептеу эксперименттерiн жүргiзудi жүзеге асыру есептеудiң үлкен қуатын талап етедi. Мұндай есептердi шешуде ақпаратты талдау, тiкелей өңдеу, жинақтау супер ЭВМ класына жататын компьютерлердi қолдану арқылы орындалады. Басқару шешiмдерiн дайындауды жасырын түрде сақтауды ұйғарады, бiрақ шетелдiк өндiрiстегi супер ЭЕМ жасауды қамтамасыз ету қиын.

Ақпараттық қоғам ерекшелiктерi қатарынан келесi белгiлердi атап айтуға болады:

-тұрғындардың мамандық деңгейiмен жоғары бiлiмдi қолдауға мүмкiндiк беретiн, қоғамның ой-өрiсi мен ғылыми күш-жiгерiн арттыруды ұдайы өндiретiн бiлiм жүйесiнiң өсiңкi дамуының болуы;

-жаңа технология төңiрегiнде құрастырып өндiру және зерттеу жүргiзуге мүмкiндiк беретiн орнықты ғылым бөлiмiнiң бар болуы;

-дәстүрлi элементтермен (кiтапхана, мұрағат) бiрге көптеген есептеуiш бекеттерi, мамандандырылған бекеттер, жергiлiктi желi мен жеке компьютер, сондай-ақ, ақпараттық арна мен қатынас жүйесiн құрайтын ақпараттарды беру, сақтау, өңдеу, жинақтау бойынша ерекше экономика бөлiмiнiң болуы;

-тез әрекет ететiн, сыртқы құрылғылармен жабдықталған, бағдарламалармен қамтамасыз етiлген, еске сақтайтын тез үдегiш параметрлерi бар сенiмдi де, қымбат емес компьютерлердiң көптеп өндiрiлуi;

-қызметтiң барлық саласына адамдардың тұрмысы мен қоғамдық қызметiне, өндiрiстi ұйымдастыруға қатысатын машиналардың, құрылғылардың, аспаптардың және басқа элементтер тиiмдiлiгiн шапшаң арттыратын процессорлардың ендiрiлуi мен жаппай өндiрiлуi;

-байланыстың әр алуан түрлерiнiң тармақталған желiсiнiң қалыптастырылуы және ақпараттық құралдар жиынтығының болуы.

Ақпаратты өңдеу, тарату жылдамдығы мен сенiмдiлiгi, жүйе және ақпарат құралдарымен қамтамасыз етiлу деңгейi ақпараттық қоғам дамуы дәрежесiнiң басты көрсеткiшi саналады. Мысалы, дамыған елдерде желiлiк, радио- және спутниктiк байланыспен қамтамасыз етiлу жоғары дәрежеге жеткен. Осылайша, Германияда тұрғындардың 82 млн.адамына 45 млн.жуық абоненттiк номер тiркелген, Ұлыбританияда бұл көрсеткiш 60 млн.сәйкес 30,2 млн., Канадада-29 млн. және 18 млн., Гонконгте 5,8 млн. және 3 млн. адам.

Тiптi, Чили, Колумбия, Пәкiстан, Таиланд және баса дамыған елдердiң өзiнде автоматты телефон жүйесi жедел қарқынмен дамуда. Сонымен 90-шы дылдары АҚШ-та тұрғындардың 1000 адамына 319 компьютерден, Германияда-152, Италияда-87, Ресейде-11.

Қазiргi әлемдегi кез-келген елдiң алатын орны сол қоғамның ақпараттық процеске қосылу дәрежесiмен анықталады.

Осылайша, АҚШ, Канада, ЕО-қа мүше елдер, Оңтүстiк-Шығыс Азияның кейбiр елдерi ақпараттық қоғам құруға қадам басты, ал Жапония болса, 2002 дж. дейiн жаппай ақпараттық қоғам құру және елдiң жаппай ақпараттануы жөнiнде 5 жылдық бағдарламасын ұсынды. Бұл елдердегi мемлекеттiк ұйымдар мен мемлекеттiк емес ұйымдағы бiлiм мен ғылымды қаржыландырудың тұрақты өсуiн белгiлеуге болады. Мұны әлемдiк бизнестiң таңдаулы тобының және әр түрлi саладағы корпорацияны жүргiзетiн басшылықтың ақпараттық, қоғамдағы "жаңа экономикалық тәртiптiң" маңыздылығын айқын түсiнуiмен жеткiзуге болады. Бұл бұдан былай бәсекелестiк мүмкiндiгiнiң ұйым мен басқарма нәтижесiне, байланыстың дамыған құралдарының бар болуына, тапсырыс берушi мен серiктес арасындағы бiрлестiктiң болуына кәсiптiк жинақталған бiлiм көлемi мен оларды қарқынды пайдалануға қаншалықты тәуелдi болса, материалдық қорға да соншалықты тәуелдi бола бастайтынын бiлдiредi.

Осылайша, қоғамның ақпараттану дәрежесiн бейнелейтiн басқа да көрсеткiштердiң бар екенiн бiлдiруге болады. Бұл - тұрғындардың бiлiм деңгейi, еңбек қорындағы мамандар деңгейi және мамандар дайындау мен бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнiң болуы, ғылымның даму деңгейi, ақпараттық саланың дамуына мемлекеттiң ақша қаражатын жұмсау деңгейi.

Сонымен, ақпараттау дәрежесi қандай-да бiр шексiз көрсеткiшке ие бола алмайды. Жалпы әлемдiк даму тұжырымдамасы және ұлттық экономиканы жаңарту жағдайын құру жөнiнде әр түрлi елдердiң күш салуының ұлттық табыс шамасын көрсететiн жиынтық көптеген жеке өлшеу аспаптары арқылы кескiнделедi.

Ақпараттандыру ғаламдық сипатта бола тұрып, өзi ғаламдық көлемдегi, яғни, әлемдiк экономиканы жаһандандырудағы шаруашылық қызметте ұлттар арасындағы деректердi тасымаладу негiздегi байланыс түрi болып табылады.

Мұндайда ақпараттық қоғамның экономикалық бiрлiгi ретiнде алға басатын жаңа типтегi ұйымдар мен мекемелер және қайта инженерлiк мекемелердi құру туралы аса қажеттiлiк туындайды.

Белгiлi американ менеджерi Ли Якокка шешiм қабыладуда ақпаратты 95% сәйкес аймаққа орналастыру керек екенiн мақұлдайды. Қалған 5 пайызы (этропия) шешiм қабылдау кезiндегi қауiп-қатерге әкеледi. Олар сондай-ақ кейбiр авторлардың толық аппараттанушылықты белгiсiздiктi тануға ұмтылушылықты асықтыратын шығармашылық әуесқойлықты шектейдi деп есептейтiнiн атап көрсетедi.

Дамып келе жатқан мекемелердiң менеджерлерi өзiнiң жұмыс уақытының орташа есеппен алғанда 30% ақпарат iздестiруге жұмсауға мәжбүр. Э.Дудинск пен М.Мизлдiң есептеуiнше, қазiргi кезде, бұдан он жыл бұрынғыға қарағанда олардың қарамағында арнайы ақпараттың 60% жинақталған. Бiрақ, шешiм қабылдауға кеткен уақыт 3 есеге қысқарды.

Олар көбiнесе, ақпарат пен басқару арасындағы байланысты шартты пирамида түрiнде анықтайды (сурет 2), мұнда ақпараттық, нақтылық және басқару жүйесiндегi әр түрлi деңгейдегi тұтынушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесi бейнеленедi.



Күнделiктi операция бойынша ақпараттық сұраныстар


Сурет 2. Ақпараттық пирамида.


Бүгiнде болып жатқан өзгерiстер басқару жүйесiн жетiлдiру үшiн, болашаққа бағытталған тiкелей жүзеге асыратын басқаруды стратегиялық басқаруға ауыстырып қою қажетiлiгiн туғызып, негiзгi әсер ақпараттық пирамиданың шыңына орналасуына сәйкес келедi.

Ақпарат көлеiм мен оның элементiнiң байланыс саны арасында тiкелей тәуелдiлiк бар. Басқару үшiн қажеттi ақпарат көлемi арифметикалық прогрессия жағынан өскен шағында, оның элементтерiнiң мүмкiн болатын үйлестiк саны геометриялық прогрессия жағдайында ұлғаяды. Мысалы, қолда бар ақпараттық элементтердiң әр бiрi басқасымен байланысып, байланыстың жалпы саны 45-ке тең болса, 1 мың элемент кезiнде бұл сан 500 мыңға жетедi. Осыдан, ақпаратты өңдеуге кеткен шығынды ауыстыру, салыстыру, сондай-ақ шешiм қабылдауды қоса есептеп қайта бағалау қажет.

Көбiнесе басқару деңгейiнiң мөлшерiн қысқарту арқылы ұйымдастыру құрылым өзгерту жолымен бұл мәселенi шешуге болады. Э.Дудинска және М.Мизла пiкiрiне толығымен қосылып, осыған байланысты жүйе бөлiмiнiң санымен қоса, жоғалтқан және дұрыс талқыланбаған ақпарат көлемi, жұмыс iстеушiлер мен қате жiберетiн орындаушылар саны, мәлiметтер арасындағы байланыста саны азаяды. Мұның нәтижесiнде басқару тиiмдiлiгi толығымен ұлғаяды. Ақпарат көлемiнiң өсуiнен басқару деңгейлер мөлшерiнiң артуы мiндеттi емес. Мысалы, 80-шi жылдары "Pore" компаниясы 17 деңгейден құралған кезде, ал "Toyota"-5 деңгейден құралған.

Ақпаратқа деген көптеген жоғары талаптар шешiм қабылдау кезiнде көрсетiледi. Сонымен бiрге, күнделiктi iс-тәжiрибеде мәлiмет, ақпарат, бiлiм тәрiздi ұғымдар синоним ретiнде қарастырылады. Шын мәнiнде бұлар, шешiм қабылдау процесiндегi бiлiм мен мәлiметтер функциясының кескiнi ретiнде бекiтiледi. Басқару қызметiндегi ақпаратпен қамтамасыз етудiң тиiмдiлiгi шешiм қабыладу процесiнiң ерекшелiктерiмен анықталады.

Қазақстан ғалымы Т.Садықовтың айтуынша, ақпарат жетекшi экономикалық қорға айналуда, ендiгi жерде рухани, заттық емес өндiрiске ден қойылып, оны тұтыну инновациялық сипатқа ие делiнген. Дамыған елдерде ақпараттық экономикаға қатысты жинақтар туындап тез арада дамуда, осыдан келiп, экономикалық қызмет пен заңдылықты ерекшелеп көрсетуге тура келедi.

Ақпараттық қоғамның дамуының және қалыптасуының негiзi бола отырып, ақпараттық экономика өзiнiң қасиетi жағынан ғаламдық сипатқа ие.

Ғылыми экономикалық ақпаратты кодпен хабарлау немесе алғашқы күйiне қайта түрлендiру процестерi ақпараттық қоғам жағдайында бiлiм көлемiн жыл сайын екi еселену дәрежесiне жеткiзедi. Сондықтан, ақпараттық ұлғайған көлемiн меңгеруге қазiргi ғылыми-технологиялық және экономикалық өмiрдiң қарқынымен артта қалмас үшiн кез келген жеке адамға, мамандарға, қызметкерлерге өзiнiң бiлiмiн үздiксiз жетiлдiру қажет.

Бұл ақпараттың негiзгi бастамасы өмiрге енген жағдайда, жоғары ақпараттық мәдениет пен дамыған тармақталған ақпараттық қызмет нарығы жеткiлiктi болғанда орындалады.

Мұндай дамудың бағыты арқасында, ақпараттық қоғам ұлттық мемлекеттiң шегiнен шығып, ғаламдық жалпы планеталық нарық қауымдастығымен бiрiгедi. Професоор В.П.Колесов және профессор М.Н.Осьмова "Ақпараттандыру ғаламдық сипатқа ие бола отырып, өзi ғаламдық көлемде ұлттар арасындағы шаруашылық қызметтi тасымалдау, яғни әлемдiк экономиканы жаһандандырудың қозғалтқышына айналады" деп, көрсеткен. Қазiргi ақпараттық-нарықтық қатынаста жүзеге асырылған ақпараттық өнiмдi тұтыну және өндiру ақпараттық қоғамды қалыптастырудың қозғаушы күшi болып табылады.

Ақпараттық өнiм феноменiн Ю.Шрейдер, Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко және т.б. ғалымдар зерттеуде.

Ақпараттық өнiм ретiнде "өндiрiстiк-шаруашылық қызмет туралы берiлген мәлiметтердi, бiлiмнiң әр түрлi көзқарастарды, дәстүрлi жолмен, не электрондық техника көмегiмен алынған өнер туындыларын, басқа да ақпарттар мен ермек түрлерiн" қарастыруға болады.

Ақпараттық қоғам және оның негiзi-ақпараттық экономиканың қалыптасу мәселесiнiң талқылау дәрежесiн аша отырып, оның бүкiл жағына тоқталуға тура келедi. Ғылыми зерттеулерде көрсетiлгендей нақты мәселе ұйымдасқан және ақпараттық басқару, технологиялық, ғылыми-техникалық төңкерiстiң әлеуметтiк-экономикалық салдарын талдаудан және оқып бiлуден басталады. Т.У.Садықов бұдан он жыл бұрын Д.Бенигер нұсқағандай, мұндай түрдегi ғылыми зерттеудiң бағытындағы 77 әдiстi белгiледi. Бұл зерттеулер көбiнесе философиялық, әлеуметтiк және жалпы экономикалық сипатта болады. Осы жұмыстардың барлығы экономикалық процестiң даму құрылымындағы ақпараттың өсiп келе жатқан iс-тәжiрибелiк құндылығын сызып көрсетедi және кейiнiрек, Т.Закупень, Е.Балацкий, С.Б.Абдашева және басқалары осы ойды жоққа шығарады.

Ақпараттық экономикалық, iс-тәжiрибелiк және теориялық мәселелердi жалпы қарастыру тұрғысынан алғанда, ақпарат теориясы төңiрегiндегi ежелгi зерттеулерге қарасты белгiлеуге болады. Техника-экономикалық және ұйымдастыру-басқару құрылымындағы ақпаратты ғылыми талдауды оны қабылдау-беру көзқарасын алғаш математиктер және байланыс, телекоммуникация мамандары өткiздi. Бәрiнен бұрын бұлар ақпараттық математикалық және статистикалық теориялар. Бұл теориялар ақпаратты оның сандық сипаттары тұрғысынан қарастырады. Берiлген ақпараттардың сапасы (нақтылығы мен дәлдiгi) туралы техникалық бөгеттер мен кедергiлердiң әсерi қарастырылды. Бұл ХХ ғасырдың 30 жылдары болды. "Ақпарат" категориясы ғалымдар мен мамандардың көңiлiн аудартады. Сонымен бiрге, сол кезден берi ғалымдардың ойын әуреге салған К.Шеннонның белгiлi формуласы толық iске аспай, техника-экономикалық процестерде ақпарттарды талдау үшiн қолданылмады.

Кейiнiрек ақпараттың басқа да теориялары пайда болды. Мысалы: аглоритмдiк, прагматикалық, психологиялық, семантикалық, синтаксистiк, топологиялық, кибернетикалық, динамикалық, экономикалық және басқалары.

Ақпараттық теорияны талдай отырып, келесiдей сипаттық белгiлеуге тоқталуға болады, әсiресе, көптеген теорияның iшiнде "адамсыз және парасатпен ұйымдастырылған адам қоғамынсыз ақпараттың болуы да мүмкiн емес"-делiнген ертеден қарастырылған сипаттауды қадет етпейтiн жорамалды қабылдау керек. Басқа теориялар мысалы, ақпараттың динамикалық және ақпараттық теориялары ақпаратты кеңiнен және тереңiнен қарастырады, басқаша айтқанда ақпараттық процестердi адам санасынан тыс, тәуелсiз зерттейдi.

Бiрiншiден, 30-жылдары ақпаратты сақату және беру төңiрегiнде техника-экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы зерттеулер басталды. Сонымен қатар ғылым мен iс-тәжiрибенiң басқа саласындағы ақпаратты зерттеуге күш жұмсалды. Ақпарат категория ретiнде философтардың назарынан тыс қалған жоқ.

Сондықтан, екiншiден ақпаратты талдау философия-экономикалық және әдiстемелiк жағынан жүргiзiлдi. Қоғамды, экономиканы, ақпаратты субъектiлеу мен объектiлеу тұрғысында ақпараттың тәуелдiлiгi және атрибуттың қасиетi туралы ғылыми пiкiр-таластар өткiзiлуде.

Алайда, ақпарат қоғамдық өндiрiстi ұйымдастыруда және басқаруда iс-тәжiрибелiк мағынаға ие болғанда, өнеркәсiптiң дамуы сол уақытта сондай дәрежеге жетедi.

Үшiншiден, экономика саласының дамуын бағдарламалау, нарықтық реттеу, талдау, тiркеу, бақылау, жоспарлау секiлдi басқарудың әр түрлi түрлерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруда, ақпараттың өңдеу қорытындыларын қолдану мақсатында, оны қайта құру көзқарасында ақпаратты зерттеу басталады.

Төртiншiден, ақпарат теориялық және iс-тәжiрибелiк жағынан көз алдында өсiп, қоғам санасында жалпы ғылыми категорияға айналды.

Ғылыми ақпараттық жағынан алғанда өндiрiсте ақпаратты қолдану, қоғамдық өндiрiсте және тұтынуда жалғыз, жалпы, жалпы көлемдi фактор деп түсiнедi. Басқаша айтқанда, ақпарат, дәстүрлi еңбектiң, шикiзаттың, материалдық, энергетикалық, таиғи,¸ қаржылық, технологиялық, ұйымдасқан және басқа қорлардың сапасын жаңа қазiргi заманға сай өте жоғары деңгейге көтередi.

Осыалйша, ақпараттық қор бiрыңғай жақты бола тұрып екi ұшты сипатта болады: бiр жағынан ол алғашқы құрылған күйiнде аса ақпараттық болуы мүмкiн, ал екiншi жағынан, өзгерген не басқа түрге енген экономикалық потенциалдың әр алуан түрiнде көрiнедi.

Сонымен қатар, Т.У.Садықов экономикадағы ақпарат деп толып жатқан дәлiрек айтқанда оның есепсiз көптеген туынды түрлерi, мысалы, озық ақпараттық жаңа технологияны, ақпараттық мәдениеттi, ақпараттық қатынасты, ақпараттық заңдарды, ақпараттық қарама-қайшылықты, ақпараттық ойлау тәсiлiн, ақпараттық өмiр салтын, ақпараттық постиндустрияны, жеке тұлғаның ақпараттық - ой-өрiстiк қызметiн, ақпаратты адам, ақпараттық-тауарлық өндiрiстi, ақпараттық сұранысты, экономикалық өсу және ұдайы өндiрудi ақпараттық-өнiмдi инновациялық түрi деп түсiнуге болады деп қорытындылайды.

Керектi ақпаратқа ие болу арқылы көбiнесе кез келген мекеменiң тиiмдiлiгiмен табыс мөлшерiн анықтайды. Сондай-ақ, технологияның берiлуi, ақпараттың өңделуi көбiнесе есептеу техникасы мен байланыс құралдарының қарқынды өсуiне қамтамасыз етедi деп есептейдi. Ақпараттық технологияның тез өсуiне және оның берiлуi қызметiне қарамастан, кейбiр салаларында (әсiресе қаржы нарығы, байланыс құралдары, бағдарламамен қамтамасыз ету нарығы және басқа) олардың дамуының бiрқалыпты қарқыны байқалады. Басқа салаларында, мысалы, көмiрсутегi өнiмi нарығында бiздiң елiмiз жағдайында iс жүзiнде ақпаратты өңдеудiң компьютерлiк технологиясы қолданылмайды және мұны мәселе ретiнде қарастырған жөн.

Мықты желiлiк байланыстар және таратылған желiлер қатынасы негiзiнде қызмет ететiн ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ақпараттық инфрақұрылымды құру мақсатында желiлердi бiрiктiру негiзгi тенденция болып табылады.

Дамудың бұл бағыты ақпаратты жеткiзудiң жоғары жылдамдығын пайдаланатын теле- және компьютерлендiрудiң рөлiн ұлғайтады.

Сүранысы үздiксiз өсiп келе жатқан ақпараттық қызмет берiлген нарықтың қорытынды қозғаушы күшi болып есептеледi, және бұл бизнес саласының ақпараттың кең көлемiн тұтынатынына қарамастан, басқа аймақтарда да жүргiзiледi.

Ақпараттық қызмет нарығының жұмыс iстеуi бөлiнген қаржы деңгейiне тiкелей байланысты. Бөлiнген капиталдан жоғарғы табысты алуда ақпараттық қызмет, не болғанда да, ақпараттық технологияның басқа үш саласына: құрал-жабдықты жеткiзiп тұрушы және қызмет көрсетушi, байланыс пен бизнес қызметiн қамтамасыз етушi, сондай-ақ ақпараттық өнiм құруда өзiндiк құнына үстеме бағаны қосып есептеумен түсiндiредi.

Ақпаратты технологияны қолданудағы даму бағытының жоланы, бағалау мен негiзгi қызметтегi ақпараттың рөлiне жоғары басышлықтың қатысын бiлу зерттеу мақсаты болып табылады. Iрi компанияларда бәсекелестiк мүмкiдiк тудыратын стратегиялық қозғаушы күш болып табылатын қандай да бiр ақпараттың дәрежесiн белгiлеу болып табылады. Сондай-ақ ұлтаралық компания жетекшiлерi бизнестi стратегиялық жоспарлау процесiне ақпараттық технологияны қосады ма, соны бiлу қажет.

Әр түрлi әлеуметтiк жүйенi және алғашқы кезекте экономика саласын ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесiне жаңа түсiнiкпен қарау ақпараттық қоғамды қалыптастыру деп есептеледi. Егер ақпаратпен қамтамасыз етудi ақпараттық қордың, ақпараттық жүйенiң, коммуникация және ақпараттық инфрақұрылымның басқа объектiлерiнiң жиынтығы деп түсiнсек, онда экономиканы мемлекеттiк басқару процесiнде осы күш-жiгердi қолдануды қалай жақсартуға болады деген сұрақ туады. Экономиканы мемлекеттiк басқаруды ақпараттандыру, мемлекеттiң өзiндiк дамуын жiктеумен түсiндiрiледi: ақпараттық төңкерiс жағдайында мемлекет рөлi күшейе ме, әлде төмендей ме, экономика секiлдi күрделi жүйеге қатысты ақпараттық қоғамдағы мемлекеттiң реттегiш рөлi қандай болмақ.

Виртуалды ақпараттық қоғам көлемiнiң өсуi және мемлекеттiк басқару жүйесiнде құқықтық мәселе шешiм қолдану мен меңгеру бiрте-бiрте айқындала түсуде. Бiрақ, виртуалды және нақты әлем арасындағы өзара қатынас, нақты процестi тұтынуда бiрдеңенi алғаш ойлап табу туралы сөз қозғалады деп жалғастырады И.Л.Бачило. Ғаламдық желiдегi ақпараттың жинақталу жетiстiгi, материалдық ретiнде қоғам өмiрiнде маңызды қажеттiлiк болып табылатын ақпаратқа деген сұранысты алып тастамайды. Дегенмен, интернет маңызды, пайдалы ақпарат көзi, ақпараттық технологияларды тарату, басқару аймағы, көп процестердi жеңiлдететiн, қарапайымдандыратын болып табылғанмен, ол қоғам өмiрiн қамтамасыз ететiн өнiм мен өндiрiстiң орнын алмастыра алмайды.

Осы оймен ақпараттық қоғам түсiнiгiнiң дәлдiгiн бiлген пайдалы деп түсiндiредi И.Л.Бачило бұл нақты шындықты өзгертедi деп белгiлемейдi ол.

"Ақпараттық қоғам-бұл постиндустриалды кезеңнiң ширегiн басынан өткiзген, өнеркәсiптiң құрсауынан босанған қазiргi әлеумет сипаты, дұрысын айтқанда қасиетi. Тек экономика, мәдениет, саясат қана емес, сана мен түсiнiкте өзгередi. Тек соңғы екi саладағы өзгеiрстер қоғамды ақпараттық ете алады".

Дәл осы орайда, ф.ғ.д., профессор Я.Н.Засурский 2001 жылы Мәскеуде Кремль алаңында өткен "Ресей болашағы-ХХI ғасырдың ақпараттық қоғамын құру" атты Бүкiл Ресейлiк конференцияда келесi пiкiр келтiрген: "Әлем әлдеқашан ақпараттық қоғамда өмiр сүрiп жатыр. Ақпараттық қоғамның дамуы, үш қозғаушы күшпен шектелген". Бiрiншi-байланыс құралдарын қолдануға, екiншiсi-компьютердi қолдануға; үшiншi-Интернеттi қолдануға рұқсат. Әрi қарай, бiз ақпараттық қоғамға жақындағанда, кейде адамзат өз өмiрiнен күтетiн, уақыт пен кеңiстiк басқа сипатқа ие болатын өзгерiстердi бағалаймыз,-деп есептейдi Засурский Я.Н. Өндiрiс пен басқаруда басқа қатынастар құрылуда.

Ақпараттық-коммуникация технологиясы басқару аппаратының икемдiлiгiн арттыруға, әкiмшiлiк қор дамуының жаңа болашағын құруға, әрбiр нақты адамның қолдануына мүмкiнiдк бередi. "Ақпараттық қоғам адамды икемдi етiп өзiнiң пiкiрiн қорытуына, ғылыми техниканың дамуына жаңа жетiстiктер мен ой-пiкiрлер қосуына мүмкiндiк бередi. Бiрақ, ақпараттық ғасырдың артықшылығын iске асыру үшiн көлденең және желiлiк құрылымның дамуы мен басқаруын децентрализациялау талап етедi". Әсiресе, осындай құрылымдар әр бiр адамның ынтасын арттырып, қоғамға пайда келтiретiн жаңа ойлардың тууына мүмкiндiк бередi.

РҒА академигi Н.Н.Моисеев: Ұжымдық Сананы адамзаттың саналы адам түрiнде дамуы кезiнде тiрегi болып, оның жетiлу мақсатында күшi саналып, адамзат тарихындағы кезеңге айналса, ақпараттық қоғамды да осындай кезеңге теңейдi. Толық мәндi ақпараттық қоғам адамның мақсатты әрекетiнсiз, жаңа өркениеттiң жiктелiк орнығуынсыз нығая алмайды. Бiздiң маңызды мақсатымыз-ақпараттық қоғамның күшеюiне ат салысу-дейдi ол.

60-80 жылдары көп елдерде ақпаратқа кiруге рұқсат беретiн салада өз iстерiн үлестiрiп беретiн заң актiлерi қабылданды. Жаңа ақпараттық технология кең көлемдi сұраныс бойынша ақпаратты алу мен жинақтауға жол бердi. Сонымен бiрге, ғаламдық жүйе арқылы ақпаратты алғанда, ақпараттық қорды қолданып, оны пайдаға асыру кезiнде заң ықпалының араласуына тура келедi.

Осы жерде мемлекеттiң өзiнiң функциясын iске асыру процесiнде ақпараттық қорды қолдану және қалыптастыру да мемлекеттiң рөлi қандай деген сұрақ туады.

Ұлттық экономиканың барлық саласы (халықаралық байланысты қосқанда) мемлекеттiң шексiз құқығында болып табылады. Ашық қоғамда, мұндай ақпаратқа ие болу тек шенеунiктерге емес, сондай-ақ көптеген ғылыми-талдау орталықтарына, экономика саласындағы делдалдық құрылымға, экономика саласындағы кез келген қызмет ететiн адамға, еркiн пайдалануға рұқсат етiлген. Әрi олар өздерiнiң мәлiметтер негiзiне, бағдарламаларына, мақсатына ие болуда. Бұл әр түрлi ғылыми және саяси құрама одақтар жариялайтын не көрсететiн бағдарламаларға және түрлi болжамдарға мысал ретiнде көрнектi көрiнедi. Бұл бiр жағынан бұқарашыдықты көрсетедi, екiншi жағынан қиын-қыстау жағдайда экономика дамуының мемлекеттiк тұжырымдамасын жасау процесiнде оны қолдану және ақпараттық қор жүйесiндегi қызығушылық пен көптеген мақсаттағы мәлiметтердiң күрделiлiгiн белгiлейдi.

Саясатты және тұжырымдаманы жасауда ақпараттық орта құрама қайшылықта және нәтижесiз болады. Тактикалық мақсатқа керектi ақпараттық қор көбiне бос болады, себебi тек мемлекеттiң саяси құрылым нәтижесiнде ғана емес, сондай-ақ нарықтың әсерiнен де ерекшеленiп қалыптасады. Бұл жерде мониторинг, заңды қызығушылыққа мiндеттейтiн, өз өкiлдiлiктерiнiң шектерiнен аспайтын аралықта барлық экономикада қызмет iстейтiн адамдарға рұқсат ету негiзi саналады. Осыған орай мемлекет сәйкес атқару билiгi органдарының атынан барлығын бiлуге мiндеттi.

Бұл экономикалық кеңiстiктегi құрылым қозғалысын түсiну үшiн сәйкес реттегiш шешiмдердi қабылдау мақсатында, мемлекеттiң қызығушылығы тарапынан керектi балансты қамтамасыз ететiн экономиканың барлық саласындағы қозғалысқа өз уақытында әрекет ету үшiн қажет.

Тiкелей iске асыру мақсатында ақпараттық қор көбiне қозғалтқыш, тұрақсыз және көп түрлi болады. Оның негiзiн ақпаратты есепке алу, ақпараттық есеп беру, тiркеу, мiндеттi құжаттар ережесi, жарнама және т.б. құрайды. Бұлардың барлығы өндiрiс, ғылым және басқа құрылым тiршiлiк ететiн салаларда талдайтын және қорытындылайтын жоғарғы деңгейдегi ақпаратты қалыптастыру үшiн бастама болып табылады. Әсiресе, мұнда жинақталған ережелерде көптеегн кемшiлiктер байқалады, қорды пайдалану және жеткiзу тәртiбiнде, керектi стандарттың жоқ болуымен және оларды экономиканы басқарудың тiкелей жүйесiне қолдануда, ақпаратты экономикалық қызмет етушiге - тұтынушыға жеткiзу тәртiбiнде, ақпаратты нормативтi-құқықтық қамтамасыз ету саласында қойылған iмндеттер аз емес.



1.3.Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi

Интернеттiң әсерiнен және онымен байланысқан технологияларда адамдар арасындағы қатынас тәсiлiнiң өзi өзгередi. Макроэкономиканың маңызды субъектiлерiнiң бiрi-үкiмет қызметiне бұл процестердiң қалай әсер ететiнiн бақылау маңызды болып саналады. Мұнда бiрлестiктi басқарудағы сипаттарға жуық сондай өзгерiстер пайда болды. Iрi бiрлестiк ретiнде мемлекеттiң баяндалуы өте жаңаша. Қайтадан американ әлеуметтанушысы Д.Ноукт тәсiлiнiң өзектiлiгiн сызып көрсетуге болады, ол саяси жүйенi әлеуметтiк желi ретiнде қарастырып, осыған сәйкес дауыс беру, әлеуметтiк қозғалыс, таңдаулы топтың рөлi, халықаралық қатынастар және т.б. әлеуметтiк-саяси феномендi оқыр үйрену үшiн құрылымдық талдауды қолдануды ұсынады. Осыған орай саяси жүйенiң жеке бөлiктерi желiлiк тәсiл арқылы 1-шi кестеде көрсетiлгендей қарастырылады.


Кесте 1

Саяси жүйе буындарының талдауы (желiлiк тәсiл)



Талдау деңгейi

Желiлер

Билiктiк өзара қатынас

әсерi

басымдылығы

Жеке адам

Дараланған желi

Сенiм

Әлеуметтiк қолдау

Топтар

Туыстық және алғашқы байланыстар

Нормативтi әлеуметтануы

Өзара әрекет

Қозғалыстар, класстар

Таңдаулы топ

Идеология

Қорларды жұмылдыру

Заңды ұйымдар

Қызметi және жауапкершiлiгi

Корпоративтi мәдениет

Коалицияның басымдылығы

Салалар

Өнеркәсiптiк трансакция

Бәсекелестiк

Дербестiк және тәуелдiлiк

Саяси құрылымдар

Ұжымдық әрекеттер

Саяси өзара әрекеттер

Реттеу және ұжымдық шешiмдер

Ұлттық мемлекеттер

Әскери одақтар, сауда қарым-қатынастары

Сәдени әсерлер

Соғыс және қолдау

2-кестеден сол бiр ғана үлгiлi микродеңгейден макродеңгейге жеткiзудегi өзгерiстердi байқауға болады. Экономикалық теорияда жеткiлiктi жүзеег асырылатын желiлiк тәсiлдi жиi қолдана отырып, микроқұрылымды талдайтын ғылыми аспапты, макроқұрылымды талдауға қолдануға болады.

Ақпараттық қоғам жағдайында: басқарудың жаңа түрiн қолдану тәсiлiмен өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде фирмалар алдында тұратын мiндеттер секiлдi, қазiргi мемлекет алдында да сондай мiндеттер басқару жүйесiн өзгерту мағынасында пайда болады. Осыған сәйкес мемлекет фирмалар қолданатын әдiстерге ұқсас әдiстердi қолданады. Мысалы, дәл осылайша, қазiргi фирма өзiнiң ұдайы тапсырыс берушiлерi туралы көбiрек бiлуге, жекелеген маркетингтi дамытуға талпынса, мемлекет өзiнiң азаматтары туралы ақпаратты көбiрек бiлуге және өзiнiң конституциялық мiндеттерiн тиiмдi жүзеге асыруға тырысады "Мемлекеттiк басқару саласында әр түрлi желiлiк тәсiлдер қалыптасуда; көптеген авторлар бұл туралы өз ойларын айтуда, шамадан тыс орталықтанған құрылымдар қазiргi әлемнiң өзгерiстерiне қажеттi жылдамдықпен әсер ететiндей жағдайда болмай шықты, бұл әрi жеке фирмаларға да, үкiмет пен ұлтқа да қатысты".

Ақпараттық технологияларды тарату кезiнде қоғам өмiрiмен қоса, онда басты болып есептелетiн үкiметтiң орындайтын рөлi де өзгередi. Үкiметтiң қызмет аясымен оны жеткiзудiң тәсiлдерiн өзгертуге итермелеген бiрнеше себептердi бөлiп көрсетуге болады.

Бiрiншiден, тыңшылық процестердiң күрделiлiгi ескерiлсе. Берiлген саладағы қоғамдық қызметке жұмыстың жинақылығы мен икемдiлiгiне сұраныстар туындайды. Экономикалық теорияда "алтын талаптар" деп аталатын талаптар жүйесi бар, ол қалаған салық жүйесiне көрсетiледi (икемдiлiк, тазалық, бейтараптық, әкiмшiлiк қарапайымдылық және басқа) және салық төлеушi мен салық органдарының қатынасындағы трансакциялық шығынды қысқарту жолымен әлдеқайта тез жүзеге асыруға ақпараттық технология мүмкiндiк бередi.

Екiншiден, интернеттi пайдалануға рұқсат алған тұлғалардың саны өсуде, тiптi мемлекеттiк органдармен электронды түрде байланысқысы келетiндер де жоқ емес. Осыған орай қазiргi қызмет, соның iшiнде мемлекеттiк қызмет тұтынушының өзгермелi сұранысымен хабардар болып, оған әлдеқайда кең қызмет аясын көрсетiп, оларға әр алуан түрде мәлiметтер жеткiзедi.

Үшiншiден, жаһандану процесiнiң күшеюi тағы бiр себебi болып табылады, жеке елдердiң үкiметi соңғы технологиялық тұжырымдамаларға керiсiнше жауап қайтара отырып, әлемдiк тұжырымдамаларды керектi мәлiметтермен қамтамасыз етедi.

Жабық қоғамның (әкiмшiлдiк, әмiршiлдiк жүйедегi) есте қаларлық белгiлi оқиғалары ақпараттың таралуын шектеуге тырысуы едi. Сондықтан, қазiргi жариялылық құрылымдағы қоғамның технологиялық негiзi Интернет туралы айту орынды. Бiрақ осыған орай, электрондық үкiмет жариялыққа бiр мезгiлде жеткiзедi деп түсiнбеген жөн. Технологиялар реттеу түрiн өзгерткенiмен, мәнiн өзгертпейдi.

Ақпараттың электрондық ашықтығы, егер ол жариялылығы жоқ елдердiң жағдайында бiр жақты сипатта болса, онда нәтижесiнде қоғамдық қатынастардың ымырашылдылығына емес, қоғамға деген мемлекеттiк органдар тарапынан қатаң бақылаудың күшеюiне әкелуi мүмкiн. Бұл басқаруда электрондық әдiстi тиiмдi қолдану бойынша жетекшiлiк еткен, бiрақ өзi жариялылық дәстүрдегi ел қатарына саналмайтын Сингапурды мысалға алғанда бiлiнедi. Электрондық технологиялар мемлекеттiк органдар үшiн бақыалу мүмкiндiгiне рұқсат алуы мүмкiн, бiрақ осы жағдайда көрсетiлген органдардың азаматтар алдындағы есеп беру дәрежесiн көтермейдi.

Барлық осы болып жатқан процестердiң жауабы мемлекеттi электрондық басқаур немесе электрондық үкiметтiң пайда болуында. Ғылыми әдебиеттерде электрондық үкiмет тұрғысында ненi түсiнедi? Бұл ұғым тұрғысында бiрнеше анықтамалар бар, бiрақ төменде көрсетiлгендей, жеткiлiктi кең баяндайтын болсақ: бұл-қазiргi ақпараттық технологияны кең қолдануды қалайтын мемлекеттiк басқару жүйесi.

Әдетте (онлайн категориясын) қарастырғанда, электронды кеңiстiктiң қандай бөлiгiн жеке сегмент түрiнде қАбылдаудың дұрыстығын дәлелдеу 2-шi кестеде көрсетiлген.

Электрондық кеңiстiк төңiреiгнде өзара әрекет ететiн әр түрлi әдiстердiң бар екенiн көруге болады. Мысалы, тұтынушылар тауарды не қызметтi бiр-бiрiне (С2С) немесе бизнеске (С2В) жеткiзуi мүмкiн. Кейбiр елдерде үкiмет мемлекеттiк қамсыздандырушылыққа, (В2G) жеке бөлiмдерге рұқсат бередi. Үкiмет электрондық технологияны ақпаратты беур үшiн (G1B, G2C) және салық және басқа да төлемдермен (C2G) байланысты шығындарды, транзакциялық шығындарды төмендету үшiн қолданады. Әр түрлi басқару деңгейлерi (G2G) арасында үйлесiмдiк жүзеге асуы мүмкiн. Алайда, өзара әрекеттiң негiзгi үлесi В2В және В2С бағытын бiрiктiретiн электрондық коммерцияға сәйкестеледi. Егер де электрондық кеңiстiктi 2-кестеде көрсетiлгендей өзара әрекет етуi бойынша сегемнттерге бөлсек, онда электрондық үкiмет жоғарғы жолға жазылады, яғни G2G, G2B, G2C сегменттерiнiң өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ керi байланыстар сызық бойынша G2G және B2G көрсетiлген.


Кесте 2

Электрондық кеңiстiк сегменттерi






Мемлекет

Бизнес

Тұтынушы

Мемлекет

G2G (government-to- government) үкiмет-үкiмет

G2B (government -to-business) Үкiмет-бизнес

G2C (government-to-consumer) Үкiмет-тұтынушы

Бизнес

B2G(business-to- government) бизнес-үкiметi

B2B (business-to- business) бизнес-бизнес

B2C (business-to-consumer) бизнес-тұтынушы

Тұтынушы

C2G(consumer-to- government ) тұтынушы-үкiмет

C2B (consumer-to-business) Тұтынушы-бизнес

C2C(consumer-to-consumer) тұтынушы-тұтынушы

Үкiметтiң тұрғындармен қатынасын қарастыру үшiн, алдымен үкiметтiң ақпараттық қызметiн қарастыру қажет: министрлер мен ведомствалықтардың веб-сайтын желiде орналастыру, еледгi саяси процестер мен құқықтар туралы азаматтарды ақпараттандыру.

Кейiнгi кездерi салықты төлеудi ұйымдастыру барысында Интернеттiң беретiн кең мүмкiндiгi дәлелдендi. Кейбiр салықтарды төлеу (мысалы, ҚҚС және сатудан түскен салық) көп шығындарды талап етедi, өйткенi ай сайын не квартал сайын салықтық түсiмдер алынады, сондықтан салықтық қызмет көрсету электрондау жетекшiсiне айналады. Францияда, мысалы, компаниялар мен жеке азаматтар кiрiс салығын, жергiлiктi салықты, меншiк салығы, әлеуметтiк қамсыздандырудың төлемдерiн Интернет арқылы есеп айырысады. Ирландияда ҚҚС пен жалақыдан түскен қорға салық желi арқылы жиналады, ал салық төлемшiлерi өзiнiң салық төлемдерiнiң жағдайын онлайын режимi арқылы бақылайды, АҚШ-та iшкi табыспен айналысатын қызметi (Internal Revenue service), қоғамдық қызметтiң веб-сайтының арасына қатысты веб-сайт орналастырады және салық төлемдерiнiң үштен бiрiне жуығын 2000 ж. желi құрылғысы арқылы жинайды. Бұл процесс бойынша алға басқаны Австралия болды, мұнда кiрiс салығының 75% Австралиялықсалық қызметiнiң веб-сайты (Austrlian Tax Office) арқылы жиналады.

Онлайн жүйесiне өут арқылы атқарылатын, салықтан басқа да әкiмшiлiк түрлi мiндеттер бар. Мысалы, Францияда азаматтар желi құрылғысының медициналық қамсыздандыру бағдарламасы брйынша қатысты мiндеттердi талап ету мүмкiндiктерiне ие болады; Германия университетiнiң студенттерi емтихан парағына тiркеледi, кiтапханаға компьютер арқылы өтедi, мұнда бiлiм берудiң онлайын орталығы орналасқан, электронды түрде әкiмшiлiк органдарына шағым беур рұқсат етiлген (мысалы, Швецияда парламентке жазбаша берiлетiн қоғамдық арнаулы өтiнiштер құрылып, электронды түрде жолданады); Аризона штатында (АҚШ) көлiк қатынасын жүрiгзуге құқықты қайтадан жаңартуға рұқсат онлайн режимi арқылы берiледi (көлiктi жүргiзудегi құқықты бiр рет қайта жаңарту, шығынды қағазды қолдану кезiндегiге қарағанда онлайнды қолдану кезiнде 7 долларға дейiн қысқарды).

Үкiмет пен бизнес арасындағы өзара қАрым-қАтынастың даму аймағына электрондық байланыс құралдары арқылы алғшқы қадам жасауы үкiметтiң тендердi орналастыруы және ұсыныстарды веб-сайт арқылы алуы болып табылады. Мұндай тәсiл ақпараттың сапасын жақсартады, сұраныс пен ұсыныстың мөлшерiне сәйкестеледi, қажеттi байланыстарды тез жүзеге асырады, транзакциялық шығындарды төмендетедi. Бiр жағынан ұсынысты қабыладуды жүзеге асыру күрделене түседi, себебi келiсiм-шартқа байланысты мiндеттемелердi орындауды байыпты тексеру керек болады, ал бұл әрдайым электронды түрде орындала бермейдi. Желi арқылы үкiмет пен бизнес арасындағы абйланыс үдей түсуде. Осылайша, АҚШ-тың қоршаған орта мен табиғи қорды пайдалану Министрлiгi 1998 ж. электрондық жүйеге өттi, бұл мемлекеттiк тапсырыстарды өңдеудi тезтедетi, мұндай жүйе автоматты түрде чек жазатындығынан, қосымша қағаздар мен қол қою қажеттiлiгiн жоққа шығарады.

Ақырында, әр түрлi мемлекеттiк қызметтердiң арасында өзара байланыстар дамуда. Бұған қатысты интеграциялық тәсiл қолданылатын Сингапурды үлгiлi мысал ретiнде алады. 1981 жылы ақпараттық технология саласында ұлттық жоспар жүзеге аса бастады; қол жетерлiк жаңа технологияларды енiгзуге сәйкестелген бұл жоспарды жүзеге асырып, ақпараттық технология саласында үкiметтiң барлық құлшынысын танытып, таратуға жауапты ақпараттық қатынас дамуы бойынша қызмет құрылды. Оның үкiметтiк ақпараттық инфрақұрылымын е-Citizen портал орталығы қолдайды және ол ақпараттық технологиялардың көп деңгейлi платформасы болып табылады. Бұл қоғамдық секторды байланыстыратын агенттiлiк саналады және электрондық құралдары: смарт-карт, электронды пошта, үкiметтiк желiнi қолдану арқылы қатынасты жеңiлдетедi.

Тiкелей байланыстарды алмастыратын, өте иекмдi көлденең байланыстар үкiмет органдарына өзiнiң iшкi атқару тәртiбiн бiр қорытындыға келтiруге, өте тығыз және тиiмдi қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Электрондық үкiметке тән берiлген белгi қатары болашақта оның қызметiне жаңа үйлесiмдi кескiн әкеледi.

Бiрiншiден, жаңа желiлiк технологиялар үлкен дәрежеде үкiметтiң бөлiмшелер арасындағы және үкiметтiң өзiнiң арасындағы шекараны жояды, тұтынушылардың қажеттiлiге негiзделген қоғамдық игiлiктердi жеткiзiп, тұтынушыға көбiрек жақындауға тырысады.

Екiншiден, өте жақсы ұйымдасқан үкiмет құрылымына қажеттi қатынастың электрондық түрiн қолдануымен байланысты жаңа енгiзулердi сәттi жүзеге асыру үшiн үкiмет өз iргесiнен бастап өзгеруi тиiс.

Үшiншiден, тұрғындардың азаматтық бағытының өзгерiсi, демек, қандай да бiр дәрежеге демократияның формалды түрiнен сандық, электронды, кибер-демократияға өтуi қарапайымдандырылады.

Сандық демократияны кең мағынада демократия процесi барысында ақпаратпен сандық алмасудың кез келген түрi деп қарауға болады. Мемлекеттiк билiктiң жаңа жiктелуi қалыптасуда, мұнда мемлекет басымдық күш танытпайды, қоғамдық құрылымға қызмет етедi.

Электрондық үкiмет тұжырымдамасын жүзеге асыру тұрғысынан ақпараттық қоғам мен өндiрiстiк қоғамды сипаттайтын бiрнеше тәсiлдер бар (3-сурет).

Электрондық үкiметтiң дамуы үшiн жаңа мүмкiндiктер ашылып, ақпараттық қоғамға тән ұйымдастырулар мен басқаруларға көбiрек назар аударылуда.

Электронды үкiмет тұжырымдамасы әзiрше қалыптасу және әрi қарай өңделудi қажет ететiн кезеңде тұр. Ақпараттық түрде қайта құрылу жолында тұрған елiмiздiң үкiметiне мемлекеттiк ақпарат төңiрегiнде басқарудағы нақты мiндеттердi қарастырған жөн. Нәтижесiнде, электронды үкiмет алдына қойылған негiзгi үш мiндеттi шешуi үшiн қарастыру қажет:

1)бiрiгiп жұмыс iстейтiн бөлiмшелер мен департаменттi бiрiктiретiн, орталықтандырылған мәлiметтер негiзi мен сенiмдi iшкi үкiметтiк желiгi құру;

2)азаматтардың сұрасынына бейiмделген қызмет түрлерiн ұсыну және оны Интернет арқылы ыңғайлы да сенiмдi көрсету;

3)сандық демократияның мәселесiн жүзеге асыруға қол жеткiзу.

Электронды үкiметтi қалыптастыру пiкiрi бiр мәндi емес, және оның да оң терiс жағы бар. Олардың кейбiреуiн бөлшектеп қарастырайық.

Үкiмет өз азаматтары жөнiндегi кең көлемдi ақпараттарды шоғырландыруы тиiс.

Электронды төңкерiстiң беретiн артықшылығы негiзiнде бизнестiң қарқынды дамуын бақылай отырып, бұл тәрiздi нәтижеге басқару саласында әбден қол жеткiзуге болатынын ойша шамалайды. Интернет мемлекеттiк қызметтi ұйымдастыру саласын түпкiлiктi қайта құруға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi ақпараттық технология келiп түскен ақпараттарды жинақтау мен өңдеу арқылы трансакциялық шығындарды үнемдеп, мемлекеттiк аппарат жұмысының тиiмдiлiк дәрежесiн көтередi. Осылайша, желiнi қолдану арқылы АҚШ-тың мемлекеттiк қызметi жылына шамамен 110 млрд.долларды үнемдейдi. Шығындарды үнемдеу азаматтардың салық ауыртпалығын төмендетедi.



Сурет 3. Мемлекеттiк реттеудiң негiзгi сипаттамалары

(өнеркәсiптiк және желiаралық).
Мемлекеттiк аппараты электрондау жүйесi үкiметтiң, мекемелердiң, азаматтардың өздерiнiң арасындағы қарым-қатынас әдiсiн жеңiлдетедi. Ақпараттардың көбiне толық болмауына, не кештеу жаңартылуына байланысты мемлекеттер мен ведомстволар экономика қызметiндегiлердi адасуға әкелетiнi белгiлi. Оған қоса, қандай да бiр сұрақты шешу барысында бiр уақытта бiрнеше ведомстволарға баруға тура келедi. Бюрократиялық аппараттың тiкелей ұйымдастыру жүйесi шешiм қабыладуды бәсендететiн келiсудiң ұзақ процесiн ұсынады. Интернет мұндай мәселелердi жоюға мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсететiн тұтынуға үйлесiмдi портал құру мүмкiн.

Электрондық үкiмет үкiметтiң әр түрлi бөлiмдерiмен жүргiзiлетiн коммерциялық операцияларды адал орындап, екi жақты кеңес берiп, үкiмет органдарының өз таңдаушылары алдында орынды есеп беруiн қамтамасыз етедi. Берiлген процестiң ең маңызды құрамды белгiсi деп мемлекет пен аймақтың оң мағыналы өзгерiсiн айтуға болады. Электрондық үкiмет пiкiрi бiртiндеп сандық демократияға қайта өзгередi. Жоғарыда сандық демократияға демократия процесi барысында ақпаратпен сандық алмасу мағынасы бойынша анықтама берiлген. Алайда, сандық демократия деп онлайындық дауыс берудi түсiнедi.

Онлайндық дауыс беру қатысында ғылыми әдебиеттерде екi көзқарас қалыптасқан. Онлайндық дауыс беру процесiне қатысуға аса белсендiлiк туғызады және сайлаушыларды, әсiресе жастарды тiркеудi ұлғайтады деп саналады. Онлайндық дауыс беру жағдайы тұрмысы төмен тұрғындар бөлiгiнiң дауыс беруiн бәсеңдетедi және интернетпен байланысуда психологиялық, ой-өрiстiк қиындық сезiнетiн азаматтарды дауыс беру процесiнен шеттедi деп есептеледi.

Онлайндық дауыс беруден басқа сандық демократия қоғам пiкiрiн сұрауды, сайлаушылар мен сенiмдi өкiлдердiң қатынасын бiлудi, азаматтармен заң жобасын талқылау үшiн байланыстарды ұйымдастыруды, сайлау компанияларын өткiзудi жөн көредi. Онлайндық дауыс берудi ұйымдастырудың құралы болып табылатын сайлау компаниясын жүзеге асыру мүмкiндiгi соңғы кездегi жетiстiктердiң бiрi болып саналады.

Ф.Рузвельд алғаш өзiнiң сайлау компаниясына радионы қолданып, оның көмегiмен қоғамның қалыптасқан пiкiрiн бiлгiсi келдi, Дж.Кеннеди осы мақсатта теледидарды қолданды; Дж.Вентура жаңа заман талабына сай интернет құралын алғаш пайдаланып, 1998 ж. өз бәсекелестерiн жеңiп, Минесота штатының губернаторы болып сайланды. 2000 ж. наурызында Дж.Буштан сайлауда жеңiлген Дж.Маккейн өзiн қолдайтын сайлаушы компанияларының веб-сайт құралын пайдаланып, қаржы жинаудың керемет үлгiсiн көрсеттi: ол желiнiң алғаш тұсаукесерiнен кейiн 48 сағат iшiнде 1 млн. долларға жуық жинады, кейiн бұл сома 6 млн.доларға өскен.

Интернеттi қолданып табысты жетiстiкке жеткен басқа да сайлау компанияларын мысалға алуға болады: 1997 ж. Ұлыбританиядағы сайлау интернеттi ақпарат көзi ретiнде қолданып, 2000 ж. ақпанында оңшыл партия өкiлi И.Хайдер интернет компаниясының жетiстiгiнен кейiн Австрия үкiметiнiң құрамына кiредi; 2000 ж. Аризона штатында өткен сайлауда, демократиялық партия өкiлдерi өз кандидаттарының жоғарғы рейтингiсiне жетiп, өз сайлаушыларына онлайндық режимде дауыс беруге мүмкiндiк бердi, Бразилияда ұлттық және жергiлiктi деңгейде сайлау электронды түрде өткiзiледi.

Ақпараттық сипаттың өзгерiсi кадр мәселесiн ашып, оны басқару жүйесiне енгiзе бастайды, осы орайда тиiстi түрде жұмыс әдiсiн өзгертпейдi. Мемлекеттiк шенеуiктердiң ескiрген менталитетi жаңа технологияны қолдануға сай емес. Сонымен қатар жаңа жұмыс түрлерi сырқат процесс саналатын бюрократиялық аппаратты бiршама қысқартады.

Ақпараттың ашықтығынан да мәселе туындайды. Электрондық үкiмет ұсынған үкiмет пен азаматтардың арасындағы өзара ақпарат алмасу пiкiрi арнайы ақпараттардың тым жариялылығына әкелдi, бұл азаматтардың бостандығы мен жеке өмiрiне қол сұғуға байланысты қолданушылардың қарсылыығн туғызады.

Ақпаратқа енерде сандық үзiлiстiң басымдылық жағдайында лауазымын қолданып, өзiнiң мүддесiне бұрмалап бағыттай бастау мүмкiндiгi бар.

Сондықтан, электронды үкiметтi құра отырып, бұл демократияның жаңа үлгiсi емес екенiн, барлық мүмкiн болатын саяси сұрақтардың шешiмi бола алмайтынын, тек демократиялық құлшынысты жүзеге асыратын әдiс екенiн байқауға болады.

Электрондық үкiметке өту өте күрделi, ол мәселеiн ұғыну үшiн уақытты және оны жүзеге асыруда күштi саяси басшылықты талап етедi. Электрондық қатынастың басқа түрiне қарағанда электрондық үкiметтi аса тиянақтылықпен енгiзу қажет, себебi электрондық үкiмет жағдайы туралы зерттеу жүргiзiлгенде экономикалық санақ пен саяси процестерде бiраз олқылықтар байқалады. Бiрқатар елдерде арнайы мемлекеттiк қызметтер ақпаратқа деген азаматтардың конституциялық құқығын сатайтын уәкiлеттiк берген. АҚШ-та бұл қызмет Chief Information Officer (ақпараттық сұраныстарға жауапты), Ұлыбританияда е-envoy (электронды елшi) деп саналады. Көптеген елдерде үкiмет жанынан ақпараттық технологияларды енгiзуде кеңес беру орталығы құрылған.

Электрондық үкiмет тұжырымдамаларын жүзеег асырып, жетiстiкке жеткен елдер де бар. Интернеттi қолдануда тәртiп белгiлейтiн заң АҚШ пен Канаданың мемлекеттiк мекемелерiнде қабылданды.

Ұлыбританияда мемлекеттiк ақпараттық қызмет 300-ден астам мемлекеттiк ұйымдарды электрондық байланыс арқылы қамтамасыз етедi. Ақпараттық дәуiрде тұрғындарға қызмет көрсететiн стратегиялық тұжырымдама қабылданды. Мұнда үкiметтiк қызметтiң азаматтарды толық қамтып, қамтамасыз етуi, ақпаратты қолдануды жақсарту, қызмет көрсету аясын кеңейту мәселелерi қарастырылады. 2008 жылға қарай беiрлген бағдарлама жүзеге асырылады және негiзгi үкiметтiк қызметтер басқаруды электронды түрде жүзеге асырады деп күтiлуде. Ұлыбританияда электронды үкiмет құру үшiн миллиард фунд стерлингтен астам қаржы жұмсалды.

Францияда ақпарат және оргтехника бойынша Ведомствоаралық комитет ақпараттандыру саласында мемлекеттiк органдар қызметiнiң үйлесiмдiлiк мiндетiн қойды.

Испанияда Vereda жобасы жасалынып, жоба аясында азаматтарды қамсыздандыру бойынша сұрақтарға жауап ала алады, қаржылық қызмет саласында, мемлекеттiк басқаруда, интерактивтi терминал арқылы ақпараттар ала алады. Сингапурдың электронды үкiметi жұмысының тиiмдiлiгiмен тез қарқынды дамуда.

Бұл салада әр түрлi елдерде қызмет үйлесiмдiлiгi орныққан. "Мемлекет онлайн" жобасын мысал ретiнде қарастырайық, мұны "жетiлiк" елдерi жүзеге асырған.

2001 жылы қаңтарда Давоста Халықаралық экономикалық форумында электронды үкiмет және оның қызметiн құрудағы мәселелер талқыланды. Үкiмет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынасты өзгертудегi интернеттiң күш-жiгерi қандай, интернет мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану мақсатында үкiметтiң өз операцияларын құру қалай жүруде, үкiметтiң қызмет түрлерiмен тұрғындарға көмек көрсетудiң тиiмдiлiгiнiң мүмкiндiгi қандай, деген секiлдi электронды үкiметке қатысты сұрақтар Давостада талқыланды. Мұндай берiлген мәселеге назар аудару, электрондық үкiмет құрудың өзектi екенiне және әр түрлi ел үшiн ғаламдық маңызы бар екенiне халықаралық деңгейде көз жеткiзiлдi.

Қазақстан Республикасында да интернетке қосылған мемлекеттiк органдар саны ұлғаюда. Бұл жерде шындығында қандай-да бiр мемлекеттiк қызмет жөнiнде не болмаса интернет арқылы қатынасқан байланыстар туралы емес, ақпараттық функция туралы сөз болады, алайда электрондық үкiметтiң ой-пiкiрiн iс-тәжiрибеде қандай да бiр дәрежеде жүзеге асыру туралы айтуға болады. Қалай болғанда да, бұл процестiң әрi қарай дамуы Қазақстанда ақпараттық қоғамның қалыптасуымен қатар жүредi.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет