Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ



жүктеу 1.45 Mb.
бет3/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТI БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
2.1.Қазiргi кезеңдегi әлемдiк ақпараттық технологиялардың даму

жүйесi

Мемлекеттiк басқару жүйесiндегi ақпараттық технологияларды қолданудағы және жоспардағы ақпараттану мәселесi көбiнесе, экономика мен жаңа қоғамдық-саяси қауымдағы кеңiстiк қызмет орындарында ерекше көрiнедi. Бұл қатысында әлемнiң дамыған елдерi бұндай кезеңдердi әр түрлi уақытта басынан өткiзген және олардың тәжiрибелерi нарықтық экономикаға өту кезеңiнде тұрған елдер үшiн сабақ болады. Бұл жөнiнде Б.Абрахманов ақпараттық бiрлестiкке ұмтылып, үштiк полюстi әлемде (Еуропа, Америка, Жапония) өзiнiң орнын тапқан Еуропа тәжiрибесiн үлгi етедi. Еуропа әр уақытта өз бағытын таңдап, бұл мақсатта барлық қағидаларды ескере отырып, ақпараттық қоғам құру мәселесiн жан-жақты жинақтап, қамтып көздеген жерiне жетедi деп жазған.

Ақпараттық инфрақұрылымы жоғары дамыған қоғамды Еуропа "Ақпараттық қоғам" (IS, Information Society) деп атауды ұсынды. 1993 жылы ЕУропалық кеңестiң Еуропалық бiрлестiк комиссиясының ұйғарымы арқылы "Даму, бәсекелестiк мүмкiндiгi және жұмыс бастылық-21 ғасырға жетер жол" деген атаумен Ақ қағаз дайындалды.

Еуропалық бiрлестiк комиссиясының Ақпараттық қоғамына қатысты сұрақтар бойынша пiкiр, көзқарас, ұйғарым алмасу үшiн Ақпараттық қоғам Форумын құру шешiмi қабылданды.

Форумға алты негiзгi әлеуметтiк-өндiрiстiк сала қызметiнен алынған үш жылға өкiлдiктi үлестiрiп берген 130 мүше кiредi. 1996 ж. "Адамдар мен олардың бiрлестiгi үшiн желi: Еуропа Одағында Ақпараттық қоғамды барынша қолдану" деген атпен 1995-1996 жж. алғаш жылдық есебi қабылданды. Ғылыми зерттеу және технология бойынша төртiншi реттiк бағдарлама форумның екiншi жылы жұмысының нәтижесi болды.

Қазiргi уақытта еуропалық бағдарлама ISPO бөлiмiнiң келiсiмiмен 2000-нан астам арнайы жоба ұсынады. ISPO, яғни ақпараттық қоғамға деген ғаламдық қозңалыстың еуропалық тармағымен байланысқан 100-ден астам торап "бүкiләлемдiк торын" құрайды.

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы өзiн Бонн-Москва ақпараттық магистралы торабында көрсетедi. Бұл магистриль Азия мемлекеттерiнiң қызмет көрсетуiмен және Ресей Ғылым Академиясы мен компьютер ғылымы бойынша Герман ұлттық зерттеу орталығының арасындағы сәттi ынтымақтастық арасында құрылды. Бiр ерекшелiгi, IS ғаламдық жобасына тек дамыған елдер мен өнеркәсiптi даму жолындағы елдер қатыстырылды. Өнiм шығымына негiзiнен Ресей, Қазақстан секiлдi елдер ақпараттық қоғамды қажет ете қоймайды, дегенмен ақпараттық қоғамның барлық бөлiмдерiне деген сұраныс бұл елдерде дамыған елдерге қарағанда басым.

АҚШ-тың тәжiрибесi мұнан да жоғары жетiлдiрiлген. Жаңа ақпараттық технологияны енгiзу негiзiндегi қоғамды ақпараттандыру мәселесi мемлекеттiң басты алғаш тапқан жаңалығының бiрi болып есептеледi. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құруға бағытталған "Альберт Гор ұсынысы" деп аталатын АҚШ президентi әкiмшiлiгiнiң (1992 ж.) ұсынысы танымал болды. Белгiлi сенатор кезiнде, Альберт Гор конгресте мәлiметтердi жеткiзудiң жалпы ұлттық және жоғары өнiмдiлi есептеу жүйесiн құру туралы жиi ұсыныстар жасады. Зерттеулерге және бiлiм жүйесiне арналған бұл желi жоғары өнiмдiлi есептеу жүйесiнiң заңы ретiнде қалыптасты.

Азия елдерiндегi ақпараттық технологияның дамуын зерттеген Н.В.Ткачева "Азия елдерiндегi ақпараттық технологияның даму мәселесi" мақаласында былай жазған:" Қазiргi таңда Шығыс Азия елдерi теңдесi жоқ өсу қарқынына жеттi… Ұлыбританияға 50 жыл керек болса, Америкаға тұрғындарға шаққанда өнiмдi өндiрудi екi есе ұлғайту үшiн 50 жылдан кем емес уақыт талап етiлдi, осы кезде Қытай, Оңтүстiк Корея елдерi мұндай нәтижеге 10 жылда жеттi".

Батыс саясаттанушыларының пiкiрiнше, көбiне Мишель Татюдың ойынша, жуық арадағы 50 жылда Азия аймағы, оның iшiнде Қытай мен Үндiстан әлемдiк саясат орталығына айналуы мүмкiн.

Азия аймағында экономикалық дамудың үдеуi, қазiргi қоғамда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны құру мен енгiзу уақытына сәйкес келедi. Басқа аймақтағы елдер тәрiздi, Азия елдерi де өзiнiң ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құруға көштi. Ол әрi қарай қазiргi ақпараттық коммуникациялық технология жаңа экономика бөлiмiн құру үшiн алғышарт болып табылады деп жазған. Бұл еңбек қорларын құруға сәйкес әлеуметтiк саясат заңдағы жаңа тәсiлдi алдын-ала анықтайды, және бұл ақпараттық технологияның саяси мәнiнiң ұлғаюына сәйкес келедi.

Азия елдерi ақпараттық технологияны экономика дамуын үдететiн маңызды тетiк ретiнде, әлем нарығындағы Азия елдерiнiң интеграциясы түрiнде, ғаламдық экономикалық процестер, сондай-ақ әлемдегi және аймақтағы саяси әсер ету құралы етiп қарастырылады.

Бұл мәселенi талдауды жалғастыра отырып, 1999 ж. мәлiметтерге сүйенiп, жоғарыда белгiленген тұжырымдамаларға қарамастан, Азия елдерiнiң экономикалық даму деңгейi әркелкi. Сонымен мысалы, Сингапурде жан басылық валютаны тең құқылы сатып алу мүмкiндiгiн есепке алғанда iшкi өнiм айналымының ең жоғарғы деңгейi-27800 долл.сәйкес, Жапонияда-23400 долл. және олар берiлген көрсеткiш бойынша Франция, Германия, Ұлыбританияны қуып жетедi.

Осы аймақтың кедей мемлекеттерiндегi жан басылық табыс: Монғолияда-2320 долл., Вьетнамда-1850 долл., Мьянмада-1200 долл., Солтүстiк Кореяда -1000 долл. құрайды. Сондықтан, Сингапурдегi орташа жанбасылық табыс Солтүстiк Кореядағы сәйкес көрсеткiштерден 27 есе асып түседi, ал бұл болса әр түрлi Азия елдерiндегi ұлттық ақпараттық инфрақұрылымда үлкен айырмашылықтың бар екенiн көрсетедi.

Қазiргi ақпараттық технология туралы қарастырғанда, ұлттық шекара ұғымы бұзылады. Канада зерттеушiлерi Мишель Карье, Жан-Клод Гедан және басқалардың сараптауынша, интернет ол тек ұлттық тасымал емес, ол ұлттан жоғары, яғни ұлттық кеңiстiк арқылы емес, ұлттық кеңiстiктен тыс әрекет етедi.

Қоғамды ақпараттандыруға кiрiскен елдердiң экономикалық дамуындағы айырмашылық олардың алдына мүлде ұқсас емес мiндеттер қояды. Сонымен, мысалы, Жапонияда жаңа ақпараттық технологияны нашар меңгерген егде тұрғындардың көп пайызы көңiл қоюды талап етедi. Үндiстанда 1990 жылдары алғаш рет елдi жаппай телефонмен қамтамасыз ету шаралар жүргiзiлiп, ақпараттық технологияларды дамытуға және экспорттауға жағдай жасалды. Ал Америкадағы фермерлердiң өз өнiмдерiн Интернет арқылы сатуы бiрiншi жыл емес.

Көбiне Азия мемлекеттерiнiң Латын Америка мен Африканың көп елдерiне қарағанда ақпараттық технологияның дамуына жоғары дәрежеде мән беретiнiн атауға болады. Көптеген Азия елдерiнiң үкiметi өз мемлекетiнiң жақсы тұрмысының өсуiн жоғары технология саласындағы жетiстiктермен байланыстырады. Латын Америка мен Африка елдерiндегi ақпараттық технологияның дамуымен салыстырғанда, Азия елдерi анағұрлым алда екенiн мамандар түсiндiредi.

Африканың және Латын Америкасының көптеген ғалымдары экономика процестерiнiң ғаламдануын мемлекеттердiң одан әрi бай, кедей болып бөлiнуiне, нашар дамыған мемлекеттердiң әрi қарай қайыршылануына әкеледi деп өз қауiптерiн бiлдiредi. Азиялық үкiметтер керiсiнше, экономиканың ғаламдануын, экономиканың тез өсуiмен ұштастырады. Көптеген Азиялық үкiметтер АҚШ үлгiсiмен, ұлттық ақпараттық инфрақұрылым құру жолында ұлттық экономика дамуының стратегиялық бағытын анықтайтын, ақпараттық технологиялар бойынша ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаны қалыптастырады. Мұндай кең көлемдi мемлекеттiк бағдарламалар Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Сингапурда, Малайзияда, Тайландта, Вьетнамда, Үндiстанда және басқа Азия елдерiнде құрылды.

Бүгiнде Азия елдерiнiң үкiмет жұмысының нәтижесiн бағалайтын мүмкiндiктер пайда болды. Көптеген Азия мемлекеттерi озық ақпараттық технологияның тез дамуына сәйкес тиiмдi стратегияны жасап шығарды. Сонымен бiрге, дамыған елдердiң шамасы келетiн ақпараттық технологиялар саласындағы экономикалық мiндеттер, дамушы елдердiң ұлттық экономикасының жөнсiз шығынына әкелуi мүмкiн. Дәл осындай жағдай 1990 жылдары байқалды. Малайзия, Үндiстан тәрiздi елдер стратегиялық жобалауда қателiк жiбердi.

Едәуiр қаржы инветициясын керек ететiн ақпараттық инфрақұрылымның даму бағыты, дамушы мемлекеттердiң үкiметi үшiн кезектi күрделi мәселе болып табылады. Керiсiнше, қаражат сыйымдылығы жоқ бағыттағы дамыған елдер артықшылығы жойылады және экономиканы тез жаңартатын, экономикалық нарық үшiн мүмкiндiктер пайда болды. Бұл себептi электрондық сауда, желiлiк экономикалық даму дамушы елдердiң ақпараттандыруды жоспарлайтын маңызды стратегиялық бағыты болып табылады. Малайзия, Тайланд, Тайвань, Оңтүстiк Кореядағы электронды сауданың қарқынды дамуы дамыған елдерге қарағанда пайда болған желiлiк экономикадан пайда табуға мүмкiндiк бередi. Азия елдерiнiң экономикалық жасы тұрмысының өсуi әрi қарай жан-жақты күрестi күшейтуге әкеледi, ең алдымен Азия аймағына басымдық танытатын Қытай, Үндiстан, Жапония, АҚШ елдерiне тете-тiрес тұруда басты рөлдi ақпараттық коммуникациялық технологиялар атқарады.

Егер де, ақпараттандыру саласында Ресей тәжiрибесiне сүйенсек, онда келесi "Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы" (1995 ж.), "Байланыстар туралы" (1995 ж.), "Халықаралық ақпарат алмасуға қатысу туралы" (1996 ж.) заңдар жүйесi мен үкiметтiк шешiмдер қабылданды. Ресей Президентi жанында ақпараттандыру мен байланыс бойынша Ресей Федерациясының Мемлекеттiк комитетi құрылды (1997 ж.).

Сондай-ақ, ақпараттық саясат пен байланыс, қауiпсiздiк бойынша Ресей Федерациясының Мемлекеттiк Думасы жанынан екi комитет құрылды. Мұнда төмендегiдей мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзiлдi: "Ақпараттық қауiпсiздiк жүйесiндегi жаппай ақпараттандыру құралы" (1996 ж. мамыр), "Ресей және интернет-болашақ таңдауы"(1996 ж. желтоқсан айында), "Ресейде ақпараттық қоғамды құру жөнiнде" (1997 ж. маусым айында), "2000 жылдың компьютер мәселесi және ақпараттық жүйенi жасау" (1998 ж. қараша айында).

Ел Президентiнiң арнайы Жарлығы қабылданғаннан кейiн ғана өзектi саналған ақпараттық қауiпсiздiк пен ақпаратты қорғау мәселесi Қазақстанға қарағанда Ресейде көп қарастырылып, Мемлекеттiк Дума (қауiпсiздiк бойынша комитет), РФ Үкiметi (РФ Мемтехкомиссия) және РФ Президентi (РФ Президентi жанындағы ақпарат пен үкiметтiк байланыстың Федералды агенттiгi) көңiл аударды.

Ақпараттық қоғамды құру мен ақпараттық технологияны енгiзу мәселесi туралы кең көлемдi талқылау үшiн, Ресйеде әр түрлi қоғамдық ұйымдар құрылған, мұнда мамандар мен тұтынушылар көп жиналды. Мұндай ұйымдардың қатарына: (интернет, ақпаратты қорғау, өткiзгiшсiз желi, стандарттау және тестiлеу, бизнестi электронды жүргiзу, Х.400 желiсi, бiрлескен желi және басқа) бағыты бойынша әр түрлi комитет пен атқарушы комитетi бар Элекрбайланыстың Құжатты Құрама Одағы (ЭҚҚО), Ресей Қоғамдық Интернет-Технологиялық Орталығы (РҚИТО), мұнда екi Ресейлiк Интернет Форумы өтiлдi (РИФ 97,98), кейiнгiсi "Интернеттi бiрлескен желiде қолдану" тақырыбына арналды, ал РИФ 99-"Интернет Технологиясы-ХХI ғасырға кiрер жол" деп аталды.

Ақпараттық технология нарығының белгiлi бiр дамуына қарамастан, Қазақстан тек дамушы елдерден ғана емес (дамыған елдердi назарға алмағанда), Ресейден де, кейбiр бөлiмдерi бойынша Орта Азияның жеке республикаларынан да артта қалуда. Мысалы, элемент негiзi мен Қырғыстаннан, телекоммуникацияның дамуы бойынша Ресей, Өзбекстан, Қырғыстаннан, ақпараттық қызметтiң сапасы бойынша Ресейден қалып қоюда. Есептеу техникасы құралының өздiк жинағының үлесi отандық нарықта аз мәнге ие, бағдарламалық кешендер өте аз шығарылады. Бұларға келесi бағдарламалық кешендердi жатқызуға болады: Галактика Қазақстан, Луна Про, Плюс-Микро.

Техника мен бағдарламалық-ақпараттық технологияны шет елдерден ала отырып (соның iшiнде Ресейден), iс жүзiнде шетел өндiрiсiне қаржы саламыз және жаңа хабар қолдануға, жаңартуға жөндеуге келгенде олардың қызметiне тәуелдi болып, тағы да қосымша қаржы шығынына тап боламыз. Осыдан отандық өндiрiс дамуында құралдың жетiспеуi, өңдеу ұжымының құлдырауы секiлдi құбылыстар пайда болды. Ақпараттық қызмет нарығындағы жағдай ендi қолға алынуда. Көптеген салаларда, мысалы банк, қаржы құрылымдарында ақпараттық жабдықтардың басым көпшiлiгi-шетелдiкi.

Телекоммуникация жүйесi мен қазiргi ақпараттық саланың ендi қарқынды дамуына жол ашылуда.

Бұл ықпал әлеуметтiк-бағытталған экономиканы құруға елеулi әсер етедi. Сондықтан, елдiң дамуы үшiн, әрi қарай барлық салада жетiстiкке жету үшiн ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құруға дұрыс негiзгi жұмысты таңдап, құқықтық, экономикалық, техникалық бағыттағы бөгеттердi жеңiп, ақпарат пен жаңа технологияның еркiн қозғалысына жол ашу керек. Қазақстан аумағында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi құру керек. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым бiлiм берудi, денсаулық сақатуды, мәдениетi, ғылымды, кәсiпорынды, сауданы және қоғам өмiрiне маңызды әлеуметтiк салаларды дамытуға жаңа күш қосуы тиiс.

Әлемдiк ақпараттық технология тақырыбын жалғастыра отырып, Гарвард университетi мен Бүкiл әлемдiк экономика Форумы ғалымдарының жүргiзген зерттеулерiн қарастырамыз. Гарвардтан келген Джеффи Керкман және Джеффи Сакс, сондай-ақ Бүкiләлемдiк Экономика Форумының өкiлi Питер Корнелиус 2001-2002 жылдары ақпараттық технология бойынша Бүкiл әлемдiк есеп беру нәтижесiнде елдердiң ақпараттық қоғамға дайындығы тақырыбында көптеген ғалымдардың зерттеулерiне негiзделген есеп берумен таныстырды. Бұл есеп беру бiрнеше тауарлар қатарынан тұрады және әрқайсысы ақпараттық технологиялар дамуының түрлi көзқарастарына, олардың қоғам дамуына әсерiне арналған. "Сан Майкрософт" компаниясының өкiлi Джон Гейч ақпараттық-коммуникациялық технологияның әлемге қалай әсер ететiнi жөнiнде бiршама ой-пiкiрлер айтады. Ол технология әлемдi иемдене отырып, оны өзгертедi дейдi. 2001 жылдың 12 желтоқсанында Ослода өткен жиында БҰҰ Бас хатшысы, Кофи Аннон өз сөзiнде: "Әрбiр жеке адамның жағдайын жақсарту үшiн, ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдануымызға бола ма?"-деген сауал қойды. Және ақпараттық технологиялардың қоғамға әсер етуiне, енуiне, дамуына байланысты сұрақтар көп қойылуда. Кейбiр мәселелерге келтiрiлген есеп берулерден жауап табылады.

Келесi бағыт бойынша зерттеулер нәтижесi бiздi көбiрек алаңдатады:

-елдердiң ақпараттық қоғамға дайындығының жүйелiк көрсеткiшiн өңдеу;

-интернет қызметiне қосылу құны;

-телекоммуникация бөлiмiнде байланыс пен бағаның сапасына әсер ететiн бәсекелестiктi көрсететiн көрсеткiштi анықтау.

Бұл көрсеткiштердiң әрқайсысын жеке анықату үшiн, әлемдiк өнеркәсiптiң 90% және әлем тұрғындарының 80% астамын құрайтын 75 ел қарастырылды. Осылайша, жүйелiк дайындық көрсеткiшiн анықтау мен ұлтты желiлiк қоғамға дайындығын анықтауға арналған есеп берудiң екiншi тарауында, Джеффри Керкман, Карлос Осорио және Джеффри Сакс экономика дамуындағы ақпараттық технологияның ролiн зерттеу мақсаты ретiнде қалыптастырды. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуын бүкiл әлем мойындады. Жүйелiк дайындау көрсеткiшi ақпараттық-коммуникациялық технологиядағы ерекше қорғаушы күштi анықтау үшiн елдердiң халықаралық негiзгi бағасы болып табылады.



3-шi кестеде мемлекеттер ақпараттық қоғамға елдердiң жүйелiк дайындығының төмендеу ретiмен орналасқан.
Кесте 3
Жүйелiк дайындық көрсеткiшi


Мемлекет

Деңгейi

Мемлекет

Деңгейi

АҚШ

1

Латвия

39

Исландия

2

ЮАР

40

Финляндия

3

Түркия

41

Швеция

4

Литва

42

Норвегия

5

Таиланд

43

Нидерланды

6

Мексика

44

Дания

7

Косте Рика

45

Сингапур

8

Тринидад және Тобаго

46

Австрия

9

Доминикан Республикасы

47

Великобритания

10

Панама

48

Жаңа Зеландия

11

Иордан

49

Канада

12

Венесуэла

50

Гон Конг

13

Мавритания

51

Австралия

14

Перу

52

Тайвань

15

Болгария

53

Швейцария

16

Индия

54

Германия

17

Сальвадор

55

Бельгия

18

Ямайка

56

Ирландия

19

Колумбия

57

Корея

20

Филиппины

58

Жапония

21

Индонезия

59

Израиль

22

Египет

60

Эстония

23

Ресей Федерациясы

61

Франция

24

Шри-Ланка

62

Италия

25

Парагвай

63

Испания

26

Қытай

64

Португалия

27

Румыния

65

Чех.Республикасы

28

Украина

66

Словения

29

Боливия

67

Венгрия

30

Гватемала

68

Греция

31

Никарагуа

69

Аргентина

32

Зимбабве

70

Словак Республикасы

33

Эквадор

71

Чили

34

Гондурас

72

Польша

35

Бангладеш

73

Малайзия

36

Вьетнам

74

Уругвай

37

Нигерия

75

Бразилия

38






3-кестедегi мәлiметтерге сәйкес ақпараттық қоғамға дайындықтың ең жоғарғы көрсеткiшi АҚШ-қа, Исландияға, Финляндияға тиесiлi. Канада дайындық дәрежесi бойынша 12 орынға, Жапония 21, Венгрия 30, Латвия 39, Ресей Федерациясы 61, Украина 66, Нигерия 75 орынға ие болды.

4-шi кестеде ақпараттық технологиялар дамуының басқа жағдайлары, яғни зерттеушi елдердегi Интернет қызметiне рұқсат алу бағасы кескiнделедi.

2001 жылдағы тұрғындардың Интернетке бiр айға алған рұқсатының 20 сағаты iшiнде Интернет провайдерлерi қызметiнiң ортажылдық құны (Тең құқылық сатып алу мүмкiндiгi).


Кесте 4

Интернет қызметiне рұқсат алу құны



Дең-гейi

Мемлекет

Көрсе-ткiшi

Деңгейi

Мемлекет

Көрсеткiш

1

Швеция

0,12

39

Венгрия

5,02

2

Бельгия

0,29

40

Мавритания

5,10

3

Финляндия

0,37

41

Мексика

5,17

4

Норвегия

0,37

42

Бразилия

5,26

5

Ирландия

0,46

43

ЮАР

5,26

6

Япония

0,49

44

Коста-Рика

5,43

7

Швейцария

0,57

45

Венесуэла

6,04

8

АҚШ

0,65

46

Польша

7,65

9

Тайвань

0,68

47

Колумбия

8,08

10

Дания

0,71

48

Ямайка

8,40

11

Канада

0,77

49

Панама

8,44

12

Нидерланды

0,79

50

Латвия

8,66

13

Гонг Конг

0,84

51

Қытай

9,33

14

Сингапур

0,84

52

Болгария

9,37

15

Австрия

0,84

53

Боливия

9,83

16

Ұлыбритания

0,91

54

Ресей Федерациясы

10,64

17

Ирландия

0,91

55

Индонезия

11,05

18

Жаңа Зеландия

0,96

56

Шри-Ланка

11,19

19

Франция

1,03

57

Египет

11,24

20

Австралия

1,14

58

Сальвадор

11,52

21

Израиль

1,20

59

Румыния

11,81

22

Германия

1,30

60

Иордания

14,05

23

Корея

1,50

61

Гватемала

15,57

24

Португалия

1,60

62

Доминикан Республикасы

15,62

25

Испания

1,65

63

Индия

16,82

26

Греция

1,81

64

Филиппины

19,71

27

Италия

2,02

65

Парагвай

20,39

28

Словения

2,28

66

Эквадор

25,03

29

Уругвай

2,63

67

Гондурас

32,07

30

Словакия

2,88

68

Украина

32,74

31

Аргентина

3,20

69

Вьетнам

42,83

32

Тринидад және Тобаго

3,30

70

Зимбабве

51,53

33

Эстония

3,38

71

Нигерия

55,13

34

Таиланд

4,02

72

Бангладеш

81,07

35

Турция

4,47

73

Литва

-

36

Чили

4,54

74

Никарагуа

-

37

Чех.Республикасы

4,70

75

Перу

-

38

Малайзия

4,85









4-шi кестеден 2001 жылы Интернет қызметiне рұқсат алу құнының әр түрлi елдерде бiршама ауытқығанын байқаймыз. Және де бұл ауытқу тең құқылы сатып алу мүмкiндiгiн анықтайтын тұрғындардың жан басына шаққандағы мөлшерi мен жалпы iшкi өнiм мөлшерiне тәуелдi. Зерттеулер көрсеткендей, қарастырылған 75 елдiң iшiнде, алғашқы үш орынға Швеция, Бельгия, Финляндия ие болды; АҚШ-8 орынға, Эстония-33, Қытай-51, Ресей-54, Украина-68, Бангладеш-72, Литва, никарагуа, Перу бойынша мәлiметтер берiлмеген. 7-шi кестедегi мәлiметтер келесi сұраққа жауап бередi: мемлекетте телекоммуникация жүйесiнде бәсекелестiк орын алған ба және ол құнының төмендiгiне, байланыстың жиi үзiлмеуiне, жоғары байланыс сапасына кепiлдiк бере ме? Бұл сұрақ жауабы 1-ден 7-ге дейiнгi көрсеткiш мәнiнде көрсетiлген. Бұл жерде 1-жоқ дегендi, ал 7-иә дегендi бiлдiредi.

5-шi кестеден, Финляндия мен Швеция телекоммуникация бөлiмiнде бәсекелестiктiң жеткiлiктi етек алғанын көруге болады. Олардың көрсеткiшi 6,8 және 6,6 сәйкес келедi, бұл ең жақсы нәтижеге жақындағанын бiлдiредi. Және бұлар зерттелiнген елдердiң арасынан алғашқы бiрiншi орынды иеленедi. Бұл елдерде байланыс сапасы жақсы, құны -төмен. Сондай-ақ, жақсы бәсекелестiк Чили, Германия, Гонк-Конг пен АҚШ-да байқалады. Аталған елдердегi көрсеткiш 6,4-ке тең, және олар зерттелген елдердiң арасынан үшiншi орынға ие болады.
Кесте 5

Телекоммуникация бөлiмiндегi бәсекелестiктiң байланыс құны мен сапасының көрсеткiшi



Дең-гейi

Мемлекет

Көрсеткiшi

Дең-гейi

Мемлекет

Көрсеткiшi

1

Финляндия

6,8

39

Ирландия

4,7

2

Швеция

6,6

40

Малайзия

4,7

3

Чили

6,4

41

Индия

4,6

4

Германия

6,4

42

Шри-Ланка

4,6

5

Гонк Конг

6,4

43

Египет

4,5

6

АҚШ

6,4

44

Таиланд

4,5

7

Австрия

6,3

45

Греция

4,4

8

Канада

6,3

46

Перу

4,4

9

Ұлыбритания

6,3

47

Гватемала

4,2

10

Норвегия

6,1

48

Индонезия

4,1

11

Доминикан Республикасы

6,0

49

Ямайка

4,0

12

Сингапур

6,0

50

Панама

3,9

13

Франция

5,9

51

Уругвай

3,9

14

Италия

5,9

52

Турция

3,7

15

Швейцария

5,9

53

Боливия

3,6

16

Исландия

5,8

54

Ресей Федерациясы

3,6

17

Корея

5,8

55

Мексика

3,5

18

Нидерланды

5,7

56

Словения

3,5

19

Португалия

5,7

57

Қытай

3,4

20

Тайвань

5,7

58

Польша

3,4

21

Австралия

5,6

59

Латвия

3,3

22

Бельгия

5,6

60

Румыния

3,2

23

Дания

5,6

61

Украина

3,1

24

Сальвадор

5,6

62

Парагвай

3,0

25

Бразилия

5,5

63

Зимбабве

3,0

26

Жаңа Зеландия

5,5

64

Литва

2,9

27

Венесуэла

5,5

65

Коста-Рика

2,8

28

Аргентина

5,4

66

ЮАР

2,8

29

Испания

5,3

67

Бангладеш

2,7

30

Эстония

5,1

68

Болгария

2,7

31

Израиль

5,1

69

Никарагуа

2,7

32

Колумбия

5,0

70

Вьетнам

2,7

33

Жапония

5,0

71

Эквадор

2,6

34

Словак Республикасы

5,0

72

Тринидад және Табаго

2,6

35

Иордания

4,9

73

Нигерия

2,5

36

Венгрия

4,8

74

Гондурас

2,2

37

Филиппины

4,8

75

Мавритания

1,9

38

Чех.Республикасы












Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ) жағдайын талдай отырып, ақпараттық-коммуникациялы технологияның мәнiнiң Қазақстан халқына Президент Жолдауынан көрiнiс тапқанын мойындау керек. Бұл салада мәнi бар жасалынған жұмыстар арасынан Қазақстанның Германиямен бiрлесiп құрған 1750 километрлiк ТрансАзия-Еуропа оптоталшықты желiсiнiң құрылысын айтуға болады. Бұл желi Қытай мен Германияны, Орталық Азия, Иран және Түркия арқылы байланыстырылады. Ақпараттық-коммуникациялық технология бөлiмiнде деңгейдi көтерген көрсеткiш соңғы жылдардағы ұялы байланыс деңгейiнiң өсуi болып табылады. Қазiргi таңда Қазақстанда АЙРЕКС (IREX-International Research and Education Board) және ЮСАИД (USAID) көмегiмен 35 компания Интернетке кiруге жол ашты. Интернеттiң қызмет көрсету құны сағатына 1,5 долларға дейiн түрленедi. Қазақстан тұрғындарының интернеттi үнемi пайдаланатындар көрсеткiшi өте төмен деңгейде. Iс жүзiнде барлық университеттер интернетке қосылуға рұқсат алған. Соңғы кездерi шалғай аудандардағы тұрғындарды оқытудың тиiмдi әдiсi арақашықтықта оқыту әдiсiне көп мән берiлуде.

Қазiргi технологиялық жетiстiкке негiзделген, барлығын қамтитын, арақашықтықта оқыту әдiсiнiң әрi қарай әрекет етуiне Қазақстанның ақпараттық коммуникация бөлiмi басты назар аударған. Жаңа ақпараттық технологияның бiр түрi арақашықтықта оқыту әдiсiне жоғары дәрежелi баға беруге болады. Бүгiнде әрбiр оқу орнындағы әлемдiк ғылыми және бiлiм беру кеңiстiгiнде адамзат жинақтаған ақпарат қорына тоқталу мүмкiн емес. Бұл жерде тек әрбiр бiлiм беретiн, не бiлiм алатын географиялық орын, басқа бiр кез келген географиялық аймақта орналасқан ақпараттық қормен арақашықтықта (телекоммуникация көмегiмен) қамтамасыз етуге мiндеттелген. Осылайша, арақашықтықта бiлiм беру аумағы бойынша орналасқан ақпаратты қорды белсендi етедi. Қазақстанның үлкен аумағын ескерсек, қашықтықтан оқыту әдiсi бiлiм беру саласындағы ақпараттық-технологиялық олқылыққа жәрдемiн тигiзедi.

Қашықтықтан оқыту түрi жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқу орындарының орналасу жерiне тәуелсiз бiлiм беру мен қайта оқыту мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Ақпараттық қоғамдағы жаңа өмiр салты азаматтардың саяси экономикалық шешiмдердi қабылдауына жағдай жасайды. Азаматтарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, олардың саяси және экономикалық процестер туралы бiлiмiн жоғарылатады, мемлекетпен байланысатын сұхбат құралын ұсынады.

Ақпараттық технологияның дамуы "метатехнологияның" туындауына әкелдi, бұны қолданушы жақтар мен бұл технологияны өндiрушiлер арасында мүмкiн емес бәсекелестiкке жеткiзедi. Сондай-ақ, ақша өз мәнiн жоғалтып, технологияға орын берген ақпараттық қоғам орнауына жағдай туғызды.

Ақпараттық технологияның туындауына әкелген нәрсе сапалық технологиялық құлшыныстың маңызды көрiнiсi және елеулi белгiсiнiң бiрi болып табылған "мета-технологияның" екпiндi таралуы мен пайда болуы.

Бұл технологияны өндiрушiлер мен қолданушылар арасындағы көңiл аударарлық бәсекелестiк оны қолданудың ерекшелiгi болып табылады. Осылайша, жаңа ақпараттық технология тұтынушыны айқын немесе айқын емес түрде тұтынушының (рұқсат берушi) жағдайына әкеледi.

Көбiне мыналар мета-технологияның көрнектi мысалы болып табылады: өндiрушiнiң тұтынушы қызметiне араласуына мүмкiндiк беретiн желiлiк компьютер; жақын уақытта Интернет желiсiнiң барлық хабарламаларын қамтуға мүмкiндiк беретiн, әлемнiң аумағындағы телефондық хабарламалардың барлығын қамтуға мүмкiндiк туғызатын жаңа технологиялық байланыстар; бiрлестiк қызметiн басқаруда ұйымдастырылған әр түрлi технологиялар; жаппай сананы қалыптастыратын технологиялар. Бүгiнде дәл осы технологиялар өзiнiң үлкен өнiмдiлiгi арқасында үстемдiк етуде. Олар екпiндi тарала отырып, соңғы жылдары ақпараттық қоғамның технологиялық құраушыларына айналды. Саналы еркiн және терең өзгерту мүмкiндiгi, сондай-ақ ғаламдық ақпараттық қашықтықпен қамтамасыз ету ақпараттық технологияның маңызды белгiлi болып саналады.

Ақпараттық технологияның кереметi сонда, ол жаппай сананы қажет бағытта өзгертедi. АҚШ-тың әлемде озық болуы және бәсекелестiк мүмкiндiгi осыдан келiп туындайды.

Соңғысынсыз адамзат қызметiнiң қандай да бiр саласында әсiресе, экономиканы басқаруда жетiстiкке жетуi мүмкiн еместiгiн ақпараттық технологияны қолданудағы әлемдiк тәжiрибе көрсетедi.

Алайда, Ресей үкiметi жанындағы Халық шаруашылығы академиясының профессоры В.А.Масловпен келiспеуге болмайды. Оның пiкiрiнше, кез келген саналы басқарудағы жаңа технологияны енгiзу жетiстiгi менеджменттiң мамандануына, жұмысшылардың жаңа технологияны қажет етуiне, оны қолдануға даярлығына байланысты.

Осыған байланысты, заман талабына сай әлемдiк ақпараттық технологиялардың жоғары даму тенденциясы Қазақстаннан барлық жоғарыда көрсетiлген аспектiлердi кiдiрмей мемлекетiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiне және экономиканы мемлекеттiк басқару жүйесiне енгiзуiн талап етедi.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет