Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидалары



жүктеу 202.41 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі202.41 Kb.

Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидалары

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі N 422 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 18 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6575 болып енгізілді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес және әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат етуді айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидалары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерімен пайдалануға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 565 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2643 нөмірімен тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің
      міндетін атқарушы                                Е. Дүйсенбаев
Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
міндетін атқарушы      
2010 жылғы 22 қыркүйектегі  
№ 422 бұйрығымен бекітілген 
Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Осы Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат беру тәртібін анықтайды.
      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
      1) әуе трассасы - әуе кемелерінің ұшуына арналған  және аэронавигациялық құрылғыларымен жабдықталған дәліз түріндегі әуе кеңістігі;
      2) жергілікті әуе желісі - әуе кемелерінің ұшуды қауіпсіз орындауына арналған, биіктігі мен ені бойынша шектелген төменгі әуе кеңістігіндегі дәліз;
      3) рұқсат ету - әуе трассасын және/немесе жергілікті әуе желісін пайдалануға рұқсат ету кезінде берілетін, әуе трассаларына, байланыс және радиотехникалық құрал жүйелеріне, ұшу ережесіне және әуе қозғалысына қызмет көрсету практикасына қатысты халықаралық стандарттар және ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      4) өтінім - өтінім берушінің әуе трассасын және/немесе жергілікті әуе желісін әуе кемелерінің пайдалануына рұқсат алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға берген жазбаша өтініші;
      5) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Рұқсат алу үшін өтініш берген аэронавигациялық ұйым;
      6) аймақтық навигация (RNAV) - әуе кемелеріне радиомаяктық навигациялық құралдардың қолданылу аймағының шегінде немесе өздігінен басқарылатын құралдардың, немесе олардың құрамдастырымдарының мүмкіндіктерімен анықталған шекте кез келген қолайлы траекториялар бойынша ұшуды орындауға мүмкіндік беретін навигация әдісі;
      7) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚҚ) - тиісті жағдайларда әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді, авариялық хабардар етуді, әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсетуді, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді білдіретін ортақ термин;
      8) ұсынылатын практика-физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөліктерге, техникалық сипаттамаларға, персоналға және ережеге қойылатын, халықаралық аэронавигация қауіпсіздігін, тұрақтылығын немесе тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірегей қолданылуы қажет деп танылған және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Уағдаласушы тараптар сақтауға тырысатын кез келген талап;
      9) стандарт - физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөліктерге, техникалық сипаттамаларға, персоналға және ережеге қойылатын, халықаралық аэронавигация қауіпсіздігін, тұрақтылығын немесе тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірегей қолданылуы қажет деп танылған және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер сақтайтын кез келген талап;
      10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      11) аэронавигациялық ұйым - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді  және әуе кемесінің бортына қажетті метеорологиялық ақпарат беруді, әуе кеңістігін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді және радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы.
      4. Әуе трассалары және/немесе жергілікті әуе желілерін әуе кемелерінің пайдалануына, Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының 37-бабына сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) кеңесі қабылдаған Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына (бұдан әрі - Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптары) сәйкестігін анықтау мен белгілеу мақсатында тексеруден өткізгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
      5. Пайдалануға рұқсат етілген әуе трассалары және/немесе жергілікті әуе желілері Қазақстан Республикасының әуе трассалары тізбесінде және тиісінше Қазақстан Республикасының жергілікті әуе желілері тізбесінде жарияланады.
      6. Рұқсат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда қолданылу мерзімі шектеусіз түрде беріледі.
      7. Рұқсатты бөлуге және оны басқа адамға беруге болмайды.
      8. Рұқсат беруді, есепке алуды, сондай-ақ әуе трассаларының және/немесе жергілікті әуе желілерінің Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігін инспекциялық бақылауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      9. Әуе трассалары және/немесе жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету жұмыстарын жүргізудің жалпы мерзімі үш айдан аспауы тиіс.
      10. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету кезінде осы Қағиданың 2-қосымшасында келтірілген әуе трассаларының және/немесе жергілікті әуе желілерінің жабдықтары міндетті тексеруге жатады.
2-тарау. Өтінім беру және оны алдын ала талдау
      11. Әуе трассасын және/немесе жергілікті әуе желісін пайдалануға рұқсат ету үшін өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанда өтініш жібереді.
      12. Өтініммен бірге әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің Халықаралық стандарттар мен Ұсынылатын талаптарға сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің белгісі (индексі) және онда белгіленген негізгі нүктелер;
      2) осы әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желілерінің оның учаскелері бойынша белгіленген ең төменгі абсолюттік биіктіктер;
      3) әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желілерінің учаскелері, соның ішінде аймақтық навигация бағыттары (RNAV) үшін белгіленген RNP үлгісі;
      4) радионавигациялық құралдар мен радиолокациялық жабдықты әуе трассасында және/немесе жергілікті әуе желілерінің учаскелерінде өрістету критерийлері;
      5) әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісінің және олардың учаскелері бойынша навигациялық нысаналау қамтамасыз етілетін байланыс, навигациялық және радиолокациялық жабдықтар тізбесі;
      6) екіжақты «әуе-жер» байланысының өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ) арналары әсерінің есептік қашықтығы мен биіктігі шамасы мәндерінің, сондай-ақ әуе трассасы және оның учаскелері бойынша радиолокациялық және ӨЖЖ радиотехникалық құралдар әсерінің есептік қашықтығы мен биіктігі шамасы мәндерінің кестесі;
      7) әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің тігінен белгіленген шекаралары;
      8) әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің негізгі нүктелерінің географиялық координаттарын (қабылданған координаттар жүйесі) анықтауға қатысты материалдар.
      13. Азаматтық авиация салысындағы уәкілетті орган берілген өтінімді және әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарап шығып, өтінім берушіге, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес, өтінім бойынша қабылданған шешімді хабарлайды.
      14. Егер берілген өтінім немесе әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің сәйкестігін растайтын құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкес келмесе, сондай-ақ толық көлемде ұсынылмаған болса, мұндай өтінім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді жолдаған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, өтінімді қайтару туралы шешімде қайтару себептері көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қайтаруға жатады.
      Өтінім беруші өтінімді қайтару туралы шешімді алған сәттен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде өтінімді қайтару бойынша себептерді жояды және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға кемшіліктерді жою туралы (еркін нысанда) өтініш береді.
      15. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде немесе ескертулер жойылғаннан кейін, әуе трассасын және/немесе жергілікті әуе желісін әуе кемелерінің пайдалануына рұқсат ету мақсатында оларға тексеру жүргізу үшін, өтінім бойынша қабылданған шешім негізінде, 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен комиссия құрылады.
3-тарау. Әуе трассасын және/немесе жергілікті әуе желісін пайдалануға рұқсат ету үшін тексеру
      16. Әуе трассасын және/немесе жергілікті әуе желісін тексеру барысында өтінім беруші өзі өтінім берген әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің және оның жабдықтарының Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
      17. Мыналарға тексеру жүргізіледі:
      1) екі жақты «әуе-жер» байланысының ӨЖЖ-арналары әсерінің
пайдалану қашықтығы мен биіктігіне, сондай-ақ әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісі және оның учаскелері бойынша радиолокациялық және ӨЖЖ радиотехникалық құралдар әсерінің пайдалану қашықтығы мен биіктігі мәндеріне;
      2) әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісі бойынша ӘҚҚ шектес аудандарға әуе қозғалысын басқаруды тапсырудың қамтамасыз етілуіне;
      3) әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің дұрыс елгіленгеніне, негізгі нүктелердің анықталғанына және белгіленгеніне, сондай-ақ ұшу эшелондарының, ең төменгі абсолюттік биіктіктің, әуе трассаларының тігінен белгіленген шекараларының дұрыс белгіленгеніне;
      4) әуе трассасы енінің (бүйір шекараларының) және белгіленген  RNP үлгілерінің дұрыс белгіленгеніне;
      5) әуе кемелерінің әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісімен жалпы ұшу уақытының 95 пайызы бойы осы әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің белгіленген ені шегінен шықпауын қамтамасыз ету үшін әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісі мен оның учаскелерінің радионавигациялық, радиолокациялық жабдықтармен және байланыс құралдарымен жеткілікті түрде жарақтанғанына.
      18. Тексеру жүргізген кезде қосымша құжаттарды ұсынатын, тексеру мәніне қатысты қажетті түсінік беретін өтінім берушінің өкілі қатысады. Осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес, тексеру қорытындылары бойынша екі данада (біреуі өтінім берушіге, екіншісі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға) объектілердің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсынымдар және Рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды жазылған акт жасалады. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қойып, өтінім берушіге таныстыру үшін беріледі.
      19. Комиссияның тексеру мерзімі тексерісі әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің Халықаралық стандарттар және
Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар және
өтінім түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
4-тарау. Рұқсат беру, беруден бас тарту, қолданысын тоқтату және қайтарып алу
      20. Рұқсатты беру үшін негіз әуе трассасының Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігі (немесе сәйкессіздігі, бұл ретте сәйкессіздіктің барлық тармақтары көрсетіледі) туралы қорытындысы бар әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісіне тексеру жүргізу актісі болып табылады.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бар тексеру акті жасалғаннан кейін он күндік мерзімде Рұқсатты ресімдеу және беру жүргізіледі.
      21. Рұқсат беруден бас тарту әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісі мен оның жабдықтары Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі.
      22. Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтінім берушіге бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап беріледі.
      23. Рұқсаттың қолданысын тоқтату мына жағдайларда жүргізіледі:
      1) техникалық талаптары жаман жаққа өзгерген жағдайда  және азаматтық авиациядағы ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары өзгерген жағдайда;
      2) әуе трассасына қызмет көрсететін азаматтық авиация ұйымының өтініші бойынша;
      3) Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптары өзгерген жағдайда.
      24. Рұқсаттың қолданысын тоқтату кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім берушіге осы Қағидалардың 7-қосымшаның талаптарына сәйкес Рұқсаттың тоқтатылуы жөнінде шешімді жолдайды.
      25. Өтінім беруші Рұқсаттың тоқтатылуы жөніндегі шешімді алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Рұқсаттың тоқтатылуы бойынша ескертулерді жояды және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға кемшіліктерді жою жөнінде өтініш (еркін нысанда) береді.
      26. Кемшіліктерді жою жөніндегі өтінішті алғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күннің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен ішінде әуе трассалары және/немесе жергілікті әуе желілерін әуе кемелері пайдалануға рұқсат ету мақсатында оларға тексеру жүргізу үшін комиссия құрылады.
      27. Тексеру аяқталғаннан кейін актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде тексеру нәтижелеріне байланысты уәкілетті орган Рұқсаттың қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады немесе өтініш беруші себептерді жоймаған кезде Рұқсатты қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
      28. Рұқсат қайтарылған жағдайда, әуе трассасына және/немесе жергілікті әуе желілеріне қайта тексеру жүргізген кезде, тексеру осы Қағидалардағы 3-тарауда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Рұқсатқа өзгерістер енгізу және оның көшірмесін беру
      29. Рұқсатқа өзгерістер енгізу мына жағдайларда жүргізіледі:
      1) әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің атауы (индексі) өзгерген жағдайда;
      2) Рұқсатты ресімдеу кезінде жіберілген редакциялық сипаттағы қателер табылған жағдайда;
      3) пайдаланушының атауы, оның мәртебесі, ведомстволық қарастылығы өзгерген және басқа да өзгерістер болған жағдайда, егер бұл өзгерістер Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкессіздікті тудырмаса;
      4) әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісі мен оның учаскелері жөніндегі пайдалану талаптары мен шектеулер өзгерген жағдайда.
      30. Рұқсаттың көшірмесі ол бүлінген немесе жоғалған жағдайда беріледі.
      31. Рұқсатқа өзгерістер енгізу немесе оның көшірмесін алу үшін (жоғалған жағдайдан басқа жағдайларда) аэронавигациялық ұйым, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес, бұрын берілген Рұқсаттың тиісті негіздемесі мен қосымшасын қосып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш береді.
      Рұқсатқа өзгерістер енгізу немесе оның көшірмесін беруді он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
Әуе трассалары   
мен жергілікті әуе 
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
1-қосымша     
Нысан
Елтаңба
____________________________________________________________
      (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ ТРАССАСЫН (ЖЕРГІЛІКТІ ӘУЕ ЖЕЛІСІН) ӘУЕ КЕМЕЛЕРІҢІҢ ПАЙДАЛАНУЫНА
РҰҚСАТ ЕТУ ӘТ сериясы______
20__ жылғы «__»_______берілген
қолданылу мерзімі: тұрақты.
1. ӘТ_______________________________________________________________
2. ӘТ (ЖӘЖ) негізгі нүктелері (бастапқы, аралық, соңғы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. ӘҚҚ органдары ____________________________________________________
4. Осы құжат арқылы ӘТ (ЖӘЖ)_________________________________________
                               (әуе трассасы немесе ЖӘЖ атауы)
      және оның жабдықтары Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкес келетіні расталады және осы рұқсатқа берілген қосымшада көрсетілген шектеулерді есепке ала отырып, әуе кемелерінің пайдалануына рұқсат етіледі.
      5. Рұқсат беру негіздемесі
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________ комиссиясының
    (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган)
сертификаттық тексеру актісі.
      Рұқсат берген органның басшысы
      ______________________________
               (қолы, Т.А.Ж.)
      МО
ӘТ (ЖӘЖ) № ____сериясы
ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШЕКТЕУЛЕР



Р/н

Әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісінің атауы (индексі). Негізгі нүктелердің атауы. Координаттары.

Әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісінің жабдықтары

Белгіленген RNP үлгісі

Әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісінің белгіленген ені

Тік шекара Ең төменгі абсолюттік биіктік

Ескертпе





























      Азаматтық авиация саласындағы
      уәкілетті органның басшысы
      _____________________________
            (қолы, Т.А.Ж.)
      МО
Әуе трассалары  
мен жергілікті әуе
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
2-қосымша    
Тексеруге жататын әуе трассалары жабдықтарының тізімі Спутниктік жүйелердің жер үсті жабдығы
      1. GNSS (GPS/GLОNASS) ғаламдық спутниктік навигациялық жүйелеріндегі функционалдық қосымшаларының жер үсті жүйелері:
      жергілікті дифференциалды жүйелері;
      кең аумақты (өңірлік) дифференциалды жүйелері.
      2. Байланыстың авиациялық жылжымалы спутниктік жер үсті жабдығы.
      3. Байланыстың авиациялық тіркелген спутниктік жер үсті жабдығы.
Радиолокациялық жабдық
      4. Шолу радиолокациялық станциялар (ШРЛ).
      5. Екінші реттік шолу радиолокаторлары (ЕШР).
      6. Автоматты радиопеленгаторлар (АРП).
Әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданының жабдығы
      7. Радиолокациялық және радиопеленгациялық ақпаратты өңдеудің бағдарламалық-аппараттық құралдары.
      8. Автоматты тәуелді бақылау (АТБ) ақпаратын өңдеудіңбағдарламалық-аппараттық құралдары.
      9. Жоспарлы ақпаратты өңдеудің бағдарламалық-аппараттық құралдары.
      10. Ақпаратты құжаттандыру және жаңарту аппаратурасы.
      11. Диспетчерлік пульттер және бейнелеу құралдары.
      12. Электрмен жабдықтау аппаратурасы.
Навигациялық жабдық
      13. Барлық бағыттағы ӨЖЖ-радиомаяк (VOR).
      14. Қашықтан өлшеу жабдығы (DМЕ).
      15. Маркерлік радиомаяктар (МРМ).
      16. Жетекші радиостанциялар (NDВ).
Байланыс жабдығы
      17. ӨЖЖ, ЖЖ ауқымдағы әуе электр байланыс құралдары.
      18. Жер үсті электр байланыс құралдары.
      19. ӨЖЖ байланыс ретрансляторлары.
      20. Диспетчерлік дыбыстық байланыс аппаратурасы.
      21. Антенналар.
Әуе трассалары  
мен жергілікті әуе
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
3-қосымша    
Нысан
_____________________________________________________________________
          (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
Пайдалануға рұқсат ету мақсатында
әуе трассасына (жергілікті әуе желісіне)
тексеру жүргізуге өтінім
1. __________________________________________________________________
                (ұйымның, өтінім берушінің атауы, мекен-жайы)
атынан ______________________________________________________________
                          (лауазымы, басшының Т.А.Ә.)
____________________________________________________________негізінде
әрекет ететін _______________________________________________________
                          (әуе трассасының атауы)
_____________________________________________________________________
                  (нормативтік актілердің атауы мен нұсқауы)
      талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейді және осы нысанның Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкес келетіндігіне инспекциялық тексеру жүргізуді сұрайды.
      2. Әуе трассасы және/немесе жергілікті әуе желісі жабдығы туралы қосымша ақпарат ______________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Қосымша: ___________________________________________________
      Кәсіпорын басшысы ______________________________    ___________
                                    (Т.А.Ә.)                 (қолы)
      М.О.                       Күні ________________
Әуе трассалары  
мен жергілікті әуе
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
4-қосымша    
Нысан
Әуе кемелерінің пайдалануына рұқсат ету мақсатында әуе трассасына (жергілікті әуе желісіне) тексеру жүргізуге берілген өтінім бойынша қабылданған 20___ жылғы "___"________ шешім
      Сіздің өтініміңіз бен әуе трассасын (жергілікті әуе желісін) әуе кемелерінің пайдалануына рұқсат етуге берілген дәлелді құжаттаманы қарап, мынаны хабарлаймыз:
      1. Тексеру_____ бастап__________дейінгі аралықта жүргізіледі.
_____________________________________________________________________
      (нормативтік актілердің атауы мен нұсқауы)
______________________________________талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы
      _____________  ______________
           қолы           Т.А.Ә.
      МО
      «___»___________20___ж.
Әуе трассалары   
мен жергілікті әуе 
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
5-қосымша   
Нысан
Әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің сәйкестігін дәлелдейтін өтінімді және құжаттарды қайтару бойынша қабылданған 20__ жылғы "__"________шешім
      Әуе трассасының және/немесе жергілікті әуе желісінің сәйкестігін дәлелдейтін өтінім және құжаттар келесі себептер бойынша қайтарылды:
_____________________________________________________________________
                           (себептерін көрсету)
      Азаматтық авиация саласындағы
      уәкілетті органның басшысы
      __________ __________________
         қолы           Т.А.Ә.
      МО
      «___»___________20___ж.
Әуе трассалары  
мен жергілікті әуе
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
6-қосымша    
Нысан
«Бекітемін»
___________________________________
  (Азаматтық авиация саласындағы 
    уәкілетті органның басшысы)  
___________________________________
            (Т.А.Ә., қолы)        
«___»________________ 20___ж.
Пайдалануға рұқсат ету мақсатында әуе трассасын
(жергілікті әуе желісін) тексеру актісі
Комиссия __________________________________20___ жылғы "___"_________
бұйрығымен төмендегі құрамда тағайындалған:
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                                (тегі, аты-жөні, лауазымы)
________________бастап______________ дейін дәлелді құжаттаманы қарап, әуе трассасының (жергілікті әуе желісінің) Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізіп, төмендегілерді анықтады:
      1. Пайдалануға берілген әуе трассасы (жергілікті әуе желісі)
_____________________________________________________________________
                            (ӘТ немесе ЖӘЖ атауы)
      2. Әуе трассаларының физикалық сипаттамасы:
      1) ӘТ (ЖӘЖ) элементтерінің геометриялық көлемі (пайдаланылатын эшелондардың ені (биіктігі);
      2) әуе трассасы және оның учаскелері бойынша белгіленген ең төменгі абсолюттік биіктіктер;
      3) әуе трассасы (жергілікті әуе желісі) бойынша негізгі нүктелер;
      4) әуе трассасы (жергілікті әуе желісі) бойынша негізгі нүктелердің географиялық координаттарын анықтаудың пайдаланылған жүйесі;
      5) әуе трассасы (жергілікті әуе желісі) бойынша белгіленген КМ5 үлгісі;
      6) әуе трассасының (жергілікті әуе желісінің) радиотехникамен қамтамасыз ету (бұдан әрі - РТҚ) және байланыс құралдарымен жабдықталуы, олардың Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігі;
      7) РТҚ және ӨЖЖ-байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамаға, Техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкестігі және олардың жұмысқа дайындығы;
      8) электрмен қоректендірудің негізгі және резервтегі көздерінің жай-күйі және олардың Халықаралық стандарттар және ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігі;
      Комиссияның әуе трассасының (жергілікті әуе желісінің) Халықаралық стандарттар және Ұсынылатын практика талаптарына сәйкестігі (немесе сәйкес еместігі, бұл жағдайда сәйкессіздіктің барлық тармақтары көрсетіледі) туралы қорытындысы.
      Комиссия төрағасы __________ _________________________
      Комиссия мүшелері:__________ _________________________
                          (қолы)        (тегі, аты-жөні)
Әуе трассалары  
мен жергілікті әуе
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
7-қосымша   
Нысан
Әуе трассаларын (жергілікті әуе желілерін) әуе кемелерінің
пайдалануына рұқсат етуді тоқтату бойынша қабылданған 20__жылғы "__"________шешім
      Әуе трассаларын (жергілікті әуе желілерін) әуе кемелерінің пайдалануына рұқсат етуді тоқтату келесі себептер бойынша тоқтатылды:
_____________________________________________________________________
                           (себептерін көрсету)
      Азаматтық авиация саласындағы
      уәкілетті органның басшысы
      __________ __________________
         қолы           Т.А.Ә.
      МО
      «___»___________20___ж.
Әуе трассалары  
мен жергілікті әуе
желілерін пайдалануға
рұқсат ету ережесіне
8-қосымша   
Нысан
_____________________________________________________________________
Әуе трассасы (жергілікті әуе желісі) (ӘТ учаскелері) бойынша өзгерістерді бекітуге өтінім
_______________________________________________________________
                         (ӘТ атауы көрсетілсін)
      әуе трассасына (жергілікті әуе желісіне) жасалған өзгерістерді бекітуіңізді сұраймын.
      Ұсынылып отырған өзгерістер ___________________________________
_____________________________________________________________________
     (ұсынылып отырған өзгерістердің қысқаша сипаты келтіріледі)
      Әуе трассасы (жергілікті әуе желісі), соның ішінде ұсынылып отырған өзгерістер есепке алына отырып,
_____________________________________________________________________
      (нормативтік талаптары қамтылған құжаттың атауы керсетілсін)
_____________________________________________________________________
сәйкес келеді.
      Қосымша: өзгерістер бетте.
      Ұйымның басшысы
      Өтінім беруші _________________________________________________
                               қолы, тегі, аты-жөні
       «___»___________20___ж.
      МО


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Конверттерді ашу хаттамасы
contents -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
contents -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
contents -> Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдармен
contents -> Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет