«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті



жүктеу 71.7 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі71.7 Kb.

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы 29 қыркүйектегі

652 бұйрығына



16-қосымша



«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті




1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу және Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру» мемлекеттік қызметтер стандартына (бұдан әрі - стандарт) және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес әзірленген.

2. «Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясының (Чикаго, 1944 ж) 16-қосымшасы;

2) «Жеке және заңды тұлғалардың жүгінуін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14 және 66-бабы 1-тармағының 17) тармақшасы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 қаулысымен бекітілген әуеайлақтық (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 156 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ әуеайлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормалары (бұдан әрі - азаматтық әуеайлақтарының (тікұшақ әуеайлақтарының) пайдалануға жарамдылық нормасы);



5) стандарт негізінде жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын (бұдан әрі - сертификат) немесе телнұсқасын беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта жазбаша дәлелді жауап беру болып табылады.



 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар



 

6. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

Уәкілетті орган заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.

7. Мемлекеттік қызмет тәртібі және оны алу құжаттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz  мекенжайында орналасқан.

8. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы регламенттің 6-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

12. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

13. Сертификат уәкілетті органның қызметкері берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналында қолын қойғызып, өзінің жеке келуімен мемлекеттік қызметті алушыға береді.



 

 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің


(өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

 

14. Мемлекеттiк қызмет ақысыз болып табылады.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің кезеңдері:



1) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) құжаттарды уәкілетті орган басшысының қарауы және құжаттарды сәйкес функцияны жүзеге асыратын басқармаларға беру;

3) өтінім тақырыптамасын талдау және өтінімді орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

4) Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап беру.

16. Әрбір құрылымдық функциональдық бірліктің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, осы регламентке қосымшада көрсетілген.



 

«Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының)



жарамдылық сертификатын беру»

мемлекеттік қызметін көрсету регламентіне



қосымша

 

 

ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

 

 

Негізгі процесс (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеттері

 

ҚФБ атауы

Кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшылығы

Тиісті функцияны жүзеге асыратын басқарманың қызметкері

1

Әрекеттің (процестің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

1. Құжаттарды тіркеу

2. Құжаттарды басшылыққа беру

3. Құжаттарды қарастыру

4. Құжаттарды тиісті функцияны жүзеге асыратын басқармаларға беру

5. Жүгіну тақырыптамасын талдау. Жүгінуді орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау.

6. Мемлекеттік қызметті алушыға жауап дайындау

2

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

8. Құжаттарды жіберу

 

7. Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта жазбаша дәлелді жауап беру.

3

Орындау мерзімдері

1 күн

1 күн

Сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн; телнұсқаны беру мерзімі - күнтізбелік 7 күн;

бас тарту туралы жауап 3 жұмыс күні ішінде

 
Каталог: images -> stories
stories -> Конверттерді ашу хаттамасы
stories -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
stories -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
stories -> Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті
stories -> Ұсыныс беруге шақыру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет