«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 90.38 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі90.38 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қабылдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификатын алуға осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 35 күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатының телнұсқасын алуға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 10 күн;

3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат (телнұсқасын) беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексімен белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым төленеді. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру үшін алым мөлшерлемелері әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшесінің штат санына байланысты:

251 адамнан жоғары – алым төленген күнгі қолданыстағы 235 айлық есептік көрсеткіш;

201-ден 250 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 224 айлық есептік көрсеткіш;

151-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 213 айлық есептік көрсеткіш;

101-ден 150 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 202 айлық есептік көрсеткіш;

51-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 191 айлық есептік көрсеткіш;

50 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 180 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

10. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатын алуға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса тіркелген өтінімді ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттары;

2) көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлік* көшірмесі немесе анықтама.

Ескерту: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

3) көрсетілетін қызметті алушымен авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде шарттық қатынастары бар азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының тізбесі (болған жағдайда);

4) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде пайдаланушылармен шарттар көшірмелері (шарттарға қосымшалар) (болған жағдайда);

5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі – АҚҚ) басшылық құрамы туралы деректер;

6) бағынушылығы мен өзара әрекеттесу байланыстарын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының АҚҚ ұйымдық құрылымының схемалары;

7) көрсетілетін қызметті алушының АКК туралы ережелері;

8) ААҚ қарап тексеру бөлімшесінің персоналмен қамтамасыз етілуі бойынша деректер;

9) ААҚ қарап тексеру бөлімшесінің өндірістік базасы бойынша деректер;

10) қарап тексеру ұйымын техникалық құралдармен қамтамасыз ету тізбесі (атауы, саны);

11) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша нұсқаулық құжаттарының тізбесі;

12) көрсетілетін қызметті алушы – ұйымның инспекциялық тексеру актісі (оны өткізу шартымен);
13) көрсетілетін қызметті алушының ААҚ бақылайтын аймақтар (қолжетімділігі шектеулі аймақтар) көрсетілген аумағы жоспарының схемалары және қарап тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының нақты схемасы (жоспары);

14) ААҚ персоналын оқыту бағдарламалары,

15) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік нұсқаулықтары (бағдарламасы);

16) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы;

17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген "Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;

18) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттау үшін бюджетке алым сомасы төлемін растайтын құжат.

Осы тармақтың 1) -17) тармақшаларында көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысы және қолымен расталған көшірмелер түрінде ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификат телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемемен еркін нысандағы өтініші және пайдаланушының бұрын берілген сертификаты қоса (жоғалту (ұрлау) жағдайларынан басқа) ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартады.

11. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.



12. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты (телнұсқасы) көрсетілетін қызметті беруші қызметкер берілген шешімдерді тіркеу және есепке алу журналында көрсетілетін қызметті алушының өзі қол қойғанда береді.

13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өтініш берушінің сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша сертификаттық талаптарға сәйкессіздігі негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті алушылардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдерін, әрекетін (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

15. Шағым дұрыс қызмет көрсетілмеген немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мыналарға жүгіну арқылы жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжай бойынша, электрондық почтаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: 8 (7172) 24-14-19;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогына (www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті);

3) (8-7172) 24-29-09 телефоны бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына».

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған лауазымды адамның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-дан 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейінгі түскі үзілістен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, № 33 «А» үй мекенжайы және 8 (7172) 75-35-96 телефоны бойынша жүгінуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414, сондай-ақ 8 (7172) 24-27-10 телефоны бойынша алуға болады.

17. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

18. Шағым еркін нысанда жасалады.

19. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат, осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты және жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес жазбаша түрде почта немесе электрондық почта арқылы хабарланады.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар
20. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, соның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша www.mtс.gov.kz орналастырылған («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).

21. Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілген мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқа ақпарат 5-қосымшада келтірілген.



22. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған ғимаратта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар және өтініш бланктерін толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық стендтер орналасқан.
_____________________



Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Конверттерді ашу хаттамасы
contents -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
contents -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
contents -> Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдармен
contents -> Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет