Әуезов кенті бойынша 2011 жылдың әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары туралы



жүктеу 57.53 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі57.53 Kb.
түріБағдарламасы



Әуезов кентінің әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы кент әкімі Бақытбек Амиргазиннің баяндама тезисі
Қымбатты кент тұрғындары, жерлестер, ауылдастар !!!

Ауезов кент округі Жарма ауданының шығыс бөлігінде орналасқан, әкімшілік бірлік есебінде 1956 жылы құрылған. Округ орталығы Ауезов кентінде орналасқан, облыс орталығы Өскемен қаласынан 102 шақырым, аудан орталығы Қалбатаудан 92 шақырым қашықтықта.

Ауезов кенті әкімшілігіне қарасты Ауезов кенті мен Солнечный ауылының жалпы аумағы 3.319 га. жерді алып жатыр. Ауезов кенті мен Солнечный ауылында бүгінде 17 (онжеті) ұлт өкілдерінен құралған 2683 адам тұрады. Зейнеткерлер саны – 438.Экономикалық Кентте өндірістік мекемелер саны – 3 («БТКӨК» ЖШС, « ТВС Бакырчик» ЖШС, «ВК Транспром» ЖШС), шаруа қожалығы – 1 («Сарбас» ш/қ), орта мектептер саны -1, дәрігерлік мекеме – 1, мәдени ошақтар саны -2 /кітапхана және «Арман» жастар шығармашылық орталығы/, сауда нүктелерінің саны- 31, қоғамдық тамақтандыру орындары, яғни асханалар, тойхана мен кафелер саны – 4, шаштараз – 4, киім тігетін шеберхана – 3, аяқ киім шеберханасы - 2, дәріхана – 1, наубайхана – 1, көліктерді техникалық жабдықтау қызметін көрсету – 1, пошта байланысының бөлімшесі – 1, телефон байланысының бөлімшесі – 1, әкім аппараты – 1,орта мектеп – 1, өрт сөндіру бөлімі – 1, учаскелік полиция пункті – 1, жалпы аула саны – 893, мал ұстайтын аула саны -179.

Округ қазба байлықтарына бай өлке, әсіресе мол алтын қоры барлау негізінде 287 тонна деп белгіленген.Кентте алтын өндіретін ресейлік «Полиметалл» Акционерлік Қоғамының « Бақыршық тау кенөндіру кәсіпорны» ЖШС, «Казинтерэтнос» ЖШС жұмыс істейді.



Әкімшілік «Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге жұмыс істей отырып кент құрылымына тікелей әсер етуші кәсіпорын есебінде 01.01.2017 жылы кәспорында тұрақты жұмыс істейтіндер саны -510 адам, жалдамалы (подряд) жұмысшылар-237, жиыны -747 адам.2016 жылы кәсіпорын 27 млрд тенге яғни 80 млн АҚШ доллары көлемінде инвеститтция салып, алтынды ашық карьер арқылы өндірудің алғы шарттарын жасауда. 2015 жылы кәсіпорын бойынша ұйымдастыру жұмыстарының жүруіне байланысты «БТКӨК» ЖШС-нен 2- ЖШС бөлініп «ТВС бакыршық» ЖШС кентті және кәсіпорынды су,жылу,кәрізбен қамту бойынша жеке ұжым есебінде тіркелді,жұмысшылар саны 82 адам,2016 жылы 8 адам жұмысқа қабылданды. Кәсіпорынды транспортпен қамту мақсатында «Транспорт ВК» ЖШС құрылды ,бұл ұжымда 97 адам жұмыспен қамтылған, 2016 жылы 47 адам жұмысқа қабылданды. 2016 жылға бос орындар (вакансия) бойынша инженер-сметчик, жетекші геодезист, геодезист, еңбек экономисі, жүргізушілер, экскаваторшылар, үлкен жүккөліктерінің жүргізушілері және т.б. мамандарды қажет етеді .2020 жылға дейін кәсіпорын 283 жұмыс орнын ашпақ, атап айтқанда жылдар боынша 2017 -54,2018 -169,2019 -20,2020 -40 адам жұмысқа қабылданбақ,ваканция бойынша жұмысқа қабылдау алдымен кәсіпорын жұмысшыларымен кент тұрғындары арасында жүргізіледі.

Ауылшаруашылығы Округте ірі-қара малымен айланысатын 1 шаруа қожалығы,179 мал ұстайтын аула бар.01.01.2017 жылға округ бойынша 964 бас ірі-қара,1069 бас қой ешкі,130 бас жылқы , 905 бас құс бар. 2016 жылы 1368,8 тонна сүт,336,8 тонна ет,103 мың дана жұмыртқа, 4,7 тонна жүн өндірілді.

«Бақыршық орта мектебі» КММ: Оқушылар саны – 417. Мұғалімдер саны – 53,психологтар-2, мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілері – 3,кітапханашы – 1,педогогтардың біліктілік санаттары бойынша бірінші категориялы мұғалімдер – 14, екінші категория – 16, категориясыз мұғалімдер -23 сол сиқты жоғары білімді мұғалімдер -46, арнаулы орта білімділер саны -7, жұмысщылар саны – 30 барлығы 89 адам жұмыс істейді

Ауезов Дәрігерлік Амбулаториясы: Қызметкелер саны -16,оның ішінде дәрігерлер-3,( терапевт-1,гинеколог-1,педиатр-1), медбикелер- 9,санитарка -1, жүгізуші -1,кұзетші-2,әлеуметтік жұмысшы-1.

Учаскелік полиция жұмыстары бойынша:2015 жылы кент бойынша -9 қылмыс тіркелді,оның -1 денеге жарақат салу,1 есірткіге байланысты болса,6 үй мүлкін ұрлау, мал ұрлығы-1. Осы қылмыстардың денеге жарақат салу,есірткіге қатысты , 2 ұрлық ашылды.

Өрт сөндіру бөлімінде: 1 бөлім басщысы, 4 бөлімше сардары (командир), 4 өрт сөндіруші,5 жүргізуші- жиыны 13 адам қызмет атқарады. Өрт сөндіру бөлімінде 1977 жылы шыққан УРАЛ және 1980 жылы шыққан ЗИЛ автокөлігі бар

Почта жұмысы: 1 почта учаске басшысы, 1 оператор, 2 хат тасушы- жиыны 4 адам жұмыс істейді, келген хат-хабар, мерзімділік басылымдар уақытылы таратылып, зейнет ақы, жәрдем ақы тағы да байланыс қызметтері уақтылы, сапалы атқарылады, кент тұрғындарынан арыз-шағым жоқ.

Телефон және интернет байланысы бойынша: кентте телефон байланысын алатын 1192 абонент бар, мекеме-ұжымдар- 32, интернет жүйесін пайдаланушылар саны-466. 2016 жылдан бастап ақпараттар ВОЛС желісі арқылы қосылды.

Арман» жастар шығармашылық орталығында: 1 әдіскер жұмыс істейді, ән,би,шахмат, дойбы,тоғыз құмалақтан үйірмелер бар, құрылғанына 15 жыл толған «Әжелер» көркемөнерпаздар ұйымы (8 адам) жұмыс істейді.

Мешіт және қатымхана бойынша Ауезов кентінде « Туған жерге тағзым» акциясы аясында белгілі кәсіпкер, кент тумасы Қалиев Оразхан өз қаржысы есебінен мешіт, қатымхана салып пайдалануғ берген, бүгінгі күні мешітте 1 имам, 1 есепші, 1 еден жуушы – жиыны 3 адам жұмыс істейді

Қоғамдық құрылымдармен жұмыстар жүргізу бойынша:кенттегі отбасылық мәселерді қарау, мәдени іс-шараларды бекіту, дау-шар мәселелері кенттегі қоғамдық ұйымдар «ҰОС және ардагерлер» кеңесі төрағасы Е. Каркаранов, «Әйелдер» кеңесі төрайымы Т. Мустафина, «Жастар» кеңесі Ұ.Дүйсен қатысуымен іске асырылады.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бойынша 2016 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздар саны (ай сайын 6-8 адамға дейін) – 91адам, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 18 , өтініш иесі – 6 жанұя, 178940 тг, Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер - 2 жанұя, әртүрлі себептермен берілген жоқ, материалдық көмек сұрағандар саны 9 адам,алғандары 8 адам -190мың тг.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ауезов кенті округі бойынша Жеке кәсіпкерлікпен шұғылданатын,салық басқармасында тіркелген 37 кәсіпкер, 1 шаруа қожалығы есепте тұрады. Атап айтқанда: азық-түлік дүкендері -12 киім сататын дүкендер – 6, универмаг -1, наубайхана -1, техникаға қызмет көрсету орталығы -1,кафе-3, асхана-1, жиһаз цехы-2,қосалқы бөлшектер дүкені -1,аптека-1, шаштараз-4, жеке меншік балабақша- 1,тігін цехы -1, ет сататын дүкен -2. К.Садвакасова шағын тігін цехын ашып, жұмысын жүргізіп отыр

Жергілікті салықты орындау бойынша Мүлік салығы - жоспар-161000тг, орындалғаны-157 679тг, 98%, Жер салығы – жоспар-134 000тг, орындалғаны- 94 382 тг, 70%, Транспорт салығы –жоспар -5 275 000тг, орындалғаны-4 388 939тг, 83%, Барлығы – жоспар -5 570 000тг, орындалғаны-4 641 000тг, 83%

Қоғамдық, спорттық-мәдени шаралар бойынша кент әкімшілігі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып меморандум аясында жоспарлы түрде «Жаңа жыл», «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз», «Конституция» күнін, «Қарттар күні», «Жеңіс күні», «Тұңғыш Президент» күнін, «Теуәлсіздік күні», және т.б. мерекелерді өз дәрежесінде атап өтеді.

Кент жастарымен тығыз жұмыс істеу басты назарда. Кент жастарының уақыттарын бос өткізбеу мақсатында мереке күндері және бір сенбі «Арман» ЖШО-да екінші сенбі «Бақыршық» орта мектебінің қабырғасында би кештері өткізіліп отырды, мектеп спорт залында күнделікті кент жастарына кешкі сағат 17-20 дейін спортпен жаттығуға,болейбол,баскетбол,шахмат,дойбы,тоғыз құмалақ сияқты ойындар ойнауға мектеп ұжымы жағдай жасайды.

Меморандум бойынша 2012 жылы Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевпен « Бақыршық таукен өндіру кәсіпорны» ЖШС арасында меморандум жасалып, кеттегі бұрынғы «Аққу» балабақшасын қалпын келтіріп жөндеу үшін 240 млн теңгеге жұмыстар істеліп, 29 қараша 2016 жылы пайдалануға берілді. «БТКӨК» ЖШС-мен аудан Әкімшілігі арасында 2016 жылы әлеуметтік-экономикалық байланыс негізінде- 27 000 мың теңгеге меморандумға қол қойылып, межеленген қаржы толығымен игерілді.

Инвестиция. «БТКӨК» ЖШС 2015-2016 жылдар аралығында «Бақыршық-Борсақ» тас жолын салуға -750 млн теңге,кентті ауыз сумен қамту «Қызыл су» бағдарламасы бойынша 274652254 теңге, «Аққу» балабақшасын қайта жарақтандыру үшін 240 млн теңге т. б, жиыны 2016 жылға-27млрд теңге инвестиция салынды.

2017 жылы атқарылатын іс-шаралар бойынша:

  1. Ауезов кентіндегі Первомайская, Горная, Мира және Социалистік көшесінің аяғына дейін, кіре берістегі аялдамадан «Бақыршық» орта мектебінің бұрылысына дейін жарықтандыру жұмысын жүргізу.

  2. Социалистік, Первомайская, Горная көшелерін, кіре берістегі аялдамадан «Бақыршық» орта мектебінің бұрылысына дейін асфальттау – 5 км

  3. «Бақыршық» Орта мектебінің қас бетін, терезелерін, кіре берістерін жөндеу.

  4. «А» Кварталы № №21,22,23,24 үйлердің ауласын абаттандыру, көгалдандыру, осы алаңға мини футбол алаңын салу

  5. «Ауезов кенті әкімінің аппараты» ММ ғимаратын (учаскелік полиция бөлмелерін) күрделі жөндеуден өткізу

  6. Ауезов кентінің кіре берісне(Шалабай ауылы жақтан) және шыға беріске (Солнечный ауылы) екі арка орнату

  7. «Айгуль»сауда орталығының алдынан жазғы базарды төбесіне көлеңкелеу (навес жасау).

  8. №6 және №66 үйлердің жанындағы балалар алаңын қоршау.

  9. Шалабай ауылымен Ауезов кенті аралығына қатты қалдықтар полигонын ашу.

Ауезов кенті әкімі Б.Амиргазин

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет