Әуезов кентінде хоккейден жарыс өтті



жүктеу 69.43 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі69.43 Kb.

Әуезов кентінде хоккейден жарыс өтті
2018 жылдың 13 қантар күні Әуезов кентінде 2002-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден аудандық жарыс өтті. Жарысқа екі жас ерекшелік бойынша 12 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына Жарма ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Айдар Маратұлы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойын тартысты да, қызықты өтіп жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздармен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталар, сыйлықтарымен марапатталды.


2002-2004 жылы туған қыздар арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті

2018 жылдың 20 қантар күні В. Маяковский атындағы орта мектебінде, Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясында және спорт модулінде 2002-2004 жылы туылған қыздар арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті. Жеңімпаздар «Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт» бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.





Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған «Денсаулық күні» атты аудандық жарыс өтті

2018 жылдың 27 қантар күні Жаңаөзен ауылының «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагерінде, Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналаған қысқы спорт түрлерінен «Денсаулық күні» атты аудандық жарыс өтті. Денсаулық күнінде ерлер және әйелдер арасында гір тасын көтеруден, шаңғы жарысынан, арқан тартудан, қол күресі күресінен, шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылды. Жалпы жарысқа ауылдық округтерден, бөлімдерден, мекемелерден барлығы 23 командан 500-ге жуық адам қатысты.





Бюджеттік ұйымдар қызметккерлері арасында волейболдан Қалбатау біріншілігі өтті

2018 жылдың 22 қантар күні Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, аудандық спорт модулінде бюджеттік ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, қызметкерлері арасында волейболдан Қалбатау біріншілігі өтті.

Бір аптаға созылған біріншілікте аудан мектептерінің командалары белсенділік танытып, жақсы ойын үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Георгиевка орта мектебінің командасы жеңіп алса, 2-ші орынды Шакенов атындағы орта мектебі иеленді, 3-ші орынды Крупский атындағы орта мектебі қанағат тұтты.


Ауғаныстан соғысының ардагерлерінің ауыспалы кубогі және Полиметал жүлдесі үшін 2002 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ашық аудандық жарыс өтті.

2018 жылдың 11 ақпан күні Әуезов кентінде, Ауғаныстан соғысының ардагерлерінің ауыспалы кубогі және Полиметал жүлдесі үшін 2002 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ашық аудандық жарыс өтті. Жарысқа хоккейден аудан командалары қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Дәстүрге айналған жыл сайынғы



Ауғаныстан соғысының ардагерлерінің ауыспалы кубогі ұйымдастырушыларына жарысқа қатысушылар шексіз алғыс айтады.

Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған «Мұз астынан балық аулау-2018» фестивалі өтті
2018 жылдың 17 ақпан күні Ортабұлақ ауылындағы «Шаянка» көлінде, Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған «Мұз астынан балық аулау-2018» фестивалі өтті. Шаяндыда биыл үшінші рет балық аулау сайысы өтті. Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған мұз астынан балық аулау бәсекесінде ауданымыздың ауылдық округтерінен келген жетпістен астам балықшы бақ сынады. Мұндай шараны өткізудегі негізгі мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау және қысқы спорт түрлерін дамыту. Шаянды көлінің бетін жапқан мұздың үстіне жайғасып, әр тұстан ойылған ойықтан су жәндігін бір-бірлеп суырған әуесқойлар қыстың суығына да қарамай жарысты. Қысты күні балық аулау өзіндік шеберлік пен ептілікті қажет етеді. Турнирге келген барлық балықшыларға алғыс айтамыз,-деді шараның ашылу салтанатында Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықов. Бұл күні балық аулаудан бөлек, ауданның округтерінен келген өкілдер шаңамен сырғанау, шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен өзара сайысты.



Бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті
Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 2018 жылдың 19-23 ақпан күндері Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде бюджеттік ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, қызметкерлері арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті. Аталмыш турнирге ауданымыздың бюджеттік ұйымдарынан 15 команда қатысып, жарыс тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша В. Маяковкий атындағы орта мектебінің командасы 1-ші орынды жеңіп алса, 2-ші орынды К. Шакенов атындағы орта мектебінің командасы иеленді, 3-ші орынды Георгиевка орта мектебінің команадасы қанағат тұтты.


ҚазССР Жоғарғы Кеңес Депутаты Қарақанов Сағындық Хайроллаұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2003-2005 жылдары туылған жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында 7- Ашық облыстық турнир өтті.
2018 жылдың 29-31 наурыз күндері Жарма ауданы, Шар қаласында, ҚазССР Жоғарғы Кеңес Депутаты Қарақанов Сағындық Хайроллаұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2003-2005 жылдары туылған жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында 7- Ашық облыстық турнир өтті. Аталмыш турнирге Алматы, Павлодар қалаларынан және ШҚО-ның қалалары мен аудандарының командалары бақ сынасты. Екі күнге жоспарланған жарыста жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен мақтау қағаздарымен марапатталды.

2003-2005 жылдары туылған жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында дойбыдан (жеке) аудан біріншілігі өтті.

2018 жылдың 17 наурыз күні Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясында, 2003-2005 жылдары туылған жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасында дойбыдан (жеке) аудан біріншілігі өтті.

Біріншілікке аудан мектептерінен 10 команда қатысты. Жарыс швейцариялық әдіспен өткізіліп, 7 турдан соң ойын қортындысы бойынша 1-орынды Карелина атындағы орта мектебінің командасы жеңіп алса, 2-орынды Көшек негізгі мектебінің командасы иеленді, 3-орын Қалматаев атындағы орта мектебіне бұйырды.

Жеңімпаздар «Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт» бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.





Ұлттық спорт түрі «Бес табан» асық ойыны (командалық) аудан біріншілігі өтті.

2018 жылдың 17 наурыз күні Абай атындағы көпсалалы мектеп гимназиясында жасөспірімдер арасында Ұлттық спорт түрі «Бес табан» асық ойыны (командалық) аудан біріншілігі өтті.

Біріншілікке аудан мектептерінен 10 команда қатысты. Жарыс екі топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Жарыс қортындысы бойынша 1-орынды Қалматаев атындағы орта мектебінің командасы жеңіп алса, 2-орынды Абай атындағы көпсалалы мектеп гиназиясының командасы иеленді, 3-орын Васильковка негізгі мектебіне бұйырды.

Жеңімпаздар Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтар, медальдарымен марапатталды.



2000, 2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында үстел теннисінен (командалық) аудан біріншілігі өтті.
2018 жылдың 10 наурыз күні Қалбатау ауылының спорт модулінде, 2000, 2005 жылдары туылған жасөспірім қыздар және ұлдар арасында үстел теннисінен (жекелей) аудан біріншілігі өтті. Үстел тенниснінен аудан біріншілігіне 80-ге жуық жас спортшылар қатысты. Жарыс оқушылардың жасерекшеліктеріне қарай топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша өткізілді.

Жеңімпаздар Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.




Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған қазақ күресінен «Жарма барысы – 2018» турнирі өтті.

2018 жылдың 31 наурыз күні Қалбатау ауылының Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде, Астана қаласының 20 жылдығы, Жарма ауданының 90 жылдығына арналған қазақ күресінен «Жарма барысы – 2018» турнирі өтті. Аталған спорттық шарада 100-ден астам спортшы 5 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті. Жеңімпаз палуандар Астана қаласының 20 жылдығы және ШҚО-сы әкімінің жүлдесі үшін ХХІ-ші Халықтық спорт ойындарына қатысуға қазақ күресінен жолдама алды.




Ерлер командалары арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті.

2018 жылдың 1 сәуір күні Жарма ауданы Қалбатау ауылының аудандық спорт модулінде, ерлер командалары арасында волейболдан аудан біріншілігі өтті. Біріншілікке ауылдық округтерден 10 команда қатысты. Жарыс екі топқа бөлініп айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Ойын қортындысы бойынша 1-орынды Қалбатау ауылдық округінің командасы жеңіп алса, 2-орынды Шалабай ауылдық округінің командасы иеленді, 3-орын Жарық ауылдық округінің командасына бұйырды. Жеңімпаздар Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.


Астана қаласының 20 жылдығына және Жарма ауданының 90 жылдығына орай Еркін күрестен 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті.
2018 жылдың 13 сәуір күні Жаңаөзен ауылындағы К. Шакенов атындағы орта мектебінің спорт залында, Астана қаласының 20 жылдығына және Жарма ауданының 90 жылдығына орай еркін күрестен 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті. Біріншілікке ауданымыздың 9 ауылдық округінен 100-ден аса жасөспірімдер қатысты. 9 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз жүлдегерлер анықталып, Жарма ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.



Ересектер арасында тоғызқұмалақтан, дойбыдан аудан біріншілігі өтті
2018 жылдың 14 сәуір күні Маяковский атындағы орта мектебінің спорт залында, Ересектер арасында тоғызқұмалақтан, дойбыдан аудан біріншілігі өтті. Дойбы, тоғызқұмалатан аудан біріншілігіне 60-қа жуық адам қатысып, жарыс швейцариялық әдіспен өткізілді. 7-турдан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы грамоталарымен және сыйлықтарымен марапатталды.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет