АҚШ-та ит 4 мың доллар қолма-қол ақшаны жеп қойғанымен, соманы қайтарып алды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық отбасы өздерінің голдендудль тұқымдастарынан шыққан Сесил есімді иттерінің 4 мың доллар қолма-қол ақшаны жеп қойғанын айтады. Ақшаны алу үй иелеріне қиынға соққан. Әйтсе де, олар ақшаның едеуір бөлігін қалпына келтіре алды.

"Сесил төрт мың долларды жеп қоймағанға дейін жақсы ит болды", – деп жазды үй иесі Керри Ло әлеуметтік желіде.

Күйеуі Клейтон мен әйелі Керри Ло екеуі иттің нәжісі мен құсуын күтіп, кейін оларды талдауға береді. Үй иелері ақшаның 3 550 долларын қалпына келтірді. Ал соманың қалған бөлігін өнер туындысы деп отыр.

Айта кетейік, Ресейдің кинологиялық ұйымдар одағының президенті Владимир Уражевский барбекюді дайындауда қолданатын 1 келі тасты жеп қойған корги тұқымдасынан шыққан иттің иелерін айыптаған еді. 

Владимир Уражевскийдің айтуынша, қарны тоқ ит ешқашан жеуге жарамсыз заттарды жемейді. Корги – өте ақылды иттер тұқымдасынан шыққан. Алайда дұрыс тамақ беру әдебі үйрелмесе, тіпті, жақсы ит те білгенін істейді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.